Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жас зияткерлер» математикалық ойыны.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жас зияткерлер» математикалық ойыны.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жас зияткерлер» математикалық ойыны.
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: Презентация, безендендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. Оқушылардың сыныбы, аты жазылған алдарына қоятын қағаздар.
Түрі: топтық сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде
Жоспары:
1.Таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі;
2. Логикалық сұрақтар;
3. Бәйге
4. Сіріңкелермен ойын;
5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер);
6. Сергіту сәті /музыкалық үзінді/
7. Полиглот;
8. Ойлан, тап!
9. Топ басшылар сайысы жанкүйерлер сайысы.
Қолданылған нақыл сөздер:

1. «Логика өнері – адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»
Әбу Насыр Әл-Фараби
Барысы:
Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
«Білімді азамат –ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз.
Кешімізді бастамас бұрын біз әділ –қазылар алқасын таныстырып өтейік:

1- Жүргізуші: Қош келіпсіздер, ойынға, барша қауым!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен текке жоймайық.
2- Жүргізуші: Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік , сынайық,
Жеңсең де, жеңбесеңде ренішсіз болмайық,
Қаймықпай көңілді боп тарайық!
1-Жүргізуші: Сіздердерді кешімізге шақырамыз,
Есеппен басыңызды қатырамыз
Математиканы ұғындырып,
Аз да болса білімізді толықтырамыз.
2-Жүргізуші: Кешіміз міне басталды
Ұмыт болғанды еске алды
Қиында болса қызық сабақ
Жұмыс істетейік бастарды.
1- Жүргізуші: Қатысыңыздар!
2-Жүргізуші: Есептен шет қалмаңыздар!
1-Жүргізуші: Есеп додасы басталды.
2-Жүргізуші: Кірісейік жұмысқа!
1-Жүргізуші: Жайбарақат болмаңыздар.
2- Жүргізуші: Қатыратын бастарыңызды,
1-2- Жүргізуші: Кешіміз міне басталды!!!
1-Жүргізуші: Сөз матемаикалық білім сайысына келген оқушыларға беріледі.
Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.

1. Таныстыру.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі; 5 ұпай
2. Логикалық сұрақтар. Жүргізушілер кезекпен сұрақтар қояды.
- 1 жүргізуші: Қазір сендерге логикалық сұрақтар қойылады. Кім бірінші қол көтереді, сол жауап береді.
- 2 жүргізуші: әр дұрыс жауабына – 1 ұпай.
1) Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. (атасы, баласы, немересі).
2) Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір? (Екеуі бірдей 1 сағ 20 мин = 80 мин).
3) 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минута, бәрін бірге саламыз).
4) Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар?(6 бала).
5) 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей).
6) Төрт пен бестің арасында арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір).
7) Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30).
Төрт қойдың неше аяғы бар? (16).
9) Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті).
10) Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4).
3. Бәйге
Сол жақтағы 30: 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар?/9/
Ортадағы 30: Басталатын нүктесі бар сызық./сәуле/
Оң жақтағы 30: Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы неше тең?/11 см/
Сол жақтағы 40: Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?/33 асық/
Ортадағы 40: Бұл ұпайды таңдаған ойыншыға 10 ұпай қосылады. Тағы таңдау құқығына ие болады.
Оң жақтағы 40: Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы?/Ажар/
Сол жақтағы 50: Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?/0 саны/
Ортадағы 50: Бір шеңбердің үстінде бір шеңбер /сегіз/
Оң жақтағы 50: Үш тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады. 12 тауық 12 күнде неше
жұмыртқа табады?(12/22)

4. Сіріңкелермен ойын. әр тапсырмаға – 5 ұпай
5. Ойымды жалғастыр. (мақал-мәтелдер);
1 – жүргізуші: топтар кезекпен жауап береді.
2 – жүргізуші: әр дұрыс жауабы топка 1 ұпай әкеледі.
1. Жеті жұрттын тілін біл, (жеті түрлі білім іл.)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар )
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досынды үш күн сынама, ( үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға, ( екі елі қақпақ )
6. Жүз сомын болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су ішеді)

6. Сергіту сәті. /музыкалық үзінді/ 6 сынып Нағашыбай А.
7. Полиглот.
1 – жүргізуші: Егер жауабы дұрыс болып, аудармасы жоқ болса, 10ұпай алынады. Ең көбі – 30 ұпай.
Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым.
(шеңбер – окружность – circle)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш – линейка – ruler)
Алды-артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәулеменен кесілді
Шықан тегін білсе де.
(түзу – прямая – line)
Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.
(циркуль – циркуль – сircle)
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай?
(натурал сан – натуральное число – natural number)
Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз.
(цифрлар – цифры – figure)

Жанкүйерлерге сұрақтар:
Көрермендерден 6 оқушы шығарып, олар жасырулы тұрған сандарды іс-қимыл әрекеттері арқылы көрсетуі керек. Жақсы корсете білген оқушылар марапатталды.

1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,
Есептану пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Мұғалім: Жас зияткер жан-жақты дамыған: білімді де, өнерлі де тұлға болуы тиіс.
Қорытынды.
Әділқазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтап, белсене қатысқан оқушыларды марапаттайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
531
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12