Материалдар / «Жас сарбаз» Әскери патриоттық клубы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жас сарбаз» Әскери патриоттық клубы

Материал туралы қысқаша түсінік
АӘД мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
6267
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп лицейі «коммуналдық мемлекеттік мекемесі»









«Жас сарбаз»

Әскери патриоттық клубы














Луговой ауылы

2018-2019 оқу жылы



«

Ата-аналар комитеті

Клуб жетекшісі

Басқарма құрамы

Взвод командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары

Бөлімшенің жетекші жаттықтырушылары

Жас сарбаз» әскери патриоттық клубының құрылымы



«Жас сарбаз» клубы



















Взвод командирі























2-бөлімше «Жас Ұлан»

9-11 сынып

1-бөлімше « Жас Қыран»

5 – 8 сынып











Міндеті

Оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын түрлі әдістер мен формалар қолдану арқылы үйрету

Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының парызы мен міндеті екендігін түсіндіру

Жоғарғы дене дайындығына және президенттік теске дайындықты нығайту

АӘД пәнін жақсы оқып,игеруге ынталандыру

Халқымыздың ерлік,жауынгерлік тарихтарын қадірлеуге тәрбиелеу

Оқушыларға үйірме жұмыстарымен кең көлемде айналысуына жағдай жасау







































Халқымыздың және қарулы күштеріміздің өткен өжет ерліктерін үнемі оқытып,естерінде ұстауға үйрету

Отаншылдық,елжандылық,дұрыс әрі шұғыл шешім қабылдау,ерік-жігер, тәртіптілік,көпшілік,ерлік сезімдерін қалыптастыру









Жас отан қорғаушыларды Қазақстан Республикасында орналасқан жоғарғы әскери оқу орындарына және «Жас Ұлан», «Арыстан» әскериленген мектеп лицейлеріне түсуге үгіт насихат жұмыстар жүргізу








Клуб мақсаты:


 

Сабақтан тыс уақытта клуб жұмысы арқылы оқушылардың Отанға деген  сүйіспеншілігі мен азаматтығы негізінде, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру.



        











































Клуб жұмысын ұйымдастыру

Жаңа оқу жылының басында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб жұмысының атқарылуына ұйытқы болатын «Ата-аналар» комитеті», «Клуб жетекшісі» және10-11 сынып оқушылары арасынан «Басқарма» құрамы бекітіледі,яғни:

  1. Взвод командирі 1 оқушы

  2. Взвод командирінің тәрбие жөніндегі орныбасары 1 оқушы

  3. Бөлімше санына қарай әрбір бөлімшеге 1(2) жетекші,әрі жаттықтырушы тағайындалады.

Клуб жетекшісінің орынбасары және «Басқарма» құрамы мектептегі 9-11 сынып арасынан,сынып жетекшілерімен ұйымдаса отырып,әр сыныптан жас әскерлер бөлімшесін жасақтайды.

Жасақталған бөлімшеге сол сыныптағы оқушылар арасынан 1 бөлімше командирі,1бөлімше газетінінің редакторы тағайындалады.

Әр бөлімшенің ұраны,эмблемасы,әні болуы керек.

«Басқарма» құрамы Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлерімен аудандық спорт және білім,қорғаныс істері бөлімі қызметкерлерінің және мектеп басшыларының қатысуымен оқушылардың «Жас сарбаз» клуб мүшелігіне қабылдау кешін ұйымдастырады.

Мерекелік кештің құрметті қонақтары клуб мүшелігіне қабылданған оқушыларға салтанатты түрде клуб куәлігін тапсырып құттықтайды.

«Жас сарбаз» клубының әскери ойындары мектеп басшыларының келісімімен,сабақтан тыс уақытта 4 аптада бір рет өтіледі.

Әскери ойындар.

Әр түрлі конкурстар,байқаулар,жарыстар,викториналық сұрақтар, олимпиадалар түрінде өтіледі.

Сенбі және демалыс кездерінде жүру,жүгіру,велосипедпен жүру, жергілікті жердің тиімділігіне қарай тактикалық ойындар,әскери материалдық базаны жетілдіру,жөндеу,жабдықтау жұмыстары жүргізіледі.

Бөлімшелер арасында өз дәрежесіне сай мақтау қағаздарымен марапаттайды. Сонымен қатар «Басқарма» құрамындағы жұмысын жақсы атқарған оқушыларға да мақтау қағазы беріледі.

Клуб жетекшісі аудандық Білім және спорт бөліміне «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының атқарылған жұмысы жайлы есеп береді.













«Жас сарбаз» патриоттық клубының анты

   Мен,________________________________________________________________(тегі, аты, әкесінің аты)

«Жас сарбаз» патриоттық клубына кіре отырып ант қабылдаймын. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін және салт дәстүрін құрметтеуге салтанатты түрде ант етемін.

Ұзтаздарды сыйлауға және мектеп ішілік тәртіпті қатаң сақтауға салтанатты түрде ант етемін.

Мектепте өтілетін барлық жұмыстарға белсене араласуға, үлкендерді сыйлауға, тәртіпті болуға, «Жас сарбаз»  патриоттық клубының атына кір келтірмеуге  ант беремін.

Өз Отанымның ержүрек  әрі батыл қорғаушысы болуға дайындалумен қатар, әрдайым ізденуге, оқуда үздік болуға, Отанымның патриоты болуға ант етемін.

Егер мен өзім қабылдаған антымды бұзсам, онда мен «Жас сарбаз» патриоттық клубының мүшелігінен шығуға  дайынмын.































Өтініш




Менің ұлым (қызым) ____________________________________________

(Туған жылы, тегі аты)

«Жас сарбаз» әскери патриоттық клубының мүшелігіне қабылдауыңызды өтінемін.

Әскери – патриоттық клубтың Жарғысымен таныстық, талаптарды орындауды міндетімізге аламыз.


(қолы)


«___» ________________ 201__ж.











Куәлік№



Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп - лицейінің

______________сынып оқушысы

____________________________________

____________________________берілді.



Ол «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшесі болып саналады.



Мектеп директоры: Г.Л. Момбекова



«Басқарма» құрамының міндеттері

1.Взвод командирінің міндеті.


- Өзін еңбекте де,сабақта да үлгі тұтуға;

-Барлық взводтың құрамы мен мүшелерін толық білуге;

- АӘД пәні оқытушысымен бірге клуб мүшелеріне әр түрлі сабақтар мен жаттығулар өткізуге;

- Басқарма құрамымен бірлесіп отырып клуб жұмысын жоспарлауға;

- Клуб мүшелеріне үш айда бір рет, басқарма құрамына ай сайын есеп беріп,ағымдағы мәселелер бойынша жиналыс жасауға;

- Барлық жарыста жарысқа қатысқан оқушылардың есебін алып отыруға міндетті.

2.Рота командирінің тәрбие жөніндегі орынбасарының міндеті:

- Клуб мүшелерінің тәрбие жұмысын жүргізуге;

- Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің тарихы мен дәстүрлерін оқытуға;

- Ұлы Отан соғысы және тыл еңбеккерлерімен,Ауған соғысының ардагерлерімен,әскери оқу орындарындағы курсанттар мен әскери қызметкерлердің қатысуымен кездесу ұйымдастыруға;

- Антты толық орындамағандарға және тәртіп бұзушыларға қажетті шараларды қолдануға;

- Клуб мүшелерінен тәртіптің сақталуын талап етуге міндетті.


  1. Взводтардың жетекші-жаттықтырушыларының міндеті:


- Өзіне бекітілген взводпен үнемі жұмыс жүргізуге;

- Клуб жұмыстарының барлық түріне өз взводын дайындауға;

- Взвод мүшелерінің сабақтарға,жарыстарға қатысуын қадағалауға;

- Мектеп мұғалімдеріне құрмет көрсетіп,сыпайылық мінез-құлықпен сәлемдесу ережелерін қатаң сақтауға;

- Клубтың барлық ісшараларына үнемі қатысуға;

- Антта айтылған барлық талаптарды қатаң орындауға;

- Мектепте өзін инабатты да әдепті ұстап,аумақта қажетсіз шуламауға;

- Мектептің мүлкіне ұқыпты қарап,оқу-материалдық базаны жабдықтау үшін оқытушыға көмектесуге;

- Шашын ұқыпты қоюға және киімі мен аяқкиімін таза,ұқыпты киюге;

- Өз командасының атын жоғары ұстауға міндетті.


4.Ата-аналар комитетінің міндеті:


- Клубтың барлық ісшараларына қатысуға;комитет тарапынан ұсыныс,жаңалықтар қосуға;

-Клуб жұмысының алға жылжуына ықпал жасайтын демеушілер табуға,

- Клуб жұмысын насихаттауға міндетті.











Клуб мүшелерін көтермелеу тәртібі.


Сабақты «Өте жақсыға» оқып,клуб жұмысының барлық ісшарасына белсене көмектескен оқушыларға төмендегідей көтермелеулер тағайындалады.


1.Алғыс жариялау

2.Мақтау қағазымен және заттай сыйлықтармен марапаттау

3.Мектеп туынының жанында түскен фото суретімен марапаттау

4.Аудандық,облыстық газеттерге жариялау
















Бекітемін:

4 шағын орталықты орта

Мектебі директорының м.у.а :

--------Д Кантемирова

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жылдық жоспары

2019-2020 оқу жылы

Өтілетін ісшаралар

Уақыты

Жауаптылар

1

Оқушыларды салтанатты түрде клуб мүшелігіне қабылдау және «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубының жоспарымен таныстыру

Қыркүйек

Мектеп дирекциясы



2

«Жас сарбаз» клубының ұйымдастыруымен қарттар күнініе арналған қамқорлық акциясы

Қазан

АӘД жетекшісі

Ж.Бийолиев

Тәлімгер

3

Жоғарғы әскери оқу орындарының түлектері мен Қайыңды әскери бөлімнің қызметтегі офицерлерімен кездесу

Қараша

АӘД жетекшісі

Ж.Бийолиев

Тәлімгер

Сынып жетекшілері

4

1 желтоқсан тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне арналған

Дөнгелек үстел

Желтоқсан

АӘД жетекшісі

Ж.Бийолиев

Тәлімгер

5

Әскери спорттық сайыс

«Кім бірінші»:

А) Эстафета 4х100м

Б) Арқан тарту

В) Уақытқа газ тұмылдырық кию

Г) пневматикалық қарудан нысанаға ату

Қаңтар

АӘД жетекшісі

Ж.Бийолиев

Дене тәрбиесінің оқытушылары

6

Кеңес әскерін Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналған ауған соғыс ардагерлерімен кездесу

Ақпан

АӘД жетекшісі

Ж.Бийолиев

Тәлімгер

Сынып жетекшілері

7

Жауынгерлік әндер байқауы:

А) Әскери және патриоттық әндер;

Б) Сахналық қойылымдар

(әскери тақырыпта КТА)

Наурыз

Ән-күй пәнінің оқытушысы


8

Қайыңды Әскери бөліміне Жас сарбаздармен саяхат

Сәуір

АӘД жетекшісі

Ж.Бийолиев

Дене тәрбиесінің оқытушысы

9

Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл толуына арналған кездесулер.

Ұлы Отан соғысының ескерткіштеріне тағзым жасау

Мамыр

АӘД жетекшісі

Ж.Бийолиев

Тәлім

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!