Жақып Ақбаев және Алаш
зиялылары: бір мақсат,бір мүдде
Жақып Ақбаев – қазақ елінің
мемлекеттігі үшін күрескен қоғам қайраткері, энциклопедиялық білімі
бар ғалым, әмбебап тарихшы, этнограф, “Алаш” қозғалысының
көшбасшысы, “Алашорда” үкіметінің мүшесі, ұлт зиялысы, қазақтың
тұңғыш құқық магистрі.Ж.Ақбаев 1876 жылы 25 қазанда Семей облысы,
Қарқаралы уезі, Берікқара болысы, №3 ауылының (кей деректерде №4)
Төңіректас деген жерінде Сарыарқа өңіріне атақты Ақбай әулетінің
дәулетті отбасында дүниеге келген.
[1]
1886 жылы Қарқаралы
қаласындағы қазақ интернатында
оқып, 1889 жылы Омбы
гимназиясына түсіп, онда 7 жыл, онан кейін Томск
гимназиясына ауысып онда бір жыл
оқып, 1898 жылы бітіріп шығады
да, Санкт-Петербург
университетінің заң факультетіне
түседі. 1903 жылы 1-дәрежелі дипломмен бітіріп
шығады. ЖОО-да оқып жүргенде ілім-білімнің әр саласын меңгеруге
талаптанады. Адамның есте ұстау қабілеті мен фактілерді екшелеудің
әдіс-тәсілдерін жете меңгеру үшін Одесса қаласындағы мнемоника
профессоры С.Файнштейннен дәріс тыңдауға
және Санкт-Петербургтегі Археология
институтына оқуға
түсуге университет басшыларына өтініш те жазады. Мемлекеттік сынақ
комиссиясында «Қазақтардың некелік құқығы» атты тақырыпты қорғауға
бекітіп алады. Кейін осы тақырыпты түрмеде отырғанда ары қарай
жалғастырып, кеңейтіп, 1907 жылы Орыс географиялық қоғамының Семей
бөлімшесінің жазбаларында жариялайды. ЖОО бітірісімен Омбы сот
палатасына қызметке тұрады. 1905 жылғы
тамызда Омбы
қаласындағы 2-учаскенің бітімші соты болады.
[2]
1905-1907
жылдардағы Ресейдегі төңкеріс саяси белсенділігіне қозғау салып,
Жақып Ақбаев митингілерге және жиналыстарға қатысып, сөз сөйлейді.
Омбыдағы, Петропавлдағы, Семейдегі, Павлодардағы, Баянауыл мен
Қарқаралыдағы демонстрацияларға қатысып, отаршылдық жүйеге, патша
үкіметіне қарсы күрес жүргізе жүріп, Омбыда шығатын “Степной край”
газетінде мақалаларын жариялап, патшаның отаршылдық саясатын
сынайды.
Жақып Ақбаев 1905 жылы шілдеде Қарқаралыдағы
Қоянды жәрмеңкесінде
“Алаш” көсемдерінің бастамасымен өткен қазақ съезінде Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновтармен
бірге шаруаларды көшіріп әкетуді тоқтату, қазақтардың діни басқармасын ұйымдастыру, цензураны жою, ресми іс қағаздарын қазақша жүргізу, қазылар сотын енгізу, қазақ депутаттарын Мемлекеттік Думаға шақыру жөніндегі талаптар қойылып, қоныстандыру саясатының озбырлығы айтылған, отаршылдық езгіге қарсы наразылықтағы
145 мың адамның қолы қойылған “Қарқаралы петициясын” ұйымдастырады. Жиындарда Жақып жалынды сөздер сөйлеп патша режимін шенейді.
Ол 1907-1927
жылдары Семей, Сырдария, округтік губерниялық соттарында лауазымды қызметер атқарып, еліне адал қызмет етуге бар күш-қайратын жұмсаған ол қоғамдық саяси жұмыстарды ұйымдастырушыларының
алдыңғы қатарында болды. 1907
жылдан Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесіне мүше болып, далалы өлкені ғылымның сан-саласына зерттеу ісіне өз үлесін қосқан алғашқы қазақ зиялыларының қатарында да Ж.Ақбаевтың есімі де құрметпен аталады.
Патшаның жергілікті әкімшілігі Ж.Ақбаевты «мемлекеттік қылмыс істеп, опасыздық жасады» деп айыптап, 1906
жылдың 11
қаңтарында
тұтқындап,
Семей түрмесіне қамайды.
