Материалдар / “Жас-жалын” математика пәнінен 6 сыныптарға арналған интеллектуалды сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Жас-жалын” математика пәнінен 6 сыныптарға арналған интеллектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен 6 сыныптар арасында интеллектуалды сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2023
406
8 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады








Тақырыбы:


«Жас жалын»



















Тақырыбы: «Жас жалын»

Күні: ж

Мақсаты:

  • Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

  • Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

  • Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке,

өзін – өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, логикалық есептер, әр жұпқа даярлаған үстел, карточкалық тапсырмалар.

Түрі: Сайыс сағаты

Типі: Ойын түрінде

Қолданылған нақыл сөздер:

  1. Математика - ғылымдардың патшасы, ал арифметика математика патшасы”

(К. Гаусс)

2. “Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика,

сондықтан да оны оқу керек”

(М. В. Ломоносов)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

Жас -жалын атты 6- сыныптар арасында өткізіліп жатқан сайысқа қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысымызда әр сыныптың атынан екі оқушы қатысып, өз білімдерін сынап көреді.

6 «а», 6 «ә», 6 «б», 6 «в», 6 «г», 6 «д» сыныптардың намысын қорғауға келген оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

Математика сырлары

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: «Өмір деген көк мұхиттың толқыны

Бір – бірімен жатқан шулап, жалғасып.

Бір – бірімен жатқан тулап арбасып

О, Толқындар, арпалысып алға шық

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын

Құштарлықтың толғағы мен көктемі» деп Т. Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынаспақ. Ең алдымен сайыскерлеріміз өздерін таныстырып кетсе!


І кезең: «Ойлан тап»»

сұрақтар тақырып бойынша және ұпай сандары көрсетілген. Таңдап жауап бере алмай қалған жағдай да қарсыласы жауап беруге болады. (Таңдау әр жұпқа 2 реттен беріледі)


ІІ кезең: «Эстафедалық есептер!»

Әр топқа 1 есептен беріледі. Дұрыс есепке 5 ұпайдан беріледі.


ІІІ кезең: «Жақсы ойлар....»

Қатысушыларға тапсырма жазылған қағаздар таратылады. Топтарға таратылған А4 қаазға тапсырманы орындайды. (10 балл)



І кезең: «Ойлан тап!» бойынша ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.


ІІ кезең:. «Эстафедалық есептер!»

1

1. Салмақтары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 грамм болатын алмаз тастардысалмақтары тең болатындай етіп, төрт сандықшаға қалай орналастыруға болады?

Жауабыңды негізде. 7 грамнан болуы керек:

(1+ 2+ 3+ 4+ 5+ 6 +7):4 =28:4=7 (г) .

Былайша орналастыруға болады:

7+(1+6)+(2+5)+(3+4).

Жауабы: 7 грамнан.

2. «Сарыарқа фирмасы» Фирма айына 2440 тонна ұн өндіреді де, халыққа бөлігін сатады. Қанша ұн сатылады?

Жауабы: 1830 т

3. Шабарман 2,72 км қашықтықты шауып өту керек болды . Егер осы қашықтықты 0, 8 км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта шауып өтеді

Жауабы : 3,4 сағат


ІІІ кезең: «Жақсы ойлар....»


"ОРМАН ӨРТТЕРІ" 

Кіріспені оқыңыз. 

  Ормандар Ресей аумағының жартысына жуығын қамтиды. Жыл сайын Ресейде өрт бірнеше жүз мыңнан бірнеше миллион гектарға дейін орманды қамтиды – мұндай аумақты сөндіру үшін бір реттік қамту 100 мың немесе одан да көп адамды қамтуы керек. Орман өрттері табиғатқа үлкен зиян келтіреді. Табиғи орманның биологиялық процестері бұзылады, топырақ жамылғысы бұзылады. Адамға  да зиян, себебі пайда болған түтін адамның тыныс жолдарының бұзылуына әкеледі. 

Тапсырма 1 

Сұраққа жауап жазыңыз. 

  • Өртті қалай тоқтатуға болады? Ерекше шешім немесе әркім  ойлап таппайтын

  • A4 – ке ойынызды көрсетіңіз

  • идея табуды тырысыңыз.

Жүргізуші:

Айыра біл жақсы менен жаманды

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағын да  өмірдің,

Айыра  біл тапсырмаңды  алдағы.

 

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі.

Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі! 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!