“Ұлан
ауданының білім бөлімі» ММ
«Жарқын болашақ» республикалық
олимпиадасының
аудандық кезеңінің ашылу
сценарийі
Қазақ тілі пәнінің
мұғалімі: Мамиева С.К.
2017-2018 оқу
жылы
Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,
қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен
насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін
дамыту
(Сахнаға бір-бірлеп
шығады)
1-жүргізуші:
Шұғыла
Табысқан соң дүние
фәнименен,
Тал бесікте жатқанда сәби денем
Ана тілі бойыма сіңдің шым-шым
Даусыменен анамның әлдилеген.
2-жүргізуші: Диляра
«Апа» - деппін анама бір
күн күліп,
«Әке» - деппін әкемді сілкіндіріп.
Өз тілімде осылай алғаш рет,
Былдыр қаға бастаппын тіл сындырып.
1-жүргізуші Елдана
Ана тілім бойдағы зор
намысым,
Тор құрсаулар жолыңда болғаны шын
Бұзып бәрін бүгінге аман жеткен
Жырым-жырым жаралы жолбарысым.
2-жүргізуші Анара
Қалды артта қиямет азапты
күн,
Қазақстан – Отаным азат бүгін
Қасиетті тілімнен мың айналам
Сақтап келген қазақтың қазақтығын.
1-жүргізуші Айдос
Жаяйыншы, Жаратқан,
сырымды алға,
Бәрін алсаң өзің біл, тілімді алма.
Тілім барда елім бар еркелеткен
Мен де бармын санатта тілім барда.
Тіл: Мынау қай жер? Мен
қайда келдім?
Шұғыла: Бұл таланттылар
мен талаптылар жиналған
Диляра: Бұл өнерлі мен
өнерпаздар жиналған
Елдана: Бұл білімділер мен
білгірлер жиналған
Анара: Бұл тіл жаңашырлары
жиналған республикалық Жарқын болашақ олимпиадасының аудандық
кезеңі! Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қош
келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Айдос
Әрқашанда білім көптік
етпеген,
Талапсыз жан мұратына
жетпеген.
Сәлем бердік ұландарға
талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ
ниетпен! дей келе, бүгінгі аудандық «Жарқын болашақ»
олимпиадасын ашық деп
жариялаймыз!
-
Қазақ биі
2-оқушы:
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
4-оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
-
КӨРІНІС «Елді тілден
айырғанын баланы анасынан айырғанмен тен!»
Диляра:
Ұйықтап жатқан жүректі ән
оятар,
Оның
тәтті оралған мәні оятар.
Кейі
сауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас
балаша көңілді жақсы оятар,- дей отырып әсем әуенді сіздердің
құрметтеріңізге арнаймыз!
-
Ән:
Арысбек, Аружан «Тілім менің»
-
Оқушылардың мәнерлеп өлең оқулары
1-оқушы: Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Тіл өшпейді, Тіл
өлмейді, өміршең күй кеше береді.
Хормен:
Кіршіксіз қардай
сақтаңдар,
Қазақ тілін ғаламат.
Ана тіл - арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным - деген ақынның
жалынды сөздерін өміріне ұран етіп ұстаған, бүгінгі білім
қуған, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жас дарындар, өздеріңізге
сәттілік тілейміз, ана тіліміздің мәртебесі арта берсін
дей келе құттықтау сөзді Ұлан аудандық білім бөлімінің әдіскері
________________________________________________________
береміз.