«Мырзакент» жалпы орта
мектебі мектеп –
гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы:
Жақсы бала –
қызық
Сынып жетекші: Кундешова
Н.К.
Тәрбие сағатының
мақсаты:
-
Оқушыларға «Жақсыдан –
үйрен, жаманнан – жирен» деп жақсы қасиеттерді бойларына
сіңіру;
-
Оқушыларды өзіне, өзгелерге
жағымды қарым – қатынас жасай білуге
баулу;
-
Адамгершілікке,
парасаттылық пен сезімталдыққа
тәрбиелеу;
Әдісі: әңгімелесу, өлеңдер оқу, мақалдар
айту;
Көрнекілігі:
плакат, буклет,
кітаптар;
Барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
І.
Кіріспе:
ІІ. Негізгі
бөлім:
ІІІ.
Қорытынды:
Баланың жақсысы – қызық,
жаманы –
күйік.
Абай.
Бала -
әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне
қарай ұл,
қыз, жас шамасына
қарай: нәресте, сәби,
бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім
болып жіктеледі. Ұл -
қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға
дейінгі кезеңі бала ұғымына саяды.
Ата-бабаларымыз бала
тәрбиесіне ерекше назар аударып,
Баланы
жетіге келгенше
тыйма,
жетіден он төртке
келгенше құлыңша
қина,
он төрттен кейін
құрдасыңдай сыйла -
деп, баланың ой-өрісі даму
кезеңін ерекше бағалаған.
Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі,
бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі
ерекше әспеттелген.
Әсіресе, тіршіліктің
қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана
есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы
ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп,
толғатып, дүниеге келтіріп қана
қоймайды.
Бала, бала, бала
деп,
Түнде шошып
оянған.
Түн ұйқысын төрт
бөліп,
Мұзды бесік таянған,
-
да ана, көзінің
қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана.
Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп,
сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан
тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп
аталады.
«Баланы – жастан» дегенге мен
де толық қосыламын. Бірде Бернард
Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы,
баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?» деп сұрамай ма, сонда
атақты драматург қарсы сауал қойыпты: «Балаңыз қанша жаста?».
«Өмірге келгеніне екі апта болды», депті оған сауал қоюшы.
Сонда Б.Шоу: «Сіз дәл екі аптаға
кешіктіңіз» деген екен. Мұның өзі достық нақышта айтылғанмен,
астарында шындық
жатыр.
Өмір есігін жаңа ашқан
нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын
тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана
бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік
жыры.
Отбасы –
сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең
алғашқы ұжымы.
Отбасының
басты
қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.
Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың,
баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен
араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары
сөзсіз.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің
қамқоршысы, өнегесі.
Ата-асқар
тау,
Ана – бауырдағы
бұлақ,
Бала жағасындағы
құрақ – деп ата-ана мен баланы
табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран
қаларсың.
Кавказ
халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа
– қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - өз үйі» – деген тамаша нақыл
бар.
Адалдық пен
мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын
ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын
тебеді.
Қазақ отбасында әуелі
әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады.
Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері –
баланың «әдепті бала» болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы
әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген
сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып
өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын
мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай
тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты,
ұқыпты болып шыға
келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп
білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді,
өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді
мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып,
халқына еңбек етулерін басты міндет етіп
қойған.
Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ
асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол
арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден
орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа
ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын
сындырып, төрдегі басын есікке
сүйрейді.
Бала ата-ана өмірінің жалғасы.
Сол үшін ата-ана жатса – тұрса жалынып құдайдан перзент тілеген,
перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін «Баламның
табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп, әлпештеп
өсірген.
Перзент ауырып, не басқа бір
қатер төнгенде, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» – деп құдайға
жалбарынған, өздерін балалары үшін құрбан
еткен. «Бала – ата-ананың бауыр
еті», « Балалы үй – базар,
баласыз үй – қу
мазар», - деген сияқты толып жатқан
мақалдарда да ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ
па?!
Ата-анаға көз қуаныш
–
Алдына алған
еркесі,
Көңіліне көп
жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі,
-
деп, ұлы Абай баланың ата-ана
қуанышы, гүлденген үміт-арман екенін тебірене жырлайды. Әлемге
әйгілі ғұламалар мен ақындардың ата-ана махаббаты, перзент парызы
жайында қалған асыл сөздер
қаншама!
Осындайда тағы
да дана
Абайдың сөзі ойға оралады: «Адам ата –
анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе,
дүниедегі жақсы, жаманды таниды- дағы, сондайдан білгені, көргені
көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп
жүрген кісі өзі де есті болады».-
деген.
Баланың ата-ана
алдындағы ұлы парызы - мейіріммен, жақсылықпен өтелмек. Бала –
ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы.
Балалар – біздің
болашақ
Балалар – біздің
болашақ!
Сүйсінеміз,
сүйеміз,
Бұл болашақ тамаша
–ақ!
Болашаққа
иеміз.
Көтеріп жас
сәбиді,
Күлші, бөпе, күл, -
дейміз;
Көңіл дария
шалқиды
Балалармен
гүлдейміз.
Қ.
Аманжолов
Балалар, естеріңе
сақтаңдар!
