Материалдар / Жаңашыл шығармашылық тәжірбиелер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңашыл шығармашылық тәжірбиелер

Материал туралы қысқаша түсінік
реферат тақырып бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2020
1015
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Реферат

Тақырыбы: Жаңашыл шығармашылық тәжірбиелер





















Алматы, 2020ж


Жоспары


І. Кіріспе

1.1 «Шығармашылық қабілеті» ұғымының мәні.

II. Негізгі бөлім

    1. Математика пәні мұғалімдерінің жаңашыл әрекеттері.

    2. Бастауышт сыныптың математика сабағында оқушылардың шығамашылыұ қабілеттерінің ғылыми теориялық негіздері.

III. Қорытынды

3.1 Болашақ педагогтардың шығармашылық қабілеттерін арттыру негізі

IV. Пайдаланылған әдебиеттер











































І. Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты-ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты-ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетін дамыту» деп атап көрсетілген. Осыған орай мектеп мұғалімдерінің алдында оқушыға білім-білік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін, яғни оқушыны жан-жақты дамыту міндеттері тұр.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет»ұғымының мәнін терең түсінуді талап етеді.

Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе олар қоғамдық тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.

«Қабілет-іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті»-деп жазады Т. Тәжібаев. Ал, «шығармашылық» ұғылып-жаңа нәрсені «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я. Н. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды.

Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу шарттары

Шығармашылық қабілеттері тәрбиелеудің алғы шарттары мына нәрселерді жатқызуға болады.

-Оқушылардың шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.

-Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру.

-Оқушы мүмкіндігіне сай шығармашылық тапсырмаларды жүйелі орындату.

-Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды кезең бойынша сатылап дамыту.

-Мұғалім өз ісіне шығармашылықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.

Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді.

«Мектеп жаны-мұғалім»,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай әр мұғалім

шығармашылықпен дайындалуына тура келеді. Көп іздену, дайындалу, көрнекііктер, қосымша әдебиеттерді орынды қолдана білу-негізгі мақсаты.

Математика мамандарының іскерлігі, білімі мен біліктілігі, ой ұшқырлығы өте қажет. Оның ішінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту рөлі ерекше.

Шығармашылыққа дамытудың психологиялық шарттары

Баланы шығармашылыққа дамыту үшін психологиялық, педагогикалық алғы шарттарды негізге алған жөн:

-сенің қолыңнан бәрі де келеді. Сен қабілеттісің-деп балаға сенім білдіру;

-оқушының кішкентай жетістігін мадақтау;

-белгілі адамдар, ұлы адамдар өмірінен қызықты жайттарды әңгімелеп қызықтыру-мұғалімнің құптап оқытуы, сезім күйлері;

-оқушының еркін сезінуі, ашық айта білуі;

- шығармашылықпен айналысуы үшін сабақ үстінде, мектепке жағдай туғызуы;

-білім дағдыларын жүйелеу;

-оқушының өзін-өзі дамыту;

-өзіне сын тұрғысынан қарау;

-қабілетін жетілдіруге бағыттау;

-пікір шектелмейтін еркін шығармашылыққа қалыптастыру.

Оқушының шығармашылығын дамытуға арналған жүйе құрғанда және сол арқылы іс-әрекетті ұйымдастырғанда интеллектуалы жоғары, ойлау қабілеті дамыған, үздік, тәрбиелі, шығармашылық жол жасай алатын, өз көзғарасын дәлелдей алатын тұлға қалыптастыруға болады.

Оқушылардың шығармашылығын арттыру үлкен маңызға ие.

Бұл педагогикалық білім беруді демократияландыру, құқықтық, жариялық бірлесе сабақ өтумен шығармашылық ынтымақтастық қатынастарын бекіту.

Қазіргі заман талабын жете түсінген әрбір ұстаз, өз Отанын шексіз сүйетін білімді, іскер, адамгершілігі мол парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақ даярлауға міндетті. Әрбір ұстаздың мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асуы өз пәндерінен оқушыларға үздіксіз білім беру, сабақ сайын ұлттық-рухани тәрбие бойынша сіңіріп отыру.

