Сабақтың тақырыбы:
Жарнама сабақ.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктану пәнінен
алған білімдерін тереңдетіп, дәрумендер туралы мағұлмат
беру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен қосымша
материалдан ізденуін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие
беру.
Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ.
Сабақтың
әдісі: Баяндау, талдау, өз пікірін
айту, тәжірибе.
Сабақтың
көрнекілігі:
Суреттер,
буклет,тапсырмалар.
«Дәрумендер»
тақырыбы.
Сабақ барысында мұғалім
оқушыларды алдын ала 4 топқа бөліп, ( С,А,В,Д дәрумендері),
дәрумендер жайындағы тақырыптың мәні мен мазмұнын ашатын мынадай
сұрақтар бойынша үйден дайындалып келуді
тапсырады.
А) дәрумендердің ашылу
тарихы;
Ә) зат алмасудағы
ролі;
Б) дәрумендердің
инфекцияға қарсы күресу мүмкіндігі;
В) организимде
дәрумендер жетіспесе не артық мөлшерде болса;
Г) организімнің
дәрумендерді бір тәулікте қабылдау мөлшері;
Ғ) дәрумендердің қандай
азық- түлікте болатынына түсініктесе;
Д) тамақтағы
дәрумендерді сақтау.
Тақтаға сабақтың
тақырыбы мен оқушылардың осы сабақта нені білуі мен дағдылану мен
оқушылардың осы сабақта нені білуі мен дағдылану қажеттілігі
жазылады.
Мұғалім кіріспе
әңгімесінде дәрумендерге түсініктеме беріп, дәрумендердің тапшылығы
немесе жеткіліксіз болуы қауіпті ауру туғызатынын, ал аз ғана
мөлшері зат алмасуға әсерін тигізіп, ферменттердің түзілуіне жағдай
жасайтынын айтып, дәрумендердің организімге өсімдік және жануар
текті тағамдардан келетініне тоқталады.
Дәрумендерді 1880 жылы
орыс дәрігері Н.И.Лунин ашты. Қазіргі таңда дәрумендердің 30 шақты
түрі анықталды. Оқуға ыңғайлы болу үшін латын алфабитінің
әріптерімен белгіленген.(А,В,С,Д,Е,К,Р және т.б.) Әріптердің бұл
қатарын «Денсаулықтың керемет әліппесі» десек те болады. Қанекей,
балалар «Денсаулықтың әліппесінің» бетін ашып
көрейік.
С дәрумені туралы
жарнамаға назар аударыңыздар.
1
оқушы сөз алып,С дәруменінің тарихын
баяндауға кіріседі.
Өткен ғасырда ержүрек
саяхатшылар мен теңізде жүзушілер ұзақ сапар кезінде жеміс жидектің
таусылып, жетіспеуі нәтижесінде қырқұлақ ауруына шалдығып отырған.
Мұндай ауру кезіңде қызылиек қанауға бейім болған,ауыздың клегей
қабатына жара шығады, бетте ісік пайда болады, тіс босап түсіп
қалады. Буындар мен бұлшықеттері адам шыдағысыз қақсап, қан
тамырлары жарылып, тері қанталап кетеді. Тез шаршап, басы айналады,
ашушаң болып жүрегі жиі соғады. Қан аздық пайда болып организімнің
жұқпалы ауруларға төзімділігі кеміп, жұмыс істеу қабілеті
нашарлайды.
2оқушы.
Халық медицинасында
қырқұлақты итмұрын жемісімен, қарағай сырасы, пияз, көкөніс жеу
арқылы емдеуге болады. Бірақ осы көкіністің құрамындағы қырқұлақты
емдейтін қандай зат бар екенінен бейхабар болған. 1922 жылы Совет
ғалымы Бессонов пен Венгр ғалымы Суент-Гьерг бір мезгілде С
дәруменін таза күйінде бөліп алды.
3оқушы.
С дәрумені зат алмасуға
қатысады, ондағы дәрумендер ферменттердің құрамына кіреді де,
қоректік заттарды ыдыратып, жасушалар мен ұлпаларға енуіне жағдай
жасайды. Тірі ағза жасушасындағы тотығуға
қатысады.
4
оқушы.
Дәрумендер жұқпалы
ауруларға қарсы тұра алады. Суық тиген адамдарды емдеу мақсатымен
дәрігерлер С дәруменін белгілі бір мөлшерден көп қабылдауға кеңес
береді. С дәрумені адам ағзасының жұқпалы ауруларға қарсы күресу
мүмкіншілігін арттырады. Оны мынадай тәжірибе
дәлелдейді:
2 тышқанды алып, 1 ай
бойы 2 түрлі дозада С дәрумені беріледі. 1 ай өткен соң, екеуіне де
дифтерия ауруын жұқтырады. Тәжірибе нәтижесі:
А) С дәруменін аз
қабылдаған тышқан ауруға қарсы ұзақ күресті;
Б) С дәруменін көп
қабылдаған тышқан тез жазылып кетті.
