Жас мұғалімнің еліміздің рухани
жаңғыруына қосар үлесі
Қазіргі уақытта өзектілігі
артып тұрған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласын оқи отырып, онда бүгініміз бен болашағымыз, кемел
келешегіміз туралы айтылғанын түсіндім. Елімізде
әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жоспарлы түрде жүзеге
асуда. Ал, рухани өрлеу мен жаңғыру – дамуымыздың ең басты
тұғырларының бірі деп есептеймін. Осы орайда жастарға сапалы білім
берудің маңызы зор. Біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды сақтай
отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек.
Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең,
бесігіңді түзе», – дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір жасөспірім өз
жерінің, ондағы байлықтың иесі болу үшін жаңа технологияларды
меңгеріп, жаңаша өмір сүруді үйренуі тиіс. Егер қоғам дамуының
кілті білімді жастардың қолында десек, сол жеткіншектердің болашағы
ұстаздардың қолында. Сол себепті мұғалімдер қауымына қойылып
отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіп,
оқушылардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды еркін
меңгеруіне күш салуымыз қажет. Мемлекет басшысының алдымызға қойған
мақсатын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздардың
үлесі – жас ұрпақты жаңа қоғамның мүшесі етіп тәрбиелеу болып
табылады. Әр ұстаз өз шәкіртінің келешегіне жауапты екенін
ұмытпайық, Елбасының алдыға қойған міндетін жүзеге асыруға
өзіміздің үлесімізді қосайық.
Еліміздің келешегінің кемел
болуы, гүлденіп өркендеуі өскелең ұрпаққа олардың білім деңгейі мен
бәсекеге қабілеттігіне тікелей байланысты екені
даусыз.
Мен үшін ұстаздық – ұлы
қызмет. Олай дейтін себебім, ұлттың келешегі мен болашағын
тәрбиелеп шығару – абыройлы міндет. Оны мойнымызға алғаннан кейін
алдымыздағы әр шәкіртке ерекше ықыласпен қарап, зор ынтамен білім
беруге тиіспіз. Бұл – ел келешегіне ұстаздар қауымының қосар үлесі
деп санаймын.
Мен, Балтабаева Ләззат, қазақ
тілі мен әдебиеті пәні маманымын. Еңбек өтілім 3 жыл. Ұстаздар
әулетінде өстім. Анам – тіл маманы. Бала кезімнен ұлттық болмысқа
суарылып өстім. Отан бізге, жас мамандарға, жас Отанымыздың
өркендеп гүлдеуі үшін көп тер төгуге, саналы да сапалы қызмет
істеуге шақырып отыр. Оның үстіне, әсіресе тіл мамандарына мемлекет
басшысы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мақаласында: «ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен
музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық
рухымыз бойымызды мәңгі қалуы тиіс. Абайдың даналығы, М. Әуезовтің
ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар
қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің
бір парасы ғана» деп салт-дәстүр, әдет-ғұрып, бабалар жолынан
таймаудың амалдарын ашып айтқан еді.
Біз – Қазақстанның
болашағымыз. Біз әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрғыдан қашан
да белсенді болуға тиіспіз.
Мен таңдап алған мамандығымның
ілімдерін бар күш-жігеріммен терең меңгеріп әрі оны бар ықыласыммен
жақсы көріп, жан-тәніммен сүюге міндеттімін. Еліміздің дамуы үшін
ұсынылып отырған идеяларды дұрыс түсініп, оның іске асуына белсене
атсалысамын. Алдымдағы қаракөз шәкірттерімді Отаншыл болуға,
болашағына нық сеніммен қарауға тәрбиелеуге тиістімін. Менің пәніме
жүктелер жүк ауқымды. Латын әліпбиіне көшудің өзі кемел келешек
үшін жасалып жатқан іс. Латын әліпбиі – қазақ елін жаһандануда,
жаңа көшке бастар керуен басы. Бізге ғалымдар тарапынан
дайындалатын орфографиялық, фонетикалық, дұрыс дыбысталуы
көрсетілген сөздіктер, әдістемелік құралдар
керек.
Әлемнің 70 пайызы латын
графикасымен береді, оның үстіне 100-ден астам мемлекетте латын
алфавиті қолданылады. Қазақстан жастарының дүниежүзімен тіл табыса
алатын деңгейде болуы үшін латын әліпбиіне көшуі еліміз үшін
маңызды. Әліпби дегеніміз – аса қуатты, күрделі саясат. Бәсекеге
қабілетті 30 елдің қатарына ену үшін жаңа әліпбидің іске асуына тіл
мамандары бір кісідей кірісіп, жаңа әліпби тұтас қоғамдық сананы
мәдениетті қайта жаңғыртады деп түсінуі
қажет.
Латын әліпбиіне көшу –
Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер»
бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы
тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың
кепілі болмақ.
Тіл маманына қатысты тағы бір
мәселе – ұлттық кодты сақтау мәселесі. Бұл ұғымға тіл, діл, дін,
тарих, мәдениет кіреді де, осылар арқылы Қазақстан халқының
бет-бейнесі айқындалады. Бұл ерекшелік біздің мақтанышымыз болуға
тиіс. Рухани жаңғырудың басты мақсаттарының бірі болып табылатын
ұлттық кодты сақтау – кітап оқу, оны оқыта білу – менің, тіл
маманының міндеті екенін айрықша сезінемін. Бағдарлама маған ерекше
қуаныш сыйлады, сана-сезімімізді дүр сілкіндірді. Реформалардың
мәні – ұлтты жаңғыртуда. Мақаланың түпкі мақсаты – Қазақстан халқын
біртұтас ұлт ретінде қалыптастыру, қоғамдық сананы жаңғырту, адами
капиталдың сапасын арттыру. Бұл философиялық тұжырымдар біз үшін,
адамзат үшін жасалып отырған құндылықтар.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім»
жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін
дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке
тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және
азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді
перспективадағы негізі болады.
Сондай-ақ, Елбасы өз
мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап
қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды
пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру
жолында аянбай еңбек ету.
Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз
анық, жолымыз жарқын.
Ұлттық жаңғыру – туған жер
тұтастығы мен ел болашағының негізі.
«Туған жер» бағдарламасын
жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керек. Халқымыз
«Отан отбасынан басталады» дейді. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы
алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Сондықтан
мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасын көп
болып, қолдап алып кету керек..
Туған жерге сүйіспеншілік
туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы
мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде
халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар.
Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру
саласында өлкетану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени
ескерткіштерді қалпына келтіру қажет. Ел Президенті ұсынған «Туған
жер» бағдарламасының мәні – осында.
Ел басшысы білім, ғылым,
зияткерлік қабілет және сапалы еңбек арқылы бәсекеге қабілеттілікті
арттыру керектігіне ерекше тоқталды. Яғни, әрбір адам өз тарихын
терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге де ие болуы
керек. Сондықтан, қазір «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру»,
«Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру
маңызды.
Қазақ елінің бәсекеге
қабілетті, жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең бастысы
жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді,
құндылығымызды сақтай білуіміз керек. ХХІ ғасырдағы рухани
жаңғырудың мәні осыда болмақ.
Біздер, жастар үшін бүгінгідей
басқосудың берері мол. Себебі «Қазақстанның болашағы – жастардың
қолында» демекші, бүгінгі білімді ұрпақ – ертеңгі еліміздің тірегі.
Еліміздің ертеңі нұрлы да жарқын болу үшін біздер, жастар, ел
сенімін ақтап, аянбай еңбек етуге сенім
білдіреміз!