Материалдар / Жансыз табиғатқа не жатады?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жансыз табиғатқа не жатады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Шілде 2018
1624
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні: 10.01.2018

Сынып: 0 «Б»

Мектеп: Қалалық қазақ мектеп-лицейі

Мұғалімнің аты-жөні: Нұрлыбаева Г.Д.

Сабақ тақырыбы

Жансыз табиғатқа не жатады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Жансыз табиғатқа жататын денелер мен заттарды анықтау.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: бақылауға қатыса алады; • жансыз табиғат туралы мағлұмат алады; • жансыз табиғатқа не жататынын атай алады; • жансыз табиғат пен жанды табиғаттың айырмашылығын көрсете алады.

Көптеген оқушылар: жансыз табиғаттың қасиеттерін анықтай алады; • жансыз табиғаттың табиғаттағы маңызын анықтай алады; • практикалық жұмысты орындай алады

Кейбір оқушылар: бақылау үдерісінде жансыз табиғат туралы талқылай алады және қорытынды шығара алады.

Бағалау критерийлері

Жансыз табиғат не екендігін біледі.

Тілдік мақсаттар


Дағдыны дамыту: бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту, ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау.

Көптілділік: құм – песок – sand Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Табиғат, жансыз табиғат, жансыз заттар мен денелерді бақылау. Талқылауға арналған сұрақтар. Жансыз табиғат дегеніміз не? Жансыз табиғатқа не жатады? Жансыз табиғаттың жанды табиғаттан айырмашылығы қандай? Жансыз денелер өсе ме? Жансыз табиғатты адамдар не үшін пайдаланады? Неге жансыз денелер деп атаймыз?

Құндылықтарды дарыту

Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы

Пәнаралық байланыстар

Экология , жаратылыстану, көркем әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Слайд.

Бастапқы білім


Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларды білу; ауа, су, азық, жарықтың адам үшін қажеттілігі туралы ұғымдар; қарапайым бақылау дағдылары.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Заряд алу » әдісі.

1 рет қысады, 2 рет қысады, 3 рет қысады.

3 топқа бөлу.

1 топ-машина. 2 топ- доп. 3 топ- аю


Карточкалар арқылы

Сабақтың ортасы

Миға шабуыл жасау. Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу. Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады. Жаңа сабақтар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады

Шаттық шеңбері. Армысың, ардақты Аспан ата,

Армысың, мейірімді Жер ана.

Армысың, шуақты Алтын Күн,

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн

Қуанатын күн бүгін. Өздік жұмыс.

(Ұ) Табиғаттың не екенін еске түсірейікші. (Табиғат – жанды және жан- сыз денелерден тұратын бізді қоршаған әлем) Бүгін біз сендермен табиғаттың бір бөлшегі жансыз табиғат туралы түсінік алатын боламыз. Балалар, жансыз табиғат дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар? Мақсатты болжам. Жансыз табиғат түрлері бейнеленген суреттерге назар аударту. Балалар, суретте нені көріп тұрмыз? (Су, құм, тас, топырақ, күн, ауа, аспан т.б.) (Ұ) Балалар ҰОҚ-да әңгіме не жайында болатындығын тақырып аясындағы сурет бойынша болжамдайды. ҰОҚ-ның соңында қол жеткізетін мақсат айқындалады. (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады).

(Ұ) Өзекті мәселелер. Балалар, сонымен жансыз табиғатқа анықтама беріп өтейік. Жансыз табиғат деп – өсіп-өнбейтін, көбеймейтін, бірақ тіршілік иелеріне елеулі пайдалы денелер мен заттарды айтамыз. «Табиғат» – Балалар, суретте нені тамашаладыңдар? – Дұрыс, табиғаттың бейнесі. – Қандай табиғат суреттелген екен? – Жансыз және жанды табиғат. – Жансыз табиғаттың жанды табиғаттан айырмашылығы қандай екен? (Ұ) Өзекті мәселе. Балаларға жанды және жансыз денелердің айырмашылығын анықтату үшін тәжірибе жасау ұсынылады. Топтық жұмыс. 1 топ-су. 2 топ-құм. 3 топ- тас

2-тапсырма бойынша жансыз табиғатқа жатпайтын денені табады. «Жанды заттар мен жансыз заттарды салыстыру» Жанды табиғат ретінде өсімдік пен тасты салыстыру. Балалар өсімдікке су құйып, күтім жасағанда оның әдемі болып өсетінін анықтайды. Ал тасқа су құйса да, өсіп-өнбейтіні туралы тұжырым жасайды. 2-тәжірибе: 2-тапсырма: «Су сұйық, ал құм сусымалы» Енді стақанға құм салу. Ол да стақанның пішініндей. Сонда құм сұйық зат болғаны ма? Осыны тексеріп көз жеткізу. Суды жалпақ табаққа төгу, су жайылып кетті. Су – сұйық зат. Әліппе-дәптер, құм, су, ыдыстар, қант. 165 Құмды төккенде, ол үйіліп қалды. Құмның сұйық емес, сусымалы зат екенін анықтау. Су мен құм әртүрлі заттар екен. Құм – сусымалы зат. Су – сұйық зат. 3-тәжірибе: 4-тапсырма: «Құм суда ериді ме?» Бір стақанға су құйып құмды салу, келесі ыдысқа қант салу. Екі ыдысты да араластыру. Нәтижесінде қанттың суда еритінін және құмның суда ерімей, түбінде тұнып қалатынын анықтау. Балалар құмның суда ерімейтіні туралы тұжырым жасайды. Тәжірибе – бұл табиғат құбылыстары мен заттарды танып-білудің әдіс- тәсілдері. Жансыз табиғат денелеріне серуен кезінде табиғат аясында бақылау жа - сату: • нысандардың, құбылыстардың ерекшеліктерінің барлығын байқау ептілігі; • елеусіз заттардың өзін байқау шеберлігі. Арнайы аспаптарды қолдана білу іскерлігі; • сұрақтарды қоя білуі; • бақылау қорытындылары бойынша өз ойларын жеткізе білуі; • бақылаулар бойынша қорытындылар жасай білуі.

Жұптық жұмыс:(Ұ) Өзекті мәселелер . Жансыз табиғаттарға не жатады? Неге оларды жансыз дейміз? Жансыз табиғаттың қандай пайдасы бар? ҚОРЫТЫН Д Ы: Жансыз табиғат өспейді, өнбейді. Бірақ жанды табиғат денелеріне әсері мол. Мысалы, өсімдіктер топырақсыз көбеймейді. Бүкіл тірі денелер сусыз өмір сүре алмайды. (Ө) «МЕН БАҚЫЛАП ҮЙРЕНЕМІН» практикалық жұмысы. Педагог жоспар бойынша жұмыс істеуді ұсынады:

Топырақтың түсі қандай? • Топырақта өсімдіктер өсу үшін не қажет? • Сусыз, топырақсыз, күннің жарығынсыз гүлдер өсе ала ма? • Қалай ойлайсың, гүл қандай топырақта жақсы өседі? • Құнарлы топырақ дегеніміз не? • Ал, енді гүлге су құйып көр. • Су қайда сіңіп кетті? • Қалай ойлайсың, жансыз табиғат пен жанды табиғат бір-бірімен тығыз байланысты ма? Неліктен? Бақылау нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды шығарылады: Жанды табиғат пен жансыз табиғат бір-бірімен тығыз байланысты. (Ұ, Ө) Әліппе-дәптердегі 1-тапсырманы орындайды

СТО, Диалогтік оқыту

Суреттер








Сергіту сәт





Суреттер




Әліппе? дәптер

Сергіту сәт: Үйде біз нешеуміз

Сабақтың соңы

Кері байланыс . (Ө) Қалыптастырушы бағалау. Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады. Балалардың өз жұмысын бағалауын. Түсінгендер-жасыл қарындаш, жартылай түсінген-сары қарындаш, түсінбегендер-қызыл қарындаш көтереді.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау

Бағалау





Сабақ бойынша рефлекция



Жалпы баға .1.Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі /оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз/?

2.Сабақтың жақсартуға не ықпал ете алады /оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз/?

3.Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет ?


Жан-жақты болу .



Тығыз байланыста болуда.



Балалардың ішкі жан дүниесін түсіну.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!