Күні: 12.03.16 (
ашық есік күні)
Тақырыбы:Жанұя
бақыты-ата-ана ( ата-аналарға арналған тренинг)
Мақсаты: қазіргі
кездегі баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана
тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас
орнату.
Психолог: Құрметті
ата-аналар! Бүгінгі жиналыс біркелкі өтіп, Сіздерді шаршатпас үшін
бірігіп, тренинг ойын жүргізейік.
Бәріміз
мектеп шаңырағында жиналып отырғандықтан, тренинг ойынымыз да білім
ордаларының өмірімен байланысты болғаны дұрыс. Тренинг ойын «Жанұя
бақыты – ата-ана» деп аталады. Тренингті бастамас бұрын әуен
бойынша топқа бөлінейік. 1 топ – «Гүлдәурен», ІІ топ – «Әсем ән»,
ІІІ топ «Балапаным» топтары.
Тренинг
7 түрлі тапсырмалардан тұрады:
-
Ата-аналар балаларына
қойған аттарын қорғайды.
-
«Өнегелі отбасы қандай болу
керек?» постер қорғау
-
Қызықты сұрақтар (қимыл-
қозғалыс арқылы).
-
Бейнетаспадағы видео көре отырып, пікір алмасу.
-
Ситуациялық сұрақтарға
жауап беру.
-
Сөйлемді аяқтау.
-
«Сіз қандай ата-анасыз?»
тесті.
-
Балаларына қойылған аттарын (есімдерін)
қорғау.
Мектеп
жасындағы балаларыңыздың аттары қалай қойылғандығына сипатама
беріп, шағын тарихын айтып шығасыздар. Кім қойды, себебі, кімнің
және ненің құрметіне деген сияқты. Егжей-тегежейін ашып айтып,
жақсы түсініктеме беріңіздер.
(Қатысушылар жауап беруге дайындала бергенше, көрермен
ата-аналарға айтылатын материал).
Адамға
ат қойылудың да өзіндік бір тарихы болады. Адам есімдеріне
зерттейтін ғылым саласын да бар. Ол ономастика деп аталады.
Ономастика – атаулар туралы ғылым. Адам аттарын, фамилияларды,
қала, өзен, көл, тау аттарын,географиялық атауларды
зерттейді. Осы зерттеулерге сүйенсек,ежелгі
гректер Петр деген есімді көп қойған екен. Оның қазақша мағынасы
«тас».Тастай мықты, бекем болсын дегендері шығар. Грекше Александр
есімінің қазақшасы «адамдардың қорғаны»деп аударылады. Орыстар Иван
деген атты көп қояды. Ол біздіңше «Құдайберген» деген сөз.
Әзірбайжандар - Галиб, еуропалықтар – Виктор, Виктория деген
есімдерді қояды. Бізде ол «Жеңіс» деген мағынаны береді.
Қазақ
балаға атты әр түрлі ырымға сүйеніп қойған. Мысалы, баласына сол
адамға татсын деп бір жақсы адамға ат қойғызған немесе жақсы
адамның атын қойған. Мысалы, Абылай, Шоқан, т.б.белгілі, даңқты
адамдардың атын берген. Бізде – Бауыржан, соңғы уақытта Нұрсұлтан
деген есімдер жиі кездесетіні белгілі. Ондағысы Бауыржан
Момышұлындай әскери басшы, Нұрсұлтан Назарбаевтай президент болсын
деп қалағандары болар.
Кейде
аса атақты, ғұлама адамдардың атын қойса, баланың көтеріп жүруіне
ауыр тиеді екен деп те естіп жатамыз. Немесе Алдаберген,
Құдайберген, Тілепалды деп қойған. Мұндай аттарды ұзақ күткен
әулие-әнбиелердің басына түнеп, тілеп алған балаларға қоятын. Қазақ
кейде баласына жағымсыз ат қоятын. Мысалы, Күшікбай, Боқбасар,
Қасқырбай т.б.Әдетте, мұндай атты баласы тұрмай, шетіней берген
соң, ата-аналары тіл–көз тимесін деп қоятын. Қазақта тілеулі аттар
да болған. Мысалы, Ұлболсын, Тоқтасын, Тұрсын,т.б.
2. «Сіз қандай
ата-анасыз?» тесті (өз-өздерін
тест арқылы тексеру)
1.
Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе
шалбарын жыртып келеді.
А) Сіз не болғанын сұрап,
шалбарын тігіп, компресс қоясыз
Ә) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары
үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасыз
Б) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі істесін.
