Материалдар / «Жас математиктер»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

«Жас математиктер»

Материал туралы қысқаша түсінік
устаздарга арналган
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2018
730
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Жас математиктер»

Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті көрермен,

Сөз бастайын термелетіп өлеңмен

Тәрбиелі, білімді боп әрқашан

Өс, өркенде қанат жайып кемелден.

1-жүргізуші:

Жас болсақта қиындықтан қашпаймыз

Есептерді бірден шешіп тастаймыз -

Деп отырған боларсыздар достарым

«Жас математиктер» атты кешімізді бастаймыз.

2-жүргізуші:

Әділ қазы алқасына бір сәлем

Әділдігіне бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыста неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл,- деп сайысымызды бастамас бұрын оқушылардың білімдерін әділ бағалайтын әділ қазылар алқасын сайлап алайық!

1-жүргізуші:

Бүгінгі математикалық кеште ең зерек, ұшқыр ойлы оқушыларымыз қатысып отыр.

Олар:

Үлгілі тәртіп жақсы оқу,

Алға қойған мақсаты

Әрқашанда мектепте,

Шығып жүрген жақсы аты-

деп 7 сынып оқушылары

2-жүргізуші:

Жиналған ылғи дарындар,

Жүрегі от боп жалындар.

Үздіктердің үздігін

Қол соғып қарсы алыңдар- деп

8 сынып оқушылары.

1-жүргізуші: «Жас математиктер» сайыс шарты бойынша біздің оқушылар

8-турдан тұратын сыңнан өтеді.

1-тур: Таныстыру бөлімі

2-тур: “Мықты болсаң жеңіп көр”блиц сұрақтар

3-тур: “Жүйріктер жеңер бәйгені” Әр халықтың есептері

4-тур: “Сиқырлы таяқшалар”

5-тур: “Сен маған, мен саған”

6-тур: “Математикалық бас қатырғыштар”

7-тур: “Білімдіге биіктен орын”

8-тур: “Математика өмірде”

Жүргізуші:

1-тур: Таныстыру бөлімі

Жүргізуші:

2. «Мықты болсаң жеңіп көр» блиц сұрақтар жарысы. Әр топқа 10 сұрақ қойылады, сұраққа тез және жылдам жауап беру қажет.Әр дұрыс жауап 2 ұпай беріледі.

Бүгінгі күн сайыста

Сен ешкімнен қалыспа

Біліміңді көрсетер

Сұрақтарға жауап бер!

Квадрат тобына:

  1. Шаршының қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең? (36см)

  2. Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді. Бұл қандай сан? (111)

  3. Бөлімдері 10, 100, 1000 болып келген бөлшектер қалай аталады? (ондық)

  4. «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1сағ 43 мин)

  5. Қатар тұрған уш санның қосынысы да. Көбейтіндісі де 6-ға тең. Олар қандай сандар? (1, 2, 3)

  6. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса қанша бұрыш қалады? (бесбұрыш)

  7. Шеңбермен бірғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама) 

  8. Шеңбер сызатын құрал? (циркуль)

  9. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш? (тіктөртбұрыш)

  10. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ) 

  11. Қандай сандар 0-ден үлкен? (оң сандар)

  12. Квадраттың неше қабырғасы бар? (4)

  13. 120 -қа теңбұрыш қалай аталады? (доғал)

  14.  Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус) 

  15. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

  16. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)

  17. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)

  18. 25 құрама сан ба жай сан ба?(құрама)

  19. Қабырғасы 6 см және 8 см тік төртбұрыштың ауданы неге тең?(48 см²)

  20. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

«Үшбұрыш» тобыны

1. Жазыңқы бұрыштың шамасы? (1800)
2. Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле. (биссектриса) 
3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель) 
4. Санау үшін қолданылатын сандар? (натурал сандар)
5. Шопаннның барлық қойының 320 – сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр, Жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың жартысындай. Шопанда барлығы неше қой бар?(480) 6.Үшбұрыштың тікбұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипо-тенуза). 
7. 70
-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір) 
8.
Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр түзулер)
9. Қосарланып жегілген үш ат 1 сағат ішінде 14 км жол жүреді? Осы уақыт ішінде 1 ат қанша жол жүреді?

10. Екі қатынастың теңдігі. (пропроция) 
11. Үшбұрыштың тікбұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері) 
12.
225 нешенің квадраты? (15)

13. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

14. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

15. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (1)

16. 1 саны мен өзіне ғана бөлінетін сандар? (жай сандар)

17. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)

18. Бұрышты өлшейтін құрал... (транспортир)

19. 31 құс ұшып келе жатты. Аңшы біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (1)

20. Төртке кері сан?(төрттен бір)

Қорытынды:

2-жүргізуші:

Асып әсте саспайық,

Батыл қадам бастайық.

Еркіңді билер барынша,

Жарыста, сірә қалыспа.-

деп «Жүйріктер жеңер бәйгені» сайысымызды бастаймыз.

Бұл сайыста екі топқа да әлем халықтарының есептері оқылады. Кім жылдам, сол бірінші жауап береді. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.

1-жүргізуші:

1.Болгар халықтарының есебі:

Балықшы балық аулады. «Қанша балық ұстадың?»- деген сұраққа «Сегіздің жартысы, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсыз»,- деп жауап береді? Балықшы қанша балық аулаған?

Шешуі:Сегіздің жартысын алып тастасаң нөл, алтының басын алып тастасаң нөл, тоғыздың аяғын алып тастасаң нөл. Балықшы балық аулаған жоқ.

