Материалдар / Жапырақтарды әртүрлі тәсілмен бейнелейміз.Суретшілер жанды табиғатты қалай бейнелейді?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жапырақтарды әртүрлі тәсілмен бейнелейміз.Суретшілер жанды табиғатты қалай бейнелейді?

Материал туралы қысқаша түсінік
жанды табиғат нысандарын қандай да бір өнер туындысына айналдыру қабілеттерін дамыту. Ағаш жапырағын бейнелеудің әртүрлі жолдарын көр- сету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
897
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары



Сабақтың тақырыбы: Жапырақтарды әртүрлі тәсілмен бейнелейміз.

Суретшілер жанды табиғатты қалай бейнелейді?

Қызылорда қаласы.

К.Қаракөзов атындағы 235 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні Айтпанова Майра

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Шығармашылық шабыттары мен сәндеу қабілеттерін

дамыту.

Бағдарламалық міндеті

3.1.3.1

3.2.1.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: жанды табиғат нысандарын қандай да бір өнер туындысына айналдыру қабілеттерін дамыту. Ағаш жапырағын бейнелеудің әртүрлі жолдарын көр- сету.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: әртүрлі әдіс- тәсілдер арқылы ағаш жапырағын бейнелей отырып, шығармашылық жұмыс орындау. №1 жұмыс дәптерінің 12–13-беттеріндегі тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың міндеті

Жапырақты бейнелеудің әртүрлі тәсілдерін суреттеу. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Тірек сөздер: симметрия, бейнелеу жолдары, жапы- рақтың құрылысы, ағаш түрлері, сәндеу, аппликация, акварель, түсті қарындаштар, монотипия.


Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Жапырақтары ерекше қандай ағаш түрлерін білесіңдер?

Жауап. Үйеңкі, талшын, емен, қайың, шаған.


  1. Ағаш жапырақтарын қандай тәсілдермен бейнелеуге болады?

Жауап. Оны түсті қарындаштармен, фломастерлермен, акварель не гуашьпен салып, монотипия, аппликация, баспа-таңба түрінде жасап, ермексаздан мүсіндеуге

болады.


  1. Бұл жұмыстарды қай жерде пайдалануға болады? Жауап. Оны жақтауға салып, қабырғаға ілуге, одан ашық хат жасап, қабырға газетіне не плакатқа желімдеуге

болады.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: жапырақтың екі жағы бірдей екенін, жапырақтарды әртүрлі тәсілдермен бейнелеуді (графикалық, кескіндеме түрінде, сәндік) біледі.

Қандай ағаш жапырағы екенін анықтап, оның құры- лысын суреттей алады. Жапырақты қарапайым түрде жасауды біледі.

Оқушылардың көпшілігі: жапырақты қандай жолмен,

қандай материалдармен жасауды және оны бөлмені


сәндеу үшін, сыйлық ретінде қалай қолдануға

болатынын ойланады. Жұмыс дәптерлеріне жапырақтың бірнешеуін орындайды.

Кейбір оқушылар: жапырақтарды пайдаланып, өрнек жасай алады. Әрі қарай қолдануға болатын шығарма- шылық жұмыс орындайды (жұмысты жақтауға салып, бөлмені сәндейді, ашық хатты әшекейлеп, оны досына

сыйлайды және т.б.).

Бұрын алған білімдері

Айналамыздағы түстер. 1-сынып.

Сызықтың сипаты мен әсерлі мүмкіндіктері. 1, 2-сынып- тар.

Монотипия. 2-сынып.

Симметрия дегеніміз не? 3-сынып.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды:

жаратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка. Оқушылар жаратылыстану сабақтарында табиғатты бейнелеу

бойынша меңгергендерін пайдаланады. Шығармашылық шабыттарын дамыту үшін №2 қосымшадағы өлеңдерді оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақырыбына кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында сыныпта ақырын музыка ойнап тұрады, тақтада не интерактивті экранда күзгі пейзаж немесе

жапырақтар бейнеленген сәнді жұмыстар көрсетіледі (мүсін рельефтері, гобелендегі өрнектер).

Алдын ала әртүрлі тәсілмен

орындалған жа- пырақтар бейне- ленген жұмыстар.


Алған білім- нің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Жапырақтардың пішіні, сызықтары, түсі ерекше әрі әдемі. Осыған қарап табиғат суретші тәрізді еңбек- тенген деуге болады. Жапырақтар әсіресе күзде

әдемі. Оқушылардан жапырақтар күзде қандай түске боялатынан сұрау керек. Алдын ала дайын- далған жапырақтар мен оқулықтағы, интерактивті тақтадағы суреттерді көріп, талқылауға болады.

Одан соң мұғалім: «Мұндай әдемі бейнелер не үшін қажет болуы мүмкін?» деп сұрайды. Оқушылар өз ойларын айтсын (маталарға өрнек салғанда, кілем тоқығанда, ыдыстарды әшекейлегенде, мерекелерді сәндегенде, ашық хат жасағанда және т.б.).

Оқулық.


Анималист-су- ретшілер мен пейзажшылардың графикалық және кескіндеме жұмыс- тары.



Материалды түсіндіру

Оқушылардың назарын бүгін олар натураны меңгеруді бастайтындарына аударады. Натураға қарап сурет салу дегеніміз – алдыңда көріп тұрған нәрсені бейнелеу деген сөз. Бүгін сенің алдыңда өте әдемі, ерекше күзгі жапырақтар жатыр. Кәне, оларды тамашалайықшы. Мына еменнің жапырағы неге ұқсайды? Балалар жауаптарын айтсын. Бірі алмұртқа, енді бірі гитараға ұқсатуы мүмкін, ал бір ақын еменнің жапырағы виоленчельге ұқсайды

деген. Виоленчель әдемі музыкалық аспап екенін

Оқулық. 12–13-бет- тер. Тәсілдердің

бірімен симме- триялы бейне жасап көрсету

(монотипия, екіге бүктелген қағазды қию).



білетін шығарсыңдар? Еменнің жапырағы шынымен де виолончель мен скрипкаға ұқсайды. Ал талшынның жапырағы қандай да бір гүлге, шатырға ұқсайды. Қайың мен шынардың жапырағы жүрек тәрізді. Бәлкім, ағаштың жүрегі осы болар?! Жапырақтарды тамашалап болған соң, олардың құрылысын меңгеруге көшеді.

Олар пішіні, сызықтары бойынша ерекшеленсе де (кейбір жапырақтардың жиегі тегіс, кейбірі тісті, тістері де әртүрлі), балаларға жапырақтардың

бәріне ортақ бір нәрсе бар екенін айту керек. Балалар ол не екенін өздері тауып көрсін. Олар дұрыс жауабын табуы мүмкін: жапырақтардың

барлығы екі бірдей бөліктен тұрады. Бұл құбылыс қалай аталады? Оқушылар өткен сабақтағы материалды еске түсіріп, бұл симметрия құбылысы екенін айтады.

Ортанғы сызықтан, яғни симметрия осінен жіңішке сызықтар жүреді. Мұқият қарап шыққаннан кейін, оқулық бойынша жапырақтарды қандай тәсілмен

бейнелеуге болатынын талқылау керек. Әрқайсысы екі нұсқадан таңдап алып, тапсырманы жұмыс

дәптеріне орындайды.


Өздік жұмысты орындау

Жапырақтардың құрылысын меңгеріп, оларды бей- нелеу жолдарын талқылағаннан кейін, оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен жұмыс дәптерінің

12-бетіндегі жапырақтың бірнеше нұсқасын (2–3) орындауы керек. Алғашқы жұмыстарды фломастер не түсті қарындаштармен орындаған дұрыс.

2-сыныпта өткен сәндеу жұмыстарын еске түсіреді.

Кейбір оқушылар қалаулары бойынша жұмыс

дәптерінің 13-бетіне күзгі жапырақтардан өрнек жасай алады.

Мұғалім жеке кеңес береді, қажет жерінде жасаған жұмыстарын түзетіп, көмектеседі.

Жұмыс дәптері, акварель немесе гуашь бояулары, қылқалам, фломас-

терлер, түсті қарын- даштар, түсті қағаз, ескі түсті журнал-

дар, қайшы, желім, кепкен жапырақтар, балауыз борлар (таңдаған материал- дары бойынша).

Сабақтың қорытынды- сы

Жасаған жұмыстарын қысқаша талдайды. Оқушылар сабақта жасаған жұмыстарына баға береді.


Қосымша ақпарат

Дифференциациялау Оқушылардың бәрі тақырыпты талқылауға қатысып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Жапырақтардың құрылысы мен пішінін сипаттайды. №1 жұмыс

дәптерінің 12-бетіндегі жұмыстардың бірін орындайды.

Оқушылардың көпшілігі №1

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз?

  1. Оқушылардың мұға- лімге берген жауабы- нан (оқулықтағы);

  2. жасаған жұмыс- тарынан (жақсы жасал- ған жұмыстарды ғана

бағалаңыз);

АКТ-мен байланыс


Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интерактивті тақтаны да қолданады.



Мұғалім өздік жұмыстың басында қайшымен жұмыс

істеу ережесін оқушылардың


жұмыс дәптерінің 12-беттегі 2–3 жұмысты қосымша орындайды.


Кейбір оқушылар №1 жұмыс дәптерінің 13-бетіндегі тапсырманы орындайды.

3) жасаған жұмысты талқылауларынан.

есіне түсіреді.

Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?


Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттей-

сің (суретшілер туындыларын)!

Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға

белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

Сабақта оқушыларды бағалау:

  1. оқушылардың мұға- лімнің және оқулықта- ғы сұрақтарға жауабы;

  2. туындылардың ре- продукцияларын сурет- теуі;

  3. жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

  4. жұмыс дәптерінде орындалған тапсырма- лар (жақсы жасалған

жұмыстарды ғана баға- лаңыз).

Құндылықтармен байланыс Анималист-суретшілер мен пейзажшылардың жұмыс- тарын, жанды табиғат фото- суреттерін көрсетіп, таби- ғатқа, туған өлкеге сүйіспен- шіліктерін оятып, эсте- тикалық көзқарастарын қа- лыптастыруға септігін тигі- зетін №2 қосымшадағы

өлеңдер мен материалдарды қолданады.

Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бә- рін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды,

қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!