«Дарынды балаларға-
талантты ұстаз»
педагогикалық
олимпиадасының жоспары
Сайыс
тақырыбы: « Дарынды балаларға - талантты
ұстаз»
Мақсаты: жас педагогтердің өзін-өзі
жетілдіруге және әлеуметтік шығармашылығының дамуына жағдай жасау,
білім беру жүйесін жетілдіруге жас мамандардың кәсіби көзқарасын
қалыптастыру.
Міндеттері:
-Педагогикалық мамандықтың
мәртебесі мен беделін өсіру;
- жас педагогтердің
әдістемелік деңгейін жетілдіру;
- Жас педагогтердің оқу-тәрбие
процесіне инновациялар енгізуде және ізденуде мотивацияларын
арттыру;
- инновациялық және
эксперименталды жұмыстарда дербестігін және кәсібилігін
арттыру;
- Жас мамандардың
педагогикалық қызметте өзін-өзі жетілдіруге және анализ жасауына
олардың шығармашылық қабілеттері мен кәсіби ұстанымдарын
дамыту;
- Жас мамандардың кәсіби
қоғамдастығында әріптестердің өз ойын білдіруге, кәсіби
қарым-қатынас жасауға мүмкіндік
туғызу
Сайыстың жүргізілу
барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді
ұстаздар!
Бүгін біздің мектебімізде бала жүрегінен жол
табуға, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім -
тәрбиенің асыл қазынасын құюға, «Жас келсе іске» деген ұстанымды
жалау етіп, ұлағатты ұстаз деген атқа лайықты болуға белін бекем
буынған, барлық күш жігерін ұстаздық жолға салуға әзір тұрған, жас
ұстаздарымыздың олимпиадасы өткелі
тұр.
Сайысқа қатысушы ұстаздарды құрметпен қошемет
көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға
шақырайық.
-
Химия пәні мұғалімі -Раханов
Ернар
-
Биология пәні мұғалімі -
Есқожанова Назерке
-
Физика пәнінің мұғалімі-
Абылқасымов Әмір
-
Даярлық топ жетекшісі -
Сүйесінова Жадыра
-
Даярлық топ жетекшісі -
Қабдылмаликова Гүлдана
-
Дене шынықтыру пән мұғалімі -
Дүзбаева Меруерт
-
Дене шынықтыру пәні мұғалімі -
Батталова Назгул
-
Информатика пәні мұғалімі -
Ещанова Дана
-
Бастауыш сынып мұғалімі -
Кеңесбаева Тоғжан
-
Бастауыш сынып мұғалімі
-Мусина Гүлшат
-
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі-
Сайбекова Әсем
-
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
-Саханова Назым
-
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
-Бобылтаева Гүлжан
-
Математика пәнінің мұғалімі -
Ғазизова Назерке
-
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі
- Шортанова Гүлмира
-
Бастауыш пәнінің мұғалімі
-Баймолданова Динара
Құрметті ұстаздар! Бүгінгі «Дарынды балаға –
талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиадамызға қош
келіпсіздер!
Олимпиада мақсаты:
-жас педагогтердің өзін-өзі
жетілдіруге және әлеуметтік шығармашылығының дамуына жағдай жасау,
білім беру жүйесін жетілдіруге жас мамандардың кәсіби көзқарасын
қалыптастыру.
- Әділдікпен баға берер
ұстаздарға,
Әділдікпен қара қылды
жаруға,
Әділқазы алқаларын
сайлайық.
Үздіктерді таңдап бүгін алуға - деп әділқазы
мүшелерімен таныстыруға рұқсат
етіңіздер.
Жас мамандарымыздың кәсіби педагогикалық ой -
өрісін және кәсіби тәжірибесінің әділ бағасын берер қазылар
алқасымен таныс
болыңыздар:
Мектеп директоры: Бекказин Архат
Төлеуханович
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: Барақбаева Алтынай Әлімбекқызы және Шалкенова Айгул
Ғаббасовна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Қадылбеков Ержан
Қадылбекович
Сонымен, бүгінгі педагогикалық
олимпиадаға қатысып отырған ұстаздарға сәт сапар тілей отырып,
олимпиаданың өтілу барысымен таныс
болайық.
1-
тапсырма
Өзін-өзі таныстыру. «Ізденіс.
Шығармашылық. Нәтиже» тақырыбында жоба қорғау. Әр мұғалім қол
жеткізген табыстары мен жетістіктері туралы шығармашылық жұмысын
таныстыруы керек.\ электронды нұсқада қорғау уақыты -5
минут\
2-
тапсырма
-
Панорамалық сабақ немесе
«Педагогикалық шеберлік қоймасы»
\ регламент 20
минут\
Идея немесе жобаны ұсыну
барысында мұғалімдер өздерінің жұмыс жүйесіндегі негізгі идеяны,
кәсіби құзіреттілік деңгейін, технологиялық және коммуникативтік
мәдениеті, сабақтың эстетикасын, оқу үрдісін талдай білуді
тәжірибелік түрде жүзеге асырады.
-
Ситуациялық сұрақтарға
жауап беру және жағдайдан шығу.
3- тапсырма: «Менің
әуестігім» қатысушы өз өнерін көрсетуі тиіс -5
минут
Жүргізуші:
Осындай тапқыр достар кез - келген
де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге
не?
