Жамбыл облысы Шу ауданы, Абай
ауылы, Абай атындағы шағын орталықты орта
мектебі
Сабақтың
тақырыбы: Эстафеталық
сайыс
Пән
мұғалімі: Юсупов
Н
Сыныбы:
«3»
Сабақтың
мақсаты: Оқушылардың спорттық ойындарға
деген қызығушылығын,қимыл
қозғалыс
біліктілігін арттыру,салауаттылыққа
дағдылау,өскелең
жеткіншектің
қабілетінің дамуына ықпал
ету,жылдамдық,ептілік,
рефлексін
дамыту.Өмірде белсенді ұрпақ
тәрбиелеу.Оқушылар
бойында жеке тұлға
және қоғамдық тәртіп нормаларын
қалыптастыру.
Құрал-жабдықтары
мен көрнекіліктері: ысқырық,баскетбол
доптары,
таяқшалар,кедергілер,
төсеніш.
Ережесі:
І. Команда
құрамы:
әр командадан 7 ұл,6 қыз
қатысып,бір команда құрайды.
ІІ. Жарысқа
қатысушылар:
«Жас Ұлан» және
«Жас Қыран» топтары
Абай атындағы шағын
орталықты орта мектепте аудандық семинар аясында өткізіліп
отырылған эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер. Бүгінгі біздің
жарысымыз Алматыда өткізілген 28-қысқы Универсиадаға қолдау көрсету
мақсатында, «Универсиада лауы» атты ұранымен өткізгелі отыр.
Жарысымызды бастамастан бұрын жарысымыздың әділ бағасын беретін
әділ қазылар алқасымен таныстыра
өтейік:
1.Шегиров
Бегалы
2.Альчиев
Мадияр
3.Ахметов
Бақыт
4.Райымбеков
Сәбит
Жарыс шарттарымен
таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер. Бүгінгі эстафеталық жарысымыз 9
кезеңнен тұрады, әр кезең сайын әділқазылар өздерінің бағаларын
беріп отырады. Ең жоғарғы ұпай – 5 ұпай. Жарысқа қатысушы
командаларды қошеметпен ортаға
шақырамыз.
әр команда спорттық
формасы,ұраны болуы тиіс.
ІІІ. Жарысты
бағалау.
Әрбір ойын 5 балды
жүйемен бағаланады.Көп ұпай жинаған команда жеңіске
жетеді.
ІV.
Марапаттау.
Жарыс жеңімпаздары
мен жүлдегерлері тиісті дәрежелі дипломмен
марапаталады.
Жарыс
барысы:
1.Эстафета
Бірінші оқушы
барарда кедергілер арасымен жылдамдықпен жүгіріп барып,қайтарда
тура жүгіріп келіп эстафета таяқшасын келесі ойыншыға
беру.
2.Эстафета
Қаппен
секіру.Оқушылардың бір-бірлеп барарда қаппен кедергілер арасымен
секіріп барып, қайтарда тура секіріп қайтып келесі ойыншыны
жіберу.
Тапсырма: Мақалдардың жалғасын
табу.
1.Жауға жаныңды
берсеңде,
Сырыңды (берме)
2.Болат қайнауда
шынығады,
Батыр (майданда
) шынығады.
3.Ашу – дұшпан, ақыл
– дос,
Ақылыңа (ақыл
) қос.
4.Оқу инемен
құдық (қазғандай).
5.Отан үшін отқа түс
– күймейсің.
6.Оқу –
білім (бұлағы)
7.Жаңбырменен
жер (көгерер),
Батамен ер
көгерер.
8.Ерді намыс
өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
9.Ырыс алды
– (ынтымақ)
10.Өнер
алды -(қызыл) тіл.
3.Эстафета
Себетке доп лақтыру.
Команда мүшелері кезекпен себетке доп лақтырады. Әр себетке
түсірген доптары үшін 5 деген ұпай
беріледі.
4.Эстафета
Су тасушы. Команда
мүшелері ыдыстағы суды тостағанмен екінші ыдысқа тасып жинайды.
Суды көп жинаған команда жеңіске
жетеді.
5.Эстафета
Оқушылар допты
аяғының арасына салып барарда кедергілер арасымен секіріп
барып,қайтарда тура секіріп келіп допты келесі ойыншыға
беру.
Тапсырма. Есеп
шығару
1.(12+25) -
17=20
2. (14+6) + 25 =
45
3.42 – (20 + 10) =
12
4.(80 + 20) – 50 =
50
5. 60 – (20 + 15) =
25
6.90 – (30+15) =
45
7.20 + (10-5)
=25
8.30 – (25 + 2)
=3
9.40 + (10-5)
=45
10.25 + (10-9)
=26
11.50 – (20+10)
=20
12.15 + (10-5)
=20
6.Эстафета
Бірінші ойыншы
жүгіріп ортадағы матаға домалап барып қайтарда тура жүгіріп
қайтып,келесі ойыншыға қолын тигізіп,ойынды
жалғастыру.
7.Эстафета
Жауынгер
қораздар. Шеңбердің ішінде екі бала
жарысқа түседі. Олар бір аяқта секіріп (қолдары арттарында) бір
бірін иықтарымен немесе төстерімен итере, қарсыласын шеңбер
сызығынан шығаруға тырысады. Шеңбер сыртына шығып қалған ойыннан
шығады.
8.Эстафета
Капитандар сайысы.
Әр команданың капитанына спортқа байланысты 5 сұрақтан қойылады. Әр
дұрыс жауапқа 5 ұпайдан
беріледі.
9.Эстафета
Арқан тартыс.
Команда мүшелері топтасып арқан
тартады.
Құрметті ұстаздар
және оқушылар! Осымен біздің бүгінгі 28-қысқы Универсиаданы қолдау
мақсатында, «Универсиада алауы» атты ұранымен өткізілген жарысымыз
өз мәресіне жетті. Енді жеңімпазды анықтау үшін өз кезегін
әділқазылар алқасына
береміз.
Бүгінгі «Эстафеталық
сайысымыздың» жеңімпазы:
командасы.
Осымен «Эстафеталық
сайысымыз» аяқталды. Қымбат уақыттарыңызды бөліп
тамашалағандарыңызға рахмет! Салауатты өмір-салтын ұстанып, нұрлы
болашаққа қадам баса берейік,
ағайын!