(Ұ) Табиғаттың не
екенін еске түсірейікші (табиғат – жансыз
және
Мақсатты болжам.
Жансыз табиғат түрлері бейнеленген суреттерге назар аударту. (Ұ)
Табиғаттың не екенін еске түсірейікші. (Табиғат – жанды және жансыз
денелерден тұратын бізді қоршаған
әлем)
Бүгін біз сендермен
табиғаттың бір бөлшегі жансыз табиғат туралы түсінік алатын
боламыз. Балалар, жансыз табиғат дегеніміз не? Қалай
ойлайсыңдар?
Мақсатты болжам.
Жансыз табиғат түрлері бейнеленген суреттерге назар аударту.
Балалар, суретте нені көріп тұрмыз? (Су, құм, тас, топырақ, күн,
ауа, аспан т.б.)
(Ұ) Балалар ҰОҚ-да
әңгіме не жайында болатындығын тақырып аясындағы сурет бойынша
болжамдайды. ҰОҚ-ның соңында қол жеткізетін мақсат айқындалады.
(Оған рефлексия кезеңінде қайтып
оралады).
(Ұ) Өзекті мәселелер.
Балалар, сонымен жансыз табиғатқа анықтама беріп
өтейік.
Жансыз табиғат
деп – өсіп-өнбейтін, көбеймейтін,
бірақ тіршілік иелеріне елеулі пайдалы денелер мен заттарды
айтамыз.
(Ұ) Бейнебаян
көрсету: «Табиғат» <iframe width="493"
height="277" src="https://www.youtube.com/ embed/0ssLjkBEYyw"
frameborder="0"
allowfullscreen></iframe>
–
Балалар, бейнебаяннан
нені тамашаладыңдар?
–
Дұрыс, табиғаттың
бейнесі.
–
Қандай табиғат
бейнеленген екен?
–
Жансыз және жанды
табиғат.
–
Жансыз табиғаттың
жанды табиғаттан айырмашылығы қандай
екен?
(Ұ) Өзекті
мәселе.
Тәжірибе
жасау:
1-тәжірибе: 2-тапсырма бойынша жансыз
табиғатқа жатпайтын денені табады. «Жанды заттар мен жансыз
заттарды салыстыру»
Жанды табиғат ретінде
өсімдік пен тасты салыстыру. Балалар өсімдікке су құйып, күтім
жасағанда оның әдемі болып өсетінін анықтайды. Ал тасқа су құйса
да, өсіп-өнбейтіні туралы тұжырым
жасайды.
2-тәжірибе: 2-тапсырма: «Су сұйық, ал құм
сусымалы»
Енді стақанға құм
салу. Ол да стақанның пішініндей. Сонда құм сұйық зат болғаны
ма?
Осыны тексеріп көз
жеткізу.
Суды жалпақ табаққа
төгу, су жайылып кетті.
Су – сұйық
зат.
Құмды төккенде, ол
үйіліп қалды.
Құмның сұйық емес,
сусымалы зат екенін анықтау. Су мен құм әртүрлі заттар екен. Құм –
сусымалы зат.
Су – сұйық
зат.
3-тәжірибе:
4-тапсырма: «Құм суда ериді ме?»
Бір стақанға су құйып
құмды салу, келесі ыдысқа қант салу. Екі ыдысты да араластыру.
Нәтижесінде қанттың суда еритінін және құмның суда ерімей, түбінде
тұнып қалатынын анықтау. Балалар құмның суда ерімейтіні туралы
тұжырым жасайды.
Тәжірибе – бұл
табиғат құбылыстары мен заттарды танып-білудің әдіс-
тәсілдері.
Қалыптастырушы
бағалау: көңіл күй
пікірлері.
Бейне үзінді
көрсету: «Тас пен құм» туралы
аңыз-әңгіме
(Ұ) «Байқағыштық»
деген жаңа ұғым бойынша жұмыс. Жансыз табиғат денелеріне серуен
кезінде табиғат аясында бақылау жа-
сату:
•
нысандардың,
құбылыстардың ерекшеліктерінің барлығын байқау
ептілігі;
•
елеусіз заттардың
өзін байқау шеберлігі. Арнайы аспаптарды қолдана білу
іскерлігі;
•
сұрақтарды қоя
білуі;
•
бақылау қорытындылары
бойынша өз ойларын жеткізе
білуі;
•
бақылаулар бойынша
қорытындылар жасай білуі.
(Ұ) Өзекті
мәселелер.
Жансыз табиғаттарға
не жатады? Неге оларды жансыз дейміз? Жансыз табиғаттың қандай
пайдасы бар?
ҚОрытынДы: Жансыз табиғат өспейді,
өнбейді. Бірақ жанды табиғат денелеріне әсері мол. Мысалы,
өсімдіктер топырақсыз көбеймейді. Бүкіл тірі денелер сусыз өмір
сүре алмайды.
(Ө) «МЕН БАҚЫЛАП
ҮЙРЕНЕМІН» практикалық
жұмысы. Педагог жоспар бойынша жұмыс
істеуді ұсынады:Балаларға жанды және жансыз денелердің
айырмашылығын анықтату үшін тәжірибе жасау
ұсынылады.
•
Топырақтың түсі
қандай?
•
Топырақта өсімдіктер
өсу үшін не қажет?
•
Сусыз, топырақсыз,
күннің жарығынсыз гүлдер өсе ала
ма?
•
Қалай ойлайсың, гүл
қандай топырақта жақсы
өседі?
•
Құнарлы топырақ
дегеніміз не?
•
Ал, енді гүлге су
құйып көр.
•
Су қайда сіңіп
кетті?
•
Қалай ойлайсың,
жансыз табиғат пен жанды табиғат бір-бірімен тығыз байланысты ма?
Неліктен? Бақылау нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды
шығарылады: Жанды табиғат пен жансыз табиғат бір-бірімен тығыз
байланысты.
(Ұ,
Ө) Әліппе-дәптердегі 1-тапсырманы
орындайды.
|