Қарсылас болғанменен,
құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп
сайысымыздың 1-кезеңі «Ізденіс.Шығармашылық. Нәтиже» деп аталатын
өзін-өзі таныстыруды бастаймыз.
Әр мұғалім қол жеткізген
табыстары мен жетістіктері туралы шығармашылық жұмысын таныстыруы
керек.\ электронды нұсқада қорғау уақыты -5
минут\
Жүргізуші:
Бәрімізді бей - жай қылған
тақырып,
Сырласайық ой - теңізін
сапырып.
Батыл болсын, анық болсын
пікірлер.
Сөз маржаны жатсын тыңнан атылып - деп
сайысымыздың келесі кезеңі 2 -
тапсырма.
1-кезең. Панорамалық сабақ (ұзақтығы – 15
минут)панорамалық сабақ көрсету. Бұл кезеңде сайыскерлер өзінің
жұмыс қызметіндегі бір сабақтан үзінді көрсетеді және өзінің
педагогикалық қызметін
қорғайды.
Жүргізуші:
Ал, мамандар сайысқа
қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын
бар,
Тапқырлықты тексеріп көрейік
біз,
Дұрыс шешсең жағдайды жарайсыңдар.
–
2-Кезең: Ситуациялық сұрақтарға жауап
беру және жағдайдан шығу.\5мин\ әр қатысушыға жағдаяттар
жазылған үлестірме қағаздар
таратылады.
Педагогикалық
жағдаяттар:
-
Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз.
Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін
өшіріп алады, не істер
едіңіз?
2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап
алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп
жазып қойған. Не істер
едіңіз?
3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол
үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата - анасын ертіп
әкелді. Сіздің әрекетіңіз
қандай?
4.
Мұғалім тұлғасы, еңбек сапасы
мен өнімділігі көп жағдайда оның өз білімін жетілдіру әрекетіне
байланысты екендігін дәлелдеңіз.
5. Алдыңғы қатарда отыратын оқушының басында
бит өріп жүргенін көріп қалсаңыз не істер
едіңіз?
6.
Сіз қалай санайсыз, болашақтың
педагогы қандай болуы қажет? Сіздіңше, қазіргі мұғалімдердің
қайсысы осындай сапаларды меңгерген?
7.
Оқушы мұғалімінің сабақ
жүргізуіне кедергі келтірді. Жасалған ескертулерге құлақ аспай,
өзгелерге кедергі жасауын әрі қарай жалғастыра берді. Мұндай
жағдайда Сіз не істер едіңіз?
8. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан
өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі
оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу
керек?
9. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді.
Олардың 13 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде
қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге
қыз: - сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді.
Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі
қайталанып жүр. Ата - анаға
кеңес.
10.
Сабақтың басында немесе сабақтың соңында, сіз
бірнеше сабақ жүргізгеннен кейін, оқушылар сізге былай дейді: «Мен
ойлаймын, сіз педагог ретінде бізге ешнәрсе үйрете
алмайсыз».
Сіздің
әрекетіңіз.
11. Мұғалім оқушыға тапсырма
береді, ал ол тапсырманы орындағысы келмейді де былай дейді: «Мен
мұны істегім келмейді!» - Мұғалім әрекеті қандай болу
керек?
12.Оқушы өзінің біліміне қанағатсыз, болашақта
сол материалды түсініп кетуіне сенбейді. Ол сізге былай деп сұрақ
қояды:«Сіз қалай ойлайсыз, мен болашақта сыныптағы басқа
оқушылардан қалмай жақсы оқып кете аламын ба?» - Мұғалім не деп
жауап беру
керек.
13. Сіз - оныншы сыныптың
сынып жетекшісісіз. Сабақтарыңызда сыныптағы бір оқушы үнемі басқа
нәрсемен айналысып отырады. Ол үнемі мұғалімдерді ызаландырады,
дөрекі сөйлейді, олар бұл баланы мүлдем түзелмейді деп есептейді.
Сыныпта бұл баланың сотқар және «екіліктің баласы» деген атағы бар.
Сіз осы оқушымен қандай жұмыстар жүргізер
едіңіз?
14. Өзіңізді Білім және ғылым
министрі деп елестетіңіз. Білім сапасын жақсарту үшін қандай
іс-әрекеттер жасар едіңіз?
15. Сынып шулап жатыр.
Мұғалім: «Сабақта неге сөйлесіп отырсыңдар?» Оқушылар: «Біз зерігіп
кеттік!» - деп жауап береді. Мұндай жағдайда Сіз қандай әрекет
жасайсыз (не істейсіз, не айтасыз) және
неліктен?
Жүргізуші:
О, заманда ашқан қазақ өнер
сырын,
Шақырған сайыстарға бірін -
бірі.
Қарайық тамашалап жиылған
жұрт,
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп келесі
бөліміміз «Менің әуестігім» тақырыбындағы мұғалімдердің өнерлерін
байқау.
Жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын
шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға
берелік.
Арамызда білімді достар көп
екен,
Солардың біз нәтижесін көрелік. – деп бүгінгі
сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз әділқазыларға
беріледі.
- Бүгінгі кешімізге қатысқан ұстаздарға
көптен - көп рахмет.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас
қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық
тілейміз!