Материалдар / ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ТАБИҒИ АПАТТАРДЫ АЛДЫН АЛА БОЛЖАУҒА ЖӘНЕ БАСҚАРУҒА КӨМЕГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ТАБИҒИ АПАТТАРДЫ АЛДЫН АЛА БОЛЖАУҒА ЖӘНЕ БАСҚАРУҒА КӨМЕГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғи апаттарды болжау — геологияның негізгі міндеттерінің бірі. Цунами, жер сілкінісі, жанартау атқылауы, дауыл мен су тасқынын болжау мүмкіндігі мыңдаған адамдардың өмірін сақтап, мүліктік зиянды айтарлықтай азайтады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2024
136
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ТАБИҒИ АПАТТАРДЫ АЛДЫН АЛА БОЛЖАУҒА ЖӘНЕ БАСҚАРУҒА КӨМЕГІ


Ермекқызы Мадина, Бітімгалиевва Дана

Астана халықаралық университеті


Табиғи апаттарды болжау — геологияның негізгі міндеттерінің бірі. Цунами, жер сілкінісі, жанартау атқылауы, дауыл мен су тасқынын болжау мүмкіндігі мыңдаған адамдардың өмірін сақтап, мүліктік зиянды айтарлықтай азайтады. Қазіргі таңда озық технологиялардың мол жетістіктеріне қарамастан, табиғи апатты жүз пайыз болжау мүмкін болмай отыр. Бірақ бұл бағытта сенімді әрі нық қадамдар жасалуда. Оған жасанды интеллект бойынша катаклизмдерді болжау және олардан туындайтын зияндардың алдын алу бойынша шаралар іске асырылуда.

Апат – бұл адамның өзі күтпеген іс – әрекет, зілзала немесе әлеуметтік тыныштық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті және экономикалық, экологиялық залалмен сипатталады. Апаттар көлемі бойынша: кіші, орта, үлкен болып жіктеледі. Көлемді анықтау кезінде өлшемі үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың саны, апат салдарының әсеріне ұшыраған аумақ. [1, 11 б.]

Жасанды интеллект маңызды рөл атқаратын маңызды сала – апаттарға жауап беру. Жасанды интеллект-басқарылатын дрондар мен роботтар табиғи апаттан кейінгі зақымдану дәрежесін бағалау және тірі қалғандарды іздеу үшін қолданылады. Қашықтан басқарылатын камераларымен жабдықталған дрондар үйіліп жатқан ғимаратта қалып қойған қалған адамдарды тез анықтай алады, ал роботтар жету қиын мекендерге өтіп, іздеу және құтқару жұмыстарына көмектесе алады.

Жасанды интеллект табиғи апаттардың алдын алып, қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру барысында атқаратын алғашқы міндеті – болжамды модельдеу. Ғалымдар орын алуы мүмкін төтенше жағдайларды алдын – ала болжап, оны басқару үшін ауа – райы жағдайларын, спутниктік кесіндерді және геологиялық деректерді қоса алғанда деректердің үлкен көлемін анықтау үшін жасанды интеллекттің алгоритімін пайдаланады. Мысалы, машиналық оқыту модельдері ғалымдарға дауыл, торнадо, дала өрттері, су тасқыны, цунами және жер сілкінісі ықтималдығын болжау үшін қолданылады.

Қазіргі таңда әлемнің түкпір – түкпірінде жасанды интеллектті дамыту жобасы қарқынды іске асырылып, түрлі эксперименттер жүргізілуде. Мәселен, Остиндегі Техас университетінің зерттеушілері 2023 жылы Қытайда жүргізілген жеті айлық жасанды интеллект алгоритмінің нәтижелерін жариялады. Ол дәл қазіргі уақытта орын алуы мүмкін сейсмикалық деректерді және жер сілкінісінің тарихи жазбаларындағы статистикалық ауытқуларды анықтауға үйретілген. Ғалымдардың экспериментінде жасанды интеллект жер сілкінісінің 70% - бір апта бұрын дәл болжады, оның 14 – і жерден 200 миль (321 км) қашықтықта орындалды және күтілетін магнитудаға сәйкес келді. Алайда ол сегіз жалған ескерту жасап, бір жер сілкінісін жіберіп алды.

