Тақырыбы: Темекі шегу сәнге берілу ма, әдет
пе, әлде ауру ма?
Мақсаты: Үш бірліктік мақсаттың
орындалуын сабақта
міндетке алу.
Білімділік: шылымның адам ағзасына зиянды
әсерлерін ашу, аурулардың пайда болуы туралы оқушылардың білімін
арттыру;
Дамытушылық: темекінің тарихы, оның
әсерлері, зиянды жақтары туралы түсінікті кеңейту, олардың ойлау
қабілетін, ізденімпаздығын, шығармашылығын одан әрі
дамыту;
Тәрбиелік: денсаулықты сақтау
жауапкершілігін ояту, оқушыларды еңбектенуге, ұйымшылдыққа,
болашақта білікті, саналы маман иесі болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілік: плокаттар, әр маман саласының
киімдері.
Сабақ
барысы.
1-жүргізуші:Сәлеметсіздер ме? Біз
өзіміздің ой‑думанымызды бастаймыз. Бүгінгі біздің бағдарламамызға
тарих, социология, медицина, химия саласының мамандары қатысып
отыр. Біздің ой‑думанымыз қызықты, мәселелі және әсерлі болуы
сіздердің белсенділіктеріңізге байланысты. Думанның тақырыбын
хабарламас бұрын мына әнге құлақ салсақ деймін.
Бұл отырған шылымқор, сорады кеп шылымды
ол,
Қанша айтсаң да алмайды, “тартпа” деген
тіліңді.
Қой десең де қоймайды, көк түтінге
тоймайды,
Сора‑сора уыты өн бойына
жайлайды.
Кірпік әсте қақпайды, жөтел қысып
жатпайды,
Шылымсыз тек жүрмейді, жоқ боп қалса
тілдейді,
Бірақ оның зияның білсе дағы білмейді.
2-жүргізуші: тыңдағандарыңыз темекі зияны
туралы әннің бір шумағы.Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық құбылыс
туралы болмақ. Темекі шегу сәнге берілу ма, әдет пе, әлде аура ма?
Сол туралы болмақ. Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп
қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой‑өрісі дамыған,
мәдениетті адамға шылым шегу жараспаған. Ал кісі өліміне апаратын
жаман әдет қайдан келген? Ол туралы бізге тарихшылар айтып
берсе.
Тарихшы:
Темекі
адамға ерте кезден бастап белгілі болған, оны діни ғұрыптарға
пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегуге қатысты тарихы былайша
басталған. Христофор Колумбтың әйгілі “Пинта” кемесісің матросы
Родриго Грианна “Алда жер көрінеді” деп айғай салады. Олар бейтаныс
құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс
жағалауы деп ойлады. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа
сыйлықтармен қатар “Ретум” деген шөптің кепкен жапырақтарын
ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді
етіп орап шегеді екен.
Еуропалықтарға темекі шегуді
үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды
қуған.Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері мен балалары да
темекі шеккен. Колумбтың матросы достастық белгісі ретінде “өмір
түтігін, яғни темекіні шеккен.”
Биолог:
Темекі
алқатұқымдас клсына жатады. Бұл тұқымдастың 62 түрі бар, оның 45‑і
Америкада, ал 21 түрі Авсрали мен Полинезияда өседі. Қазақстанда
темекінің үш түрі өседі. Құрамында никотин және басқа да улы
алколоидтар бар. Темекінің жабайы түрі өсетін жерлерде оның
жапыраған жеген малдар уланып, қырылып қалады.
Мәдени және дәрәләк өсімдік
ретінде тараған темекі 120 елде өсіріледі. Дүниежүзінің өндіріс
орындары бір жылда 6 млн тонна өнім шығарады. Ал Қазақстан жылына 9
мың тонна темекі өсіреді.
1-жүргізуші: Мен мынандай сұрақ қойғым
келіп тұр.Темекі шегудің аяғы жайсыз болатынын біле тұра неге
адамдар темекі шегеді? Бұл туралы социологтарда қандай ақпарат бар
екенін білейік.
Социолог:
Зертеулер
бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 пайызы
өздігінен қоя алмайды. “Ағзамыз темекіге үйреніп кеткен,
денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға көмектеседі,
стресс жағдайынан арылуға себебін тигізеді” деп ойлайды. Көпшілігі:
“Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз
сезінемін” деп жауап береді.
2-жүргізуші: Темекіні шегуді қалай қоюға
болатынын дәрігерден сұрайық.
Дәрігер:
Темекіні
қоюдың әр түрлі әдістері бар. Темекіні бірден қойып кетуге немесе
бірте‑бірте күнделікті тартатын темекі санын азайта отырып қоюға
болады. Сол сияқты дәрігерлер психотерапия, ине қою, гипноз арқылы
да темекіні қойғыза алады. Бұл әдеттен арылудың негізгі жолы шылым
шегушінің ниетіне байланысты.
1-жүргізуші: Бүгінгі естігендеріңізден
және көргендеріңізден темекі шегушілерге не деп айтар
едіңіздер.
Мойындарына “Бронхит”, “Қатерлі ісік”,
“Туберкулез” деген тақтайша ілінген студенттер
шығады
Бронхит: Біз темекі тартқанды жақсы
көреміз.
Қатерлі
ісік: Біз темекі тартқанды жақсы
көреміз.
Туберкулез: Сендердің сандарыңның
көбейгені біз сияқты ауруларға өте жақсы.
Бірінші
оқушы: Күрк‑күрк көк
жөтел,
Күркілдеген көк
жөтел.
Жасыңнан шексең
темекі
Түбіңе сенің сол
жетер.
Жүректің ұстап
талмасы,
Мишықтың құрғап
кеткені,
Салауатты өмір
сүреміз
Темекіні
шекпейміз.
Екінші
оқушы: Ғ.Мүсірепов: “Дұрыс жолға қойылған дене
шынықтыру ойындары оң білім алуға бөгет емес, қайта бойды сеогітіп,
ойыңа жірдем беретін нәрсе.”
Үшінші
оқушы : А.В.Луначерский: “Спорт өмірге құштарлық
мәдениетті, сергектік мәдениетін қалыптастырады.”
Төртінші оқушы
: А.А.Айхин: “Никотин шахмат шебері үшін
аса қажетті зердені әлсіретеді және ерік күшін, қабілетті
нашарлатады.”
Бесінші
оқушы : О.Бальзак: “Темекі тәнді зақымдайды,
ақыл‑ойды күйзелтеді.”
Алтыншы
оқушы:
Н.А.Семашко: “Шылымқор өзін ғана емес,
өзгелерді де улайды.
1-жүргізуші:
Уа, халқым, назар аудар
денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың ден сау
болса.
Денсаулық тереңбақыт» деген
сөзді
Құр айтпаған ұлы даналар
да.
Оң болсын десең егер
тіршілігің,
Сақта халқым саулығын
аналардың,
Болсын дәйім дені сау
ұрпақтарың.
2-жүргізуші: Бүгінгі ашық тәрбие
сабағымыз осымен аяқталды. Дендеріңіз сау болсын. Назарларыңызға
үлкен рахмет.