Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жануарлар әлемінің жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жануарлар әлемінің әртүрлілігіне байланысты олардың ұқсастық белгісіне не арасындағы айырмашылықтарына қарай систематика жануарларды таксондарға бөлу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагог:Төлегенова Эльвира

Жануарлар әлемінің жүйесі

Мақсаты:Жануарлар әлемінің әртүрлілігіне байланысты олардың ұқсастық белгісіне не арасындағы айырмашылықтарына қарай систематика жануарларды таксондарға бөлу.

Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор және алуан түрлі. Олардың бірқатары пайдалы жануарлар болып табылады. Азықтүлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізат өнімдерін: ет, май, CYT, тері, жүн, бал, балауыз, жібек, мүйіз, бақалшақ және т. б. береді. Жануарлардың пайдасы мұнымен бітпейді. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылық дақылдарын тозаңдатушылар, топырақ түзушілер, басқа жануарларға азықтық қорлары мен органикалық заттардың ыдыратушылары болып келеді.

Қазіргі кезде жануарлар дүниесін мынадай 23 типке бөледі.

  1. Саркомастигофора типі – Sarcomastigophora

  2. Споралылар типі - Sporozoa

  3. Книдоспоридиялар типі – Cnidosporidia

  4. Микроспоридиялар типі – Microsporidia

  5. Кірпікшелілер немесе Инфузориялар типі - Сіііорһога

  6. Тақталылар типі - Placozoa

  7. Губкалар типі - Spongia

  8. Ішекқуыстылар типі - Coelenterata

  9. Ескектілер типі - Ctenophora

  10. Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes

  11. Немертиналар типі - Nemertini

  12. Жүмыр құрттар типі - Nemathelminthes

  13. Скребнилер типі - Acanthocephales

  14. Буылтық құрттар типі - Annelida

  15. Буынаяқтылар типі - Arthropoda

  16. Онихофоралар типі - Опусһорһога

  17. Моллюскалар немесе жұмсақ денелілер типі - Mollusca

  18. Қармалауыштылар типі - Tentaculata

  19. Тікентерілілер типі - Echinodermata

  20. Погонофоралар типі – Pogonophora

  21. Қылтанжақтылар типі - Chaetognatha

  22. Жартылай хордалылар типі - Hemichordata

  23. Хордалылар типі - Chordata

Жануарлар типтерін даму ерекшеліктеріне, денесінің құрылым айырмашылығына, зерттеу әдістеріне қарай екі бөлімге бөледі. Бірінші типтен бастап 23-ші типке дейінгі - омыртқасыз жануарлар, ал 23-ші хордалылар типі - омыртқалы жануарлар.

Ж. Б. Ламаркпен қатар француз ғалымы Жорж Кювье (1769-1832) салыстырмалы анатомия негіздері мен корреляциялар туралы ілімнің негізін салды. Сонымен қатар систематиканың да дамуын жалғастырды. Ж. Кювье және оның шәкірті Блинвиль 1825 жылы системаға "тип" деген ұғым енгізді. Жануарларды олар 4 типке бөлді: 1) омыртқалылар типі, 2) жұмсақ денелілер, 3) бунақтылар (мүшелілер), 4) сәулелілер. Омыртқалылар типіне мынандай кластарды енгізді: 1. Сүтқоректілер. 2. Құстар. 3. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар. 4. Балықтар. Жұмсақ денелілер типіне: 1. Басаяқтылар. 2. Қанатаяқтылар. 3. Бассыздар. 4. Иықаяқтылар (иін). 5. Бауыраяқтылар. 6. Мұртаяқтылар; Бунақтылар типіне: 1. Буылтық құрттар. 2. Шаянтәрізділер. 3. Өрмекшітәрізділер. 4. Насекомдар. Сәулелілер типіне: 1. Тікентерілілер. 2. Құрттар. 3. Атқыштар. 4. Полиптер. 5. Инфузориялар. Көп клеткалылар (Metazoa) үлкен үш бөлім үсті топқа бөлінеді: фагоцителлозоа - Phagocytellozoa, алғашкы қарапайым көп клеткалылар. Бұл топқа тақталылар - Placozoa типі жатады. Екінші бөлім үсті - төменгі сатыдағы көп клеткалылар - Parazoa. Оларда мүшелері, тканьдері, нерв клеткалары болмайды. Бұл топқа губкалар - Spongia типі жатады. Үшінші бөлім үсті - нағыз көп клеткалылар - Eumetazoa. Денелері екі немесе үш қабаттан тұрады, мүшелері, тканьдері, нерв клеткалары, нерв жүйесі жақсы дамыған. Eumetazoa тобындағы жануарлар мүшелерінің белгілі тәртіпте орналасуына немесе дене симметриясына байланысты екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелі (радиальды) - Radiata және екі жақты немесе билатеральды симметриялы жануарлар - Bilaterata. Сәулелілердің (Radiata) - денелері шар, қапшык, циллиндр тәрізді. Жануарлардың отырып тіршілік етуіне және қоршап тұрған ортаның жанжағынан бір қалыпты әсер етуіне байланысты мүшелері бір орталық төңірегіңде радиальды бағытта орналасады, сөйтіп дененің сәулелі, немесе радиальды симметриясын құрайды. Сәулелі симметриялы жануарлардың денесі екі қабаттан тұрады: сыртқы - эктодермадан, ішкі - энтодермадан. Осы белгісіне орай олар екі қабаттылар - Diploblastica тобына жатады. Сәулелілерге Ішекқуыстылар - Coelenterata және Ескектілер - Ctenophora типтері жатады. 1-сурет. Жануарлар макросистемасының схемасы Билатеральды симметрия (Bilaterata) немесе екі жақты симметрия жануарлардың үнемі алға қарай жорғалап, жылжып жүруіне байланысты пайда болады. Осындай жануарлардың денесінен тек жалғыз сызықты өткізуге болады, сонда дене бір-біріне ұқсас оң және сол жартыға бөлінеді. Екі жақты симметриялы жануарлардың денесінде арқа (дорза), бауыр (вентра), алдынғы және артқы жағы белгіленіп тұрады. Дененің алдыңғы бөлімінде ми және сезім мүшелері орналасады. Билатеральды симметриялы жануарлар үш қабатты - Triploblastica жануарлар тобын құрайды. Бұлардың эмбриональдық даму кезінде үш ұрық жапырақшалары пайда болады: эктодерма - сыртқы ұрық жапырақшасы, энтодерма - ішкі және мезодерма - аралық. Осы жапырақшалардан мүшелер дамып жетіледі: эктодерма қабатынан тері эпителиі, нерв жүйесі, сезім мүшелері т. б.; энтодерма қабатынан ас қорыту бөлімі - ортаңғы ішек, ал мезодермадан қалған мүшелері дамиды. Целом қуыстарының бар болуына немесе жоқ болуына байланысты, билатеральді симметриялы, үш қабатты жануарлар, қуыссыздар немесе бірінші қуыстылар - Acoelomata және целом қуыстыларға - Coelomata-ға бөлінеді. Acoelomata тобына төменгі сатыдағы құрттардың төрт типі жатады: Plathelminthes, Nemertini, Nemathelminthes, Acanthocephales, ал Coelomata тобына қалған типтердің барлығы жатады. Ең соңында, билатеральды симметриялы жануарларды - Bilaterata-ны екі үлкен топқа бөледі: алғашқы немесе бірінші реттік ауыздыларға - Protostomia және екінші реттік ауыздыларға - Deuterostomia. Алғашқы реттік ауыздылардың даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі бірден ауызға айналады және мезодерма қабаты телобластық жолымен дамиды (эктодерма және энтодерма аралығында бластопора жанында екі ірі тел облает клеткаларынан мезодерма қабаты дамиды). Алғашқы реттік ауыздыларға: жалпақ құрттар (Plathelminthes), жұмыр құрттар (Nemathelminthes), немертиндер (Nemertini), скребнилер (Acanthocephales) буылтық құрттар (Annelida), буынаяқтылар (Arthropoda), онихофоралар (Опусһорһога) және моллюскалар (Mollusca) типтері жатады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2020
1629
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11