Материалдар / Жақсылық жасау өз қолыңда 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жақсылық жасау өз қолыңда 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2020
547
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану»сабағының жоспары

Тақырыбы: «Жақсылық жасау өз қолыңда».

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеті: Мейірімділік, сыйластық

Сынып:7

Мұғалім: Өтесін Айман

Мектеп: №16 о/м

Мақсаты: : Оқушылардың жақсылық құндылығы туралы, «жақсы адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру. Дұрыс әрекет құндылығын қалыптастыру.

Міндеттері: - Жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру.

- мейірімділік, сыйластық, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

-жақсылық жасауға, қайырымды болуға тәрбиелеу..

Ресурстар:

(құралдар,мәліметтер)

Оқулық,

,слайд

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, топқа бөлу. Тыныштық сәті: Мұғалімге арналған нұсқаулық


Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Осы нұр бүкіл әлемге, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын» Осындай нұр, махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

.1. Балалар не сезіндіңіздер? 2.Нұрды жан-жағыңдағы адамдарға бағыттадыңыздар ма?


Ескерту

Дәйексөз:

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»


Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Әңгімелеу: (Аңыз әңгіме) Мұғалім сыйы

Бір диуана ел аралап шаhардан шаhар кезіп, ұзақты күн қоржын артқан қашырының үстінде жүреді екен. Оның айтар сөзі «жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе»- деген мақал болса керек. Күндердің күнінде есік алдында ерігіп тұрған кербез әйел келе жатқан диуананы көріп: «О жаман неме, міне саған жақсылық та, жамандық та. Мынаны же де, қатып қал» -деп у қосып пісірген бір таба нанды ұстата салады. Нанды қоржынға салып алған диуана ел аралап, жұрттың қол қайырын алып жүре береді. Бір күні ол жапан далада шұбап келе жатқан керуенді көреді. Керуен соңында жаяулар бар еді. Керуен жақындап диуананың қасына келіп тоқтайды. – Е диуана жүрген жерің мейірімді, қайырымды болсын, азық таусылып біздің күніміз қиын болды. Тағдырдың тәлкегіне ұшырап, қарақшыларға тоналған аталы-балалы екеуіне жүрек жалғар бірдеңе болса бер -дейді. Қайырымды диуана қоржынынан бір таба нанды алып екеуіне бөліп береді. Неше күн бойы нәр татпаған олар нанды қомағайлана жей бастайды. Нанды жеп бола бере әуелі әкесі одан кейін бала құлайды. Неше күн жол азабын бірге көріп келе жатқан ер азаматтардың ауыр халге ұшырағанын көріп ,керуеншілер диуананы бас салып ұрғылай бастайды. –Уа қайырымды адамзат, жазықсыз мені таяқтадыңдар, мен ел берген қайыр-садақаны алып жүре бердім, кімнің не бергенін қайдан білейін бірақ осы таба нанды берген үйді білемін. – Жүр баста бізді сол үйге апар. Диуана нан берген үйді көрсетеді. Керуеншілерді көріп далаға жүгіріп шыққан сылқым әйел, әл үстінде жатқан күйеуі мен жалғыз баласын көріп, өз ісіне өзінің жаны күйзеледі. Әйелдің жазықсыз жанға жауыздықпен жасаған әрекеті өз алдына келеді. Міне «Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе» деген мақал осыдан қалған екен.

Сұрақ: 1.Әйелдің жаман ниеті қандай нәтиже берді?

2.Қайырымдылық пен мейірімділіктің мәні неде?



Шығармашылық топтық жұмыс:

1 топ: Жақсылыққа жету жолдары, адам бойындағы жақсы қасиеттер постер

2 топ: Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу

3 топ: Жақсылық туралы өлең жолдарынан көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою.


Топпен ән айту. « Ана туралы жыр»

әні:Ш Қалдаяқов сөзі:Ғ.Қайырбеков

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған

Сен берген құстардың

Қанатын самғаған

Балалық құштарым

Өзіңе арнаған

Әлдилеп аялап

Өсірген жемісің

Самал жел, сая бақ

Құшағың мен үшін

Есейіп кетсем де

Мен саған сәбимін

Көңіліңді көктемдей

Көзіңнен танимын

Үй тапсырмасы:


Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі білген - түйгендеріміз біздің көңіл күйімізге, жанымызға жайлы әсер қалдырады деп сенемін. Тыныштықта отырып бір-бірімізге жақсы тілектер жазайық.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!