Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жануарлар тіршілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
жануарлардың тіршілігі, олардың қорегі туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қызғалдақ» ересек тобында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Жануарлар тіршілігі не үшін қажет?

Мақсаты: Жануарлар тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.

Үй жануарлары және жабайы аңдардың ерекшеліктері туралы түсінік беру. Жануарларға қамқорлық жасау. Табиғатқа ондағы тіршілік иелеріне қамқор болуға тәрбиелеу. Танымдылық есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру.

Шаттық шеңбері:

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз,

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Жарайсыңдар балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.

-Бір жылда қанша мезгіл бар?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қазір қыс мезгілінің қай айы?

Бүгін аптаның қай күні?

  • Өте жақсы балалар.

Олай болса бүгінгі оқу қызметімізді бастайық.

Балалар бүгін бақташы ұйықтап қалып, үй жануарларының барлығы орманға кетіп қалыпты. Орманда олар жабайы жануарлармен бірге жүр екен. Біз үй жануарларын қоршауға алып келмесек, үй жануарларын жабайы жануарлар жеп қоюы мүмкін. Сондықтан менің сендермен ойын ойынғым келіп тұр.





Дидактикалық ойын «Кім зерек»

Мақсаты: Үй жануарын жабайы жануарлардан ажыратып, уй жануарларын қоршауға алып келу.

Қане балалар үш тілде айтып көрейік.

Үй жануарлары

Домашные животные

pets



Жабайы жануарлар

Дикие животные

wild animals



Жабайы жануарлар туралы мағұлмат беру.

Олар орманда өмір сүреді. Қыс мезгілінде аңдарға біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан кейбір жануарлар қыста азық жинайды. Қанекей балалар жабайы жануарлардың өздерінің қоректерін өздері тауып жейді. Жабайы аңдарды қоректендірейік.

Дидактикалық ойын: «Аңдардың азығы» (Монтессори әдісімен)

Мақсаты: Аңдарға қамқорлық жасау. Әр жабайы жануардың қорегін тауып, аңдарды өздерінің қоректеріне причепкамен жапсыру.

Жарайсыңдар балалар, жабайы аңдарға да өздеріңнің көмектеріңді көрсетіп, қоректерін бердіңдер. Аңдар туралы мағұлматтар беру. Аю қысқы ұйқыға кетеді. Ол жаз бойы табанына жинаған майын жалап жатады. Қоян болса өте қорқақ аң. Ол жыл мезгілдеріне байланысты өзін қорғау үшін, түсін өзгертіп отырады. Қыста қар түскенде қармен бірге ақ түске айланса, ал жер қарайғанда сұр түске айланады екен. Түлкі болса өте қу айлакер аң.

Балалар жабайы аңдардың тамақтарын тауып бердік оларға қамқорлық жасадық жарайсыңдар.

Триз әдісі. Түлкі мен қоянның ортақ қасиеттері мен ерекшеліктерін ажырата отырып, тапсырма орындайды.

Балалар неге үй жануарларын үй жануарлары деп айтамыз?

Дұрыс айтасыңдар үйткені олар үйде адамның қарамағында болғандықтан олады үй жануарлары деп айтамыз екен.

Үй жануарларының пайдасы қандай? (суретпен жұмыс)

Үй жануарлары туралы әңгімелесу
- Балалар біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын адамның жанында өмір сүретін жануарларды айтамыз. оларға: жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкіжатады


Жылқы - салт міну, жүк тасу. Ет пен қымыз өндіру мақсатында өсірілетін төрт түліктің бірі. өте бағалы, ата - бабамыз аса құрметпен баптап өсірген. Таза су ішеді, жайылымды талғай біледі. Төлін – құлын, құлыншақ дейді. Жылқының етінен қазы, қарта, жал, жая жасайды.


Сиыр төр түліктің бірі. Сүті, еті, терісі, бағалы. Сүтінен айран, сүт, май, қаймақ, құрт алынады. Терісінен түрлі бұйымдар жасайды. Жайылымда жайылады. Төлін бұзау дейміз.

Түйе - шөл керуені. Ол 10 күнге дейін су ішпейді. Сүтінен шұбат алынады. Шұбаттың емдік қасиеті бар. Ал жүнінің жылуы өте ерекше. Төлі - бота дейміз.

Қой төрт түлік малдың бір түрі. еті, жүні, терісі бағалы. Салмағы 20кг шамасында. Жүні 3 - 7 кг ға дейін болады. Қой терісін илеп, өңдеп жылы сырт киім, тон аяқ киім тігіледі. Жүнінен клем, киім, мата тоқиды. Қойдың төлі - қозы. 500 - 600 қойды отар дейміз. Қой атасы - Шопан ата

Ешкіні тынымсыз үй жануары. Оны қоймен бірге бағады. ешкінің төлін - лақ деп атайды. ешкінің сүтін ішеміз, етін жейміз, жүнінен әжелеріміз түбіт жасайды. Ешкінің сүті ананың сүтімен тең екен, ертеде осы ешкі малының сүтін емдік үшін пайдаланған екен. Жүнінен түрлі киімдер тігеді. Ешкі атасы - Сексек ата

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып, ытқып жүгірді.

Дәптермен жұмыс.

Суд жок әдісі. Логопедиялық ертегі. «Кірпі серуені»

Бір кірпі өзінің үйінде тұрыпты.(шарикты алақанға қысамыз) Бір күні ол інінен сығалап (алақанды ашамыз) шыққан күнді көріп шаттанады. (саусақтар –веер) кірпі орманға серуендеп қайтпақ болды да түзу жолмен домалап кетеді. (түзу домалату.) Келе жатып бір әдемі алаңға тап болады. (алақанда домалату.)

Кірпі, кірпі,

үстің толған ине

бірін берсең шіркін,

қадар едім түйме.

Қуанған кірпі алаңда жүгіріп, секіріп мәз болады. (екі алақанның ортасында домалату) Гүлдерді иіскейді. (саусақтардың ұшына апарып дем алу.)бір кезде аспан бұлттанып, (жұдырыққа алып қабақ түю.) жаңбыр себелей бастады. (саусақ шарды піскілейді) жаңбыр біткенде кішкентай кірпі апасына саңырауқұлақтарды қалай апарам деп ойланып қалды. Таптым! Саңырауқұлақты инелеріне қадап алып (шарикті саусақтарға тигізіп піскілеу) үйіне жүгіре жөнелді.(түзу домалату)

Дидактикалық ойын «Енесін тап»

Мақсаты: үй жануарларын төлдерін біледі. Пайдасын айтады.

Оқу қызметімізге барлықтарың жақсы қатыстыңдар рахмет!

Қорытындылау
1) Балалар қандай жануарлармен таныстық?
2) Төлдерін білеміз ба?
3) Балалар сиырдың төлін қалай атаймыз?
4) Қандай ойындар ойнадық?
5) Сиырдан біздер не аламыз?

Міне балалар біз бүгін жабайы жануарлар және үй жануарлары туралы көптеген мағлұмат алдық. Үй жануарларының айдасы көп екенін білдік. Бірақ оның пайдасын көруіміз үшін көп еңбек етуіміз керек. Мал күткенге бітеді дегендей малды дұрыс күтпесе бізге олар дұрыс сүтте, етте, жүнде бермейді

Балаларды марапаттау

Күтілетін нәтиже:
Білді: Үй жануарлары туралы түсінік алды. Олардың қасиеттерін ажыратты.
Игерді: қай жануар қандай пайда, өнім өндірлетінін түсінді.
Меңгерді: жануарлар туралы ойларын еркін жеткізуге дағдыланды.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2021
660
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12