-
Жұрттың бәрімен, әсіресе
қартаң адамдармен қай жерде,
қай
уақытта болсын амандасып жүр.
Денсаулығым жақсы
болсын
десең, өзгелердің де
саушылығын сұрап
амандас.
-
Өзіңді, айнала қошаған
табиғатты сүй.
-
Өз бойыңдағы сараңдықты,
жалқаулықты, тоқмейілдікті, екіжүзділікті, менмендікті, пайда-күнем
есепшілдікті, қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй. Олар туралы
өзің әділетсіз сөз айтпа, біреудің ғайбат сөзіне сене
салма.
-
Ой мен істі бір-бірінен бөліп
қарама. Оқығаның жақсы-ақ, бірақ ең бастысы – істеу
керек.
-
Қарапайым
бол!
-
Арақ ішпе, темекі
тартпа.
-
Түкке тұрмайтын нәрсеге бола
ашуланбаңыз.
-
Егер сіз дұрыс жасамасаңыз,
кемшілігіңізді тез түзетуге тырысыңыз. Жақсылыққа апарар жолға
бастаңыз.
-
Сәтсіздіктеріңізді емес,
қуанышты күндеріңізді жиі еске
түсіріңіз.
-
Өзге адамдардың ой-пікірі мен
талап-тілегіне түсіністікпен
қараңыз.
ҰЛАҒАТ
СӨЗДЕР
Еліңнің ұлы болсаң,
еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз
мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек
ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді
ұмытпа!
Әрбір шаңырақ
ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты
болсын!
Н.Ә.
Назарбаев
Ата-ананы ұмытқан жас -
опасыздың опасызы, рақымсыздың
рақымсызы.
Ата-ананың қадірін
білмеген – халық қадірін білмес.
Ғ.
Мұстафин.
Баланың жақсысы - әке мен
шешенің ары, ата-ананың абыройы; жаманы – қайғысы,
азап-соры.
В.А.
Сухомлинский
Балаға берілетін бірінші
тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден
басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға
да пайда келтіре
алмайды.
Ы.
Алтынсарин
Мақал –
мәтелдер:
Баққан ұлдан сәл талса
назарың –
Түбі соның тарттым дей бер
азабын.
Тәрбиесіз бала білім ұғар
ма? –
Олай болса уысыңнан
шығарма.
Қатты тәртіп көрсе бала
күнінде,
Өнерімен қуантады
түбінде.
Ұл ұдайы ізетті боп тұрса
егер –
Әке-шеше жүзі жайнап нұр
себер.
Жас кезінде білім берсең
қалай да –
Өсе келе қолы жетер
талайға.
Балапан ұяда не
көрсе,
Ұшқанда соны
іледі.
Балаға байқап
сөйлесең,
Ақылға
көнер.
Байқамай шайқап
сөйлесең,
Көрсетер бір
«өнер».
Жақсы ата –
орман,
Жақсы бала
қорған.
Бала тәрбиесі –
бесіктен.
Бала - адамның
бауыр еті.
Жақсы бала -
еліне бас болады,
Жаман бала -
еліне қас болады.
Қарағайға қарап
тал өсер,
Қатарына қарап
бала өсер.
Бала - көңілдің гүлі,
көздің нұры.
Қарттың ұлына
өсиеті. Қазақ
ертегісі.
Бір бай өлер уақытында ұлын
шақырып алып:
- Ұлым, мен өлген соң жұма
сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же,- деп өсиет
айтыпты.
Бай дүниеден өтіп, ұлы
атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын
үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт
далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып,
бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал
келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына
отырады да, жігітке:
- Неғып отырсың?-
дейді.
Жігіт:
- Жәй отырмын,- деп жауап
береді.
Шал:
- Шыныңды айт!- деп қыса
бастайды.
Жігіт еш нәрсе айтпайды.
Шал:
- Сырыңды жасырма! Мен саған
жақсылық көрсетемін,-
дейді
Жігіт:
- Менің атам бай адам еді, сол
атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым,-
дейді.
Шал:
- Қандай өсиет айтып еді?-
дейді.
Жігіт:
- Әуелгі өсиеті: «Мен өлген
соң жұма сайын қыз ал»,- деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып,
жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал»,- деп еді.
Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же»,- деп
еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш
жылда барлық ақшам таусылды,-
дейді.
Шал тұрып
жігітке:
- Сен атаңның өсиетін ұқпаған
екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал»,-дегені: «Әйеліңмен
сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір
сүресің» - дегені. «Қала сайын үй сал» - дегені. «Қала сайын
достарың болсын, барғанда түсетін» дегені еді. «Ас ішсең, бал же»-
дегені: «Еңбек істеп, ас ішсең, балдан тәтті болады» - дегені еді,-
деп, қарт өз жөніне
кетіпті.
Жігіт әкесінің терең мағыналы
өсиетіне сонда ғана
түсініпті.
Ұлым, саған
айтам...
Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп
өтпе. Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз
адам көпке сәлем беруге
тиіс.
Үлкендер мен ғалым адамдар
алдында көп сөйлемеуге
тырыс.
Үйге кісі келсе орныңнан тұрып
жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар. Үлкендерден бұрын тамаққа
қолыңды салма.
С.Кенжеахметұлы «Жеті
қазына»