5
оқушы.
С дәрумені жетіспесе
адам қатты ауырып, жұмыс істеу қабілеті нашарлайды, жұқпалы ауруға
қарсы тұра алмайды. С дәрумені ұзақ уақыт жеткіліксіз болса,
қырқұлақ ауруына шалдығады.
6
оқушы.
С дәруменін ағзаға артық
мөлшерде қабылдағанның зияны жоқ. Артық мөлшері ағзадан зәр, тер
арқылы ағып кетеді.
7
оқушы.
Кодоскопты пайдаланып, С
дәруменін бір тәулікте қабылдау мөлшерін
көрсетті:
А) жеңіл қол еңбегімен
айналысқан адамға 50 мг.
Ә) ауыр жұмыс атқарған
адамға 75 мг.
Б) емізулі баласы бар
анаға 100 мг.
В) жүкті әйелге 75
мг.
Г) 7 жасар балаға 35
мг.
Д) 14 жастағы балаға 50
мг.
8
оқушы.
С дәрумені қандай
азық-түлікте болады деген сұраққа жауап беріп, құрамында С дәрумені
бар заттарды көрсетті.Мәселен, жеміс- жидекте: итмұрын, қарақат,
алма, мандарин,бүлдірген, құлпынай;
Бақша өсімдіктерінің
ішінде: помидор,капуста, пияз, сарымсақ, картоп,
сәбіз.
9
оқушы.
Тағамдағы дәрумендерді
сақтау жөнінде хабарлады. С дәрумені қыздырудан және ауамен
жанасудан тез бұзылады.Сондықтан осы азықты эмальды ыдысқа пісіріп
жеу керек.Көкөністен әзірленген асты пісіре салып ішу керек.
Оқушылар бірлесіп дайындалған материалдарын көрсете отырып
қорытындылайды.
В дәрумені -
тиамин.
1
оқушы.
Голландық дәрігер Эйкман
1980 жылы сұмдық аурудың қаулаған ортасы Ява аралына келіп жетті.
Аурулардың аяқ-қолы тырысып, сал болып қалған. Бұл аурумен ауырған
адамның жүрек, жүйке, қантамырлар жүйесінің жұмысы бұзылады. Адам
тез шаршағыш, ашуланшақ, бұлшықеті әлсіреп, асқазаны ауырады.
Жүрісі бұзылып аяғына кісен салып қойғандай жүреді. Бұл жағдайда
адам бери – бери ауруына ұшырайды. Орысшаға аударғанда «оковь», ал
қазақ тілінде «кісендеулі» деген мағына береді. Бұл аурудың себебін
Эйкман кездейсоқ анықтады Ол былай болған еді:
Ол жұмыс істейтін түрме
ауруханасының қорасында жайылып жүрген тауықтарды бақылауға алады.
Торға отырғызылған тауықты тазартылған күрішпен жемдейді. Сол кезде
олар бери-бери ауруымен ауыра бастайды. Мойындары, аяқтары
тартылып, кейбіреуі өліп қалады. Ал қорада еркін жайылып жүрген
тауықтар сау күйінде жүре береді. Себебі олар әр түрлі өзіне
керекті жемді теріп жеп жүрген. Ауырып қалған тауықтарға
тазартылмаған күріш берсе, олар жазылып кеткен. Күріш қабығында не
бар екенін Эйкман білген жоқ. Бірақ дәрігерлер бери-бери ауруымен
ауырғандарға тазартылмаған күріш беріп емдей
бастады.
2
оқушы.
Поляқ биохимигі К.Фрунк
күріш қабығынан кішкене ғана сары түсті кристалл зат бөліп алады.
Мөлшері 0,0001г. Соның өзі кептерді бери-бери ауруынан емдеуге
жетіп жатыр. Осы кристалды затты К.Фрунк дәрумендер деп атады. В дәрумені
бірнеше топқа бөлінеді: В1,
В2,В3,В4,В5,В6,В12,В15.
3
оқушы.
Дәрумендер қан ауруын
емдейді. Витаминологтар /дәрументанушылар/ адам организімінде
аурудың бірі анимияны дәрумендердің 5 тобының организімде
жетіспеуін болатынын анықтады. Анемия – қан аздылық ауруы.Қандағы
гемоглобиннің азайтып кетуінен пайда болады, ал емдеу жолы - күшті
тамақ, таза ауада көп жүру, жақсы тыныштық күйдегі демалыс. 1855
жылы ең алғаш бұл ауруға толық сипаттама берген ағылшын дірігері
Эдиссон болды. Қан аздылық – анимия ауруымен ауырған адамда сүйек
кемігінде ядросы бар эритроциттер түзіле бастайды. Ядросы жоқ
эритроциттерге айналуға олардың қабілеті жоқ. Кәдімгі
эритроциттерде ядро болмауы керек. Көптеген зерттеулер организмдегі
анемия ауруы В тобының дәрумендерінің жетіспеуінен деп
тапты.
Ауруларға шала піскен не
шикі күйдегі бауыр, не содан жасалған тұнбаларды беру, витамин
уколын салу арқылы да емдейді.
1948 жылы бауырдан қызыл
кристалл, құрамында кобальты бар сұйықтық алынды. Жаңа затты
В12
дәрумені
деп атады.
4
оқушы.
Дәрумен
В2
–
рибофлабин адамның барлық ағзаның жұмысын реттеуге қатысады. Ол
жетіспегенде жасушаның өсуі, жасалуы, көздің көруі нашарлайды.
В2- ақуыз және көмірсу алмасуға
қатысады.
5
оқушы.
В дәрумені ашытқыда,
жұмыртқада, ет, бауыр, бүйрек, сүт, абрикоста кездеседі. Сақтау
жолы: күн сәулесінің әсерінен, қайнатудан кейін азық түлікте
дәрумендер 2 есеге дейін жойылады. Тәулігіне 2 кг В
12 дәрумені
керек.
6
оқушы.
Дәрумен
В6
–
парадоксин жетіспеунен жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Аяқ – қолы
тырысып, ашуланшақ, ұйқышыл болады. Тері ауруы экземаға ұшырап
кетуі мүмкін. В6
ақуыз
алмасуға, жасушаның тыныс алуын реттеуге қатысып, тамақтың сіңуіне
әсерін тигізеді. В6
дәрумені
ашытқанда, бауырда, бүйректе, етте, жұмыртқаның сарысыңда, бұршақ
тұқымында т.б. кездеседі.
7
оқушы
Дәрумен
В12
топырақта, суда, батпақта бактериялар арқылы пайда болады.
Топырақтан В12
жануарлардың қарны мен ішегіне жем, шөп арқылы түседі де,
белгілі бір бөлігі етіне, бауырына, бүйрегіне жиналып, бір бөлігі
нәжіс арқылы сыртқа шығарылады. Жаңа туылған баланың ішегінде
бактериялар жоқ, 3-4 күннен кейін баланың ішегінде көптеген пайдалы
бактериялар пайда болады. Сондықтан осы 3,4 күнде баладан қан кетсе
жәрдем көрсете алмаймыз. Сондықтан бактериялар арқылы пайда болған
дәруменге К дәрумені жатады. Ол қанды ұйытуға
қатысады.
8
оқушы.
В дәрумені туралы
оқушылардың алған білімдерін қорытып. Онда дәрумендердің сұйық
/укол/ түріндегісін, жиналма кітапшасын, осы дәрумендер кездесетін
азық- түліктерді көрсете отырып түсіндіріп,сөзін
аяқтайды.Дәрумендердің азық- түлікте қандай жағдайда сақталатыны
жөнінде тәжірибе жасап көрсетеді.
Мұғалімнің мақсаты:
берілген азық-түлікте дәрумендердің бар, не жоқ екенін
анықтау.
-
Стаканға таза су құйып,
3-4 тамшы иодты тамызады. Нәтижесі қандай? Оқушының жауабы: иодтың
түсі өзгермейді.
-
2 стаканға кампот
құйып,3-4 тамшы иодты тамызып, түсі өзгергенін,өзгермегенін
бақылауға тапсырады. Иодтың түсінің өзгермегенін
көрдік.
-
Алманың жарты бөлігіне
бірнеше тамшы иод тамызғанда,біраз уақыттан соң иод
түссізденеді.
Қорытынды: кампотта дәрумендердің мөлшері
азаяды, алмада дәрумендер сақталады.
Оқушылардың осы сабақта алған білімін нақтылай түсу үшін
сабақтағы тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
Мұғалім
оқушылардың білімін үйден жасап келген көрнекіліктеріне,
жинақталған материалдарына, өз білгенін көпшілікке жеткізе білуіне,
икемділігіне мән бере отырып бағалайды.