«Жақсыдан
үйрен, жаманнан жирен»
тақырыбындағы
семинар-тренингтің
бағдарламасы
Мақсаты:
Жаман әдеттен аулақ болуға,
тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Халқымыздың арасында кең
тараған зиянды әдеттер-араққа, есірткіге және темекі шегуге
жетелейтін себептерді анықтау, олардың адам ағзасына келтіретін
зиянын ашу, оқушыларды одан жирендіру. Жасөспірімдердің ой-санасын
оята отырып,өзін-өзі
бағалауға,адамгершілікке,бауырмалдылыққа,ұлтжандылыққа, келешекте
саналы да сауатты өмір сүруге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер жазылған плакаттар,
жарнамалық суреттер.
Барысы:
Денсаулықтың жаулары жайлы ұлы адамдар
өсиетінен:
Әркім-ақ шарап ішсе мас болады, Іштегі барлық
сыры паш болады. Білімді ішсе-наданның кейпін киіп, Надан
ішсе-жасайды масқараны. Ей,құлқынның құлдары, тыңда ақылды, Өсиеті
дананың-біл нақылды; Адамға тән қасиет ішсе-тынар, Бар мәкүрік,
жаман сөз тысқа шығар.
Жүсіп
Баласағұн
Арақ
—ардың ажалы, Ақшаның тажалы. Ырыстың қырсығы, Абыройдың мылтығы.
Жақсылықтың жаңқасы, Төбелестің арқасы.
Құлтума
Сармұратұлы
Мас
болу-өз еркіңмен жындану.
Аристотель
Темекі
тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді.
О.Бальзак
Маскүнемдік адамның басын өзі
масқаралап,қорлауы.Араққор мал сияқты өзін-өзі айуанның қатарына
апарып қосады.
В.А.Сухомлинский
Жүргізуші:
Бала болсаң – болғандай
бол,
Ағайынға қорғандай
бл.
Досыңа майыспа,
Дұшпаныңа
қайыспа.
Жаман болсаң көп
жақсы
Жақсы болсаң еп
жақсы.
Қоғамның
басты байлығы- адам, адамның басты байлығы-денсаулық. Сондықтан
әрбір адам қоғамға, Отанға пайдасын тигізу үшін дені сау, икемді,
төзімді, қабілетті болуы тиіс. Қазіргі таңда бүкіл
әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы.
Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық,
экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды
әрекеттер жатады.
Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік
тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды
әрекеттер.
Бұлар қандай
әрекеттер?
Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық
т.б.
Адамның ақыл – ойын,
денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар
маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби:
«Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды
айтып берейін», – деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз
неге байланысты.
ХХІ ғасырда қоғам тек
жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы
мықты , рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз
таза , танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға
деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан
тұруы тиіс.
Олай болса, біз
«Салауатты өмір салтын » насихаттап, келеңсіз жағдайлардың алдын
алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз
керек.
Жүргізуші:
Жігерің бар, талабың бар,
қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар
талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең
тартынып,
Өмірің бар алда әлі
солмайтын.
Кесір сумен санаңды сен
улама,
Көкірек қапқан көк түтінге
жолама.
Өзіңді қорға, ортаңды қорға,
ағайын.
Саулық керек, өмір керек
адамға.
Бір жас жігіт жаман әдеттерінен арылудың жолын
сұрап бір данышпанға барыпты. Данышпан кісі оған: «Сен ана бір жас
шыбықты жерден суыршы», – депті. Ол қиналмай-ақ суырып алыпты.
Сосын одан жуанын суыруын тапсырыпты. Ол досын көмекке шақырып қана
орынынан қозғапты. Данышпан одан да жуан ағашты көрсеткенде, тағы
көп адам жиналып ырғаса да, орнынан қозғалта алмапты. Сонда
данышпан: – Көрдің бе? – депті, – жаман дағдыдан бастапқы кезде
құтылу жеңіл. Ол кезде оған өзіңнің де шамаң жетеді. Кейіннен
достарыңды көмекке шақырасың. Ал нашар қылықты көп уақыт қайталап,
ол қанға әбден сіңгенде, көмекке қанша адамды шақырсаң да, бәрі кеш
болады, – деген екен.
