Материалдар / "Жас өлкетанушы" авторлық бағдарлама 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жас өлкетанушы" авторлық бағдарлама 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бағдарлама өлкетану бағытында 3 сынып оқушыларға арналған материал. 3 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге арналған қосымша материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1991
28 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қоныс орта жалпы білім беретін мектебі


















«Жас өлкетанушы» курсы

3 сынып





Жұмағазиева Гүлдана Алыпқалиқызының іс-тәжірибесінен















2017 жыл




Түсінік хаты

Бастауыш сыныптың 3-сыныбына арналған «Жас өлкетанушы» курс бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын үлгіге ала отырып, оқушылардың алған білім, білік, дағдыларын және пәнге деген қызығушылығын арттырады.

2013-2014 оқу жылындағы ҚР-ның жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы нұсқау хатты негізге ала отырып пәнді оқытуда оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында таңдау пәндері қосымша пайдаланылады.

Қазіргі заманғы бастауыш сынып мұғалімі – дербес әрі сыни ойлай алатын, білімін жылдам өзгертіп тұратын әлеуметтік және кәсіби ортаға бейімдеп пайдалана білетін, рефлекцияға, зерттеушілік және шығармашылық әрекеттерге дайын, оқыту техологияларын меңгерген, барлық педагогикалық жаңашылдықтарға ашық, өзін-өзі дамытудың тетіктерін меңгерген, бәсекеге қабілетті ұстаз.

Бастауыш мектеп жасындағы бала оқуда табысты болуды қалайды. Бұл жастағы оқушыларға қиялдау тән. Олардың ерік сапаларын жетелейді, зейіні тұрақталып, есте сақтау қабілеті дамиды. Ойында, оқуда ынтымақтасуға, бір-бірін түсінуге, өзара тапсырма бөлісуге үйренеді.

Бағдарламаның мақсаты:

  • Оқушыларға өз өлкесінің шығу тарихы, орналасқан жері, аумағы, халқы, мәдениеті жөнінде білім беру;

  • Оқушылардың өлкетану сабақтарында өз жерін оқи отырып, патриоттық сезімдерін қалптастыру;

  • Сабақта өз жерінде шыққан (аумақтық, ауалдық, обылыстық) атақты адамдар жайлы материалдар жинап білімдерін толықтыру;

  • Жаңа технологиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, мәлімет іздеуге дағдыландыру.

Бағдарламаның міндеті:

  • Өлкетану сабағында материалдарды нақты иегеру;

  • Әр түрлі әдебиеттерді пайдаланып, берілген сұрақтарға жауап беру;

  • Өз өлкесінің мәдени-ағарту ісіне үлес қосқан адамдар жайлы мәліметтер жинау;

  • Зерттеуші, бақылаушы болуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

  • Өз өлкесін жетік меңгереді, тарихын біледі;

  • Бақылау, зерттеушілік қабілеттері дамиды;

  • Өз жерінің табиғатын жетік меңгереді;

  • Интернет желісі, ақпараттық құралдары арқылы өз өңірінің тұлғалары туралы ақпараттарды жинап, оны жинақтай алады;

  • Топсаяхат, экскурисия арқылы өз өлкесінің тарихы орындарын танып біліп біледі;

  • Партадағы көршілерімен, кіші топтағы және ұжымда бірлесе жұмыс жасауды;

  • Топтық жұмысқа баға беруді;

  • Өзгенің пікірін тыңдауды, екі түрлі көзқарас арасындағы айырмашылықты байқауды және оларды қабылдауды;

  • Өзінің бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыруды үйренеді.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, тарих, дүниетану

Оқыту түрлері:

  • Саяхат, экскурсия

  • Сарамандық жұмыс

  • Іскерлік ойын сабағы

  • Жарыс сабақ

  • Білімді, дағдыны, ептілікті жүйелеу және қайталау сабағы.

Оқыту әдістері:

  • Сыни тұрғыдан ойлау мен жазу технологиясының элементтері;

  • Репродуктивтік әдіске сай көрнекті түсіндіру;

  • АКТ

Уақыт көлемі: 45 минут аптасына 1 сағат


Тақырыптық – оқу жоспар

Сағат саны

Тараудың тақырыптары

Оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар

1

1

Кіріспе

Өлкетану ұғымы туралы мағлұмат алады

2

2

Отантанудың алғашқы бастауы

  • ҚР жер көлемі, шекарасы, пайдалы қазбалары туралы біледі. БҚО туралы мағлұмат алады;

  • Ауданның құрылған жылы, қазіргі жағдайы тралы мағлұмат алады.

