Жаңылтпаш жаттау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңылтпаш жаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды логикалық ойлау қабілетін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні, айы, жылы:

Тобы:

Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаш жаттау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға жаңылтпаш туралы әдеби білім беру, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал – тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІІ. Білім тексеру: Мимика дегеніміз не?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбы мен мақсатын бейнеролик арқылы біледі.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жаңылтпаш – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол адамдардың бір нәрселердің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жаңылтпаш мақал – мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырып айтылады. Жаңылтпаш өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған.болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар,мал, жан – жануарлар, адам оның дене мүшелері, еңбек құралдары,т.б. Жаңылтпаш әр түрлі заттар мен құбылыстар, білім өнер ұғымдары. Жұмбақтар соған байланысты тақырыбы жағынан да сан алуан. Өздерің де кез келген нәрсені ұйқасын келтіріп құрастыруларыңа болады.

Жаңылтпаш екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден ойын – сауққа жиналған жұртты күлдіру.Екіншіден баланың тілін ұстартып, жаңылтпаштың әр сөзін асқан шапшаңдықпен айтуға үйрету. Жаңылтпаштың сөздері жаңылдыратындай қиын , көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады.Мұнда қайталаулар жиілеп кездеседі.Мысалы :

Қара бүркіт томағасын түсірді,

Оны мен томағаламай, кім томағалайды.

Оны мен томағаламай, кім томағалайды.

VІ. Түсінік тексеру:

1.Оқушылар өздері білетін жаңылтпаштарын бір – біріне айта отырып қайталауы тиіс.

2. Сұрақтар арқылы білімдерін тексеру.

Жаңылтпаш дегеніміз не?

Жаңылтпаш қалай пайда болған?

Жаңылтпаш болатын заттар нелер?

Жаңылтпашты қалай құрастыруға болады

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Әлеуметтік желі арқылы бірнеше жаңылтпаштар жазамын . Олардағы қайталаулар туралы түсінік береді.

Шалғы саптап, шөп шап.

Шөп шапсаң , көп шап,

Көк шапсаң , шапшаң шап .

Шапсаң шапшаң, шаршап жат.

VІІІ.Сабақты қорыту:

Бағалау

Үй тапсырмасын беру:1. Жаңылтпаштар жаттау.

2.Жаңылтпаштар құру.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2020
1257
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі