Жақсы сөз жанға қуат 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсы сөз жанға қуат 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсы сөз жанға қуат 3 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАНҒА ҚУАТ

Мақсаты:1. Оқушыларға жақсы сөздің адам өміріндегі маңызын, өзара қарым-қатынасындағы ынта- ықыласын, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту.
2.
Оқушыларды қоршаған ортаға , айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту
3. Табиғатқа сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайылыққа, жақсы сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үнтаспа,А3 қағаздары, түрлі-түсті бояулар, табиғат көрінісінің мазмұнды суреті
1.Оқушыларды шеңберге шақыру. Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстағанда нені сезінеміз? Сендер гүлдердің, ағаштардың, жануарлардың, құстардың атынан өз тілектеріңді білдіріңдер.
— Мен мейірімді күнмін! Мен барлығыңа мейірімділікті тілеймін.
— Мен әдемі гүлмін! Бүгінгі күн жақсы өтсін деп тілеймін.
— Мен кішкентай арамын! Сіздерге денсаулық тілеймін.
— Мен көрікті ағашпын! Ашық аспан тілеймін.
— Мен биік таумын! Сіздерге таудай талап тілеймін.
— Мен мөлдір сумын! Мөлдір судай болыңыз.
— Мен адаммын! Сіздерге үлкен қуаныш тілеймін.
8. Кіріспе.
Қазақ халқы сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне сөйлеудің парқына және қай жерде қалай сөйлеуге айырықша мән берген. Бір ауыз жылы сөзбен жүрек жарасын жазуға да болады.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жақсы сөз-жанға қуат» деп аталады. Бір ауыз жаман сөзбен жүректі ауыртып көңілге қаяу салғаннан гөрі, жақсы сөз айтып көңіл жадыратқанға не жетсін. Су туралы-ғылыми фильм бар екен. Сонда жапондық бір ғалымның зерттеуі 3 бөлмеге 3 банкі су құйып, олардың ішіне күріш салып, біріншісіне «сен өмірдегі ең тамаша күрішсің, рахмет саған! Сен менің денсаулығыма қуат бересің!» деген сияқты жылы сөздерді айтса, екіншісіне жаман сөздер айтқан, ал үшіншісіне тіпті назар аудармаған. 40 күннен соң 1-ші банкідегі күріштің хош иісі шығып, баданадай-баданадай болып өсіп, суы мөлдір болса, 2-ші банкідегі су қап-қара болып, күріш шіруге айналған, ал 3-ші банкідегі күріш мүк басып, көгеріп кетіпті.Судың есте сақтау қабілеті бар екенін ғылым дәлелдеді.Жақсы сөз айтып су ішсең, денсаулығыңа пайда, жаман сөз айтып ішсең –зиян.Ендеше бір-бірімізге жылы сөзді көп айтсақ, бағанағы күріштей жайнап кетеміз. Жаман сөз айтсақ көңілімізде жаман болады. Бүгін біз осы тақырыпта ойланып, осы тақырыпта жұмыс жасаймыз.
Отырған оқушылардың барлығына күннің шапағы бейнеленген қағаз таратылып беріледі. Күн шапағына оқушылар адамның жақсы көретін қасиеттерін жазуы керек (жайлы әуен қойып қою). Тақтадағы күн ортасында «жақсы адам» деп жазулы тұрады. Жазғандарын әкеліп жапсырады.
«Күн шуағымен жылу береді, ал адам жылы сөз айту арқылы бір-біріне жылу береді», — деп жасырулы тұрған Ғ.Мұстафиннің сөзін ашу керек. Бұл сөздерді дәптерге жазуға болады.
1.Ойын «Сен айтқан жылы сөз….»-деп аталады.
Мұғалім бір баланың құлағына «Сен қандай әдемісің»деп сыбырлайды, ал ол бала келесі балаға сыбырлайды.т.с.с. Ең соңындағы оқушы өзі естіген «сен қандай әдемісің» деген сөзді бәріне естіртіп тұрып айтады. Ал, енді осы ойынды кім қорытындылайды? 2.Өзіммен-өзім. Шығармашылық жұмыс. Мұғалім оқушыларға ойға беріліп, қиялдарын шарықтатып, туған елімізді, өскен жерімізді шарлап шығуға шақырады. Жаңбырдан соңғы табиғатты бейнелеу тапсырылады (кемпірқосақ).
3. Мұғалім кемпірқосақ суретіне қарап тұрып, кемпірқосақтың әр түсіне арнап оқушыларға ой тастайды.
7. Қорытынды: бүгінгі сабақтан біз бір ауыз жылы сөздің адам жанын жадырататынын, көңіліне жылы сөз ұялататынын білдік.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
680
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі