Материалдар / Жаратылыстану сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаратылыстану сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
641
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:



Күні:.

Сынып: 1

Мектеп: «Шал ақын ауданының Жалтыр негізгі мектебі» КММ



Мұғалімнің аты-жөні: Туякова Карлыгаш Жалбыровна

2-бөлім. Тірі табиғат: Өсімдіктер

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Өсімдік бөліктері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары;

1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады;

Көптеген оқушылар: Өсімдік бөлшектерінің (сабағы,тамыры,жемісі)әр түрлі болатынын біледі.

Кейбір оқушылар: бөлме өсімдіктерінің көбею жолын түсіндіре алады .


Тілдік мақсат

тамыр, сабақ,жапырақ, гүл, жеміс және тұқым.


Бағалау критерийлері

            Өсімдіктердің қандай бөліктерден тұратынын біледі.

Суретте көрсетілген өсімдік бөліктерін (тамыр, сабақ, жеміс, тұқым) танып, ажыратады.

Тұқымдар қалай өнеді?” зерттеуін жүргізуде оқушылар бақылау, талдау, қорытындылау дағ­дыларын жетілдіреді.


Құндылықтарды дарыту




ОқОқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге , еңбексүйгіштікке баулу, байқағыш қтық қасиеттерін дамыту.


Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу, көркем еңбек, дүниетану.


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта,.бейнефильм.


Бастапқы білім


Өсімдік-тірі ағза.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет




Ресурстар



Сабақтың басы

2 мин.











3 мин.











Сабақтың ортасы.



4 мин.



























































5 мин.



































2 мин



























3 мин.







7 мин





















































































5 мин










































Психологиялық сәт:
Ормандағы аюдың жемістері көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Алған жемістеріне сәйкес топқа бөлінеді.(Алма,өрік,алхоры)

ІІ. Бастапқы білім. «Басбармақ» әдісі Заттарды көрсетіп отыру.Балалар тірі ағза болса, басбармақ арқылы көрсетіп отырады.

-Тірі және өлі табиғаттың қандай айырмашылығы бар?

-Өсімдік қалай тамақтанады?



«Өсімдік мүшелері» тақырыбына бейнефильм көрсету.

1-тапсырма.«Топтас,ойлан,бөліс» әдісі арқылы топпен талдау



Оқулықтағы өсімдік бөлік­тері бейнеленген суреттерге қарау. Оқушылардан бұл өсімдіктерді бұрын қай жерден көргенін және оның бөліктерін атап көрсетулерін сұрау Олар әр суретті мұқият қарап, әр мүшенің атауын оқып және тыңдап, оның ерекшеліктері мен орналасуын есте сақтайды. Шағын топта бір-біріне өсімдік бөліктеріне қатысты сұрақ қояды

2-тапсырма. Топтық жұмыс;

1-топ. Постерге өсімдік бөліктерін ретімен жапсырады.

2-топ. Өсімдік бөліктерін аттарымен сәйкестендіреді.

3-топ.Өсімдіктің суретін салады.Аттарын жазады.

Дескриптор;

Өсімдіктердің қандай бөліктерден тұратынын білді.


Суретте көрсетілген өсімдік бөліктерін (тамыр, сабақ, жеміс, тұқым) танып, ажыратты.

Өсімдік бөліктерінің аттарын жазды.

Өсімдік суретінде барлық бөліктерін салды.

Сергіту сәті

Алдымнан жел еседі,(Қолдарын желпиді)

Тербеледі ағаштар.(тербеледі)

Кіп-кішкентай ағаштар,(отырады)

Үлкен болып өседі.(қолдарын биікке созады)

-Ағаштар қандай болады,кәне көрсетіңдер.

-Ағашта не өседі?

3-тапсырма.

Шағын тәжірибелік жұмыс жүргізу. Осы жұмыстың барысында оқу­шылар “Барлық өсімдіктердің бөліктері бірдей ме? Өсімдік неден өсіп шығады?” деген сұрақтарға жауап береді.

Зерттейік. Шағын тәжірибелік жұмыс жүргізу.Жұмыс барысында оқушылар “Тұқым қалай өнеді?” деген сұраққа жауап береді. Бұл жұмыстың нәтижелері біраз уақыт күтуді қажет етеді. Сондықтан мұғалім алдын ала тәжірибе жасап, осы сабақта нәтижелерін көрсету. Кейін оқушылар өз жұмысының нәтижелерін мұғалімнің нәтижесімен салыстырады.

Әр топқа қажетті заттар беріледі: үрмебұршақ, кішігірім құтылар, мақта, су, стақан .

Оқушыларға мынадай нұсқаулар беру:

Шағын ыдысты алыңыз.

Түбіне мақта салыңыз.

Мақта ылғалданатындай, бірақ тұқымдардың бетін жаппайтындай етіп, аздап су құйыңыз.

Егер тұқымдардың бетін су жауып тұрса, олар бөртеді, бірақ өнбейді, себебі су ауаның өтуіне кедергі жасайды.

 Бірнеше тұқымды мақтаның үстіне қойыңыз да, қақпақпен жабыңыз. Қақпақта ауа өтетіндей тесіктер болуы керек.

 Тұқымды жылы жерге қойыңыз.

  Алдын ала осы екі нұсқаны жасап қою.

Дескриптор

Өсімдік тұқымнан өнетінін білді.

Өсімдік өнуі үшін уақыт және жағдай қажет екенін білді.

Тұқымдар қалай өнеді?” зерттеуін жүргізуде оқушылар бақылады, талдау жүргізді, қорытынды жасай алды.

Ойлан! Тұқымдардың өнуіне ылғал қажет,сондықтан олар ылғалды мақтада өнеді. Егер мақта құрғақ болса, тұқым өне алмайды. Егер тұқымды суға батырып қойса, олар өнбейді, себебі тыныс алуға қажетті оттек жетіспей қалады.

-Ал,кім бөлме өсімдігін өсіруді біледі?-деген сұраққа жауап алу.Дұрыс жауапты мадақтау.

Дәптермен жұмыс.

1.Әр жеміс атауын суретпен байланыстырып сыз.

2.Әр жемістің тұқымын салып,боя.

 

Дескриптор

Әр жемістің атын білді, суретін тапты.

Әр жемістің тұқымын салып, бояды.

Әр жеміс тұқымының ерекшелігін ажыратады.

Бағалау. Дәптерлерін жұппен алмасып тексереді және«Бағдаршам» әдісімен бағалайды .

        жемістердің суреттері;









қима суреттер.



Бейнефильм.



































А-3 қағаздар,түсті маркерлер,





















Кеппе шөп жинағы.



үрмебұршақ тұқымдары;

стақандар;

пластикалық тостағандар (кішкене стақандар және басқа да ыдыстар,мақта)














Алдын ала жасалған нұсқалар.







Сабақтың соңы

2 мин

«Галлереяға саяхат» әдісі. Әр топ өз жұмыстарын сынып бөлмесінің әр жеріне іледі. Смайликтер арқылы өзарабағалайды.

Әр оқушы өз себетіндегі жемістерді санайды.Ауызша мадақтау.Үш топқа үш алма беріледі де, оны үзілісте бөліп жейді.






2мин

Рефлексия; « Баобаб ағашы».Сабақты кім жақсы түсінді стикерді ағаш басына,әлі дұрыс түсінбесе діңіне,мүлде түсінбегендер тамырына жапсырады.




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін себеттегі жемістер саны арқылы ауызша бағалау.

Әр оқушыға қағаз себет таратылады.Әр жауабы үшін жеміс суретін алып,себетке салып отырады.

Өзара бағалау-смайликтер арқылы топтар жұмыстарын бағалайды.

Дәптерлерін жұппен алмасып тексереді және «Бағдаршам» әдісімен бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Тәжірибе жасағаннан кейін қолды мұқият жуу,қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Топтық жұмыс барысында өз бетінше өсімдік бөліктерін табады,әр бөліктің айырмашылығын айтадыКейбір оқушылар жемістер мен тұқымдардың әртүрлі болатынын ажыратады.


Оқушылар сабақтың соңында:тамыр,сабақ,жапырақ,жеміс және тұқым бөліктерімен танысты, ажыратуды үйренді.

.


.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.



Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға





Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!