ЖАҢАША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Бүкіл әлемде білім беру
жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе
қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?»
және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?»
деген сияқты негізгі сауалдар туындап отыр.
Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі –
тек біліммен қаруландырып қана қоймай,
өздігінен білім алуды дамыта отырып,
үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi
жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез –
құлықтарын,
ұстанымдарын,
мүмкіндіктерін түрлендiрудi
талап eтедi.
Қазіргі кезде Қазақстанда жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде.
Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға,
бағалауға,
оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды,
сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды,
мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып,
іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Осы реформалау аясында бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасы да өзіндік ерекшеліктер де бар.
Бұл оқушылардың оқылым,
жазылым,
айтылым,
проблемаларды шешу,
ғылыми зерттеу жүргізу және анықтамалық материалдарды зерделеумен байланысты дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Оқушылар бастауыш сыныпта
оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып, алдағы
уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері
қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп,
болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады.
Жаңаша білім беру жүйесінде белсенді оқытудың әдістері жеке тұлғаның қалыптасуында маңызы зор.
Оқытудың белсенді әдістері –
оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер.
Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына,
оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес,
оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.
Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр.
Онсыз білімдерді игеруде алға жылжушылық болмайды.
Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай,
танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің,
шығармашылық ойлаудың,
өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б.
жаңа міндеттер қойылуымен байланысты.
Мұғалім оқу үрдісінде белсенді оқу стратегияларын тиімді қолдану оқушының кезкелген материалды жақсы меңгеруіне ықпал етеді.
Қай сыныпта болмасын білімді меңгеру оқушының оқу мақсатын түсінуіне байланысты.
Білім беру жүйесінің жаңартылған бағдарламасына сәйкес күнделікті сабақ барысында оқу мақсатын түсінген оқушы тақырыпқа байланысты тапсырманы орындай алады.
Бұл үшін жаңа тақырыппен жұмыста ең алдымен мұғалімнің дұрыс нұсқау беруі маңызды орын алады.
Яғни оқушы ерекше назар аударатын мәселелерді назардан тыс қалдырмайды.
Белсенді оқудың тиімділігі оқушы өзінің ой-пікірін еш бүкпесіз айтуға,
сонымен қатар басқа адамның айтқан пікіріне құрметпен қарауды үйренеді.
Бірлесіп оқу технологиясы оқушыларды тың идеяларды ұсынумен қатар олардың жаңа мүмкіндіктерді қолдануға бағыттап отырады.
Белсенді оқудың тиімділігі білім алу үрдісінде оқушының жеке көзқарасы мен басқалардың пікірімен санаса білу мәдениеті қалыптасады.
Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу барысындағы негізгі мақсаты –
қиын тапсырмаларды орындауда,
топтық жұмыстарда,
ортақ тіл табысу кезінде,
өзін-өзі басқара білуде қажет болатын дағдыларды қалыптастыру.
Тыңдалым –
айтылым дағдысын қалыптастыруда белсенді оқудың тиімділігі адамның ойлау қабілетін дамытады.
Өйткені,
оқушы айтылғанды тыңдап,
қабылдап және оны түсінуге үйренбейінше,
басқа дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды.
Белсенді оқыту мен оқудың белгілі бір әдісін пайдаланардың алдында мұғалімдер өздеріне әртүрлі сұрақтар қойып,
өзінің үдерістегі рөлі мен іс-