Материалдар / Жасанды интеллект болашағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасанды интеллект болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жұмыс 9-11 сыныптарға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Тамыз 2024
515
2 рет жүктелген
5400 ₸
Бүгін алсаңыз
+270 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +270 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аннотация



Қазіргі таңдағы технологияның жетістігі жасанды интеллектке негізделген программаларды пайдалану, техникаларды роботтандыру десек, оның артықшылықтары мен өзіндік кемшіліктері мен кедергілері де қарастырылуды. Әсіресе, өздігінен шешім қабылдайтын программаларға толықтай сенуге бола ма, олар қоғамдағы адамдардың ролін алмастыра ма, бұл қаншалықты қауіпті деген сияқты сұрақтар туындайтыны сөзсіз. Алайда жасанды интеллект деген не? Ол не үшін қажет? Қандай қауіптер бар? Мұның қандай шешімі бар? Осы мәселелер бойынша зерттеулер технологиялық жаңа дәуірдің бастамасы болмақ. Сондықтан қазіргі кездегі өзекті тақырып деуге болады.

Мақсаты: Жасанды интеллекттің адамзат қоғамындағы ролін анықтау

Міндеттері:

  • Жасанды интеллект туралы ақпараттар жинау;

  • Сауалнама алу;

  • Жасанды интеллекттің қалай пайда болғанын анықтау;

  • Қазіргі кездегі жасанды интеллекттің ролі қандай;



Гипотеза: Болашақта жасанды интеллект адамды толықтай алмастырады деген ұғым қалыптасуы мүмкін. Алайда оның пайда немесе зиян әкелуі тек адамзаттың ғана қолында екенін түсінуіміз керек.























Аннотация



Если мы говорим, что успех современной техники заключается в использовании программ, основанных на искусственном интеллекте, то следует также рассмотреть роботизацию техники, ее преимущества, недостатки и препятствия. В частности, наверняка возникнут такие вопросы, как можно ли полностью доверять программам самостоятельного принятия решений, заменят ли они роль человека в обществе и насколько это опасно. Но что такое искусственный интеллект? Почему это необходимо? Каковы риски? Каково решение этой проблемы? Исследования по этим вопросам станут началом новой технологической эры. Поэтому можно сказать, что это актуальная тема.


Цель: Определить роль искусственного интеллекта в человеческом обществе.

Задачи:

- Сбор информации об искусственном интеллекте;

- Прохождение опроса;

- Определение того, как был создан искусственный интеллект;

- Какова роль искусственного интеллекта сегодня;



Гипотеза: Есть потятие, что, в будущем искусственный интеллект может полностью заменить человека. Однако мы должны понимать, что это только в руках человечества.



















Annotation



If we say that the success of modern technology lies in the use of programs based on artificial intelligence, then we should also consider the robotization of technology, its advantages, disadvantages and obstacles. In particular, such questions are sure to arise as to whether self-decision-making programs can be fully trusted, whether they will replace the role of an individual in society, and how dangerous this is. But what is artificial intelligence? Why is it necessary? What are the risks? What is the solution to this problem? Research on these issues will be the beginning of a new technological era. Therefore, we can say that this is a hot topic.

Purpose: To determine the role of artificial intelligence in human society.

Tasks:

- Collection of information about artificial intelligence;

- Passing a survey;

- Determining how artificial intelligence was created;

- What is the role of artificial intelligence today;

Hypothesis: There is a theory that, in the future, artificial intelligence can completely replace a person. However, we must understand that this is only in the hands of mankind.

























Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Жасанды интеллект дегеніміз не?

2.2 Жасанды интеллект қалай жұмыс истейді?

2.3 Біздің өміріміздегі жасанды интеллект

3.1 Алиса – виртуалды дауыс көмекшісі

3.2 Чатботтар – оны әркім жасай алады

3.3 Болашақтағы ЖИ

ІІІ. Қорытынды

ІV. Әдебиеттер тізімі

































Кіріспе

Мен өзімнің зерттеу тақырыбымды «Жасанды интеллекттің даму болашағы» деп алған себебім, бұл маған өте қызықты тақырып болды. Өйткені, соңғы жылдары бұл термин жиі қолданыла бастады, яғни жаңа әрі таңсық тақырып еді. «Жасанды интеллект» дегенде алыстағы, болашақты, ғылыми-фантастиканы меңзейтін... сондықтан жақынырақ «танысып», терең бойлағым келді.

Мен ойлағандай бұл болашақтың технологиясы, бірақ қазірден бастап қолданысқа еніп жатқан кейбір бастамалары да бар болып шықты.

Адамдарды олардың өздерінің ойлау механизмі әрқашан қызықтырған. Адамды ақыл иесі ретінде ерекшелендіріп тұратын олардың санасы мен интеллектісінің бар болуы екенін білеміз. Адам интеллектісі көптеген компоненттерден тұрады, оның ішінде сыртқы ортамен байланысты болатын сезім мүшелері, үйренуге икемдігі, бағалауға келмейтін білімдер жиынтығы. Әртүрлі мәселелерді шешу барысында байқалатын интеллектінің өзіндік белгілері болып үйренуге икемділік, жалпылау, тәжірибені (білімді) жинау және өзгерістерге бейімделу болып табылады. Интеллектінің осы қасиеттерінің арқасында ми әртүрлі мәселелерді шеше алады, сонымен қатар бір есептен екіншісін шешуге оп-оңай ауыса алды. Осылай, интеллектісі бар ми алуан түрлі есептерді шығаруға арналған әмбебап құрал болып табылады, оның ішінде формалданбаған, стандартты, алдын-ала шешу әдістері жоқ есептер де бар.

Интеллектісі бар ми интеллектуалды есептерді шешуге бағытталған болса, бұл процесті ойлау немесе интеллектуалды іс-әрекет деп атаймыз. Интеллект және ойлау органикалық түрде теоремаларды дәлелдеу, логикалық талдау, жағдайларды ажырату, іс-әрекетті, ойынды болжау және белгісіздік жағдайында басқару сияқты тапсырмалармен байланысты. Осылайша, интеллект деп мидың қабылдау, еске сақтау және бағытталған түрде білімді оқу барысында түрлендіруді пайдалана отырып тәжірибе және түрлі жағдайларға байланысты адаптациялану негізінде интеллектуалды есептерді шешу мүмкіндігін атаймыз.

Адамзаттың осы ерекшелігінің көшірмесін ғылымда "жасанды интеллект" дейді. Соңғы ғасырдың жартысынан бері түрлі елдің ғалымдары адамның санасы сияқты әртүрлі функцияларды басқара алатын күрделі механизмді жасанды жолмен жасауға тырысып келеді. Әзірге адам санасының аналогы жасалған жоқ.

Мысалы, XIX ғасырдағы ертегі оқырмандары адам баласының құс сияқты көкке көтерілетін аппарат құрастыратынына немесе ғарышты игеретіне сене қоймаған еді. Олардың арасында жердің домалақ екеніне күмәнмен қарайтындар да болған. Осыдан жарты ғасыр бұрын адамдар хатты интернет арқылы алмасу мүмкіндігіне немесе сымсыз байланыс құралдарының пайда болатынына сенбеген. Сол сияқты бүгінгі қоғам да адам сияқты ойлау қабілетіне ие болатын әмбебап роботтардың заманы келетініне күмәнмен қарайтындар аз емес. Бірақ, оның ауылы жақын. Себебі біз аз уақытта әмбебап жасанды интеллектінің 7 кезеңінің 4-іншісіне жетіп үлгердік деп хабарлайды мамандар. Оған соңғы кездегі көптеп түсірілген адам тәрізді роботтар – гуманоидтар туралы фильмдер дәлел бола алады. Режиссерлердің айтуынша, олар фильмді түсіру үшін бірнеше жылдарын осы саланы оқып, зерттеуге арнайтын көрінеді.

Мен өз жұмысымда алдымен, жасанды интеллекттің не екенін, оның қалай жұмыс істейтінін, болашағы қандай болатынын болжайтын деректер мен мәліметтер іздеуден бастадым. Мақсатым, ЖИ даму болашағын білу, адамзат қоғамындағы рөлін анықтау.








































Жасанды интеллект дегеніміз не?

1956 жылдың жазында Джон Маккарти есімді америкалық бағдарламашы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен ғылыми конференцияда бұл терминді алғаш рет қолданған. Ол компьютерлік бағдарламалаудағы ең алғашқы тілдердің бірі Лисптің негізін салған. Жасанды интеллектінің дамуына қосқан үлесі үшін Маккарти зейнет жасында Тюринг премиясының лауреаты атанады.

Жасанды интеллект (ЖИ, ағылш. artificial intelligence, AI) — интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым. Зияткерлік машиналардың дәстүрлі түрде адамдардың артықшылығы болып саналатын шығармашылық функцияларды орындау мүмкіндігі. Сондай-ақ, бұл термин интеллектуалды машиналарды жасау ғылымы мен технологиясына қатысты

Жасанды интеллект жайлы түсінік XVIII ғасырдағы идеализмнен модернизмге көшкен философтардың «адамның ойлау қабілетін механикалық тұрғыдан қалай автоматтандыруға болады?» деген сұрағынан бастау алады. Бұл, әрине, теорияға дейінгі талқылау барысы еді. Кейіннен сол теорияның қалыптасуына ғылыми-фантастикалық бағыттағы жазушылар өз үлесін қосты. Олардың қатарында «робот» сөзін айналымға енгізген чех жазушысы Карел Чапек те бар.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде біріне-бірі қас елдердің бақталастығы да жасанды интеллектінің дамуына біршама серпін берді. Мысалы, ағылшын математигі Алан Тюринг математикалық есептеу арқылы немістердің құпия ақпарат тасымалдайтын шифрланған әйгілі Энигма аппаратының кодын бұзады. Бұл соғыс кезінде миллиондаған адамның өмірін сақтап қалған инновация еді. Кейіннен Тюринг жасанды интеллект пен адамды ажырату үшін қолданылатын тест жасайды. Бұл тестіден өткен жасанды интеллект адам санасына барынша жақындағанын білдіретін еді. Десе де, осыдан бірнеше жыл бұрын әйгілі америкалық физик Митио Каку Астана экономикалық форумындағы кездесулердің бірінде Тюринг тестінен өткен жасанды интеллект жобалары бар екенін айтқан еді. Ғалым аталған тестінің ескіргенін, жасанды нейрондар жүйесіне басқа күрделі тест қажет екенін де жасырмады.

50-жылдары Тюрингтің зерттеулеріне ұқсас математикалық анализбен америкалық Дартмут колледжінің ғалымдары да айналысады. Көп өтпей, Джон Маккарти есімді компьютер ғалымының бастамасымен сол колледж ғалымдары «жасанды интеллект» деген тіркесті айналымға енгізеді. Ал 90-жылдардан бері жасанды интеллект практикалық тұрғыдан, яғни өндірістік деңгейде дами түсті.

Бүгін біз күнделікті қолданатын Apple өнімдеріндегі Siri дауыс қызметі де, әр сұрағымызға жауап іздейтін Google браузері де, құлағымызға іліп алып, музыка тыңдайтын құлаққаптар да, әлеуметтік желілерде бізге ұнайтын контентті дәл тауып ұсынатын бағдарлама да, мессенджерде біз жазғымыз келетін сөзді алдын-ала болжай алатын пернетақта қызметі де, жол көрсететін GPS те – бәрі, бәрі жасанды интеллект. Демек, жасанды интеллект адам баласының күнделікті өміріне әбден сіңіп үлгерді десек те болады. Бірақ ғалымдар бұл тек бастамасы екенін айтады.

Осы күнгі біз білетін жасанды интеллект үлгілері «осал» немесе «бір фокусты» типке жатады. Себебі олар бір мәселені ғана шешуге бағытталған. Әзірге мұндай технология көп профильді шешім немесе әмбебап қызмет көрсете алмайды. Apple-дің Siri қызметі кей сұрағыңызды түсінбей қалуы да содан болуы керек. Десе де, «қуатты» жасанды интеллект үлгілері де бар. Мысалы, 2017 жылы қытайдың Го үстел ойынынан әлем чемпионы Кэ Цзені жеңген AlphaGo осы қуатты жасанды интеллектінің алғашқы үлгілерінің біріне жатады. Себебі ол енгізілген барлық деректі пайдалана отырып, тиімді жүрісті жасай алады. Бұл сіз бен біздің тәжірибе арттырып, сосын сол тәжірибеге сүйене отырып, ары қарай дамып, өсуімізге ұқсайды.

Жасанды интеллектіні дамытуға тырысып жатқан ғалымдардың басты мақсаты да адам санасындағы ойлау процесін жасанды түрде құрастыру болып отыр. Мысалы, Fujitsu компаниясы құрған әлемдегі ең қуатты K суперкомпьютеріне адам миындағы нейрондардың бір секундтық әрекетін симуляциялау үшін 82 мың процессор мен 40 минут уақыт қажет болды. Бұл адамға ұқсас роботтардың пайда болуына әлі ерте екеніне меңзейді, алайда ғалымдар мұның бүгінгі жас ұрпақ көріп үлгеретін инновация екеніне сенеді.

Жоғарыда айтылған AlphaGo бағдарламасының негізі терең үйрену (deep learning) жүйесімен жасалған. Терең үйрену – соңғы он жылда практикалық тұрғыдан қолданыла бастаған, жасанды интеллектінің машиналық үйрену (machine learning) саласынан бөлінген дербес әдіс. Кезінде Google Brain мен Baidu компаниясының жасанды интеллект жобасының жетекшісі болған Эндрю Нг терең үйренуге негізделген кез келген компьютер адамның ойындағы қарапайым тапсырманы орындай алатынын айтқан болатын. Демек, жасанды интеллектінің адам миының нейронды жүйесін көшіруге осы терең үйрену жүйесі негіз болмақ.

Сонымен, қазіргі жасанды интеллект төңірегіндегі ғалымдар жасанды нейронды жүйені құруды көздеп отыр. Асылы, ғалымдар неге жасанды интеллектінің дәл адам санасының көшірмесі болғанын қалайды? Жауабы оңай әрі қарапайым. Адам баласы өзінен басқа ақылды тіршілік иесін білмейді. Сондықтан, өнімі де өзіне ұқсаған болғанын қалауы логикаға келіп-ақ тұр.

Қазіргі таңда ғалымдар жасанды интеллект мүмкіндіктерін бір функциямен шектемей, адам санасы сияқты білім жинау, анализ жасау, мәселе шешу, жоспарлау, болжау және үйрену сынды функиялармен толықтыруға тырысып жатыр. Сол себепті де, жасанды интеллект нейрон жүйесі (Neural Networks), эволюциялық есептеу (Evolutionary Computation), эксперттік жүйе (Expert Systems), дыбыс жазу (Speech Processing) және машиналық ойлау (Machine Learning) сынды салаларға бөлінген.

Стэнфорд университетінің AI Index жобасының есебінше, жасанды интеллектінің дамуына 2020 жылы әлем бойынша 40 миллиард АҚШ доллары инвестиция жасалыпты. Бұл нарық жыл өткен сайын өсіп келеді. Бұл бағыттағы әлемдегі ең үлкен екі бақталас ел ретінде АҚШ пен Қытай жасанды интеллектіні әскери күште, қауіпсіздікте, қоғамдық тәртіпте пайдалануға тырысып жатыр. Мысалы, Google АҚШ Қорғаныс министрлігінің автономды әскери дрон жобасына көмектескені үшін сынға қалса, Қытай үкіметі азаматтарын толық бақылау арқылы олардың әр әрекетіне баға беру, мадақтау немесе сөгу механизмін (Good Citizen Initiative немесе Social Credit initiative) жасаймын деп сыналып жатыр. 2017 жылы Қытайдың коммунистік үкіметі Кэ Цзенің жасанды интеллект бағдарламасына ұтылғанын көрген соң, бұл саланың болашағы аса үлкен екендігіне көз жеткізіп, түрлі жобаларды жаппай қаржыландыруды бастап жіберді. Небәрі үш жылда Қытай жасанды интеллект саласына инвестиция құю бойынша әлемде бірінші орынға да шығып үлгерді. Қытайдың жасанды интеллектіге назары жайлы Кай Фу Ли есімді әйгілі компьютер ғалымының “Жасанды интеллектіні құрықтаған супердержавалар” атты еңбегінде тамаша түсіндіріледі.

АҚШ та бұл саланың дамуында артта қалмау үшін әрекет етіп бағуда. Мысалы, күні кеше АҚШ Конгресі технологиялық зерттеу жұмыстарына $250 миллиард бөлуге дауыс берді. Бөлінетін қаржының $10 миллиарды квантты компьютер және жасанды интеллект дамуына бағытталмақ.

Мүмкіндіктері кеңейген сайын жасанды интеллект түрлі өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыла бастады. Нақтырақ айтсақ, кәдімгі адамның орнына шаршамайтын, бірқалыпты қызмет атқара беретін жасанды интеллект келді. Мысалы, америкалық электронды коммерция нарығының алыбы Амазон компаниясының қоймаларында автоматтандырылған 200 мың машина қолданылады. Ал осыдан екі жыл бұрын Вашингтондағы Брукингс институтының зерттеушілері АҚШ нарығындағы жұмыс орындардың 25 пайызы автоматтандырылатыны жайлы зерттеу жариялады. Демек жасанды интеллектінің өндірістік секторға жаппай бейімделуі миллиондаған адамның жұмыссыз қалуына алып келгелі жатыр. Бұл енді экономистер мен саясаткерлердің кезекті үлкен мәселесіне айналғалы тұр.

Біз білетін жасанды интеллект әзірге адам сияқты сыни ойлай алмайды. Демек сыни ойлауды қажет етпейтін барлық салада олардың басымдылығы күн сайын арта түсетіні анық. Десе де, ғалымдар бұл бір мезетте болмайтынын және сол транзит кезеңде адам баласы басқа салаға бейімделуге үйренуі керек екенін айтады. Нақтырақ айтсақ, КСРО кезіндегідей бір зауытта 40 жұмыс істеу мүмкін болмайды. Алдағы уақытта әр адам жыл сайын өзінің кәсібилігін арттыра отырып, өзге де салаларды меңгеруге бейім болуға тиіс.

Қысқаша айтқанда, жасанды интеллектінің қарқынды дамуы бізді төртінші өндірістік төңкеріске  жетелеп отыр. Бүкіләлемдік Экономикалық Форум негізін салушы, инженер-экономист Клаус Шваб аталмыш төңкеріс адам өмірін түбегейлі өзгертетінін айтады. Өткен үш өндірістік төңкеріс нәтижесінде адам баласы бу станогымен өнім шығаруды жылдамдатты, кейінірек электр энергиясының көмегімен оны автоматтандырды, үшінші кезеңде компьютер мен интернеттің келуінің арқасында өмірін әлдеқайда жақсарта алды. Төртінші өндірістік төңкерістен кейін ауыр физикалық қызметті әмбебап роботтар істеуге көшсе, қоғамдық қызмет пен адам баласының қажеттілігі толықтай қуатты жасанды интеллектінің көмегімен қанағаттандырылады. Десе де, кейбір ғалым бұл төңкеріс бай мен кедей арасындағы әл-ауқат теңсіздігін үлкейтетінін айтады. Клаус Шваб осы пікірмен келісе отырып, болашақты бағдарлап-жоспарлау кезінде адам баласы басты назарда болуға тиіс деп санайды.

Жасанды интеллектінің адамзат өміріне әсері артқан сайын, болашаққа бағытталған түрлі саяси идеологияны онсыз елестету мүмкін емес. Мысалы, либералды демократия еркін экономикалық нарықтың қуатымен жасанды интеллектінің тиімділігі жеке секторда барлық адам баласына бірдей пайдасын тигізетініне сенеді. Ал жұмысшылардың құқығын қорғайтын коммунистік идея жақтастары болашақта барлық жұмысты жасауға коллективті роботтық жүйе құрастырып, пост-өндірістік қоғам құруды мақсат етеді

Илон Маск айтқандай, жасанды интеллект зерттеуінде де ашықтық саясатын қолдануымыз қажет. Әйтпесе, кейбір құпия жоба белгілі бір саяси топ немесе жеке кәсіпкердің тиімділігі үшін қолданылса, ашық қоғам құру мүмкін емес. Расында, көптеген инновациялық технологиялар бір жағынан адамзатқа тиімді болғанымен, екінші жағынан зияны да бар. Бастысы жасанды интеллектінің адам санасының мүмкіндігін иемденген кезде, Азимов жазып кеткен үш негізгі заңға бағынса болғаны. Әйтпесе, болашағымыз бұлыңғыр болуы бек мүмкін!





Жасанды интеллект қалай жұмыс істейді?

Жасанды интеллекттің не екенін білдік, ол кәдімгі бағдарлама. Бағдарламалар белгілі бір алгоритмдермен жұмыс жасайды. Біз фильмдерден білетін роботтарға қандай бағдарлама орнатса, сол бағдарлама аясында әрекет етеді.

Яғни, ЖИ алгоритм бойынша жұмыс жасайды. Шешімді қалай шығарады? Өте қарапайым. Енгізілген деректерді сараптап, шешім шығарады. Енгізілген дерек көп болған сайын, интеллектісі «жоғары» деуге болады. Енгізілген деректердің сапасына қарай, нәтижесі де сапалы болмақ.

Ең алдымен, ЖИ терең машиналық оқытудың арқасында жаңа дағдыларды игере алады. Біз бұл терминді жиі естиміз және қолданамыз. Бірақ бұл нені білдіреді? "Классикалық" әдістерден айырмашылығы, барлық қажетті ақпарат жүйеге алдын-ала жүктелген кезде, Машиналық оқыту алгоритмдері қол жетімді ақпаратты зерттей отырып, жүйені өздігінен дамытуға мәжбүр етеді. Сонымен қатар, машина кейбір жағдайларда өздігінен іздей алады. Мысалы, алаяқтықты анықтау бағдарламасын құру үшін машиналық оқыту алгоритмі банктік операциялардың тізімімен және олардың түпкілікті нәтижесімен (заңды немесе заңсыз) жұмыс істейді. Машиналық оқыту моделі мысалдарды қарастырады, заңды және алаяқтық транзакциялар арасындағы статистикалық байланысты дамытады. Осыдан кейін, сіз алгоритмге жаңа банктік транзакция туралы мәліметтерді бергенде, ол оны жаңа банктік транзакцияға бағынатын үлгілер негізінде жіктейді.

Машиналық оқыту алгоритмдері ішінде кеңінен тарағаны жіктеу (классификация) әдісі.

Оның бірнеше түрі бар. Соның ішіндегі «Жақын көршілер әдісін» көрейік.

Shape1 Shape2


Жақсы мақал бар: «Досыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді айтамын». Бұл мақал дәл осы «Жақын көршілер әдісі» туралы айтылғандай.

Мұнда жіктеуді жақын тұрған элементтерге ұқсату арқылы шешім қабылдайды. Мысалы, сіздің хоббиіңізді табу керек болса, К ең жақын достарыңызды алады. К=5 болса, 5 досыңыз туралы мәліметті сараптап, олардың хоббиін анықтайды. Көбірек досыңыз немен айналысса сіздің де хоббиіңіз сол болмақ. Айталық. 1 досыңыз домбыра тартады, 1 досыңыз шахмат ойнайды, 3 досыңыз футбол ойнайды. Демек сіз де футболға қызығасыз деген шешім шығарады. Бұл машиналық оқытылымның бір түрі ғана. Олар есептің құрылымы мен күрделілігіне қарай әр алуан болады.

ЖИ технологиясын әртүрлі жолдармен жүзеге асыруға болады. Тағы жолы - нейрондық желілер. Нейрондық желі деп аталуы тірі ағзадағы жүйке желілерімен бірдей принцип бойынша құрылғандықтан. Ағзада жүйке жасушалары – нейрондар желіге қосылған, олар жүйке жүйесін құрайды. Ал жасанды нейрондық желіде қарапайым процессорлар – бір-бірімен байланысқан және өзара әрекеттесетін есептеу элементтері қолданылады.





Нейронды желілер

Кәдімгі алгоритмдерден айырмашылығы, нейрондық желілер тәжірибесі арқылы үйренуге қабілетті. Нейрондық желілер кіріс және шығыс деректер арасындағы байланыстарды талдайды және анықтайды, деректерді жалпылайды және мәселелердің шешімдерін қалыптастырады. Нейрондық желілер осылай жұмыс істеуі үшін машиналық оқыту әдістері қолданылады. Оның үстіне, нейрондық желілер жағдайында мұндай оқыту көптеген есептеу ресурстарын қажет етеді.

Нейрондық желіге не үйрете алатыныңыз кіріс деректеріне байланысты. Деректер неғұрлым көп болса, оқыту соғұрлым жақсы болады. Нейрондық желіні бір объектіні екіншісінен ажыратуға, салыстыруға және болжауға үйретуге болады. Нейрондық желіні үйрену балаларға суретті көрсетіп, «бұл мысық» деп үйреткендей. Нейрондық желілер жағдайында олар түсіндірме белгілері бар көптеген суреттерді алады және жеке элементтерді тануды үйренеді, содан кейін оларды біріктіре алады. Енгізілген кескін белгілі бір сүзгілеу жүйесіне түседі. Ондағы сүзгілер танылуы мүмкін элементтердің өлшемі мен күрделілігі бойынша әртүрлі болады, және әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл жүйеде кескін қайта-қайта сүзгіден өтеді. Көптеген элементтер танылған кезде нейрондық желі болжам жасайды.

Осы негізде ертеңгі күнгі акциялардың бағасын болжайтын, пошта конвертіндегі қолжазбалық индекс сандарын танитын және суреттегі ауру органды анықтайтын нейрондық желілер пайда болды. Оларды оқыту үшін валюта бағамдары туралы сандық деректер және жазбаша сандар, ауру және сау органдардың суреттері пайдаланылды. Мәселе нейрондық желілердің жиі қателесуінде болды, өйткені оқыту үшін шынымен үлкен деректер үлгілерін жинау қиын болды. 2010 жылы ImageNet кескіндер базасы пайда болды: 22000 санаттағы 15 миллион сурет. Қолжетімділік ашық болды: кез келген зерттеуші деректерді пайдалана алады. Нәтижесінде ЖИ-ны жоғары сапада үйрету мүмкін болды. Нейрондық желілер анағұрлым дамыған, қолжетімді және күнделікті өмірге берік кіріктірілді.















Біздің өміріміздегі жасанды интеллект

Жасанды интеллект – әлемдегі жаңа төңкеріс алып келетін сала. Оның қамтымаған секторы жоқ. Осыдан он жыл бұрын адам күшін қажет ететін жұмыстарға бүгінде робот күші жегілді. Мысалы, 2014 жылы америкалық миллиардер Джефф Безос Amazon.com компаниясының жүк тасымалдайтын мыңдаған қызметкерін жұмыстан босатып, оларды роботтармен алмастырды. Қазіргі таңда компанияның қоймаларында жүз мың робот жұмыс істейді. Одан бөлек, такси қызметін ұсынатын Uber компаниясы жүргізушісіз қозғалатын көлік жүйесін тестілеуден өткізіп жатыр. Егер жоба іске асса, 2 миллионға жуық такси жүргізушісі жұмыссыз қалуы мүмкін.

Бірақ, әзірге роботтың мүмкіндігі пайымдау және сыни ойлау мүмкіндігіне ие емес. Сондықтан роботтар юриспруденция, журналистика және компьютерлік бағдарламалау сынды салаларды игере алмайды.

ЖИ қызметтері қолданылатын салалар:

білімді ұсыну және қолдану (сараптамалық жүйелер құру);

ойлау үрдістерін символдық модельдеу (теорема дәлелдеу,шешім қабылдау және ойын теориясы, жоспарлау және реттеу, болжау);

табиғи тілмен жұмыс (ақпараттық іздеу, мәтінді іздеу, машиналық аударма);

робототехника (нысандарды басқару, орналасқан орынды

анықтау, қозғалысты жоспарлау);

машиналық шығармашылық (кино мен ойын саласында

қолданылатын шынайы бейнелер құру);

зерттеудің басқа да салаларында (компьютерлік ойындардағы интеллектілерді программалау, сызықтық емес басқару, ақпараттық қауіпсіздіктің интеллектуалды жүйелері).

машиналық оқыту (символдарды тану, қолмен жазылған мәтінді тану, дауысты тану, мәтінді талдау);

жасанды интеллектіні биологиялық модельдеу (нейронды желілер);


Алиса – Яндекс жасаған виртуалды дауыстық көмекші. Ол табиғи сөйлеуді таниды, тірі диалогты имитациялайды, пайдаланушының сұрақтарына жауап береді және бағдарламаланған дағдылардың арқасында қолданбалы мәселелерді шешеді. Алиса смартфондарда, компьютерлерде және машиналарда жұмыс істейді. Яндекс мәліметтері бойынша, Алисаның дауыстық көмекшісінің күнделікті аудиториясы 8 миллион пайдаланушыны құрайды, ал Алисаның айлық аудиториясы 2019 жылдың желтоқсанында 45 миллион адамды құрады.

Алисаның дамуы 2016 жылдың соңында IT-нарықта виртуалды көмекшілерді дамыту бағыты қалыптасқан кезде басталды: нарықта Apple, Google Assistant, Amazon Alexa және Microsoft корпорациясының Cortana Siri ұсынылды. Сол кезде Яндекс іздеуде, навигаторда және басқа қосымшаларда дауыстық басқаруды жүзеге асырды және көп қабатты нейрондық желіні қолданатын түбегейлі күрделі жүйе-мағыналы диалог режимінде адаммен өзара әрекеттесе алатын дауыстық көмекшіні құрумен айналысты

Алиса Яндекстің әртүрлі қосымшаларына енгізілген: іздеу қосымшасы, Яндекс. Навигатор, Лончер және Яндекс мобильді және жұмыс үстелі нұсқаларында. Браузер Көмекшімен сөйлесу дауыспен және пернетақтадан сұрауларды енгізу арқылы мүмкін болады. Алиса тікелей диалог интерфейсінде жауап береді немесе сұраныс бойынша іздеу нәтижелерін немесе қажетті қосымшаны көрсетеді. Сұрақтарға жауап беруден басқа, Алиса қолданбалы мәселелерді шеше алады: музыка қосу, дабыл/таймер қою, такси шақыру немесе ойын ойнау.

Алиса үшін дағдыларды құру үшін Сіз шеберлік дизайнерлерін пайдалана аласыз. Дағдыны құру үшін оның алгоритмін арнайы визуалды конструкторда орнату керек. Конструктор-көптеген шартты ауысулары (бұтақтары) бар ағаш. Алиса клиенттерінен өтінімдерді amoCRM, Bitrix24, Google Sheets және электрондық поштаға жіберуге болады.

Чатботтар дегеніміз не? Чатбот-бұл мәтін немесе дауыс арқылы адамның қарым-қатынасын имитациялайтын сұхбаттасушы бағдарлама. Чатботтар берілген алгоритм бойынша жұмыс істеу арқылы тапсырмаларды автоматтандыруға көмектеседі. Олар пайдаланушымен олардың өтініштерін орындау, сұрауларға жауап беру немесе жауаптарымен көңіл көтеру арқылы диалог жүргізеді. Адамдардың қарым-қатынасына еліктейтін алғашқы бағдарламалар 1966 жылы пайда болды. Elisa виртуалды сұхбаттасушысы психотерапевтпен диалогқа сенімді түрде пародия жасады. 2010 жылдары мессенджерлердің танымалдылығының артуымен чатботтар жаңа өмірге ие болды. Көбісі танымал мессенджерлер платформаларында жұмыс істейді: Facebook Messenger, Telegram, Viber, "ВКонтакте", Skype, Slack. Боттар жеке қосымшалар ретінде жұмыс істей алады немесе іздеу жүйесінің функционалдығына ендірілген болуы мүмкін. Маған чатбот не үшін қажет? Чатботтар көп тапсырмалы. Пайдаланушының сұранысы бойынша олар пайдалы ақпарат береді: ауа-райы болжамы, валюта бағамы, плакат, сөз аудармасы, соңғы жаңалықтар, қолайлы рейсті таңдауға, билетті брондауға және таксиге тапсырыс беруге көмектеседі. Көмекші боттар алдағы оқиғаларды еске түсіреді. Пошта қызметтерінің боттары пакетті трек коды бойынша қадағалайды. Чатботтар кітаптарды, фильмдерді және музыканы табуды және жүктеуді жеңілдетеді. Бұқаралық ақпарат құралдары мессенджерлер арқылы оқырмандарға материалдар мен жаңалықтарды жеткізу үшін чатботтарды пайдаланады. BBC, Forbes, The Wall Street Journal, "Медуза", "Коммерсант" сияқты ірі басылымдардың чат-боттары бар. Банктердің чат-боттары мен төлем жүйелерінің көмегімен қаржылық операцияларды, ақша аударымдарын жасауға және балансты тексеруге болады. Чатботтар адамдарды алмастыра ала ма? Бот адамды алмастыра алмайды, бірақ ол көптеген күнделікті операцияларды автоматтандыра алады, техникалық қолдау қызметтері мен call-орталықтарды ауыстыра алады, танымал сұрауларға бірден жауап беріп, анықтамалық ақпарат бере алады. Бот сатушы-кеңесші ретінде жұмыс істеу арқылы бизнеске көмектесе алады. Пайдаланушымен диалог барысында бағдарлама опциялар тізімін біртіндеп тарылтып, ең маңызды тауарлар мен қызметтерді ұсынады. Боттар заңгерлік кеңес беруде жақсы жұмыс істейді. Компаниялардың ішінде чатботтар HR және заң бөлімдерінің кейбір мүмкіндіктерін ала алады. Олар бос жұмыс орындарына өтінімдерді қабылдауға және үміткерлерге сауалнама жүргізуге, қызметкерлердің кестесін жоспарлауға және маңызды міндеттерді еске түсіруге, іссапарларды ұйымдастыруға, курстарға жазылуға және стандартты есептерді қабылдауға қабілетті.

Чат ботын қалай жасауға болады? Ботты нөлден бастап жасауға болады. Ол үшін белгілі бір программалау тілінде код жаза білу керек, бірақ бұл қосымша жасаудан оңайырақ. Пайдаланушыларға көмек туралы ақпарат беретін немесе ешқандай бағдарламалау дағдыларынсыз ескертулер жіберетін қарапайым чат бот жасауға болады. Мұны істеу үшін тегін дизайнерлердің бірін пайдалана аламыз. Chatfuel — Facebook Messenger-ге арналған ең оңай чат-бот құрастырушысы, оны Facebook бетіне байланыстырып, сұрақтар мен жауаптармен біртіндеп блоктарды толтыру арқылы 7 минут ішінде ең қарапайым бот жасауға болады. Telegram чат-боттарын әрекеттердің қадамдық алгоритмі бар Manybot боты арқылы жасауға болады. Сондай-ақ тегін және премиум нұсқалары бар жетілдірілген ресурстар да бар. Dialogflow платформасында табиғи сөйлеуді тануға негізделген боттарды жасауға болады екен. Meya.ai платформасында сіз барлық негізгі мессенджерлерге арналған боттарды жасауға болады.

Мен PYCHARM программалау ортасында қарапайым телеграмм-бот жасадым. Бұл бот әртүрлі әлеуметтік желілер мен іздеу жүйелеріне сілтеме бере алады. Бұл маған алгоритмдердің қалай жұмыс жасайтынын түсінуге мүмкіндік берді.



Pycharm программасы



Телеграммдағы көрінісі

Коды:

from telegram.ext.updater import Updater

from telegram.update import Update

from telegram.ext.callbackcontext import CallbackContext

from telegram.ext.commandhandler import CommandHandler

from telegram.ext.messagehandler import MessageHandler

from telegram.ext.filters import Filters


updater = Updater("5546281393:AAHtuNSa9FU4vkm5JxR7dcH--uxfGx8ISzI",

use_context=True)



def start(update: Update, context: CallbackContext):

update.message.reply_text(

"Hello sir, Welcome to the Bot.Please write\

/help to see the commands available.")


def help(update: Update, context: CallbackContext):

update.message.reply_text("""Available Commands :-

/youtube - To get the youtube URL

/linkedin - To get the LinkedIn profile URL

/gmail - To get gmail URL

/geeks - To get the GeeksforGeeks URL""")



def gmail_url(update: Update, context: CallbackContext):

update.message.reply_text(

"Your gmail link here (I am not\

giving mine one for security reasons)")



def youtube_url(update: Update, context: CallbackContext):

update.message.reply_text("Youtube Link =>\

https://www.youtube.com/")



def linkedIn_url(update: Update, context: CallbackContext):

update.message.reply_text(

"LinkedIn URL => \

https://www.linkedin.com/in/dwaipayan-bandyopadhyay-007a/")



def geeks_url(update: Update, context: CallbackContext):

update.message.reply_text(

"GeeksforGeeks URL => https://www.geeksforgeeks.org/")



def unknown(update: Update, context: CallbackContext):

update.message.reply_text(

"Sorry '%s' is not a valid command" % update.message.text)



def unknown_text(update: Update, context: CallbackContext):

update.message.reply_text(

"Sorry I can't recognize you , you said '%s'" % update.message.text)



updater.dispatcher.add_handler(CommandHandler('start', start))

updater.dispatcher.add_handler(CommandHandler('youtube', youtube_url))

updater.dispatcher.add_handler(CommandHandler('help', help))

updater.dispatcher.add_handler(CommandHandler('linkedin', linkedIn_url))

updater.dispatcher.add_handler(CommandHandler('gmail', gmail_url))

updater.dispatcher.add_handler(CommandHandler('geeks', geeks_url))

updater.dispatcher.add_handler(MessageHandler(Filters.text, unknown))

updater.dispatcher.add_handler(MessageHandler(

Filters.command, unknown)) # Filters out unknown commands


# Filters out unknown messages.

updater.dispatcher.add_handler(MessageHandler(Filters.text, unknown_text))

updater.start_polling()


Телеграммдағы ботқа сілтеме:

t.me/jobaJL_bot

QR- код арқылы кіруге болады:














Жасанды интеллект болашағы.


Жасанды интеллект ғылыми фантастика болуды тоқтатты және қәзір біздің өмірімізге мықтап еніп жатыр. Технологиямен жұмыс істейтін ғалымдар оны барған сайын нағыз ми сияқты әрекет етеді. Компьютерлер беттерді таниді, жол қозғалысы жағдайларын болжайды және денсаулыққа қатысты мәселелер туралы ескертеді. Бірақ біз ЖИ интеграциясы өмірді жеңілдететін және қауіпсіз ететінін дәлелдейтін әсерлі жобаларды көргенімізбен, ЖИ болашағы алда. Инжинерлер жасанды интеллектті қолданудың қазіргі деңгейі оның толық әлеуетіне де жақын емес деп есептейді. Сонымен, жасанды интеллектінің құрылымдық мүмкіндігінің алғашқы прототипі мен біз білетін максимум жетістігіне тоқталмас бұрын, кезеңдерді шолып өтейік. Олар:

  1. Ережеге негізделген жүйелер (Rule Based Systems) – адам баласының жұмысын жеңілдетуге негізделген автоматты алгоритмдер. Оларға жүргізушісіз қозғалатын көліктер мен қашықтан басқарылатын ғарыштың жасанды серіктері жатады.

  2. Контекстіні анықтау және сақтау (Context Awareness and Retention) – белгілі бір салаға қатысты ақпарат қорын жинап, оны бейімделген әдістер бойынша сұрыптап отыратын алгоритмдер. Оларға онлайн қызмет көрсету платформаларындағы чатботтар мен қор нарығында сізге қай құнды қағазды сатып алуға кеңес беретін софт кеңесшілер жатады.

  3. Проблеманы шешуге қауқарлы сарапшы (Domain Specific Expertise) – сарапшы мамандар шешімінен де тиімді ұсыныс жасай алатын алгоритмдер. Әдетте, оларда белгілі бір проблеманы шешуге қажет ақпарат қоры болады. Жасанды интеллект дамуының бұл кезеңіне науқасқа диагноз жасай алатын IBM корпорациясының Watson роботы мен Google құрамындағы Deepmind компаниясының Go үстел ойынын ойнайтын AlphaGo компьютерлік бағдарламасын жатқызуға болады.

  4. Пайымдай алатын машиналар (Reasoning Machines) – "сана теориясын" игерген алгоритмдер. Бұл кезеңдегі бағдарламалар адам сияқты ойлай алады. Сонымен қатар, сену, үйрену және өзін-өзі ынталандыру қабілеттері де бар. Бұл кезеңдегі инновациялық өнімдерге Facebook компаниясының боттарын жатқызуға болады (2017 жылы Facebook платформасындағы боттар бір-бірімен бұрын соңды белгісіз болған жасанды тілде ақпарат алмасты). Бірақ, қазіргі ғалымдардың оған дайын емес екені байқалды.

  5.  Өзін-өзі танитын жүйе /Жалпы жасанды интеллект (Self Aware Systems / Artificial General Intelligence or AGI) – адамның ми құрылымына ең жақын жүйе алгоритмі. Әзірге әлемде бұл кезеңге бағытталған жоба жоқ. 2004 жылы аустралиялық режиссер Алекс Пройас түсірген "Мен Роботпын" (I, Robot) филміндегі U.S. Robotics компаниясының қоғамға қызмет көрсететін әсбебап роботтары мысал бола алады. Футурологтардың айтуынша, Санни (Sunny – "Мен Роботпын" фильміндегі басты робот-кейіпкер) сынды роботтардың алғашқы коммерциялық емес нұсқасы алдағы 5 жылда пайда болады.

  6. Жасанды суперинтеллект (Artificial SuperIntelligence or ASI) – әлемдегі кез келген мәселені шеше алатын әмбебап алгоритмдер. Расында адам санасынан асып түсетін тіршілік иесін елестете алмаймыз. Бірақ, жасанды суперинтеллект өнімдері дәл осының алғашқы мысалы болады. Бұл кезеңде Гарри Поттер жайлы фильмдегі "Ес тұңғиығындай (омут памяти)" адам есінде сақталған оқиғалар мен көзімен көрген барлық жағдайларды бөлек жадыда сақтау мүмкіндігін беретін бағдарламалар мен девайстар пайда болады.

  7. Бірегейлік пен үстемдік (Singularity and Transcendence) – адамдардың ойша бір-бірімен ақпарат алмасуына мүмкіндік жасайтын алгоритмдер. Бұл кезеңде адамдар аузын ашып сөйлеуді де қажет етпейді. Сонымен қатар, адам баласы жануарлар және өсімдіктермен коммуникация жолын тауып, экзоғаламшарларға қысқа уақытта саяхат жасау мүмкіндігіне ие болады. Кейбір футурологтар ойынша осы кезеңде адам баласы өлімді айналып өтеді және климатты өзгертуге қауқары жетеді. Бұл кезеңдегі адам өмірі "Матрица" (The Matrix, 1999) мен "Үстемдік" (Transcendence, 2014) фильмдерінде тамаша көрсетілген.

















Қорытынды


Қорыта келетін болсам, ЖИ біз білетін жай бағдарлама болғанымен, оны адам санасы деңгейіне жеткізу мүмкіндігі, бұл адамзаттың білімі мен мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелдейді.

Қазіргі таңда әлемде 3,5 мыңнан астам компания жасанды интеллектіні дамытумен айналысып жатыр. Олар жасанды интеллект мүмкіндігін әртүрлі салаға бейімдеуге тырысып жатқанымен, әмбебап ақылды гуманоид құрастырып жатқан компаниялар саны шектеулі. Ақылды гуманоид түрлерін құрастыруға әзірге тек екі елдің компаниялары атсалысып жатыр. Айта кетсек, АҚШ пен Жапония бір-біріне бәсекелестік танытып жатыр.

Әлемдегі беделді ғалымдар, тек ғалымдар ғана емес, қарапайым адамдар да жасанды интеллектінің дамуына екі түрлі көзқараспен қарайды. Бір тобы жасанды интеллект адам баласына еш қауіп төндірмейді деп сенсе, екінші тобы адамзаттың түбіне жететін жасанды интеллектке ие роботтар деп санайды.

2018 жылы Tesla Motors компанияларының жетекшісі Илон Маск бастаған жасанды интеллект саласындағы бірқатар сарапшылар "Бұл компьютерге сенесің бе?" атты деректі фильмде өздерінің жасанды интеллект дамуына қатысты пікірін білдірген екен. Олардың басым бөлігі жасанды интеллект дамуын бақылауда ұстау маңызы жайлы айтыпты. Демек, қауіпті жоққа шығаруға да болмайды.

Сол себепті мен кішкене зерттеу жасадым.

Сауалнама

Мен сыныптастарыммен сауалнама жүргізген болатынмын. Оларға бірнеше сұрақтар қойған болатынмын. Ол сұрақтар қарапайым болды:

  1. Жасанды интеллект қажет пе?

  2. Жасанды интеллектті дамыту қажет деп ойлайсыз ба?

  3. Адамзат үшін жасанды интеллект қауіп тудыруы мүмкін бе?

  4. Жасанды интелектті адамзаттың күнделікті тұрмыс тіршілігіне енгізуге қалай қарайсыз?

  5. Жасанды интеллект адамды алмастыра ала ма?


Сұрақтар

«иә» деп жауап берушілер

«жок» деп жауап берушілер

Жасанды интеллект қажет пе?


99%


1%

Жасанды интелектті дамыту қажет деп ойлайсыз ба?

99%


1%







Адамзат үшін жасанды интеллект қауіп тудыруы мүмкін бе?


52%

48%

Жасанды интелектті адамзаттың күнделікті тұрмыс тіршілігіне енгізуге қалай қарайсыз?



44%


56%

Жасанды интеллект адамды алмастыра ала ма?

0%


100%














Сауалнамадан байқағаным, зерттеулер көрсеткендей жасанды инттелекттің болашағынан зор үміт күтеміз, сондай-ақ қауіптің барын да сеземіз. Және ЖИ адамды алмастырмақ емес, тек адам еңбегінің жемісі ғана.

Мен осы жобаны жазу үшін іздену барысында көптеген қызықты деректер, терминдер, оқиғалармен таныстым. Бұл саланың мен ойлағандай ғылыми-фантастика емес екеніне көзім жетті. Сондай-ақ фантастикалық, таңғажайып болашағы бар екеніне де көзім жетті. Сондықтан осы салаға кішкентай болса да үлес қосқым келеді. Осы кезеңде ЖИ туралы көптеген мәліметтермен танысып, тереңірек білген болсам, келесі кезеңде ЖИ ке негізделген бағдарлама жасағым келеді. Оны қарапайым чатботтар жасаудан бастадым.


















Қолданылған әдебиеттер


Жасанды интеллект — Уикипедия (wikipedia.org)

Жасанды интеллект деген не және оның адамзатқа қаупі қандай? | informburo.kz

Жасанды интеллект адам өмірін қалай өзгертеді? (baribar.kz)

Жасанды интеллект  – Opiq

Жасанды интеллекттің жетістігі (qazaqtimes.com)

11 сынып кітабы 4-7 беттер және 10-14 беттер






















20


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!