Материалдар / "Жас жүрек жайып саусағын" атты өлеңдер жинағы 8-сынып оқушысы Зеркен Мархаббат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жас жүрек жайып саусағын" атты өлеңдер жинағы 8-сынып оқушысы Зеркен Мархаббат

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл оқушымның шығармашылық жұмысы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
471
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің 8--сынып оқушысы Зеркен Мархаббаттың өлеңдер топтамасы.


Зеркен Мархаббат Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің 8-сыныбында оқиды, оқу озаты. Бос уақытында ән айтуды, шығармашылық жұмыстармен айналысуды ұнатады. Бүгінгі күні Мархаббат қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұргүл Ертайқызының жетекшілігімен өлең шығарып келеді. Мектептің мақтан тұтар оқушыларының бірі.

















Әкеме

Әке, асқар таусың ардан биік,

Жүремін ақылыңды ойға түйіп.

Ақылшым, Алатауым, бір мен үшін,

Қорғансың, Алатауым, бір мен үшін.


Жаралғансың, әке, сен ар-намыстан,

Өмірдің қиынымен арпалысқан.

Үлгіңді, тәрбиеңді көріп өстім,

Мен сенің балапаның самғап ұшқан.


Әке, сені мәңгілік қадір тұтам,

Ойымда-айтқан ақыл, берген батаң.

Өзіңдей әкелермен өмір қызық,

Өзіңдей әкелермен бақытты Отан.



Далам менің

Далам менің, даңқым менің,

Атырапты алтын кенің.

Жұпар иісін жұтып өстім,

Өрлемей ме, нарқым менің.


Жусаны мен жуасы бар,

Сылдыр сулы тұмасы бал.

Жауын жауып, күн шыққанда,

Қызыл барқыт гүл ашылар.


Астана

Көк орайдай жайнаған гүл Астанам,

Көкіректе нұр ойнаған жас қалам.

Бар әлемде сендей жер жоқ секілді,

Жарқырай бер Нұрағаммен жас қалам!


Алматы мен Астана егіз қалам,

Жаратқан екеуін де хақ тағалам.

Көк байрағым төбесінде желбіреп,

Көркейе бер, әсем қалам, қос қалам.


Астана! Алтын арай арман қала,

Сұлулығың ерекше, болған дара.

Бәйтерегің мәңгіліктің символы боп,

Шаттықтан ән шырқасын мына дала.


Кеудеме сыймайды ғой бұл қуаныш,

Астананың көркейгені бір жұбаныш.

Тәуелсіз, егеменді, азат елміз,

Құшағымда қайнайды бір сағыныш.










Туған жер

Баянаула бұл менің туған жерім,

Еш жермен тең келмес туған елім.

Биік-биік тауларың Алатаудай,

Көзіңді тартып тұрар бір алдырмай.


Баянауыл –қаситті сенің атың,

Сұлулыққа толы ғой табиғатың.

Арқада сұлу жерлер болғанымен,

Қайсы бар, сеніменен таласатын.


Сабындыкөл, Торайғыр, Жасыбайың,

Сұлулыққа толы ғой тау мен бағың.

Сұлулығың барша әлемге мәшһүр болып,

Тарихыңды қара сөзбен тасытайын.


Неткен асыл мына сенің топырағың,

Тереңнен жайған екен жапырағын.

Әулиелі, киелі жер, Баян елі

Әр ақынның қаламында жатыр әнің.


Мәшһүр Жүсіп, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбектер,

Сенен туған Қаныштай асыл тектер.

Әйгілі Бұқар жырау, Шоң мен Шорман,

Аша берсең көп қой мына тарих беттер.

Перзентімін Егінді ерке бұлағының,

Ата-тегім уақтың ұрпағымын.

Туған жерге, құт-береке тілеп елге,

Осыменен өлеңімді аяқтадым.


Тәуелсіз елім-Қазақстан


Тәуелсіз көк байрағы желбіреген,

Көгінде жарқыраған күнді көрем.

Самғасын қырандарын әрқашанда,

Ауаң мен суларыңнан бақыт төнген.


Қазағым, тәуелсіз, елім менің,

Жайнаған өзен көлің, нуын, төрің.

Мен сенімен мақтанамын әрқашанда,

Желбіресін қырандай алтын туың.


Тарихта үлкен жол бар қазағымның,

Туды ғой сеніңдағы азат күнің.

Елбасы, елағасы егіз ұғым,

Жарқырасын ай менен жұлдыздарың.


Көгершінің қалықтасың көгінде,

Болмасыншы ешбір уайым өмірде.

Татулық пен бірлігіміз жарасып,

Бақыт құсы қона берсін еліме.







Ана тілі


Ана тілім қасиетіңнен айналдым,

Қасиетіңнен дәмі балдай нәр алдым.

Тіл арқылы білімді құйдым жадыма,

Тіл арқылы барша әлемді таныдым.


Тілім менің алтын қазық діңгегім,

Тілімменен тарихымды тербедім.

Сол тілменен жан дүниеммен сырласып,

Сырымды мен тіл арқылы білдірдім.


Тілі менің, күшім менің қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысың мен көркіңді,

Тізерлесіп қатар жазса мың ақын.


Тілім менің лаула, самға биікке,

Қаяу салма еш уақытта жүрекке.

Тәуелсіз, азат елдің төріне,

Көк байрақпен әр уақытта көкке өрле.









Достық

Шын достықта сыр болмайды қашанда,

Сатылмайтын иманы бар алтынға.

Достық, достық, адамдықтан қашалған,

Сосын қымбат бұзылмаған қалпында.


Заман мынау азғырса да арасын,

Адал ниет төтеп берер дауылға.

Түсіре алмас шын достықтың бағасын,

Қарлы боран, найзағайлы жауын да.


Қиындықты бір көреді шын достық,

Қол ұстасып ғұмыр атты сүрлеуге.

Досы үшін барын берер құрдас та,

Келмесе де қысқа жібі күрмеуге.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!