2.
Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар,
тыңдамайды.
А) Сіз
ол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Ә) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасыз
Б) Балаңызға достарының кемшіліктерін айтасыз, олардың үлгі бола
алмайтынын түсіндіресіз.
3. Балаңыз ойнағанды
ұнатады, бірақ жеңілгенді ұнатпайды.
А) Еш әрекет етпейсіз,
балаңыз жеңіліске үйренсін
Ә) Ол жеңілісін мойындап үйренгенше енді онымен ойнаудан бас
тартасыз
Б) Жеңілісін мойындауға үйрететін жағдайды әдейі туғызасыз
4. Сіздің балаңыз
тәулігіне 24 сағат ойнауға бар. Кешкілікте мүлде ұйқысы
келмейді.
А) Ұйқының қандай маңызды
екенін түсіндіресіз
Ә) Нешеде жатам десе де рұқсат бересіз, бірақ таңертең уақытында
тұрғызасыз
Б) Төсегіне белгіленген уақытта жатқызып, жалғыз қалдырасыз
5. Балаларға арналған
телебағдарламаларды азсынып, балаңыз күні бойы теледидар көруге
дайын.
А)
Балаларға арналған бағдарлама бітісімен ұйқыға жатқызып, ол
ұйықтағаннан кейін ғана теледидарды қосасыз.
Ә) Оған нені көруге болатынын, және нені көруге болмайтынын
түсіндіресіз
Б) Балаңыз үшін кейбір тыңдайсыз
6.
Балаңыз үлкендердің сөзіне көп араласады.
А) Бұл қылықтың жағымсыз
екенін түсіндіресіз
Ә) Тыңдамағаны үшін жазалайсыз
7.
Сіздің балаңыздың жасы әлі кіші болса да өзінше ғашық
болады.
А) Бәрін сол қалпында
қалдырасыз
Ә) Балалық махаббатқа жол бермейсіз
Б) «Махаббаттың» не екенін, қарым-қатынастың қандай болу керек
екенін түсіндіресіз.
8.
Басқа балалар сіздің балаңызды ұрады, келемеждейді
А) Есесін қайтаруға
үйретесіз
Ә) Сол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Б) Балаңызды сол балалармен араластырмау үшін бәрін жасайсыз
9.
Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді, басқа балаларға қол
жұмсайды
А) Өзіне де дәл сондай
жағдай туғызасыз (аяушылық білдірмейсіз)
Ә) Осы кезге дейінгіден көбірек көңіл бөлесіз балаңызға
Б) Зорлық, зомбылықтар көрсетіп фильмдерді көруге тыйым саласыз
Жинаған ұпайларды ата-аналар өздері санайды
№
|
а
|
ә
|
б
|
1
|
3
|
0
|
5
|
2
|
2
|
5
|
0
|
3
|
0
|
3
|
5
|
4
|
3
|
5
|
0
|
5
|
0
|
2
|
3
|
6
|
5
|
0
|
3
|
7
|
3
|
0
|
5
|
8
|
5
|
3
|
0
|
9
|
0
|
5
|
3
|
0-18
ұпай. Сіз
балаңызды өзіңіз сүріп жатқан өмірге дайындап, соған ыңғайлап
тәрбиелеп жатырсыз. Сіз оның басқа заманның адамы екенін
ескермейсіз. Балаңыздың заманында ең бастысы — адамдардың
өз-өзіне сенімділігі, шығармашалығы, өкінішке орай сіз ол
қасиеттерді көрмейсіз де, дамытпайсыз да. Сіз өмірдің өзгеріп, алға
жылжып бара жатқанын көрмейсіз. Сізде ескі көзқарас
қалыптасқан.
19-35
ұпай. Сіз
балаңыздың келешекте қалай өмір сүретіні туралы әлі де аз
ойланасыз. Бірақ та сіз заман талабына сай болу үшін жарасып
бағасыз. Тәрбиеде ескі әдіс-тәсілдерді қолданбауға тырысасыз.
Кездескен қиындықтарды балаңызға өз бетімен шешуге үйретіп жүрсіз.
Оған жеткілікті түрде бостандық бергенсіз, өзіңіз бағындыруға
тырыспайсыз. Бірақ әлі де өзіндік өмірге дайындық аз. Сіз
балаңыздың өз бетімен ойлауын дамытуды қолға алыңыз, сонда
балаңызда әр нәрсеге, жағдайға деген өз көзқарасы қалыптасады.
36-50
ұпай.
