400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңғырық немесе аждаhамен алысқан желтоқсан.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңғырық немесе аждаһамен алысқан желтоқсан

...Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы

Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.

М.Шаханов

Тәуелсіздік ұғымы – тәуелсіз елдің әр ұланын, қары кетіп еңкейген кәрісінен, еңбектеген саруыз балапанына дейін ой теңізіне шомдырып, өзінше ойлап – сезіну түйсігі бар өткір де өр мінезді жаңашыл ұрпақ туғызып, қанын қыздырып, рухани әлеміне азық болып отырған киелі де қасиетті ұғым. Тәуелсіздік жолында желдей ескен заманмен белдескендер де, елдескендер де, тіпті, егескендер де болды. Алайда, бүгінгі жастар осы желтоқсан оқиғасының қаншалықты маңызды екенін пайымдап, бағамдай бермейді. Себебі біз ес білгелі еліміз еңсесін тіктеп, тәуелсіздіктің бесігінде тербелуде.

Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды саяси тұрғыдан қудалады. 99 адам сотталды,  264 студент оқудан шығарылды. 1987 жылы жазда КОПК ОК қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Десе де, желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

Ал 1991 жылдың 16 желтоқсанында біз үшін тәуелсіздіктің таңы атты. Сол кездегі соқыр саясат ұлт намысын қызыл қанға бөктіріп, жастардың бетін желтоқсанның сақылдаған сары аязына қарыса да өр рухты халқымызды уысында ұстап қала алмады. Себебі ескен желдің өзі заманының жеңісі мен жеңілісін сайын далаға таратып жатты. Тәуелсіздіктің жарық таңы желтоқсан туралы шындықты қалпына келтірді. «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», «Ел намысы – ер намысы» жинақтары, К.Тәбейдің «Мұзда жанған алау», Т.Бейісқұловтың «Желтоқсан ызғары» кітаптары мен «Желтоқсан» (бас редакторы Х.Қожа – Ахмет) газеті жарық көрді. «Аллажар» (1991, реж. Т.Теменов), «Қызғыш құс» кинофильмдері түсірілді.

Алайда, өрімдей қыздар, найзағай намысты ұлдар ұжданын ұлтан етіп, келешек ұрпақ үшін басын бәйгеге тігіп, ерен ерлікпен қара ниетті қоғамның қара аспанына ұшып кетті. Сондықтан болар, бұл оқиға саналы ұрпақтың жадында дәуірлермен қанаттаса ұшып, жаңғыра бермек.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.06.2021
715
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі