Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жас мұғалімдер жұмысын ұйымдастыру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жобаның тақырыбы: «Жас мұғалімдер мектебінің жұмысын ұйымдастыру».
Жобаның авторлары: Муратова Нуржамал Хаджимуратовна
Мұханбетәлі Айдана Қалдыбайқызы
Нақыпбекова Аймереке Қайратқызы
Олжабаева Ақманат Алимбаевна
Смағұлова Жадыра Қасымқызы
Бағыты: «Бүгінгі жас маман – болашақта білікті ұстаз» Жас мұғалімдер мектебінің жұмысын ұйымдастыру, жас мамандармен атқарылатын жұмыс жоспары
Лауазымы:Тәрбиешілер
Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы.
Жас маманмен жұмыс - жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес. Білім беру міндеті білім сапасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дамытып отыруы қажет.
Жас педагогқа арналған мектептің құрылу мақсаты – жас маманның кәсіби құзыреттілігін тиімді дамыту, жоғары кәсіби идеалдардың қалыптастыру, әдістемелік дағдыларды қалыптастыру және үнемі өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін арттыру.
Жас педагогтар мектебінің міндеттері:
-
Инновациялық даму жағдайында оқытушының мәртебесі және оның жұмыс істеу жүйесі туралы идея қалыптастыру;
-
Үздіксіз білім берудегі жас оқытушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және кәсіби қиындықтарды еңсеруге көмектесу;
-
Педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы білімді, дағдыларды және дағдыларды кеңейту: өзін-өзі тану, озық тәжірибені жалпылау және енгізу, әдістемелік өнімдерді құру, аналитикалық қызмет;
-
Оқытушылардың шығармашылық белсенділігінің жеке стилін қалыптастыруға жәрдемдесу;
-
Жас оқытушылар мен оқыту шеберлерінің оқу үдерісінде кәсіби, әдістемелік мәселелерді анықтау, оларды шешу жолдарын жеңілдету;
-
Жас оқытушыларға оқу процесіне заманауи тәсілдер мен озық педагогикалық технологияларды енгізуге көмектесу.
Жас педагогтар мектебі қызметінің негізгі түрлері:
-
Прогрессивті білім беру технологияларын енгізу арқылы оқытушының жеке кәсіби стилін қалыптастыру;
-
Ұйымның үздік оқытушыларының тәжірибесін зерделеу арқылы педагогикалық дағдыларды игерудегі оқытушыларға көмек көрсету;
-
Тәжірибелі оқытушылармен «Шебер- сынып» өткізу және жас мамандарға арналған оқу-әдістемелік сабақтар;
-
Педагогикалық кеңестерді, білім беру мәселелері бойынша семинарлар мен конференцияларды дайындауға және ұйымдастыруға жас оқытушыларды тарту;
-
Жас оқытушының жұмысының нәтижелеріне мониторинг жүргізу;
-
Жас оқытушылардың жұмысының жетістіктерін диагностикалау;
-
Жас маманның қызмет (электрондық оқулықтар, көрнекі құралдар және т.б.) бағыты бойынша колледждің материалдық-техникалық базасын дамыту, жетілдіру және нығайту;
-
Жас мамандармен электрондық оқыту-әдістемелік материалдарды қарастыруды ұйымдастыру және оларды оқу үдерісінде қолдану,
-
Білім беру бойынша әдістемелік әдебиеттерді басып шығаруға дайындық.
Жас мұғалімдер мектебін ұйымдастыру .Жас мұғалімдер қызметінің ерекше өнегелілік-психологиялық,моральдік-этикалық және кәсіптік өрісін талап етеді Білім беру ұйымдарында әдістемелік кеңестер мен бірлестіктер құрамында білім беру ұйымының жоспарына сай жұмыс атқарады.
Әдістемелік құрылымдар шеңберінде жұмыс мазмұны 3 бағытта дамытылған:
І. Кәсіптік – мәнділік жеке тұлғалық қасиеттерді жетілдіру;
ІІ. Педагогикалық қызметтің жеке стилін қалыптастыру.
ІІІ. Педагогикалық шығармашылықты дамыту.
«Жас мұғалімдер мектебін» ұйымдастыруға, алдымен,жетекші т а ғ а й ы н д а л а д ы . Ол іс-тәжірибелік жұмыс өтілі 20 жылдан кем емес беделді,жоғарғы санатты ,педагог арасында оқу-тәрбие саласының маманы болуы керек.«Бұл мектеп жұмысына шетелде тәжірибе арттырған оқытушылар қатыса алады. Олар жас мамандарға әлемдік оқу-тәрбие процесіндегі жаңалықтарды таныстырып,білім-біліктерін арттыруға ықпал етедіМектептің жылдық жоспарына критерийлік талдау жасау мақсатын айқындайтын ашық сабақтар графигі енгізіледі.Тәжірибелі мұғалімдерінің үлгілі сабақтарынан тәжірибе жинақтап,жас мамандар үлгі алса,жас мамандар сабақтарын талдау арқылы проблемалық жағдаятарды шешеді. Оқу жылының ішінде жас мұғалімдер мектебінің төрттен кем емес сабағы,сарамандық семинары өткізіледі«Жас мамандар мектебі» семинарлар өткізу арқылы оқу үдерісі туралы өзіндік есеп беріп, іс-тәжірибелерін жинақтап, тәжірибе алмасады.
Жас мұғалімдер үшін топтық сабақтар ұйымдастыру
-
Түрлі топтық жұмыстар арқылы (семинар,конференция,т.б) өткізу өзара білім алып ,тәжірибе жинауды арттырады
Жас мұғалімдердің кәсіптік қажеттіліктерін зерделеу
-
Жас мұғалімдердің кәсіптік білім деңгейлерін өздігінен зерделей отырып,өзін - өзі білімділігін арттырып,сын тұрғысынан тексеріп,білімдерін байытады. Өзіне-өзі есеп беруді зерделейді.(анализ,синтез жасауды біледі)
Ғылыми жобалар жасау
-
Білім беру ұйымдарының алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибесін ғылым тұрғысынан зерделеу жұмысын ұйымдастыраы.
Жас мұғалімдер мектебіне қатысушылар құқылы:
- Конференциялар ға,шығармашылық және педагогикалық шеберлік сабақтары мен сыныптарына қатысуға;
- Үлгілі тәжірибесін насихаттауға
- Тәлімгер-педагогттардан консультациялық көмек алуға;
- Өз көзкарасын ортаға салуға;
-Өз біліктілігін арттыруға;
- өз инициативасымен сабақ өткізуге құқылы.
Жауапкершілік:
-
1.Жас мұғалімдер мектебінің жетекшісі өз міндетіне жауапкершілікте болады.
-
2.Жас мұғалімдер мектебіне қатысушылар өздерінің алдына қойұан міндеттерді,функцияларды орындауда жауапкершілікте болады.
«Жас педагогтың мектебінде» сабақ өткізген кезде әр түрлі әдістер қолданылады:
• педагогикалық жағдайларды шешу;
• Мұғалімнің жұмыс күнін имитациялау әдісі,
• ми шабуылдау,
• кроссворды басқатырғыштарды шешу.
Педагог болып мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өмір бойы білім алу, өмір бойы үйрену бұрынғыдан артпаса, кемімейді. Соның ішінде әріптестеріңнен үйрену, тәжірибе арқылы үйрену мықты құралың болады. А.С.Макаренконың айтқанындай жас маман болып мектебімізге келген мұғалімдерімізге педагогикалық та, психологиялық та, әдістемелік те қолдау көрсету сол ұжымның ішіндегі тәжірибелі ұстаздарға жүктелген аса жауапты міндет.
Жас мамандармен атқарылатын жұмыс жоспары
Мақсаты: педагогикалық шеберлікті арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру сұрақтары бойынша мұғалімге практикалық көмек беру;
Міндеттері:
-
1. Жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.
-
2. Оқушыларды білім беру мен тәрбиелеуде жаңа түр мен әдістерді қолдануын қалыптастыру;
-
3. Нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыру;
-
4. Жаңа оқу жылында жас мамандардың бастапқы қажеттіліктерін анықтау және әдістемелік жұмыстың түрін таңдау;
Жұмыс түрі:
-
Теория бойынша сөз сөйлеу;
-
Психологпен, тәжірибелі ұстаздармен, оқу ісінің орынбасарымен кездесу;
-
Ашық сабақтар(мастер-класс), психологиялық тренингтер;
-
Іскерлік ойындар;
-
Семинарлар;
-
Сауалнама жүргізу, микрозерттеулер.
№ |
Мазмұны |
Мерзімі |
Мақсаты |
1 |
Ұйымдастыру семинары: «Бүгінгі жас маман-ертеңгі функционалды сауатты ұстаз» 1.Нормативті-құқықтық құжаттармен таныстыру,оқу-тәрбие үдерісіне бейімдеу, мектеп құжаттарын рәсімдеу талаптары туралы 2.Жас маманның презентациясы «Мен жас мамаңмын!» |
31.08.2019
|
Мектепішілік құжаттарды талапқа сай жасау
Жас маманмен танысу
|
2 |
Жас мұғалімдерге тәлімгерлер бекіту, бұйрықтың жобасын әзірлеу |
02.09.2019 |
Құжаттарды рәсімдеу |
3 |
Жас маман мектебінің отырысы.Күн тәртібінде: "Ұстаздың даму траекториясынан интербелсенді тәсілдерге" /Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығы ұсынған Мұғалімнің Даму траекториясын жас мамандарға ұсыну/ |
Қыркүйек |
Мектептанумен таныстыру |
4 |
Жас мамандардың сабақтарына психологиялық талдау жасау, көмек беру |
Қазан |
Қолайлы психологиялық орта орнату |
5 |
Жас маманның портфолиосын зерделеу, көмек беру, алғашқы жетістіктерің саралау,әрі қарай даму траекториясын жоспарлау |
Қараша |
Құжаттарды дұрыс рәсімдеуге бейімдеу |
6 |
«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық олимпиадаға қатысу |
Жеке кесте |
Шығармашылықты дамыту |
7 |
Педагогикалық идеялар фестиваліне қатысу |
Жеке кесте |
Педидеялармен бөлісу |
8 |
Жас маман мектебінің отырысы: «1 жартыжылдық қорытындысы, жетістіктер, алдағы міңдеттер» Форматы: дөнгелек үстел |
06.12.2019 |
Тәлімгер мен жас маманның өзара әрекетінің нәтижесін байқау,қорытындылау,пікір алмасу |
9 |
Жас мамандарға көмек көрсету |
Үнемі |
|
10 |
Десант сабақтар |
18-23.02.2020 |
Бейтаныс сыныпта сабақ беру арқылы жас маманның креативті көзқарасын байқау |
11 |
Жас мамандардың тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысу және қатысу мониторингін ұсыну,бөлісу |
Жыл бойы |
Әдістемелік көмек беру |
12 |
Жекелеме психологиялық сұхбаттасу |
Жыл бойы |
Көмекті уақытылы беру |
13 |
Жас маман мектебінің отырысы.Күн тәртібінде: 1. Шығармашылық есеп- презентация «Айтарым бар...» |
Мамыр |
Жас мамандардың қажеттіліктерін анықтау және әдістемелік жұмыстың денгейін анықтау |