Материалдар / жасөспірім және қылмыс тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

жасөспірім және қылмыс тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
жасөспірім және қылмыс атты тренинг құрметті ұстаздар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2018
1343
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы : “Жасөспірім және қылмыс”

Сабақтың мақсаты : Білімділік: Оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуіне дайын болуы, іс- әрекетінің заңға сәйкестілігін қадағалау қабілетін қалыптастыру

Дамытушылық: Жеке тұлғаның дамыту , талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Азаматтық , елжандылық Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

Тапсырмалар

  1. Күнделікті көрініс

  2. Мен заңды қаншалықты білемін?

  3. Ешқандай заңы жоқ арал.

  4. Қызыл, сары, көк ауыл”

  5. Рано кто виноват (Видеоролик )

  6. Қылмыскер бала қайдан шығады?

  7. Бәрі өз қолыңда (Видеоролик )

1-тапсырма

Күнделікті көрініс

Ауыл іші, түн, көп бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:- “Әй, бері кел” деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.

1.Қалай ойлайсындар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма ?

2. Кім қалай бұзды ?

3. Сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті?

2.Тапсырма

Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?”

1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге темекі

сатылады.

2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып

келе жатыр.

3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп

жіберді, сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтып бермеді.

4.Бір оқушы сыныптасына: “Ертең 20 теңге әкеліп

бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз” деп күш көрсетті.

5.Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.

6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.

7. Сыныптағы бір екінші баланың сумкасын сызып

тастады.

3-тапсырма

Заңсыз арал”

- Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді?

Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.

4-Тапсырма

Қызыл, сары, көк ауыл” ойыны

Жер енді ғана жаратылған, адамдар бір бірімен дос, бауыр болыпты, бір-бірінен еш нәрсені аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі қызылын, бірі көгін, енді бірі сарысын алыпты. Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандары көк ауыл болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты. Біраз уақыттан соң әр ауыл достықты ұмытады. Көк ауылда су бар, азық жоқ, қызыл ауылда азық бар, су жоқ, Сары ауылда азық та, суда бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіңдер?

5-Тапсырма

«Рано кто виноват» видеоролик

6-Тапсырма

Қылмыскер бала қайдан шығады?” постер қорғау

7-тапсырма

«Бәрі өз қолыңда» видеоролик

Рефлекция

Әлеуметтік педагог және өзін – өзі тану

пәнінің мұғалімі Мусабаева А.А.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!