Біздің елімізде де сейсмикалық аймақтар бар екенін ескерсек, жер сілкінісі тақырыбында жасанды интеллект көмегімен апатты алдын – ала болжау жұмыстары жүргізілетіндігін айта кеткеніміз жөн. ХАТУ PhD докторы және Ионосфера институтының жетекші ғылыми қызметкері Марат Нұртас Түркиядағы зілзаладан кейін дәстүрлі емес, жаңа әдіс көмегімен, яғни жасанды интеллект арқылы болжам жасаған. Соңғы жүз жылдағы деректерді жинап, оны өңдеу арқылы машиналық оқыту мен терең оқыту моделіне енгізу барысында наурыз айында 5,3 балл жер сілкінісі болады деп болжам жасаған. Байқағанымыздай, уақыт өлшемі мен болжамды балл көрсеткіші дәл келген. Сол себепті, бұл үрдісті алдағы уақытта да жалғастырып, апаттың алдын – алу шаралары жүргізіле бермек.

Алайда, жасанды интеллект жұмысына сенімсіздік пен ғылыми тұжырымдаманың дәлдігіне күмән келтірілгендіктен нақты ақпаратты халыққа ұсыну кенже қалуда. Тіпті, бұрыннан бері жұмыс жасап келе жатқан құрылғылардың өзі қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге қауқарсыз.

Елдің сейсмикалық аймақтарында жұмыс істеп жатқан стансалар саны сейсмикалық қауіпсіздік пен тәуекелді бағалаудың негізгі міндеттерін толыққанды шешілді деп ешкім айта алмайды. Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының сейсмикалық қауіпті аймақтарында сейсмологиялық бақылаулар әлі жеткілікті деңгейде дамымаған. Түркиядағы зілзаладан соң мемлекет назары осы бағыттарға бағытталуы керек еді, бірақ әзірге уәде мен жоспардан өзге ештеңе айтылып жатқан жоқ. [2, 3 б.]

Айта кетейік, Алматыда орын алған жер сілкінісінен бірнеше уақыт бұрын Android құрылғысын пайдаланатын тұрғындарға Google ескерту жасаған. Төтенше жағдайлар министрлігін басып озған бұл ақпарат Google-дың «Жер сілкінісі Live» жүйесі АҚШ-та 2020 жылдың жазында сынақтан өтті, бұл ескертуді алу адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін. Компанияның мәліметінше, ұялы телефон құрылғысы жер сілкінісімен байланысты сипаттамалары бар жағдайды анықтайды. Одан кейін сигналды арнайы Google серверіне, сондай-ақ сигналдың салыстырмалы геосаяси орнына жібереді. Бұдан соң сервер жер сілкінісі болып жатқанын анықтау үшін кеңірек аумақта көптеген түрлі смартфондардың барлық сигналдарын біріктіреді.[3]

Байқағанымыздай, инновацияның мүмкіншіліктері мол. Ал, оны ел көлемінде дамыту аса үлкен қажеттілік. Сол себепті, жыл сайын жаңа жобаларды қолдау мақсатында арнайы шаралар да ұйымдастырылып, барынша Үкімет тарапынан қолдау көрсетілуге тырысады.

Мәселен жыл сайын өтетін «Digital Almaty» форумы соның айқын дәлелі. Оның аясында озық цифрлық жобалар көрмесінде цифрландыру саласында отандық жетістіктер ұсынылды. Олардың ішінде «OST Engineering» компаниясының бас директоры Виталий Остапчук ұсынған жоба да бар.

«Біз отандық автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүйелерін өндірумен айналысамыз. Жаңа Экологиялық кодекстің енгізілуін ескере отырып, ірі кәсіпорындар Үкімет пен халық нақты уақыт режимінде экологиялық жағдайды бақылауға мүмкіндік беретін жүйелерді енгізу керек. Біз 2020 жылы ашылып, қазіргі кезде үлкен нәтижелерге қол жеткіздік. Бізде атмосфералық ауаны, ластану көздеріндегі шығындыларды және су төгінділерін бақылау жүйелері бар. Біздің жүйелер шетелдік баламалардан кем түспейді», - деді ол.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин атап өткендей, бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90 %-дан астамы цифрланған. [4, 2 б.]

Алайда, табиғи апаттардың алдын – алу, оны болжау жобалары әлі көп емес. Табиғи апаттарды болжау барысы мардымсыз. Тіпті, төтенше жағдай барысында қажет құрылғылар саны да саусақпен санарлық.

Қазіргі кезде «сымсыз сенсорлы желі» деген термин өте кіші көлемдегі электронды құрылғылардың желілерінде кейбір элементтердің істен шығуына тұрақты, өздік ұйымдаса алатын, әрі үлестірілген дегенді білдіреді.

Желі элементтері арасындағы ақпаратпен алмасу сымсыз байланыс арқылы жүзеге асады. [5, 142 б.]

Ұялы телефоннан өзге гаджеттер, қосымша бағдарламалар тұрғындарға таңсық. Жалпыхалықтық сауаттылық, жасанды интеллекті пайдалану мүмкіндігі төмен. Ол үшін адамдарға ақпаратты игеру барысы мұқият жүргізіліп, оны тек арнайы мамандар ғана емес, қарапайым жұртшылықтың өзі жан – жақты түсінуіне жағдай жасау қажет.

Өкінішке орай, жасанды интеллект терминін түсінбейтін тұлғалар да көптеп кездеседі. Алдыңғы буын өкілдері, зиялы қауым, ғылымға өз үлесі бар жандарды да бұл терминен айналып өтіп, бұрыңғы әдіс – тәсілмен жаңалық ашуға деген ұмтылыс басым. Бұл тиісінше, өскелең ұрпақтың да өресін төмендетіп, ескіліктің ізін басуға әкеледі. Олай болса, ел көлемінде аталмыш саланы дамытуға айрықша көңіл бөлген абзал. Тек бірен – саран оқу орындарында ғана емес, жаппай білім беру ошақтарында инновациялық серпіліс туралы зерттеу жүргізілсе, ол өзінің оң нәтижесін беретіні анық.

«Апат айтып келмейді» деген сөз бар. Алайда, бұл сөздің өзін қазір теріске шығарып, кез – келген апаттың алдын – алуға болатындығы ғылымда дәлелденіп жатыр. Әлемнің кез – келген жерінде табиғи апат орын алу мүмкіндігі мол. Сол себепті бұл мәселе дүние жүзі бойынша кең зерттеліп жатқан тақырып.

Апаттың алдын алу арқылы көптеген факторлармен күресе аламыз. Әсіресе, адам шығынын болдырмау, экономикалық, экологиялық шығындарды азайту, қажетті шараларға алдын – ала қамдану секілді маңызды сәттерге дайын болып, тұрғындардың психологиялық дайын болуына түрткі боламыз.

Табиғи апат кезінде адамдардың психологиялық күйзелісі, дүрбелеңге түсіп, абдырап қалуы тіршілік заңдылығы. Қарапайым ережелерді білгеннің өзінде оны іске асыру барысы ұмыт болып, адамдар арасында хаос туындайды. Бұл құтқару жұмысына да, тұрғындардың жеке бас қауіпсіздігіне де, мүлікті сақтауға барысына да кедергі келтіріп, көптеген жағымсыз жайттарға әкеліп соғады. Тіпті, сыртқа дүре қашу салдарынан бір – біріне кезек бермей, жан тәсілім ету, жаралау тәрізді жайттар да орын алатындығын жасыра алмаймыз. Ал, алдын ала болжам жасалып, адамдар ақпаратпен таныс болса, кез – келген жайтқа психологиялық дайын болып, күйзеліске түспейтіндері анық.

Жасанды интеллектің мүмкіндіктері мол. Ол болашақта кез – келген қызмет саласында үлкен сұранысқа ие болады деген болжам жасалуда.

Жасанды интеллект ұдайы комбинациялар мен автоматтандырылу үдерістерінде қалпына келтірудің өз мүмкіндігін жақсы көрсетуінің дәлелі – үлкен ұйымдарда технологияны көпфункционалды жасай алуы. Бұдан болашақта, қоршаған ортамыздағы қазіргі таңда, адамдар атқарып жүрген қызметтер тізбегін жасанды интеллект өз міндетіне алады деген тұжырым жасауға болады.[6, 150 б.]

Сол себепті жасанды интеллекті дамыту, оны игеру, іске асыру барысы барынша кең жүзеге асырылғаны абзал. Сандық Қазақстан – жарқын болашақ кепілі!

Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері [Text] : (І-ІІ бөлім. Оқу құралы) / Ермұханова, Н. Б. Кенжеғұлова, Г. Ш. ... – Қызылорда : [б. ж.], 2006. - 90, [1] б.

  2. Айтжанбайқызы, Г. Сейсмикалық қауіпсіздік селқостықты кешірмейді [Мәтін] / Г. Айтжанбайқызы // Егемен Қазақстан. - 2023. - 27 сәуір (№ 79).

  3. Qaz365.kz.

  4. Айтжанбайқызы, Г. Отандық инновация жетістіктері көрсетілді [Мәтін] / Г. Айтжанбайқызы // Егемен Қазақстан. - 2024. - 5 ақпан

  5. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің хабаршысы = Вестник Восточно-Казахстанского государственного технического университета им. Д. Серикбаева = Bulletin of East Kazakhstan State Technical University named after. D. Serikbaeva [Мәтін] : ғылыми журнал. – Өскемен : [б. ж.], 2022.

  6. Шваб Клаус. «Төртінші индустриялық революция». – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл. – 200 бет. ISBN 978-601-7943-03-5


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!