Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасөспірім еріншектігі неге әкеледі?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата - анаға жасөспірім еріншектігімен күресу жолдары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жасөспірімнің еріншектігі неге әкеледі?

Еріншектікті алдын – алу үшін ата – анаға не істеу керек?

Ата – аналар көбіне жасөспірімдердің еріншектігіне шағым түсіреді. Керуетте жатады, төбеге қарап дым істемей қозғалыссыз жатады және көбі қиялданып болмайтын нәрселер туралы ойланады, бос уақытын зая кетіреді деген шағым психологтарға көп түседі. Жасөсіспірім не туралы армандайды, немесе қиялдайды мысалы:

Ажар: Шет елде оқығысы келеді, сән әлемін бағындырам дегенде арманы бар. Қыркүйекте ол – Англияға барсам деп армандаса, қазанда – Франция деп ағылшын тілін оқуды қоя салып французкий оқып бастайды. Оның үйіндегілер таң қалмайды оның қылықтарына, себебі ол қараша айында оның арманы Испания болатын. Ол Испан тілін оқып бөлмесінен Испан әуендері шығатын. Осылай ай сайын ол баратын елдерде, тілдерде өзгеріп отырған.

Ермек: Айнаға қарап гитарамен әндетіп күні түні, атақты музыкант болам деп сендірген.

Аяна: Күніне жеті рет киім ауыстырып, беті мен шашын жеті рет әрлейтін. Неше түрлі киім үлгілерін суретін салып іле беретін.

Осы кейіркерлердің бәрін бір нәрсе біріктіреді. Үй шаруасы немесе сабақ оқуға келгенде оларды еріншектік басуы. Сөзбен олар құр уәде беруі мүмкін, ал іспен жасау керек болғанда қолы бос еместігін айтып түрлі сылтау табады. Үй жұмысын орындауда ең басты кедергі көп сериалды кинолар. Себебі жасөспірім ойы сол кинода болады. Енді не болар екен? Деген ой оны басқа нәрсені ойлауға мүмкіндік бермейді.

Еріншектік басталады егер адам жасайтын жұмысын мағынасыз, жүйесіз көрсе ғана. Көбіне жағдай оны мәжбүрлеген сайын орын алады. Жасөспірімдерге мектепте оқыған қызық емес, көбіне оларды оқуға ата – ана міндет етіп қояды.

Жасөспірімдерге үй жұмысын немесе үй тірлігін жасағаннан көрі достарымен қыдырған, компьютерде отырған, ия болмаса махаббат хикаяларын оқыған ұнатады. Егер адам өзі қалаған, ұнатқан нәрсемен шұғылданса онда ол тиянақты әрі ұқыпты, жаңа бір күш - жігермен жасауға тырысады кез келген нәрсені. Бастысы ол ұнату керек өз ісін.

Еріншектікпен не істеген дұрыс деп? – ата – аналар сұрақ қойып жатады.

Оларға мектеп үлгерімі туралы немесе мектеп өмірі туралы үнемі еске салудың қажеті жоқ. Кейде үлкендердің өзі жұмысқа барғысы келмей жатады, себебі ұнатпайды немесе қаламай жатады. Жасөспірімнен не сұраймыз?

Алып ұшып тұрған қиялмен ия болмаса өмірге деген көп жоспарлары үлкендер үшін бос әурешілік шар, жасөспірім үшін ол өте маңызды. Себебі олардың психикасы үлкен өмірге үйреніп жатыр. Өз болашақтарын қиялдап балалық шақты артқа тастағысы келіп тұрады. Өз өмірлерін сүру, кім болатыны туралы көп ойланады. Түрлі мамандықтарды, мүмкіндіктерді пайдаланып өздеріне сезініп көргісі келіп тұрады.

Оларда осы уақытта іштей көп өзгерістер болады. Физиологиялық, гормоналльдық өзгерістер, дене тұрқысының өзгеруі жасөспірім бойында көп күшті талап етеді.

Жасөспірім қарап оқитын сериалдар мен кітаптар қарым – қатынас құру, адамдардың көзқарасы туралы болмақ. Олар адам өмірі қандай сатылардан тұратыны туралы көп ойланады және соны бастан кешіргісі келіп тұрады. Өздеріне байқап, сынап көреді.

Ата – аналарға жасөспірім еріншек болса не істеу керек?

  • не жұмыс жасасада содан өзіне пайдалысын алып үйрету;

  • Әрбір істің өз пайдасы бар екенін ұқтыру. Сәл еркіндік беру арқылы қолға алған істі аяқтату.

  • Жасөспірім кезде өз тәртібін реттеу, күн тәртібін реттеу механизмі осы кезде дамиды. Сондықтан жоспар құрып, мақсат қойып оған жетуді үйрету;

  • Баланы ұнамайтын, қаламай тұрған шаруаны да бітіруге үйрету керек. Егер аяқталмай тастап кеткен жұмыс ең соңында денедегі маңызды энергияны алып кететінін түсіндіру;

  • Кез келген істі жасарда оның түпкі мақсатын түсіндіру керек, егер балада қызығушылық оянса өзі күнделікті қолға алып, сол шаруаны ретке келтіріп қоятын болады.

  • «Біреуге көмектесу», «өз жұмысында ойлау» ара жігін ажыратып жасөспірімге түсіндіру;

  • Жасөспірімді оның қалауларына көмектесіп отыру: мысалы спорт, өнер, музыкалық аспаптар;

  • Аса жауапкершілікпен қарау керек, жасөспірім өзінің қызығушылығынан болған хоббиінен мүмкін болашақ мамандық таңдауға әкеледі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2024
192
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12