400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаратылыстану

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану Пәні бойынша ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Табиғат физикасы


Педагогтің

аты-жөні:

Қабидолла Назлы

Күні: 25.04.2024ж

Сынып: 2

Қатысушылар саны:30

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дыбыс қаттылығы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.5.3.1- дыбыс қаттылығыбойынша дыбыс көздерін жіктеу.

2.1.2.5 -құрған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;

Сабақтың мақсаты

Дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеуді білесің.


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Сабақтың басы

7 минут

Сәлеметсіңдерме балалар!


Біз бақытты баламыз

Биікке қанат қағамыз

Болашаққа талпынып,

Оттай лаулап жанамыз.

Мақсатымыз  - білім алу

Міндетіміз  -  еңбектену, - деп, жаратылыстану сабағын бастаймыз.

Үй жұмысын сұрау.


Қайталауға арналған сұрақтар.

  1. Адамдардың дауысы бірдей ме? Қандай еркешеліктері болады?

  2. Саған табиғаттағы қандай дыбыстар ұнайды?



Сабағымыздың тақырыбы: Дыбыс қаттылығы.

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

-дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеуді білесің.





Мұғалімнің айткан іс-әрекетін қайталайды







1.Жоқ, адамдардың дауысы бірдей болмайды. Адамдар қатты немесе бәсең сөйлей алады. Шығатын дыбыстың қатты немесе бәсең болуы тербелістің қарқындылығы мен жиілігіне тікелей байланысты.

2. Маған табиғатта сарқырап ағып жатқан судың дыбысы ұнайды. Судың дыбысын естігенде, жаным тыныш тауып, бір демалып қаламын. Сонымен қоса құстардың сайраған үнін жақсы көремін.











Сабақтың ортасы
































































Бейнематериал мұқият қараймыз.

https://youtu.be/_bgV8eAp1tQ?si=u350X6IbaJwf5FcU


Бақылау жүргіз.

Парталас досыңның құлағына кез келген бір сөзді айт. Енді алыстау жерден дәл сол сөзді тағы қайталап айт. Не байқадың?

Қортынды жаса.


Сен түрлі дыбыс тербелістен пайда болатынын білесің. Дыбыстар қатты және бәсең болады. Мысалы, музыканы қатты немесе бәсең қоюға болады. Адам да қатты немесе бәсең сөйлей алады.

Д
ыбыстың қаттылығы тербелістің қарқындылығы мен жиілігіне байланысты болады.

Дыбыстың қаттылығы әртүрлі болады. Оны децибел (дБ) деп аталатын бірлікпен өлшейді. Дыбыстың қаттылығы сызба арқылы бейнеленеді.

Сергіту сәті: «Сымсыз телефон»

Өзіндік жұмыс.

С
ызбаға қара.Қай сызбада қатты дыбыс, қайсысында бәсең дыбыс бейнеленгенін анықта.

Жұптық жұмыс.

Д
иаграммаға қара. Әрбір баған мектепте қандай уақытқа сәйкес келетінін анықта.

Дыбыс адамға әртүрлі әсер етеді:кей дыбыстар ұнамды болады,ал шектен тыс жоғары дыбыс адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Дыбыстар қаттылығы шкаласына назар аудар.

130дБ-ден жоғары болса не болады?

140-190дБ кезінде не ұшады?

100дБ кезінде не болады?

10дБ дегеніміз не?

90-95дБ кещінде қандай шу болады?

120дБ кандай ұшақ өткен кездегі дыбыс?

70дБ дегеніміз қандай шу?

0-10дБ қандай дыбыс?

Жаңа тақырыпқа қатысты бейнематериал көреді.



Күтілетін жауап.

Қорытынды: Дыбыс тербелістен пайда болады. Дыбыстар қатты және баяу болады. Дыбыстың қаттылығы тербелістің қарқындылығы мен жиілігіне байланысты болады.
















Нұсқаулық бойынша орындайды.


Күтілетін жауап:

1-сызба. Қатты дыбыс

2-сызба. Бәсең дыбыс








Күтілетін жауап.

  1. Б

  2. Ә

  3. В

  4. А
































Бесбармақ арқылы бағалау





































Оқулық














Таратпа материал

Сабақтың соңы

Қорытынды:

  • Дыбыс қаттылығын немен өлшейді?

  • Қандай дыбыс есту мүшесіне зиян келтіреді?




Рефлексия

«Бас бармақ» әдісі.

Үйге тапсырма:Дыбыс қаттылығы туралы бейнематериал түсіріп келу.

Кері байланыс жасайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.09.2024
369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі