400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

жас физиктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қызықты физика
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, тәжірибе көрсететін құрал - жабдықтар, сыйлықтар, марапаттау қағаздары.

Мұғалім: Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем
Бүгінде физика барлық жерде.
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның игеріңдер
Шәкірттер, ынта қойып үйреніңдер!
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,- деп, бүгінгі «Қызықты физика » атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бұл сайысқа үш топ келіп отыр.
I топ «Жылдамдық»
II топ «Уақыт»

III топ «Тығыздық »

Топтардың сайыстары бағасы әділ болу үшін «Әділқазылар» сайлап алғанымыз дұрыс болар.
1. Салтанат ағай
2. Дариға апай
3. Айгерім апай

I. Командаларды таныстыру.

I «Физика біздің айналамызда»сайысы (сұрақтарға жауап беру)

II – бөлім: Жұмбақтар

III - бөлім: «Кім көп формула біледі?»
Екі топ бөлек қағазға формула жазады. Уақыт беріледі.
IV - бөлім: логикалық сұрақтар

V- бөлім. Ойын «Жер - Теңіз - Ауа»



I «Физика біздің айналамызда»сайысы (сұрақтарға жауап беру)

I топ:
1. Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген? (диффузия)
2. Физиканың «Бірінші ұстазы» кім? (Аристотель)
3. Астрономияда пайдаланылатын ең басты құрал? (телескоп)
4. Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)

II топ:
1. Массаны өлшейтін құрал? (таразы)
2. Тығыздықтың өлшем бірлігі (кг/м3)
3. Ең бірінші қазақ ғарышкері? (Т. Әубәкіров)
5. Әтір иісі бөлмеге қандай құбылыстың әсерінен тарайды? (диффузия)


III топ:

1. Молекуланың үздіксіз, ретсіз қозғалысы (диффузия)
2. Итальян ғалымы (Галилей)
3. Заттың үш күйінің бірі (Газ)
4. Табиғатты зерттейтін ғылым (Физика)

II – бөлім: Жұмбақтар

1. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш)

2. Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді. Жауабы: Күн мен Ай
3. Отқа жанбас,
Суға батпас. Жауабы: мұз (1балл)
4. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. Жауабы: шаңғы (1балл)
5. Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді Жауабы: Су (1 балл)
6. Жылдың төрт мезгілінде де,
Мазасызданады ол неге? Жауабы: Жел. (1 балл)

7.Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. Жауабы: Масса. (1балл)
8. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)

9. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

10. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)


III - бөлім: «Кім көп формула біледі?»
Екі топ бөлек қағазға формула жазады. Уақыт беріледі.

IV - бөлім логикалық сұрақтар ( 1ұпай)
1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)
2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4. неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
5. дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
10. қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)
12. жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
13. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
14. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)
15. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)



V - бөлім. Ойын «Жер - Теңіз - Ауа»
1 - топ «Теңіз»
2 - топ «Ауа»

3- топ «Су»
Сұрақ: Осы екі сөз туралы физика, биология, химия, әдебиет тілдерінде не айта аласыңдар?
Қорытынды:
Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайды екен тірі де ол
Саған ән, айтылған сөз ішілген ас,
Ғарыштың кемелері, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр,
Бәрінің бағынары физика ғой!- дей отырып, ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз. Топтарды марапаттау.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
612
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі