Материалдар / Жасанды интеллект: пайдасы мен зияны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасанды интеллект: пайдасы мен зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада бүгініміз бен болашағымызды өзгеріске ұшыратып отырған жасанды интеллект тақырыбының пайдасы мен зияны жайлы баяндалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2023
820
9 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жасанды интеллект: пайдасы мен зияны

Ертеде тасты тасқа үйкеп отты ойлап тапқан адам еді. Сол отты жағып шаршаған соң, өнеркәсіпті де іске қосты. Заман ешқашан бір орында тұрған емес. Осындай ашылулар бүгінгі күні Жер бетіндегі тіршілікті қазіргі деңгейіне жеткізіп отыр. Әрине, бұл процесс осымен тоқталып қалған жоқ. Адамзат көп дүние көрдік, жаңалық аштық деп ойлайтын болар, бірақ тірі жанның қолы жете алмаған белестердің саны әлі де бірталай.

ХХ ғасырдың әлемді дүр сілкіндірген өнертабыстарның бірі – компьютер. Бұл құрылғының дәстүрлі түрі «адам» берген ақпаратты «сақтау» және «өңдеу» функцияларына ие. Уақыт өте келе, компьютер атқаратын қызметтердің өрісі кеңейді. Оның ең ірі мүмкіндіктері қатарына ғаламтор мен жасанды интеллектіні қосуға болады. Ғаламтор ақпараттың кеңейтілген базасына жол ашса, жасанды интеллект машинаның адам сияқты критикалық ойлауына септігін тигізеді.

Қазіргі уақытта жасанды интеллект (ЖИ) компьютерлік әлемнің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі болып табылады. Бұл термин алғаш рет өткен ғасырдың 50-жылдарының басында пайда болды, ал идеясын 1943-1956 жылдар аралығында ұлы ғалым Джон Маккарти ұсынған. Осы күні жасанды интеллект деп адамдар сияқты әрекет ету және ойлау қабілеті бар, бағдарламалауға немесе кодтауға болатын кез келген технологияны атауға болады.

Жасанды интеллект өмірді жеңілдетуге әсерін тигізеді. Алайда оның пайдасы мен зияны қатар жүреді. Ең алдымен, жағымды тұстарына тоқталып кетейік. Біріншіден, адамға қарағанда интеллектінің қате жіберу индексі төмен. Себебі ол алдын ала дайындалған алгоритмдер жинағын пайдаланды. Соның арқасында адам шеше алмайтын қиын тапсырмалармен оңай жұмыс жасайды. Мысалы, математикалық есептерді шығаратын қосымша сіз білмейтін формулаларды өзінің базасында сақтайды және оларды сіз терген есепке қатысты қолдана алады. Екіншіден, ол кез келген уақытта қолжетімді. Сіз тәуліктің 24 сағаты бойы ойлай алмайсыз. Адамға міндетті түрде 7-8 сағаттық ұйқы қажет, ал компьютер демалуды қажет етпейді. Үшіншіден, күнделікті қолданып жүрген қосымшалар. Иә, сіз күн сайын көмегіне жүгінетін Алиса, Siri, Cortana, Ok Google немесе Maps және т.б. сияқты қосымшалар да жасанды интеллектіге жатады. Олардың көмегі болмаса, адамзаттың тіпті ертедегідей ауа-райын болжай алмайтыны да бар. Төртіншіден, цифрлық көмек. Қазір барлық әлеуметтік маңызы бар құжаттар мен қажеттіліктер цифрландырылған сайттар немесе қосымшалар мен құрылғылардың көмегінсіз жүзеге аспайды. Мысалы, egov.kz сайтынан Қазақстанның әрбір азаматы электронды цифрланған қолы (ЭЦҚ) арқылы өзіне байланысты анықтамалар мен деректерге қол жеткізе алады. Бұрынғы кездегідей Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына (ХҚКО) бару қажеттілігі тек арнайы жағдайларда туындауы мүмкін.

Осылай жасанды достарымыз бізге үнемі көмегін тигізеді екен, ал біз оны байқай бермейміз. «Бірақ жұмыстың барлығын роботтарға артып қойсақ, адамдар не істейді?!» деген сауал туындайды. Жоғарыда айтып өткенімдей, жасанды интеллектінің зияны да бар. Біріншіден, жұмыссыздық қауіпі. Ол онсыз да өршіп тұрған уақытта роботтар адамдардың орнын алмастырады. Мысалы, Жапония сияқты кейбір технологиялық бағыттағы елдерде роботтар адам ресурстарын ауыстыру үшін өңдеу өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Дамыған мемлекеттерде бұл мәселені шешу қиынға соқпас, десе де біздің басымызға тисе, әлдеқайда қиын болар еді. Екіншіден, адамның жалқаулығы артады. Жасанды интеллекттің жаңа өнертабыстары адамдарды әбден жалқау етеді, нәтижесінде адамдар толығымен машиналар мен роботтарға үйреніп алады. Егер бұл тағы бірнеше жылға созылатын болса, онда біздің ұрпақ толығымен дайын өнімге тәуелді болады, бұл одан әрі денсаулыққа байланысты проблемаларға әкеледі. Үшіншіден, ең үлкен кемшілігі –шығармашылықтың болмауы. Жасанды интеллект – бұл алдын-ала жүктелген деректерге негізделген технология. Онда адамда бар эстетика, этика және мораль сынды қасиеттер жоқ. Ол өз жұмысына сезім мен махббат қоса алмайды, тек ақылымен шектеледі.

Ойымды «жасанды интеллект табиғи қалдықтарды сенімді түрде ығыстырып жатыр» деген сөзбен қорытындылағым келеді. Тірі жан мен жасанды ойлау қабілетінің басты айырмашылығы да осында. Ол жұмысты адамға қарағанда қанша жақсы орындаса да, ол – адам емес. Егер оның ойлау деңгейін адамдарға жақындатсақ, өзіміздің басымыз бәлеге қалары анық. Әлемді құрдымға кетірмеу үшін адам өзінің ең ақылды жаратылыс екенін естен шығармауы тиіс.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!