Мағжан Жұмабаев былай деп айтқан екен. «Сыртқы сезім мүшелері арқылы қабылдаған сыртқы мүшелері арқылы қабылдаған дүниенің дамуына әсер ететін, ішкі сезімдердің жанды болуы, алдымен адамның зейініне байланысты. Бала зейінді болмаса ешнәрсе үйрене алмайды».

Оқушыны жобалаушылыққа, шығармашылыққа баулу, ізгілендіру бағытын өрістеудің мәні пәндерді оқыту жүйесін жеке тұлғаның құрылымымен, оның даму зандылықтарымен сәйкестікте ұйымдастырудан көрініс табады. Оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік санасының өсуіне, оның дара тұлға ретіндегі қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызу жаңа педагогикалық парадигманың өзегін құрайды.

Педагогика ғылымы мектеп алдында жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін әлдеқашан-ақ қойғанмен, шын мәнінде оның жүзеге асуында әліде толық шешімін таба алмай отырған мәселелер жеткілікті. Қоғамның даму деңгейі мен әлеуметтік сұраным талаптарына үндес жүйеленгген білім көлемі оқыту тәрбиелеудің басты ұстанымдарына сәйкес іріктеліп, оны меңгерту үдерісі педагогикалық психологияның жаңа бағыттарын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған жағдайда көздеген мақсатқа қол жететіні аян.

Шығармашылық ізденісін көтеру кезеңдері

Оқушылардың шығармашылық ізденістерін көтеру төрт кезеңнен тұрады.

1 кезең –бұл кезеңде мұғалім оқушыға қарапайым таным әрекетімен таныстырады. Есептерді шығаруға бағыт беріп, өз бетімен орындалуына мүмкіндік береді.

2 кезең-бұл кезеңде мұғалім есепті шешудің әр түрлі тәсілдерін көрсетіп талқылай отырып қолайлысын, тиімдісін таңдай білуге үйретеді.

3 кезең- бұл кезеңде оқушыға өте үлкен жауапкершілік жүктеледі. Оқушы сыныптан тыс қосымша оқуға жалпылама қорытынды жасай білуге үйрену керек, жұмысына анализ беріп, алдағы жұмысына жоспар құра білу керек.

4 кезең-бұл кезеңде оқушы жұмысы ізденімпаздық мағына алады. Кейбір теориялардың дәлелдемесінің басқа тәсілдерін табу, ғылыми-конференцияға баяндама дайындау.

5. Математика сабағында қолданылған мысалдар

Оқушыларды шығармашылыққа, өз еңбегіне ләззат алу мүмкіндігін дамытуда 5-8 сыныптарда келесі сабақтарды өткіздім: «Жарыс», «Математикалық регата», «Қызықты математика», «Виват, математика!» атты сыныптан тыс шаралар т.б.

9-11 сыныптармен оқушылардың ғылыми әдебиеттерімен жұмыс істеуіне көп көңіл бөлінеді. Соның ішінде оқушыларды тақырыптың ішіндегі маңызды формулаларды, теоремаларды, қасиеттерді табуына, теруіне көп көңіл бөлінеді.

Оқушылар түрлі көрнекіліктерді әр түрді тәсілдермен жасауды ұсыну да шығармашылық жұмыстарының бір түрі, тақырыптық рефераттар дайындау және тақырыптық буклет жасау жие талап етіп тұрамын.

Сабақтарға Ж. Қараевтың, «Деңгейлеп оқыту» технологияларының элементтерін еңгізуге тырысамын.

Бұл технологиялар шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушыға үлкен мүмкіндік береді. Ол басқа оқушылардың ілгерілеп жұмыс істеуіне және әдебиеттерді пайдалана білуге және жұмысына жоспар құра білуге үйретеді. Мұғалімнің шығармашылықпен еңбек етуіне мүмкіндігі мол. Оқушыны қостай отырып, оның өз еркінен тыс елеусіз түрде тура шешімге бастау мұғалімнің негізгі мақсаты екенін естен шығармауымыз керек. Сонда ғана өзіне сенімді шығармашылықпен айналысатын білімді оқушы даярлай аламыз.

Бір қатар тақырыптық оқушылардың жұмысының үлгілері: «Симметрия», «Координаталық жүйе. Нүкте координатасы.» өткен кездегі жұмыстары.

Осылайша тапсырмалар бере отырып, оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасауына бағыт беруге болады.

ІІ. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана.

Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлей білу.

Қазіргі заман – ғылым мен техниканың өркендеген, математика ғылымының өте жан – жақты тараған кезеңі. Ал, әрбір ұстаздың басты міндеті – жас ұрпаққа жан-жақты білім бере отырып, оқушының бойындағы қабілетін ашу арқылы, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру арқылы, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Барлық бала бірдей математикалық қабілетке ие бола алмайды. Сондықтан, оқушыларға топтасып есеп шығаруға жағдай жасап, оқушыларды өздерін – өздеріне немесе өзара бағалату әдістерін қолдану керек. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, интерактивті тақта арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беру. Ал, жақсы нәтиже көрсету үшін, оның сапасын бастауыш сыныптан қолға алуымыз қажет. «Білім негізі – бастауышта» қаланатынын әр уақытта жадымызда ұстап, негізгі бақылауды бастауыштан бастау керек. Математикалық білім берудің сапасын арттырудың бір жолы бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастықты нығайту. Сабақтастықты нығайтудың тиімді жолдарының бірі – теория мен тәжірибені ұштастыру; іс – тәжірибе алмасу. Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Бастауыш сыныпты бітірген оқушылардың орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне бейімделіп кетуін қамтамасыз ету сабақтастықты нығайтудың негізгі міндеті болып табылады.

Математиканы үйренумен белсенді шұғылдану, шын мәнінде есеп шығару. Оқушының математика пәнін игерудегі негізгі қызметі: математикалық формулалар мен ережелерді жатқа білу, оларды есептер шығаруда қолдана білу, күнделікті үй тапсырмаларын орындап отыруы. Оқушының үй тапсырмаларын орындап отыруы – олардың есеп шығара білу дағдысын жақсартады. Математика сабағында мұғалім теориялық ілімдерді меңгертуді практикалық әдіс-тәсілдермен ұштастыра отырып, тез, ұтымды есептеулерге жаттықтырады. Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады.

Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.

Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.

Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс-әрекеті деген не?- деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті дегеніміз – оқушының білімін жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процессті айтамыз. Яғни мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлері.

Математиканы оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына тоқталайық.

1. Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою. Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді.

2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.

3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.

Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.

Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.



Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.

Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:

1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.

2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.

4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазу, тағы басқа сезім мүшелерінің белсенді қатысуы тиіс. Көрнекілікті қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен оңай қорытындылар жасай алады.

Көрнекі құралдар арқылы балалар амалдың идеясын да түсінетін болады, мысалы, тәрелкедегі сүтті жалап жатқан екі мысыққа үшінші бір мысық жүгіріп келе жатқанын көргенде, бала барлығы неше мысық деген сұрауға жауап беру үшін, 2+1 керек деген ой келеді.

Көрнекілік математика сабағында білім көзі ретінде қолданылған, ол елеулі мәселеде берілетін білімдерді нақтылау мақсатында көрнекі құралдар да түрлі тәсілдермен қолданылады.

Оқушылар сабақта, ойын үстінде, ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Оларды ұштап, жетілдіріп отыру мұғалімнің міндеті деп білеміз. Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда баланың ой-өрісін дамытып, бағдарламада өтілген негізгі материалдарды практикада қолдана білуіне, оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын арттыруына, өткен материалды өз мәнінде толық игеруіне мүмкіндік жасайтын тәсілдердің ішінде дидактикалық ойынның мәні зор. Сабақта өтілген метериалға сәйкес дұрыс жүргізілген дидактикалық ойындар оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тақырыпты дұрыс меңгеруіне ықпал тигізеді.

