Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе
ауданы,
Егіндікөл ауылы, «Балбұлақ» бөбекжайының қазақ тілі
пәні мұғалімі
Махамбетова Айнагул
Лесовна
Білім беру саласы:
Қатынас
Оқу іс - әрекеті: Тіл
дамыту
Тақырыбы: «Жануарлар
әлемінде»
Мақсаты: Үй жануарлары жайында білімдерін бекіту.
Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра
білу.
Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын молайту, есте
сақтау және ойлау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Үй жануарларын күтуге, қорғауға, қамқорлық
жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үй жануарларының
суреттері.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап,
сергіту сәті, қорытынды.
Шаттық шеңбері: Бала, бала,
баламыз
Бақшамызға
барамыз.
Күні бойы
қызыққа
Батамызда
қаламыз.
Мұғалім: Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
Балалар: Көктем
мезгілі.
Мұғалім: Көктем мезгілі неше айдан
тұрады?.
Балалар: 3 айдан
тұрады.
Мұғалім : Көктем мезгілінің айлары
қандай?
Балалар: наурыз, сәуір,
мамыр.
Мұғалім: Сендердің бүгінгі күндеріңе сәттілік
тілеймін. Балалар бүгінгі оқу іс - әрекеті тіл дамыту
сабағы.
Тақырыбы: «Үй
жануарлары»
Мұғалім: Үй жануарларына қандай жануарлар
жатады?
Балалар: Үй жануарларына түйе, сиыр, қой, ешкі, ит,
мысық, жылқы жатады.
Мұғалім: Үй жануарлары қайда жүреді? Орманда ма, үйде
ме?
Балалар: - Біз үй жануарларын үйде
бағамыз.
Мұғалім: - Үй жануарларын суреттер арқылы көрсетеді.
Мынау қандай үй жануары?
Балалар: -
Сиыр
Мұғалім: - Төлі қалай
аталады?
Балалар: -
Бұзау.
Мұғалім: - Мынау қандай жануар? Оның төлі қалай
аталады?
Балалар: - Түйе, төлі
бота.
Мұғалім: - Мынау қандай жануар? Оның төлі қалай
аталады?
Балалар: - Жылқы, төлі
құлын.
Мұғалім: - Мынау қандай жануар? Төлі қалай
аталады?
Балалар: - Қой, төлі
қозы.
Мұғалім: - Мынау қандай жануар? Оның төлі қалай
аталады?
Балалар: - Ешкі, төлі
лақ.
Мұғалім: - Мынау қандай жануар? Оның баласы қалай
аталады?
Балалар: - Мысық, баласы
марғау.
Мұғалім: - Мынау қандай жануар? Оның баласы қалай
аталады?
Балалар: - Ит, баласы
күшік.
Мұғалім: - Оларды неге үй жануарлары
дейміз?
Себебі, адамдар қорада жем беріп, шөп беріп, су беріп
күтіп бағады. Егер қарамай далаға жіберіп қойса, қасқырлар жеп
қояды.
-
Үй жануарларының қандай пайдасы
бар?
Балалар: - Сүтін ішеміз, етін жейміз. Жүнінен киім
тігеді.
3.
Жұмбақтар шешу.
-
Енді мен сендерге жұмбақтар
жасырамын.
1.
Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы
бар,
Сегіз тұяғы
бар
Иегінде сақалы бар.
(Ешкі)
2.
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең - қанат, сүті – дәрі, еті – тамақ.
(Жылқы)
3.
Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)
4.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
4.
Сергіту сәті.
Мұғалім: Қане, балалар бойымызды сергітіп
алайық.
-
Балалар «Төлдер» жырын білеміз бе? Олай болса «Төлдер» жырын
қимылмен орындайық.
5.
Ойын: «Дауысынан таны»
Шарты: Үнтаспадан жануарлардың даусын салады, балалар
қай жануарлардың даусы екенін
табады.
Қорытындылау:
Мұғалім: Бүгін қандай жануарлармен
таныстық?
Балалар: Үй жануарларымен
таныстық.
Мұғалім: Үй жануарларына қандай жануарлар жатады
екен?
Балалар: Сиыр, түйе, қой, ешкі, жылқы, ит,
мысық.
Мұғалім: Жақсы балалар, әрқашан үй жануарларына
қамқорлық жасап жүруіміз
керек.
Балалар сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Оқу іс -
әрекеті аяқталды. Келген қонақтарымызға сау болыңыз
айтамыз.