Ақмола облысы Зеренді ауданы
«Қанай би негізгі мектебі» КММ
Мектепке жас мұғалімнің
бейімделуі.
Баяндама-тренинг
Өткізген:Педагог-психолог Нұрмұхамбетова
А.С.
2020-2021 оқу
жылы
Көптеген жас мамандарға
мектепке бейімделу қиынға соғады. Осы арада жас мамандарға көмек
көрсеткен жөн. Яғни, психологиялық кеңес беру керек. Психологиялық
кеңес беру- тұлғааралық қарым-қатынастағы қиындықтармен байланысты
әр түрлі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен
тәуелсіз жұмыс.
Басқаларды қабылдау, олармен басқа қатынастар
жасау кезінде бір-бірімен жағымды эмоциялық қарым-қатынас
орнатады.
Жас мамандардың мектепке бейімделуін дамытып,
қарым-қатынас орната алу қасиеттерін қалыптастыру үшін тренингтер
ұйымдастыруға болады.
Тренингте шеңбер бойына жинауды негізге ала отыру
керек. Шеңбер психологиялық байланысты ұйымдастыру үшін қолайлы.
Шеңбердегі жылулық пен мейірімділік бұл жас мұғалімдердің өмірінің
жалпы ахуалын анықтары сөзсіз.
Тренинг.
Мақсаты: Мұғалімдер арасында қолайлы жағдай
қалыптастыру, ойын, мінез-құлық қабілетін, әлеуметтік өзара әрекет
дағдысын дамыту, бөтен мәдени топтың жаңа қоршаған ортасымен,
негізгі нормаларымен, құндылықтарымен, сенімдерімен адамды тез
таныстыру. Топта сенімді және ашық атмосфера құру.
Жаттығу: «Амандасу»
Әр қатысушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен)
қол қимылы арқылы, дене қимылымен (пантомимикамен) вербальды
әрекеттерді қолданбай амандасу қажет.
Жаттығу: «Тұсаукесер»
Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, психолог
(жетекшілерден) бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог:
«Ыммен, қол қимылы арқылы, бір-екі сөзбен өзіңізді топқа Сіз қандай
адам тұрғысынан сезінетініңізді, топтың Сізді қалай қабылдауын
қалайтындығын көз алдыңызға елестетіп, сол туралы айтып беруге
ұмтылыңыз»,- дейді.
Жаттығу: «Мұз жарғыш»
Қатысушылар екі қатар құрып , бір-біріне қарап
тұрады.
Мақсаты: Серіктесті итеріп жіберу.
Талқылау. Қойылатын сұрақтар.
Жаттығу: «Көпір»
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диоганаль
бойынша бормен сызық жүргізеді. «Бұл сызық тасып ағып жатқан тау
суынан өтетін көпір. Төменде жерге теңселген,тартылып байланған
көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді
жол, тек бір ғана адам өте алады,әрі артқа шегінуге ,қайтып келуге
жол жоқ. Бір біріне қарама қарсы келе жатқан екі адам- екі ұлттың
өкілі,бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалайда болса көпірден құламай
аяғына дейін жету керек» тапсырманы орындауға бір минут уақыт
беріледі.
Талқылау:
-Тапсырма ненің көмегімен
орындалады?
- Қатысушылар бір біріне
көмектесті ме?
-Осы жағдайда қарым
қатынастың қандай құралдары маңызды? (вербальді немесе вербальді
емес)
Жаттығу:
«Көзқиық»
Қатысушыларға адам саны
бірдей ішкі және сыртқы шеңбер құру ұсынылады. Іштегі шеңберлер
сырттағыларға қарап тұрады. 1 минут қозғалмай бір біріне қарап
тұрады. Содан кейіен сыртқы шеңбердегілер сағат тілі бойынша
қозғалып келесі серіктеске барады. Сөйтіп осы көрініс қайталанады.
Бірінші жаттығу аяқталып әрқайсысы өз орнына отырады.
Ескерту: жаттығу қанша
дегенмен,көптеген тұлғалық тосқауылды жеңуді талап етеді. Топтың
барлық мүшелері өзін шаршаған және тітіркенген адам сияқты сезінуі
мүмкін. Мұндай жағдайда төмендегі жаттығулардың біреуін қолдануға
болады:
А. Бәрі бірге дем тарту мен
оны шығару;
Ә. Шеңбер құрып барлығы
бірге тебінуі,бір мезетте қолды жұдырықпен сілку;
Б. Барлығы бірге «А»деп
немесе «Иә» деп айқайлау керек.
Талқылау:
-Жаттығудың басында және
аяғында өзіңіздің қандай күйде болғаны жайлы;
-Не жасағысы не айтқысы
келтіні туралы;
- Адам бір-біріне қараған
кезде қандай ойлар пайда болғаны жайлы;
-Серіктес не туралы ойлағаны
жайлы айту керек.
Жаттығу: «Құрметті
қонақ»
Қазір арамыздағы бір адам
осы ортадан сыртқа шыға тұрады. Біз шақырмайынша кірмейді. Қалған
адамдардың бесеуі ойынға қатысатын әр адамның мінез-құлқын
бағалауға әділқазылар құрамын құрады. Есіктің сыртындағы адам-
біздің құрметті қонағымыз. Ол шетелдік, өзінің және біздің халық
арасындағы шынайы қатынасты дамытуда белгілі үлесін қосқан тұлға.
Шетелдік адам алдын-ала өзін кез-келген ұлтқа тиістілігін анықтап
алып, қай ұлттың өкілдігі екенін таныстырады. Арамыздағы бір адам
сол қонақты алып жүруші. Әрі біздің қонағымыздың тілмашын осы
ортаға ертіп келеді. Ары қарай әр адам қонақпен қол алысып, одан
бір нәрсені сұрап, әңгімелесіп, қалай да оның ішін пыстырмаудың
амалын ойлау керек. Әділқазылар алқасы бір-бірімен байланыспай,
шешім қабылдап, қай адам қонақпен араласуда салқындық көрсетіп,
қысылатын болса, оған ұпайды төмен қояды. Әділқазылар бағалары
бойынша орта арифметикалық бағаны қатысушының әрқайсысына
шығарады.
Талқылау:
-
Қарым-қатынаста қандай қиындықтарға тап
болдыңыз?
-
Егер осы ойынды қайталасақ, Сіз өзіңізді жеңіл,
еркін сезінесіз бе?
-
Мінез-құлқыңыздың бағытын өзгертер ме
едіңіз?