Материалдар / «Жанұя бақыты» Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жанұя бақыты» Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, отбасындағы қарым-қатынасты үйлесімді ету, оң көңіл - күй тудыру, өзара қолдау және сенімділік атмосферасын қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
339
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жанұя бақыты»

Балқаш ауданы

Бақанас ауылы

«Жасұлан» балалар бақшасы

Алибекова Гульмира Камиловна

Психолог


Мақсаты: Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, отбасындағы қарым-қатынасты үйлесімді ету, оң көңіл - күй тудыру, өзара қолдау және сенімділік атмосферасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: әсем әуен, ағаш, құм, тастар, ыдыс.

Қолданылатын технологиялар: Әдістеме, арт терапия,слаид, видеоролик.

Өту барысы:
Құрметті әкелер, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе — ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз? тамыры ма әлде діңі ме әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлініп отырады.
Ал енді тамырды таңдаған әкелер бір бөлек, жапырақты таңдаған әкелер бір бөлек, дінді таңдаған әкелер бір бөлек әр үстелге жайғасып отырыңыздар.

Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар?
Сіздер не үшін жапырақты таңдадыңыздар?
Сіздер не үшін діңді таңдадыңыздар?
Соны тобыңызбен келісе отырып, бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғаңыздар (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.

Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.

Кейін 3 ата-ана бірігіп, бір ағаштың келбетін келтіреді.


2 жаттығу. «Отан отбасынан басталады» (видеоролик)


3 жаттығу: «Өмір мәні» демонстрация



Сіздер үшін өмір мәні не? (әкелердің жауабы)
Мына ыдысты адам өмірінің мәні деп ойлайық. Бала дүниеге келгенде ол бос болады. Бала есейген сайын онда алғаш армандар, тілектер, қиялдар мен болашақ картинасы пайда бола бастайды. Бұл – «Өмір мәні» атты ыдыстың алғашқы дәндері (ыдысқа кішкентай тастар салынады).

Бала үлкен болғанда ұшқыш болғысы келеді, үлкен машинаны жүргізгісі келеді, әртіс болып, танымал болуды, жақсы жайлы үйде тұрып, әдемі өмір кешуді армандайды. Жылдар өтіп баланың бұл арман-тілектері өзгеріп жатады немесе басқа да қызығушылықтармен қосталып, үлкен мақсаттарға айналады (ыдысқа ірі тастар орналастырылады).Бұл бала өмірінің өзегін, мән-мағынасын құрайды, ол мақсаттар алға қарай жетелеп, болашаққа ұмтылдырады, іс-әрекетке белсендендіреді. Осы үлкен мақсаттарға жету үшін балаға кішкентай шағын көп мақсаттар көмектеседі, оларды жүзеге асыру арқылы үлкен мақсаттарға қол жеткізіледі (ыдысқа кішкентай тастар тасталынады).

Мысалы: белгілі маман иесі болу үшін сабақты жақсы оқу, қоғамдық істерге белсене араласу, ата-ананы қамқорлыққа алу үшін көңілдеріне қаяу түсірмей, құрметтеу, т.б. Осы үлкен ірі, кіші мақсаттармен бірге өмірде күнделікті өмірлік жағдайлар, мәселелер болып жатады (ыдыстағы үлкен, шағын тастардың үстіне құм себеленеді). Бұл құрбымен келіспей қалушылық, жауапсыз махаббат, істің оңға баспауы, т.б.

Мәселелер (құмдар) уақытылы шешіліп отырса, оның зияндылығы мәнсіз болады, ал көлемі көбейіп, ыдысты толтырып, басып кетсе, үлкен, кіші мақсаттар жабылып, көміліп, жойылып та кетуі мүмкін.

Сіздер үшін үлкен тастар не? Кішкентай тастар не? Ал құм не? Ойланып, осыларды жазып кетсеңіздер.
Адам «Өмір мәні» атты ыдысқа үлкен мақсаттар (тастар) салудан бастаса, ол жақсы игілік, ал оның орнына бірінші құм себелеп, күнделікті өмір айналымымен шектеліп қалса, күнделікті мәселелерімен ғана өмір сүріп, бос, сенделіп жүрсе, кейін үлкен мақсаттарға орын болмай қалады. Өмірде басты мақсаттарды анықтап алу керек, олар болмаса, өмірдің мәні де жоғалады. Сондықтан да адамда айқын нақты мақсаттар болуы қажет, мәселелер өмірде болады, онсыз өмір қызықсыз, мақсаттар соншылықты маңызды болып

көрінбейді.



4. «Мен қандай әкемін» сауалнама


5 жаттығу: Аңыз «Мінсіз емес»
Ертеде бір су тасушының екі үлкен қыш құмырасы болыпты. Құмыраның біреуі жарық болыпты, сол жарықтан бұлақтан ауылға жеткенше жарты суы ағып кетеді екен. Ал екінші құмыра мінсіз болыпты. Екі жыл бойы су тасушы ауылдастарына бір жарым құмырадан су тасыпты. Әрине, мінсіз құмыра өзінің жетістігін мақтаныш ететін. Ал жарық құмыра болса, өзінің жарты ісіне ұялып, байғұс болып жүретін. Бір күні құмыра су тасушыға былай дейді:
«Мен өзімнің тірлігіме ұяламын және сенен кешірім сұраймын.
Не үшін ұяласың?
Менің бүйірімдегі жарығымнан су ағып тұрады. Сен өз жұмысыңды орындап жүрдің, бірақ менің кесірімнен жұмысыңның жарты нәтижесін ғана алдың» – деді құмыра. Сол кезде су тасушы:
Мынау жолдың жиегіндегі гүлдерге қарашы. Сен олардың арғы бетте емес, сен жақтағы бетте ғана өсіп тұрғанын байқадың ба? Мен сенің кемшілігіңді әрдайым білетінмін.
Күнде бұлақтан шыққаннан сен жолдағы гүлдерді жарық құмыраңнан аққан суыңмен суаратынсың.
Екі жыл бойы сол гүлдерге қарап мен қуанатынмын. Сенсіз бұл сұлулық болмас еді!
Бұл аңызда қандай мағына жасырылған!


Балалардың бойында әр түрлі, жеке, есте қаларлықтай өздерінің қайталанбас қылықтары бар. Соларды тек сезе біліп, түсінуіміз керек.


Қорытынды. «Шар» жаттығуы.
Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.

Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!