3

6

Ауылым-алтын бесігім

  • Ауыл тарихын, құрылуын, географиялық орнын анықтай алады;

  • Аудан көлеміндегі ауылдармен танысады, ақпарат алады;

  • Ауданымыздың шаруашылығы туралы біледі;

  • Бақылау, зерттеу қабілеттері дамиды.

4

8

Шежірелі – туған өлкем

  • Аудан, ауыл өңіріндегі тарихи кезеңдерді біледі;

  • Мұражайлар арқылы тарихты тану;

  • Бақылау зерттеу қабілеттері дамиды;

  • Тарихи- мәдени ескерткіштерді танып біледі.

5

5

Ауылдың мәдени мұрасы

  • Мектеп туралы мағлұмат алады;

  • Алғашқы түлектер, білім саласының қызметкерлері туралы біледі;

  • Ауылдың мәдени мұрасы, еңбек еткен адамдарды біледі.

6

3

Ауылымның бүгінгі келбеті

  • Бақылау, зерттеу қабілеттері дамиды;

  • Ауылдың бұрыны мен келешегін жобалау;

  • Ауылға еңбегі сіңген азаматтары туралы мағлұматтарды біледі.

7

6

Аудан, ауыл көлеміндегі атақты тұлғалар

  • Атақты тұлғалардың өмірі мен шығармаларымен танысады;

  • Атақты тұлғалардың өмірі мен еңбектерімен, шығармалырымен танысады.

8

3

Тағзым ет, сен қадірменді қарттарға

  • Ардагерлер туралы мағлұматтар алады;

  • Жыл бойы алған мағлұматтарды жинақтап, қорғайды;

  • Тыл ардагерлерінің еңбектері туралы біледі.
















«Жас өлкетанушы» курсы бойынша оқу әдістемелік жоспары

Тақырып

Сағат саны

уақыты

Сабақтың түрі, әдісі

Үйге тапсырма

Күтілетін нәтиже

1

Кіріспе

Өлкетану ұғымы және оның маңызы

1


Топтық жұмыс

Мағлұмат жинау

Өлкетану ұғымы туралы мағлұмат алады

І.Отантанудың алғашқы бастауы (2 сағат)

2

Отан деген не?

1


Топтық жұмыс «ойлан, жұптас, бөліс»

Кітапша жасау

ҚР жер көлемі, шекарасы, пайдалы қазбалары туралы біледі. БҚО туралы мағлұмат алады

3

Казталов елді мекені

1


Топтық жұмыс

Мағлұматтар жинау, буклет

Ауданның құрылған жылы, қазіргі жағдайы туралы біледі.

ІІ.Ауылым-алтын бесігім (6 сағат)

4

Ауыл тарихы (Қоныс ауылы)

1


сұхбаттасу

Ауыл ақсақалдарымен сұхбат жүргізу, бейнеролик

Ауыл тарихын, құрылуын, георгафиялық орнын анықтай алады

5

Аудан көлеміндегі ауылдар

1


Топтық жұмыс

Картотека жасау

Аудан көлеміндегі ауылдармен танысады, ақпарат алады.

6

Аудан шаруашылығы (аудан шаруашылығына үлес қосқан еңбеккерлер)

2


Топтық жұмыс еркін жазу

Мағлұматтар жинау

Ауданымыздың шаруашылығы туралы біледі

7

Менің ауылымның табиғаты (күзгі табиғат) сарамандық жұмыс

2


Бақылау, зерттеу

Ауылдың күзгі табиғатын бақылап, фотоальбом жасау

Бақылау, зерттеу қабілеттері дамиды

ІІІ.Шежірелі – туған өлкем (6 сағат)

8

Аудан, ауыл тарихына байланысты естеліктер

2


Топтық жұмыс

Галерея

Әңгімелер, естеліктер жинап кітапша жасау

Аудан, ауыл өңіріндегі тарихи кехеңдерді біледі.

9

Тарихыңды біле жүр (мұражайлар)

2


Саяхат немесе видиролик

Мағлұматтар жинау

Мұражайлар арқылы тарихты тану

10

Ауыл кітапханасы мен мәдениет үйі

1


экскурсия

Фотоколлаж жасау

Өлең құрастыруға талпыныс туғызу

11

Тарихи- мәдени ескерткіштер

2


саяхат

Іздестіру жұмыстарын жүргізу

Тарихи-мәдени ескерткіштерді танып біледі

12

Сарамандық жұмыс «Қысқы табиғат»

1


Бақылау, зерттеу

Ауылдың күзгі табиғатын бақылап фотоальбом жасау

Бақылау, зерттеу қабілеттерін дамыту

ІV. Ауылдың мәдени мұрасы (5 сағат)

13

Ауылдағы тұңғыш мектеп

1


Топтық жұмыс ББҮ

Іздестіру жұмыстарын жүргізу

Мектеп туралы мағлұмат алады

14

Алғашқы түлектер, білім саласының қызметкерлері

2


Топтық жұмыс сұхбаттасу

Кітапша немесе фотоальбом жасау

Алғашқы түлектер, білім саласының қызметкерлері туралы біледі

15

Ауылдың мәдени мұрасы, еңбек еткен адамдар

2


Топтық, жұптық жұмыс

Кітапша жасау

Ауылдың мәдени мұрасы еңбек еткен адамдар туралы біледі

V. Ауылымның бүгінгі келбеті (3 сағат)

16

Ауылына қарап азаматын таны

1


Сыни тұрғыдан ойлау

Мағлұматтар жинау

Ауылға еңбегі сіңген азаматтар туралы біледі

17

Ауылымның бүгіні мен келешегі

1


жобалау

Жоба құру

Ауылдың бүгіні мен келешегін жобалайды

18

Сарамандық жұмыс «Көктемгі көрініс»

1


Бақылау зерттеу

Ауылдың көктемгі табиғатын бақылап фотоальбом жасау

Бақылау зерттеу қабілеттері дамиды

VІ. Аудан, ауыл көлеміндегі атақты тұлғалар

19

Аудан, ауыл көлеміндегі атақты тұлғалар: Сағит Садықов, Хадиша Бөкеева, Қабиболла Жакупов т.б

2


СТО

Жалпы мағлұмат алу

Атақты тұлғалардың өмірі мен шығармаларымен танысады

20

Атақты өнер тұлғалары: Қатимолла Бердіғалиев, Данагүл Темірсұлтанова, Әлібек Дінішов т.б

2


Бейнеролик ББҮ

Кітапша жасау

Атақты тұлғалардың өмірі мен шығармаларымен танысады

21

Тұрсынбек Қабатов, Данияр Елеусізов, Баян Есентаева

1


СТО

Буклет жасау

Атақты тұлғалардың өмірі мен шығармаларымен танысады

VІ. Тағзым ет, сен қадірменді қарттарға (3 сағат)

22

Ұлы Отан соғыс ардагерлері (аудан, ауыл)

1


Топтық жұмыс

Мағлұмат жинау

Ардагерлер туралы мағлұматтар алады

23

Тыл ардагерлері

1


сұхбаттасу

Мағлұмат жинау

Тыл ардагерлерінің еңбектері туралы біледі

24

Қорытынды Не білдім? Не үйрендім?

1


Дөңгелек үстел

көрме

Жыл бойы алған мағлұматтарды жинақтап, қорғайды











Үлгі сабақ жоспарлары



Сабақтың тақырыбы Өлкетану дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Тарихи өлкетанудың жеке ғылым ретінде қалыптасу тарихы, оның маңызы. Өлкетану ғылымымен тығыз байланысты қосымша ғылым салаларының, олардың атқаратын қызметі жөнінде білім беру.
• Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үрдістердің дамуын тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану деректері арқылы шыңдықпен баяндап өткенге ғылыми көзкарас қалыптастыру.
• Тәрбиелік: Өз өлкесінің тарихына қатысты материалдарды жинастырып, оның жойылмауы үшін аялап күтуге, ата-бабаларына көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: 
1. Жергілікті өлкетану мұражайының тарихи-мәдени ескерткіштерін пайдалану.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе

Археологиялық зерттеулер нәтижесінде тарих ғылымы бүгінде адамзат таңғалатын ұлы жаңалықтарды ашқандығын, оның тарих ғылымын дұрыс, терең, толық жазып шығу үшін маңызының зор екендігін айту.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа сабақты мына жоспармен жүргіземін.
1.Тарихи өлкетану ғылымының маңызы мен міндеттері.
2.Тарихи өлкетанудың жеке ғылым саласы болып қалыптасуы тарихы.
3.Тарихи өлкетанумен тығыз байланысты қосымша ғылым салалары мен олардың атқаратын қызметі.
Осы жоспармен жаңа сабақты түсіндіре бастап, оқушыларға параграфты кезек-кезек оқыта отырып, өздеріңе бұл ғылым саласының мақсат-міндеттері не екенін ауызша айтқызамын.
Одан соң жоспардың екінші бөліміне көшеміз. Әсіресе оқушылардың көңілін Ресейде тарихи өлкетану жеке ғылым ретінде 1713 жылы 13 ақпанда орыс патшасы I Петр тұсында ғана енсе де, қазақ даласында сонау ежелгі замандардың өзінде ел тарихын жадында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде жеткізген өз білімпаздары болғанын атап айтып кетемін.
Сабақ жоспары бойынша қосымша пәндерге тоқталамын.  Сондықтан қысқаша тарихқа қосымша пәндер бойынша әңгімелеп өтемін де, осы бойынша мына ономастика, антропономика, топонимика, этнонимика, теонимия, космонимия, тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану сияқты жаңа сөздерді тақтаға жазып қоямын. Оқушылар  тақтаға жазылған сөздерін дәптерлеріне жазып алады.
Осы сияқты қосымша пәндердің жекелеген зерттеулерінің нәтижесінде ғана тарих ғылымы толық та дұрыс жазылатынын айтады.  
Одан әрі оқушылардан мұрағат жайында қандай түсініктері барын тексеру үшін, тақтаға немесе плакатқа маркерді пайдаланып, төмендегі тапсырманы орындатады.

    «Мұрағат»
  Оқушылар өздерінің мұрағат жайындағы не білетіндерін бір-бірлеп орнында отырып айтады.  Осылайша   мұрағат туралы алғашқы түсініктерін біледі. Одан әрі оқулықтағы материал бойынша толықтырып айтады.
Бекіту: Тақырыпты бекіту үшін   «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырманы орындатқызамын.
Қорытынды: Тарихи өлкетанудың маңызы Отанға деген сүйіспеншіліктен бастау алатынын айтып, өздерінің туған өлкелерінде қандай ғылыми өлкетану жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталады, оның жалпы тарих ғылымына қоскан үлесін атап айтып кетеді.
ІІІ.Қорытынды.






























Тақырыбы:Отан деген не?

Мақсаты:Оқушыларға Отан туралы түсінік беру.Отан өзінің тұратын жері ретінде түсіндіру.Оқушылардың туған елі,Отаны туралы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушыларды Отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: кесте, ҚР-сының картасы,мақал-мәтел

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру; Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық:

Сәлем саған ,Алтын күн!

Сәлем саған,Көк аспан!

Сәлем саған,Жер-Ана!

Сәлем саған, достарым!

ІІІ.Жаңа сабақ бойынша жұмыс:Оқушыларды 3-топқа бөлу.

Ітоп:Туған жер

ІІтоп:Отан

ІІІтоп: Атамекен

-Біз Отанымызды,елімізді,сүйеміз.Туған ел,туған жерсіз адамның күні жоқ..

-Туған ел,туған жер деген сөздер адамның жүрегіне жылы әсер етеді.

-Туған елін,өскен жерін сүю әр адамның парызы.

-Әр адам туып өскен жерін аялайды,қорғайды,мақтан тұтады.

-Біздің Отан анамыз-Қазақстан Республикасы.Біздің ата-бабаларымыз,әкелеріміз Қазақстанда туып өсті.Біз де осында туып өстік.Өз ана тілімізде сөйлейміз.Мұндағының бәрі бізге етене жақын.Сондықтан,біз оны Отанымыз дейміз.Отанымыз бізді нанымен,суымен асырады.Дүние жүзінде Қазақстаннан басқа мемлекеттер көп,бірақ, ана әр адамда біреу-ақ.Ендеше Отан-ана да ол үшін біреу.

Қазақстан Орта Азия және Еуропаның біраз жерін алып жатыр.Жер көлемі-2 724 900 шаршы км.

Жерінің үлкендігі жағынан –Ресей,Қытай,АҚШ,Аргентина,Бразилия,Канада,Үндістан,Австра-

лиядан кейін 9 орында.

Қазақстанның халқының саны-17 миллионға жуық.Қазақстанда 14 облыс,85 қала,167 аудан,195 кеніш,7684 ауыл бар.

-Батыс Қазақстанда 4 облыс.Батыс Қазақстан,Ақтөбе,Атырау және Маңғыстау облыстары.

Отан – адамның туып-өскен жері. Қазақстан Республикасы. Балыққа – су, құсқа – ауа, жануарға – орман, дала, тау қажет. Ал адамға Отан керек. Табиғатты қорғау дегеніміз – Отанды қорғау.

Адамның кіші Отаны да болады. Ол – тұрған үйі, ауласы, көшесі, ауылы, мектебі, достары, көршілері. Отанды сүйе білген адам бақытты. Отанды сүю отбасынан басталады.

ІV. Сергіту сәті

Биік, биік таулары бар,

Орманы бар, көлі бар.

Кең даласы құлпырған,

Отанымыз Қазақстан!

VІ. Сұрақтарға дұрыс жауап берген топ,өзінің қоржынына ұпай жинайды.

1.Отан деген не?

2.Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны?

3.Қандай адам бақытты?

4.Отанды сүю неден басталады?

VІІ.Жалғасын тап ойыны:

  1. Отан үшін отқа түс....

  2. 2.Отансыз адам-,,,,,,,,

  3. Отан оттан да .......

VІІІ.Отан туралы тақпақ,ән айтып жарысу.

ІХ. Қорытынды:

-Қазір тақтаға күн шығады.Сол күннің сәулесіндегі теңеулерді барлығымыз бірге айтамыз.

Қонақжай

Кеңпейіл

Көп ұлтты

Өнерлі

Табиғаты тамаша

Қарқынды даму үстінде

-Бұл туы көкте желбіреп,шыңдары аспанмен таласқан біздің отанымыз-Қазақстан Республикасы.

-Өз Отандарыңның көркеюіне сендер қандай үлес қосудасыңдар?

(мектепке келіп,сабақты жақсы оқып,тәрбиелі болу)

Кесте толтыру

Менің туған елім,оған менің үлесім

















Тақырыбы:Казталов елді мекені

Мақсаты:Оқушыларға ауыл-қазақтың алтын қазығы екенін ұғындыру;

-Туған жер- алтын бесігін аялауға,оның гүлденуіне,көркеюіне ат салысуға,білім алуға,еңбексүйгіштікке,әдет-ғұрып,салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу;

Оқушылардың танымдық,есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал жасау;жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту.

Техникалық құрал::интерактивті тақта

Көрнекілігі:нақыл сөздер,бейнелі сөздер

І.Кіріспе

Ауыл-алтын бесік,алтын қазық.Әр адамға өзінің туып-өскен жері ыстық болады.Себебі ата-әжелеріміздің,ата-аналаларымыздың қаны ауылда тамған.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көтерген бастамаларының бірі-ауылды өркендету болған еді.

2003-2005 жылдары «Ауыл жылдары »болып жарияланды.Міне,содан бері бірнеше жыл өтті.Ауылымыз көркейіп,дамып келеді.

«Ауыл дегеніміз-халықтың тұрмыс-салты,мәдениетіміздің,дәстүріміздің,әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары»Н.Ә.Назарбаев.

«Өз отбасын сүйетін бала ауылын сүйеді,ауылын сүйген ұрпақ елін сүйеді.ӨзОтанын сүйген ұлан өзге халықты да құрметтей біледі »

Халық батыры Б.Момышұлы.

ІІ.Топпен жұмыс:

І)Бейнелі суреттпен жұмыс

А)Ауыл-қайнаған еңбек. Ә)Ауыл-той.(сұрақ-жауап)

ІІ.)Ертегі кейіпкерлері қонақта.Көрініс

«Кімнің мекені жақсы?» С.Жүнісов

«Дүниедегі ең бір жақсы мекен,жайлы қоныс-әркімнің өз мекені,өз жері»

ІІІ. Ауылым -алтын бесігім

Оқушылар шығармасы,құрастырған сөзжұмбақтары мен ребустары

Аудан 1928 жылы құрылған.Халық саны 2015 жылдың 1 қаңтарына -30682 адам.

Жер көлемі-1 860 581 га.

Казталов ауданы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік –батыс аумағында орналасқан.Оңтүстігінде Нарын құмына шектесе Бөкей ордасы,оңтүстік –батысында Жәнібек,солтүстік –батысында Ресейдің Саратов облысы Александров-Гай,солтүстігінде Тасқала,солтүстік-шығысында Ақжайық,шығысында Жаңақала аудандарымен шектеседі.

Аудан құрамына 16 әкімшілік –аумақтық бөлініс кіреді:Казталов,Қараоба,Тереңкөл,Бірік,Бостандық,Көшанкөл,Қайыңды,Болашақ,Жалпақтал,Қараөзен,Ақпәтер,Қарасу,Талдыапан,Талдықұдық,Жаңажол,Көктерек,ауылдық округтері.Аудан орталығы –Казталов Ауылы.Аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық-330 км.

ІV.Қорытынды:

«Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса,адамзаттық намысың болса,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып,көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп,еңбек ет.Жердің де,елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» Н.Ә.Назарбаев.

Гүлденсе ауыл-гүлденеміз бәріміз,

Ауыл –дене біз қозғалтар жанымыз.








































Тақырыбы: Ауыл тарихы

Мақсаты: Оқушылардың туған  жер, ауыл  туралы  түсініктерін кеңейту.

Туған  ауыл  тарихымен  таныстыру.

Туған  жердің  қадір – қасиетін  ұғынуға, өз  ойларын  жүйелі түрде  жеткізе  білуге  үйрету.

  • Туған жеріне , еліне деген  сүйіспеншіліктерін,  сезімін  қалыптастыру.

Туған  Онанын құрметтеуге  тәрбиелеу.

  • Өз  ойларын еркін  жеткізе  білуге үйрету.  Ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту.

Сабақтың  әдісі:  сұрақ – жауап, түсіндіру, ой – қозғау

Сабақтың  көрнекілігі: видео, қанатты  сөздер, ауыл  туралы әндер,  әуендер.

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық  дайындық

Аспанда  күн  ыстық

Ал  жерде  кім  ыстық

Әке  мен  шешеміз

Сүйікті  тым  ыстық

Бәрінен  Т Ы Н Ы Ш Т Ы Қ

Деген  сөз  тым  ыстық

Жасасын  әлемде

Достық  пен  тыныштық

 

  1. Негізгі кезең:

  • Үнтаспадан ауыл  туралы  ән  тыңдау.  Әннің  мәтініне  назар  аудару.  — Ән  не  туралы  баяндалған?

  • Әннің әуеніне  құлақ  түріңдерші?

  • Сендерге қандай  әсер  берді?

  • Әрине, ауыл туралы  сыр  шертеді.

  • Ендеше ауыл  туралы  өз  ойларыңды айтыңдаршы.

-Ауыл  дегенде  көз  алдарыңа  не  елестейді? – деген  сұраққа  не  деп  жауап  берер  едіңдер?

-Ауыл – қазақтың  алтын  бесігі, түп  төркіні.

-Ауыл  десе  кең  жайлау,  ағынды  өзен,  асқар  тау  елестейді.

-Ауыл  десе  сиыр сауған  апаларымыз, қымыз  сапырған  әжелеріміз  елестейді.

-Ауыл  десе  асыр  салып  ойнаған  ауылдың  қара  домалақ  баласы  елестейді.

Ауыл  десе жеті  қанат  киіз  үйі, құрт  пен  майы, ірімшігі  еріксіз еске  түседі.

Ендеше  бүгінгі  сабағымыз  сол  ауыл  туралы  болмақ.

Ауылым – алтын бесігім

Жүрегім, жырым  сенікі

Кеңесті  далам,  кең  далам

Тудым  өстім  есейдім.- деп ақындарымыз  жырлаған.

-Туған  ауыл, Атамекен, Отан  туралы өлеңдер, шағын эсселер  оқыту.

-Қасиетті  туған  жер! Бойымдағы  бар жақсы  қасиеттерім  үшін  мен  саған  қарыздармын.Қажырлық  пен қайсарлықты, имандылық  пен  байсалдықты  шексіз даламнан  үйрендім.

-Біздер  жас  ұрпақ,  қазақ  елінің  ертеңіміз.  Сондықтан  да  менің  достарым  жақсы  оқып, білімді  болып  ер  жетуі  тиіс. Мен  елімнің,  туған  ауылымның  болашағы  зор  екендігіне  сенемін. Өйткені  біздің  елімізде  татулық  та,  достық  та,  байлық  та  бар.

-Мен  өзімді  және  жазиралы  кең  жерімді  сүйемін. Адам  асқақ  арманына  туған  ауылын,  жерін, Отанын  сүйсе  ғана  қол  жеткізе  алады.

елестер  көзіме

Ауыл  десем,  дән  елестер  көзіме.

Ауыл  десем  ер  саламын  құр  атқа

Ауыл  десем,  ән  естілер  құлаққа.

-Жайқалған  шалғын

Қазына  толы.                                             Байлығы  тасқан,

Толассыз  қарқын,                                     Арманы  асқан

Маңырап  малы.                                        Бақытты  менің  ауылым.

 

  1. «Еліміздің өзегі – алтын  ауыл» 

*Аудан орталығына жақын орналасқан,күні кеше ғана Қоңырсайдың суынан мол береке алып отырған шағын ғана Қоныс ауылы –кішкентай болса да,өзіндік тарихы бар мекен.

*Қоныс ауылы алғаш құрылған кезде «Строитель»атанған.

*1954 жылға дейін басқарма бастығы қызметін Мусағалиев Самен атқарған.

*1954 жылдан бастап,Абдолов Адиет деген азамат басқарма болған.

*1960 жылы Бостандық ауылына қарасты № 3 «Строитель» қой фермасы болып құрылды.Жаңа фермаға басқарма болып Айтқалиев Сәрсенбай,шаруашылық меңгерушісі болып Бөкенбаев Уәли тағайындалды.

 *1964ж Казталов совхозына қарасты № 3 ферма болып ауысты.

*1974 жылдан бастап, № 3 ферманың атауы Қоныс болып өзгеріп,Мирон мал бордақылау совхозы болып бекіді,Мирон ауылынан кісілер көшіп келе бастады.Көшіп келу 1976 жылы толығымен аяқталды..Ол кезде совхоз директоры Сәрсенов Байғазы,зоотехник болып Сейтқалиев Тұяқ,партком қызметінде Берденов Тұрымтай,агроном болып Әдиетов Серік деген азаматтар қызмет атқарды.

1996 жылы Қоныс ауылы таратылып,жеке шаруашылықтар құрылып,малды,техниканы,жерді бөліп алды.

*Ауылда қазіргі кезде 1 орта мектеп,1 кітапхана, 1 фельдшерлік пункт,1 клуб жұмыс жасауда.

Ауыл көгілдір отынмен жабдықталған.

 Сенімді  жолмен  бастасын,

Халқымның  алып  батасын.

Аттаған  жаңа  заманға,

Ауылым  менің  жасасын!

 

  1. «Ауылымның келешегі,  менің  болашағым»

  • Сен ауылың  үшін  не  істер  едің?

  • Сен ауыл  дәрігері  болсаң…

  • Сен кәсіпкер  болсаң…

  1. Қортынды:

Сабағымызды  келешек  журналистер қортындыласа:

1-сұрақ:  Ауыл  кәсіпкерлері  туралы  білесіз  бе?

2-сұрақ:  Ауылымның  қазіргі  жағдайы  мен  бұрынғы  жағдайы  қандай?

3-сұрақ: Ауылды  құру  үшін  қандай  қиындықтар  кездесті?

4-сұрақ: Болашақ  ауыл  қандай  болса  екен  деп  армандайсыз?

Ән  «Ауылым  әнім»  хор.

-Үнтаспадан  ауыл  туралы  әуен  орындалады.

«Бір  сәт  қуаныш»  келген  қонақтар  бүгінгі  сабақтан  алған әсері  туралы  жазып, тақтаға  іледі.

Сабақты  қортындылау,  үйге  тапсырма  беру:





























Тақырыбы: Ауылдағы тұңғыш мектеп

Мақсаты: Оқушыларға ауыл мектебі туралы түсінік беру;

Ауыл мектебінің тарихымен таныстыру;

Өз мектептерін сүйе білуге, құрмет тұтуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: слайд

Жүру барысы :

І.Ұйымдастыру

ІІ.Кіріспе

Қоныс ауылында алғашқы мектеп 1948-1949 жылдары В.И.Ленин атындағы 7 жылдық мектеп болып құрылған.Оның негізін қалаған Нысанов Жәннетқали есімді адам.Оқу ісінің меңгерушісі болып,Құрманғалиев Сүлеймен деген кісі қызмет атқарған.Сол жылдары мектепте әр пәннен мұғалімдік қызмет атқарған кісілер:Бергалиева Бәтима,Ескендиров Нысанбай,бекмұханбетова Хамида,бақтығалиева Сағида,Айтекенов Есенғали,Ескендирова Дина.

1957-1958 оқу жылының аудандық оқу бөліміне берген мектептің жылдық есебінде «Строитель» жеті жылдық мектебінің құрылған жылы 1922 жыл делінген.Кейін Сарқопа деген ауылда жаңадан бастауыш мектеп ашылып,әрі бала санының төмендеуіне байланысты бастауыш мектеп болып кейін сонда ауысты.

1955 жылы МТС Бостандық 7 жылдық мектеп ашылып,оқу орны сонда ауысты.

1974 жылдан бастап,№3 ферма болып келген ауыл аты Қоныс болып өзгеріп,1976 жылы Қоныс негізгі мектебі болып құрылып,жаңа мектеп ғимараты тұрғызылып,(яғни қазіргі мектеп)алғашқы мектеп директорының қызметін Құсайынов Бақтығали Оразұлы атқарды.

1979-1980 оқу жылында орта мектеп болып құрылып,алғашқы орта мектеп түлектері 1980 жылы бітірді.

1988 жылы Адиетова Бақтыгүл,1991 жылы Аяпова Эльмира, 1992 жылы Хайруллина Гүлмира, Аяпова Шолпан күміс медальдарға ие болды.

Ахатова Хауария Ахатқызы(1950-2000)

1972 жылы Ақтөбепедагогикалық институтының «физика- математика»мамандығының сырттай бөліміне оқуға түседі.

1977 жылдың қыркүйегінде Қоныс орта мектебіндематематика пәнінің мұғалімі болып,1979 жылға дейін қызмет атқарады.

1978-1999 жылдары Қоныс орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып,1999 жылдың мамырынан 2000 қыркүйекке дейін Қоныс орта мектебінің директоры қызметін атқарады.

2005 жылдан бастап,Қоныс орта мектебінің атауы басқа мектептер сияқты Қоныс орта жалпы білім беретін мектебі болып ауысты.

2005 жылдың мамыр айында мектеп ұжымының бастауымен ,ауыл тұрғындарының қолдауымен Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арнап ескерткіш-обелиск ашылды.

2016/2017 оқу жылында мектептің 40 жылдығын атап өтті.(видео көрсету)

ІІІ. «Алтын ұя мектебім» эссе жазу

ІV. Қорытынды.

Тақырыбы: Тұрсынбек Қабатов (видео)

Мақсаты:Оқушыларға ауданымыздың танымал тұлғалары Тұрсынбек Қабатов туралы мәлімет беру;

Танымал тұлғалардан үлгі алуға тәрбиелеу;олрды үлгі тұтуға үйрету.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: видео

Жүру барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе:

Тұрсынбек Қабатов 1979 жылы 10 қазанда дүниеге келген.Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер ауылында дүниеге келген.Ұлты:қазақ.

Қазақстандық танымал актер,КВН-ның танымал жұлдызы . «Аграрка сарбаздары»КВН командасының жетекшісі.Республикалық «Тазша бала»,халықаралық «Шабыт»байқауының жеңімпазы,Қазақстанның бұрынғы

«Астана kz»,қазіргі «Қазақтар»құрама командасыныңбелді ойыншысы болған.Жетістіктері өте көп.

ІІІ.Қорытынды видео қарау





























Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер:

Мұғалім үшін:

  1. Казталов ауданына 70,80 жылдығының энциклопедиясы

  2. Ұстазым менің ұстазым

  3. Интернет желісі

  4. Обылыстық «Орал өңірі» газеттер жинағы

  5. Аудандық «Ауыл айнасы» газеттер жинағы

  6. «Жұлдыздар отбасы» журнал жинағы

Оқушылар үшін:

  1. Казталов ауданына 70,80 жылдығының энциклопедиясы

  2. Ұстазым менің ұстазым

  3. Интернет желісі

  4. Обылыстық «Орал өңірі» газеттер жинағы

  5. Аудандық «Ауыл айнасы» газеттер жинағы

  6. «Жұлдыздар отбасы» журнал жинағы








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!