Жақсылық жасау - борышың. Баланың айласы. Ыбырай Алтынсарин

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жақсылық жасау - борышың. Баланың айласы. Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, студентерге бір көмегін тигізер деген үміттемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:06.10.20

Сынып: 3 «а»

Мектеп: «М. О. Әуезов атындағы орта мектеп» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Сайфолланова Сәуле Кенжебекқызы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жақсылық жасау – борышың

Баланың айласы. Ыбырай Алтынсарин

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4 Тыңдарманның назарын аударту.

3.1.4.2 –сөйлеу барысында иллюстрациялар,көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сөйлеу кезінде иллюстрацияны сәйкестендіре алады.

Көптеген оқушылар: негізгі ойды анықтайды.

Кейбір оқушылар: шығарма бойынша көрнекіліктер мен фотосуреттерді қолданып, дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

  • сөйлеу кезінде иллюстрацияны сәйкестендіре алады.

  • негізгі ойды анықтайды.

  • шығарма бойынша көрнекіліктер мен фотосуреттерді қолданып, дәлелдейді.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Жақсы деген немене, жаман деген немене?

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Сәлемдесу» ойыны:

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… өкшемен… арқамен.


Сабақ ережесі:

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!


Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Қарлы кесек» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау.

Shape2


Ойқозғау.

Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесің? Отбасы, табиғат, мектеп үшін қандай жақсылық жасай аласың.


















Ақ қағаз
























Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

(би)


Тақырыпты болжау.

Оқылым.Жақсылыққа жамандық бар ма? Осы сұраққа жауап іздей отырып оқы. «Баланың айласы»

Сөздікпен жұмыс:

Төре (төрелiк) – бұл жерде: шешiм.

Жүгінді – бағынды, айтқанына көнді.

Әйдік – үлкен.

Жұптық жұмыс.. Оқулықта берілген мәліметті пайдаланып, әңгіменің авторы туралы әңгімеле.

Жақсылыққа жамандық бар ма? Бұл сұраққа мәтін кейіпкерлері қалай жауап берген? Суретке қарап, әңгімеле.

Дескриптор:

сөйлеу кезінде иллюстрацияны сәйкестендіре алады.

негізгі ойды анықтайды.

шығарма бойынша көрнекіліктер мен фотосуреттерді қолданып, дәлелдейді.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

https://www.youtube.com/watch?v=wXU9KHKB47w

оқулық

45 – бет

Сабақтың соңы

Жұптық жұмыс. Мәтіндегі баланың іс- әрекетіне баға бер.

Өз бойыңда осындай тапқырлық сәт болды ма?

Өмірден мысал келтір.

Жақсылыққа жамандық:

Жамандыққа жақсылық:

Жақсылыққа жақсылық:

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланысы.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2020
1239
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі