Материалдар / "Жаңғырығы ерліктің жүрегімде" сынып сағаты 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жаңғырығы ерліктің жүрегімде" сынып сағаты 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2018
603
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-Жүргізуші: Нұрбек

Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

2-Жүргізуші:Қызғалдақ

Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Сұрақ-жауап:

1.Балалар, Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

2.Ұлы Отан соғысы туралы жалпы қандай мәліметтер білесіңдер?

- Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Сол жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды.

- Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді.

-Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы

1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.


Оқушылар өз ойларын айтады.


1-Жүргізуші:Нұрбек

Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.


2-Жүргізуші: Қызғалдақ

Иә, кім де болса өз Отанын қорғауға қашанда дайын. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар туралы толығырақ мәлімет алу үшін баяндамашыларға ға сөз берейік.

Оқушылар батырлар туралы өз ойларын айтады.

Әміржан, Камила, Адель, Аделя, Анель,Адина

1-Жүргізуші: Нұрбек

Қазақ даласы небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

2-Жүргізуші: Қызғалдақ

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда ұрпағы үшін мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Мұғалім:

Балалар, қазір бейбіт өмірде ерлікке орын бар ма? Ерлік тек соғыс кезінде көріне ме? Осы сұрақтар төңірегінде ой қозғайықшы.

Балалар өз ойларын айтады.


1-Жүргізуші:Нұрбек

Балалар, ендеше көрініске кезек берейік. /Көрініс /



2-Жүргізуші.Қызғалдақ
Батырлардың ұрпақтары – деп келесі бөлімімізді оқушылардың жеңіс туралы әндеріне береміз! Қане балалар, Отанымыз туралы ән салайықшы

1.«Атамекен» әні Орындайтын хор

2. Биге де кезек берейік. « Қазақ биі» Орындайтындар: аделя, адельғ Мадина

1-Жүргізуші: Нұрбек

Балалар, Отан туралы, ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер айтайықшы.

2- жүргізуші:Қызғалдақ

Балалар, сіздерге көп-көп рахмет. Бүгін біздер Ұлы отан соғысы туралы , батырлар туралы көп мағлұмат алдық. Өз Отанымыздың көркеюіне үлесімізді қосайық. Жүрегіміз мейірімге толы, адамгершілігімізді жоғалтпай, қайырымды болайық, достар. Осымен біздің пікірлесуге арналған дөңгелек үстеліміз аяқталды.







































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!