ІІ.
Кездейсоқтықтан шығу
Үш топқа
өз кезегімен мына төмендегіше жағдаяттар
келтіреді.
1-топқа: Сенің өте жақсы көретін
досыңның аузынан ептеп арақтың иісі шығатынын бір-екі рет байқадың.
Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ. Ата-анасына айтайын десең,
олар маскүнем. Ұстазыңа айтайын десең досыңның көңілін қимайсың.
Сен досыңды қалай құтқарар едің?
2-топқа: Өткен жылы ғана мектепті
бітіріп қалаға кеткен бір көршің саған есірткімен ауызданғанын және
оны шеккенде керемет күй кешетінін айтты. Тіпті сені
де ауыздандырғысы келді. Сен қабылдар
ма едің?
3-топқа: Саған жоғары курстың оқушысы:
«Маған күніне бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз.
Мұны тек екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе…» деп жұдырығын
көрсетіп, шарт қойды. Өзіңді қалай
құтқарасың?
Міне, осы жағдаяттар бойынша
оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Жүргізуші:
Дені
сау адам өмірде көп жасайды екен. Шығыста: сау дене, азат ақыл,
адал көңіл үшеуімен бақытты болады деген нақыл сөз бар. Сол
айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір
салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер
Ей,
адамзат!
Өмір
керек саған да, маған, оған да,
Есіңде
сақта, осыны ұста жадыңда.
Жас
өмірің ерте солсын демесең,
Кесірлерден бөлек жүргін
алшақта.
Пешенеге жазылған ғұмырыңның
Тамырына, ұрпағым, балта шаппа!
Сөзжұмбақ
-
ХХІ
ғасыр індеті.(СПИД)
-
Спирт ішімдігі
құрамындағы зат.(алкаголь)
-
Заңмен жазаланатын
қоғамға жат қылық (қылмыс)
-
Көп таралған
ауру.(туберкулез)
-
Маскүнемнің
“сусыны”(арақ)
-
Темекідегі улы
зат.(никотин)
Жүргізуші:
Өмірің болсын десең сенің
сәнді
Ойланып, айналаңа қара
мәнді.
Адам бол! Білімі тасқын,
өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа
жанды.
Салауатты мақсатың - өмір
сүру,
Өмірдің мағынасын керек
білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің
жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан
аулақ жүру
Видеоролик.
Жүргізуші:
Жақсы адам
көңілі-күн,
Жанға сәуле
түсірген.
Нашар адам
көңілі-түн,
Кеудеден отты
өшірген.
Талпын жақсы
болуға,
Күндей сәуле
шашатын.
Білім іздеп, өнер
тап,
Түнді күндей
ашатын.
Д.
Әлімжанов
Әңгімелесу
-Жақсылық,
жамандық деген ұғымдарды
қалай түсінесіздер?
-Жақсы болу, жақсылық
жасауды қалай үйренуге болады?
-Жақсы сөз айту
жақсылыққа жата
ма?
-Жақсылық жасау
адамның жасына байланысты ма?
-жақсы адамның бойында
қандай қасиеттер болады?
«Жақсыда жаттық жоқ» дейді
қазақ. Жақсының-бәрі жақсы. Менің түсінігімше, қазақтың бойындағы
ең жақсы қасиеттер мыналар: тектілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет
көрсетушілік, аңқылдаған ашық, ақкөңілділігі, ұлттық салт-дәстүрге
беріктігі, ниетінің түзулігі, жеті атаға дейін қыз алыспайтын
қанының тазалығы ,т.б. жақсы жақтары бар.
Қазақтың
ұлт ретіндегі бойындағы ең жаман қасиеттер мыналар: мақтаншақтық,
өтірік-өсек, бос сөзге үйір болу,уәдеде тұрмау, жалқаулық, қолында
билік тұрғандардың алдында құрдай жорғалау,
өкпешілдік.
Абай жақсы адамның кім екенін
отыз сегізінші сөзінде былайша талдап берген. Ол
үшін, оның Хауас сәлим деген ой-тұжырымына назар аударайық. Хауас
сәлим – араб сөзі, оның қазақша мағынасы адамның өзіне тән болған
дұрыс қасиеті, мінез-құлқы. Бұл дұрыстыққа адам қалай жеткен
дегенді Абай былайша түсіндірген. Адамның Хауас сәлим, яғни, жақсы
адам атануы үшін, оған алты шарт қажет, олар: жақсы тән саулығы,
жақсы туыс, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаз. Міне,
жақсы адам болу үшін қажетті шарттар. Бұл – жақсылықтың өлшемдері.
Ал енді, Шәкәрім қойған сауал, «Ең жақсы адам не қылған кісі?»
дегенге келсек, оған жауапты тағы да Абайдың өзінен табамыз. Абай
айтады, жоғарыда айтылған қасиеттері болған соң, оның «аты адам
болады», яғни, жақсы адам атанады. Бірақ ол қандай істерімен жақсы
атанбақ, олар: «Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені
танымақтық…» (2-т., 190-б.). Жақсы адамның алдында үнемі осындай үш
мәселе болмақ, солардың нәтижесінде оның адамдығы айқындалмақ,
яғни, жақсы адам атанбақ.
Адам, ғалам ғажайып жеке
дана,
Жан құмары – ізденген мәңгі сана.
Өзіңді - өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
«Тұлғаның өзіне
сенімділігін психологиялық дайындау»
тренингі
Мақсаты: Өзі туралы ойын дамыту,
комуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін тұлғаны
психологиалық күйге келтіру.
Ыңғайлы отырыңыздар. Өз
денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар.
Дене демалады, ал сана-сезім
сергиді. Аспанға қараныздар. Аспандағы әдемі бұлттар,күн шуағын
төгіп тұр.Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары
неткен керемет!
Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен
бағытына қарай ұмтыламыз.Сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды
байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған
есігінен әсем әуен естіледі.
Сіз зәулім сарайдың ішіне
кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада
көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін
сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз. Ол суреттерде сіздің
қиял-ойларыңыз, армандарыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға..,
екінші қабырғаға…, үшінші қабырғаға…, төртінші
қабырға...
Барлық қабырғада тек қана
ізгі армандар...
Сіздер
көңілді, қайратты, қажырлысыздар.
Сіз қайтадан табиғат
аясындасыз. Шексіз аспан… Ораламыз.
Тамаша… Жұмысымызды
аяқтаймыз. Сіз өзіңіз туралы ойыңызды аяқтаға-ныңызды, өзіңіздің
демалғаныңызды сезінген кезде көзіңізді ашыңыз.
Құрметті
оқушылар, біздің армандарымыздың ішінде жаман әдетке орын жоқ
екенін өздерің де көрдіңдер. Ешқашан жүректілік пен оптимизмді
жоғалтпаңыздар! Табанды және қайратты болыңыздар! Армандарыңызға
жету үшін тек қана жақсылықты жаныңызға серік
етіңіздер.
Жүргізуші:
Жақсы болу –
өзіңнен,
Жаман
болу – өзіңнен.
Өзіңді
өзің ая да,
Өзің
үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен
қандаймын деп ойла!
Жамандық көрсең біреуден
Мен
қандаймын деп ойла!
Әрбір адам туғаннан керемет
сыйға бөленген, ол – жетілуге талпыну. Біз бәріміз білімді
аңсаймыз, биікке көтеріліп, ортамызға жағымды жақтарымызбен
көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол
үшін адам, ең алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар,
соны түсініп алуы керек. Өзінің жетілуге талпынысында әр адам
мейірімділік пен зұлымдықты айыра білуі қажет, өзінің бар
қабілеттерін жетілдіріп және өзіндегі кемшіліктерін түзете білуге
тиіс.