2-жүргізуші:

2.Греция халықтарының есебі:

Атақты Пифагордан « сенің әңгімеңді тыңдауға мектебіңе қанша адам келеді?» – деп сұрағанда Пифагор былай деп жауап береді. «Менің жарты оқушыларым математиканы, ¼ бөлігі музыканы,1/7 бөлігі уақытын үнсіз ойлануға жібереді, қалған бөлігі 3 оқушы»-деп жауап берген. Неше оқушы?

Шешуі: х/2+х/4+х/7+3= х

14х+7х+4х+84 28х

3х84

Х 28

Жауабы: 28 оқушы



1-жүргізуші:

3.Египет есебі

Әрбір 7 адамның әрқайсысында 7 мысық, әр мысық 7 тышқаннан, ал әр тышқан 7 бидай собығын жояды. Бір бидай собығында 7 уыс дән бар. Тышқандардан қанша уыс бидай дәнін сақтап қалады?

Шешуі:7*7*7*7*7=16807

2-жүргізуші:

Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп,

Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп

Есепсіз өмір сүрген мазмұнсыз – ау

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек-

деп келесі 4-ші тур Таяқшалар сөйлейді кезек береміз. Бұнда 2 топқа 2 есеп беріледі. Дұрыс шығарылған есепке 2 ұпай

1-жүргізуші:

Ал келіңдер, келіңдер

Біріңе-бірің еріңдер

Білімдерді тексеріп

Сауалдасып көріңдер

Кезекті «Сен маған, мен саған» сайысына берелік.

Әр топ өздері үйден екі сұрақ дайындап келеді. Сұрақ қарсы топқа қойылады. Жауап бере алмаса, өздері жауап береді және ұпай өздерінде қалады.Әр дұрыс жауап 5 ұпай.

2-жүргізуші:

Сынның да сыны бар ғой сыналатын,

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын.

деп «Математикалық бас қатырғыштар » сайысына кезек береміз.

«Квадрат» тобына

1-ден 9-ға дейінгі цифрлармен берілген фигураны толтырыңдар. Мұнда бір цифр дөңгелектің центрінде, қалғаны әрбір диаметрлерінің ұштарына орналассын. Сол кезде бір диаметр бойындағы үш цифрдың қосындысы 15 болып шығу керек.

«Үшбұрыш» тобына

Берілген үшбұрыштың дөңгелектеріне әр қабырғасындағы цифрлар қосындысы 20 болатындай етіп 1-ден 9-ға дейінгі цифрларды орналастырыңдар.

1-жүргізуші:

Олай болсакелесі сайысымыз «Білімдіге – биіктен орын» Әр топтың басшылары келіп, тапсырмалар алады. Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Олар дайындалып болғанша, топтың қалған мүшелері арасында мақал-мәтел сайысы ұйымдастырылады. Мақал-мәтелдер тек математикаға қатысты болу керек. Бір -бірімен кезектесіп айтылады кім тоқтап қалады сол топ ұпай алмайды.

Үшбұрыш тобына

1.Азияда ойындарынан қайтқан Хамза атай шаңғымен сағатына10 км жүрсе, өзінің немерелеріне талтүстен бір сағат асқанда жетеді, ал сағатына15 км жүрсе, талтүстен бір сағат бұрын жетеді. Хамза атай өз қыстағына дәл талтүсте жету үшін ол қандай жылдамдықпен жүруі тиіс.

Жауабы: 12,5 км/сағат

«Квадрат» тобына

1. Сәуледе 6 сақина бар оның біреуінің массасы қалғандарынан ауыр, бесеуінің салмағы бірдей. Сақинаны таразыға екі рет қана өлшеп, ауыр сақинаны қалай анықтауға болады?

Жауабы: Екі табаққа үштен бөліп өлшейміз, біреуі ауыр болғандықтан сол табақтағы үш сақинаны өлшейміз. Екі сақинаны табаққа саламыз, тең болса, жердегі сақина іздеген сақина болады.Әйтпесе қай төмен тартылғаны болады./


2-жүргізуші:

Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

1-жүргізуші:

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып

деп соңғы тур «Математика өмірде» атты қабырға газеті сайысына кезек береміз. Әр топ өздері математиканың өмірдегі қолданысы туралы, маңызы туралы сурет салады. Оны қорғайды.

2-жүргізуші:

Достық пен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Қара қылды қақ жарып, әділдікте

Еңбегін жас математиктердің әділ сына, - демекші, ендігі сөз әділ-қазы алқасына беріледі.

2-жүргізуші:

1-жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,-деп үнемі білімдеріңді жетілдіріп, өте жақсы деген бағамен оқуларыңа тілектеспін.

2-жүргізуші:

Сонымен бүгінгі математикалық сайысымыз аяқталды.Барлығыңызға рахмет.































Көрермендерге сұрақтар


  1. Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)

  2. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6)

  3. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)

  4. 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)

  5. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50)

  6. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

  7. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)

  8. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық)

  9. Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(2)

  10. Бір кішкентай қыз атасынан : «сіз нешедесіз» деп сұрады. Сонда атасы:''Менің жасымды 6 есе кемітіп, 6-ны алса , 6-ға тең болады”. Сонда атасы неше жаста болғаны? (72 жаста)

  11. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5 бала )

  12. Тоғайда 10 қырғауыл отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (екеуі)

  13. 10 центнер темір ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма? (тең)

  14. 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап. (307)

  15. Екі саннның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Ол қандай сандар /5 пен 3/

  16. Жарты қарбыз 20 тг тұрады. Бүтін қарбыз неше тг? /40 тг

  17. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? /10 он, 100 жүз/



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!