Математика – ұлы ғылым, адам ақылының ең бір асыл қабілеттерінің тамаша жемісі. Шәкірттерді білім нәрімен сусындататын, өмірдің асулары мен шыңдарына қажымай-талмай шығуына алғашқы жол нұсқаушысы – ұстазы.

Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуында жас ерекшеліктерінің орны

Әр жас кезеңінде белгілі бір жетекші әрекет тән болғанына қарамастан, осы жаста әрекеттің басқа түрлері жоқ немесе шек қойылады деуге болмайды. Мысалы ,мектепке дейінгі бала үшін жетекші әрекет- ойын. Дегенмен, мектепке дейінгі кезеңде балалар өміріндегі оқу мен еңбек сәттерін байқауға болады. Бірақ олар осы жаста негізгі психикалық өзгерістер сипатын белгілемейді- олардың ерекшеліктері көбінесе ойынға тәуелді. Ойын әрекеті басқа жас кезеңдеріне тән десекте, бұл кезеңдерде әрекеттің жетекші және айқындайтын типі болып табылмайды.

А.С. Высотский және А.Н. Леонтьевтің еңбектерінің негізінде Д.Б. Эльконин жете зерттеген балалық шақты кезеңдендіруін қарайық. Біздің ойымызша, бұл кезеңдендіру балалардың психикалық дамуының жалпы негізіне адам өмірінің өзіндік және сапалы өзгешілік кезеңі ретінде әр жасқа жетекші әрекеттік белгілі бір типі сәйкес келеді деген ұғым салынған: оның өзгертілуі жас кезеңдернің алмасуын сипаттайды. Әр жетекші әрекетте тиісті психикалық жаңа түзілімдер пайда болады және қалыптасады, оның жалғасымы баланың психикалық дамуының бірлігін құрайды.

Бала дамуындағы ерекше кезең ретінде бастауыш мектеп жасына оның негізгі жаңа түзілімдеріне сипаттама берейік.

Мектепке түсу бала өмірінде жаңа жас кезеңінің басталуын байқататыны – ол бастауыш мектеп жасы, оның жетекші әрекеті оқу әрекеті болып табылады. Оны жүзеге асыру үрдісінде бала мұғалімнің жетекшілігімен қоғамдық сананың дамыған түрлерінің мазмұнына (ғылыми ұғымдар, көрнекі бейнелер, адамгершілік құндылық, құқық нормалары) және олардың талабына сәйкес біліктілігін жүйелі игере бастайды. Қоғамдық сананың осы түрлерінің мазмұны теориялық сипаттамаға ие.

Кең мағынада теория түсінігі оны ұйымдастырудың ең жоғарғы және дамыған түрлеріндегі қоғамдық сананың синонимі болып табылады: ұйымдастырылған ойдың ең жоғары нәтижесі ретінде ол адамдар қазіргі күнгі кез келген қарым қатынасын қатыстырады және соңғының нақты саналы өзгерту шарты болып табылады. Психологиялық зерттеулер анықтағандай ; 7-10 жастағы оқушылардың оқуға деген ынталы қызығу жеке пәндердің мазмұны бойынша емес, оқу әрекетінң түрлері бойынша жүреді.

Бастауыш сатыдағы кезең оқушыда оқу әрекеті қалыптасыуының ең қуатты жүретін кезеңі. Мұның нәтижесінде ғылыми ұғымдар мен түсініктерді меңгере отырып, оқушылардың өздері өзгеріп, дамиды жекетұлғаның негізгі психологиялық үрдістері мен қасиеттері қалыптасады. Яғни, бастауыш мектеп жасындағылардың оқу әрекеті кезінде қалыптасатын психологиялық жаңа түзілімдер қалыптасады және дамиды.

Олардың негізгісі – оқушылардың ішкі позициясы, еркіндіктің дамуы, әрекеттің ішкі жоспары және рефлексия.

Оқушының ішкі позициясы 6-7 жас аралығында қалыптасады және олар екі қажеттілік арқылы сипатталады.

1. Танымдық қажеттілігі. Бұл қажеттілік қанағаттандыруын оқудан алады.

2. Белгілі бір әлеуметтік қатынасқа байланысты қажеттілік. Ол баланың қарым қатынасқа түскісі келетіндіктен пайда болатын қажеттілік.

Еркіндіктің дамуы ішкі оқу әрекеті пайда болуы нәтижесінде, яғни қойылған міндеттердің барлығын қабылдаған кезде, жүріс- тұрыс түрткілерін, бағындырған кезде, бар жұмысты тәртіпке байланысты орындаған, тағы басқа жағдайларда болады. Жүріс- тұрыстың еркінділігі мына жағдайларда көрінеді: өз бетінше алдына мақсат білу кезінде, қабылдаған ой, ниетіне байланысты әрекет оқушы жасаған кезде болады.

Ішкі жоспарлы әрекетің дамуы сюжетті рөлдік ойындарда оның одан әрі қарай қалыптасуы оқу әрекетінде көрінеді. Сонымен қатар, ішкі жоспарлы әрекет балалар өз әркеттерін орындаған кезде көрініп тұрады.

Бастауыш мектеп жасының аяғында рефлексия пайда болады, яғни бала өзінің жеке ойлау іс- әрекетіне және өзінің жүріс- тұрыстарын бақылап, қарай бастайды. Рефлексия теоретикалық ойлаудың негізгі компоненті, сонымен қатар баланың өзіндік сана – сезімінің дамуының белгілі бір механизмі болып табылады.

Оқу әрекеті арқылы теориялық білімді меңгеру ол ойынмен, еңбекпен, қоғамдық ұйымдастыру істерімен және т.б. қабысып тұрғанда құнды болады. Оқу әрекеті балалардың тек интеллектуалдық- танымдық белсенділгін көрсету деп түсінуге болмайды.

Оқу әрекеті олардың дамуының мектеп кезеңіндегі біртұтастығы мен толыққанды өмірінің құбылысы .

Балалардың оқу әрекетінің басқа әрекет түрлерімен өзара байланысты оларды оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі мен бөлінбестігінің психологиялық негізі болады.

Бастауыш сатыдағы білімнің теориялық деңгейін біршама көтерудің оқушының танымдық, психикалық дамуындағы маңызы зор. Бұл осы уақытқа дейін оқыту тәжірибесін де басым қолданылып жүрген айналадағы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек сырттай қарап қабылдап, үстіртін танумен шектелетін таным әдісі шеңберінде қалмай, олардың арасындағы байланысты, тәуелділікті , заңдылықтырды оқушының өзі ашып, түсінуіне жол ашады: оқушыда заттар мен құбылыстарды мәнді белгілерін дұрыс, дәл анықтау , талқылап талдау, бұлтартпайтын дәлелдемелерді дұрыс іріктеп алу т.б. осылар сияқты біліктердің қалыптасуын, дамуын қамтамасыз етеді.

1-4 сынып (7-10 жас аралығындағы) оқушылары педагогикалық тұрғыдан ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені бұл жастағы бала тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап әлеуметтік ортамен жаңа қарым- қатынастарға түседі. Бұл төменгі сынып оқушыларының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады. Сөйтіп , жаңа ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісінде оның мінез-құлқы, еркі оқуға деген қызығушылығы мен танымдық қасиеті дамиды. Сонымен қатар бұл жастағы баланың антаомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін білу аса қажет. Мысалы 7-10жастағы оқушыларды негізінен бас сүйегі қатаюды, тұтастай алғанда қаңқаның қатаюы жалғасабереді. Ми салмағының артуы жүйке жүйесінің жетілуі, екінші сигналдық жүйенің қарқынды дамуы байқалады. Сөздік қоры көбейеді. Тежелуден қозудың басым болушылығы, ойдың нақты бейнелеу түрі және естің болуы, елестетудің айқындығы, білуге құмартушылық, жеңіл- желпі сенушілік, еліктеушілік, ерік үрдісінің дамуы сезіледі, моральдық санасында императивтік (бұйырушылық элементі, өз құрбыларының мінез құлқындағы кемшіліктерге әсер ету және өзіне сын көзбен қарамауы басым болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!