Сіз балаңыздың мейірімділік пен әділеттілігі басымдырақ,ақыл, ойды,
ашық мінезді, жеке пікірді бағалап, өзімшілдікті сөгетін әлемде
өмір сүретініне сенесіз.
3.Постер
қорғау.
«Өнегелі отбасы» дегенді
қалай түсінесіз? (үш топқа бірдей)
Әр
топтың бір мүшесі қорғайды.
4.
Бейнетаспадан көрініс көрсетіледі.
5. «Ситуациялық
сұрақтар және жауаптары» рөлдік ойын
1.Баламен сөйлесе білу де
үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын
көрінеді Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай
ұшады... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп .Сіздің балаңыз да
осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде
елеусіз қалдырасыз ба?
(Бала
сұрағына байыппен түсіндіре жауап беру–олардың ой-өрісін дамытуға,
дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі).
2.Сізге мектептегі
мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше
шағым айтылды.Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды»
деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейміз? Балаңызды қалай
тәрбиелейсіз?
(Баланы тәртіпке келтіруден
бұрын,оның агрессивті болуының себебін тереңнен іздеңіз. Басқаларды
ренжітетін бала өзі де ренжіген бала. Отбасыңыздағы біреу осыған
кінәлі емес пе? Ойланыңыз. Мүмкін, жағдайды талдап, себебін
тереңнен табуға болатын шығар?).
3.Кейбір ата-аналардың
баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала
алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала
іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
(Балаға
«Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың, сен жөндей алмайсың» деген
сияқты теріс баға беру дұрыс емес. Осындай жағдайда баланың сол
іс-әрекеті түріне талаптануы, үйренуге ұмтылысы төмендеп, өзіне
деген сенімділігін жоғалтады, өзіне-өзі көңілі толмау сияқты
кешенді сенімсіздік қалыптастыру мүмкін).
6. Сөйлемді аяқтау.
«Ой — өрісіңді тексер» жаттығуы
1) Егер
баланы үнемі сынап отырса ............
(оқуға құлқы болмайды)
1) Балаға үнемі күлсе
................................
(бұйығы болып өседі)
2) Баланы қолдап отырса ...........................
(білімге деген ынтасы артады)
ІІ
топ
1) Баланы қолдап отырса
.....................
(өз ісіне сенімді болады)
2) Бала төзімділікте өссе .................................
(адал болып жетіледі)
1) Бала қауіпсіз жағдайда өссе ..............................
(ол адамға сеніммен қарайды)
ІІІ
топ
1) Бала кекшілдікте өссе
.............................
(ол қатыгез болып өседі)
2) Бала адалдықта өссе
...........................................
(әділ болып жетіледі)
3) Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе
........................
(бұл әлемнен махаббат табуға үйренеді)
(Әр
топтың бір мүшесі оқып береді)
7. Білім сапасын көтерудегі ата — ана
рөлі
«Біреулер құдайдан бала тілейді». Ол баланы не қылады?
— Өлсем орнымды бассын, — дейді.
— Артымнан құран оқысын, — дейді
— Қартайғанда асырасын, — дейді.
Осыдан басқа бар ма?
— Сіз қалай ойлайсыз?
— Білімді, жан-жақты тәрбиелі болсын т.б.
— Қандай білім алғанын қалайсыз?
— Сапалы білім
— Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты?
Олардың әрқайсысына қандай талаптар қойылады? Талдау
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты
екенін талдадық, соның ішінде білім негізі — стандарт
талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде
оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі
міндетті түрде қажет.
-
«Қызықты сұрақтар» сергіту сәті. Яғни қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру
керек.
Қимыл қозғалыс арқылы жауап
беру.
- иә десеңіздер –
қолдарыңызды шапалақтаңыз;
- жоқ десеңіздер –
аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1) Газет бетіндегі
мақалалардан, теледидардағы бағдарламадың тәрбиеге байланысты
сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру
кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасай ма?
- егер жанұя
десеңіздер - жымиыңыз.
- егер қоршаған орта,
қоғам десеңіздер - қолды алдымызға соғамыз.
3) Бала
тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке»
десеңіздер - қолды алдымызға созамыз.
- егер «ана»
десеңіздер – жымиыңыз.
- егер «екеуі»
десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыздар.
Рефлексия. «Тілек
ағашы»
Қорытынды.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа
боп,
Кешкенің өмір босқа тек,
-дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін
ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.
Бүгінгі қыз –ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны
жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
Ендігі сөз кезегін
қатысушыларға беріледі.