Ж.Ақбаев түрмеде жатып, Санкт-Петербург университетінің профессоры, белгілі заңгер Л.И.Петражицкийге бірінші болып қазақ өлкесінің дербес автономия алуы мәселесін көтеріп хат жолдайды. Ғылыми диссертациялық шығармашылық жұмыспен де шұғылданып, қорғауға бекітіп алған тақырыбын түрмеде отырғанда ары қарай жалғастырып, кеңейткен ол өзі мүшесі болып табылатын Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің «Запискилерінің…» 1907
жылғы 3-ші басылымына “Наброски по обычному, в частности, брачному праву киргизов” деген атпен жариялайды. Міне, осы кезден бастап
Жақып Ақбаев патша және Кеңес өкіметі кездерінде үнемі
қуғын-сүргінді, тепкіні көп көріп абақты-айдаудан көз ашпады деуге
болады.
Қайда жүрсе де ол патша
шенеуніктерінің парақорлығын, халыққа жасаған озбырлығын үнемі
әшкерелеп отырды. Қарқаралы уезіндегі шаруалар учаскесінің бастығы
Цыловтың жэне де басқалардың парақорлығын әшкерелейді. Қапалда
жүргенде де келімсектерден қиянат көрген қазақтардың мүдделерін
қорғап, осында айдауда жүрген К.Төгісовпен бірлесіп сот процесінде
әділ шешім шығаруға ықпал жасайды.Ж.Ақбаевтың патша әкімшілігінің
жоғары орындарына өзінің жазықсыз жапа шегіп, айдауда жүрген
мерзімін қысқартып не сот үкімін бұзу жөніндегі арыз-шағымдарында
(мысалы, сенатор граф Паленге осы құжатты және Ақбаевқа қатысты
басқа да материалдарды алғаш тауып, жариялаған белгілі
ақбаевтанушы-ғалым, М.Құл-Мұхаммед) өзінің жеке басының мәселелері
көрініс тапқандай болып көрінгенімен, шын мәнісінде ол құжаттарда
патша әкімшілігінің озбырлық, зорлық-зомбылық, зымияндық саясаты,
шенеуніктердің парақорлығы, жер мәселесінің ушығуы сияқты және
осылардан туындайтын бодандықтағы қазақ қоғамын іштей кеулеп,
жегідей жеген әлеуметтік кесепаттар – партия таласы мен
мансапқорлық және басқа да келтірілген фактілер жалпы қоғамға тән
шынайы әлеуметтік шындықты қамтығандықтан оларды сол жалпы қоғамдық
деңгейде қарастырған сүбелі еңбек болып саналу
қажет.[2]
1918 жылы Семей
ақ-казақтардың қолына көшкенде ұлттық дербестікті сақтап қалуға
ұмтылғаны үшін Ж.Ақбаев қамауға алынып, 1919 жылы түрмеден босайды.
Қарқаралыға келіп ол колчакшыларға, атамандардың озбырлығына қарсы
күрес ұйымдастырғаны үшін тағы да түрмеге
түседі.Айдаудағы ауыр азаптан денсаулығы әбден
нашарлаған соң, рақымшылық жасалып, мерзімінен бұрын босатылып,
Алматыға емделуге рұқсат алады. Ақыры асқынған ауру алып тынып,
шамалыдан соң қазақтардың әдеттегі құқығын, оның ішінде отбасы-неке
құқығын зерттеп, мерзімді баспасөзде публицистикалық материалдар
жариялаған, сан алуан талант иесі, энциклопедиялық білімі бар ғалым
1934 жылы 4 шілдеде өмірден
өтті.
Қорытындылай келгенде, Жақып
Ақбаев халқына жаны ашыған, халқынынң сүйікті ұлы болған. Басқа да
Алаш зиялыларымен бірге,бір мақсатта билікпен күресті. Мақсаттары
бір,яғни әділетті орнату және ұлт құндылығын жоғалтпау. Жақып
Ақбаев халқы үшін көп еңбек етті. Ешқандай қорқытуларға мән
бермей,шындықты жақтап жүрді. Дегенмен, түрмеге түсіп дертке
шалдығып қалады.
Пайдаланған
әдебиеттер:
-
https://semeylib.kz/?page_id=2828
-
https://kk.wikipedia.org/wiki/Жақып_Ақбаев