№63 негізгі орта мектеп
БАЯНДАМА
Тақырыбы:
«Жасөспірімдер арасында
құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары»
« Жасөспірімдер арасында
құқықбұзушылықтың
алдын-алу
шаралары»
Ерте заманнан
ұлт-болашағы-ұрпақ тәрбиесі әр елді алаңдатса керек. Өйткені
ойламаған елдің қашанда орны толмайтын өкініштерге душар болып
отырғаны мәлім.Мұндай кезде бабаларымыз «Ел боламын десең бесігіңді
түзе» деп өнегелі өсиет айтқан.
Асылында баланың алтын
ұя-мектептен алған тәлім-тәрбиесі мен ата-анасының өнегесі ұлт
келешегінде маңызы зор. Сонымен қоса биологиялық жайы мен қоршаған
орта да адамды дамытудың факторы болып есептеледі.Осындай факторлар
жеке адамның өзіндік дара ерекшеліктерін, мінез-құлқын, т.б
жан-жақты жеке қасиеттерін қалыптастырады. Демек адам айналасымен
қарым-қатынаста бойына жағымды, жағымсыз қылықтар жинайды. Оларды
дер кезінде қайта тәрбиелеп, дұрыс жолға түсірмесе, мінез-құлықтары
қоғамға жат адамдар, яғни «қиын» тұлғалар қалыптасатыны шек
келтірмейді. «Қиын» балалар дегеніміз кімдер? ҚР «Білім туралы»
Заңының 1-тарау, 1-бап, 10 пунктінде «Девианттық мінез-құлық-
балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға
әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы,оқудан, жұмыстан
қасақана бас тартуы, отбасы немесе балаларды оқытып-тәрбиелеу
ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық
жауаптылыққа жатпайтын қылмыстық белгілері бар, қоғамға қауіпті
әрекеттер жасауы» деп көрсетілген. Оларға мектеп тарапынан ерекше
бақылауды қажет ететін,тәрбиелеуге қарсылық білдіретін, білім
деңгейі төмен,тәртібі нашар, сабақтан себепсіз көп қалатын,
басқалармен үнемі тіл табыса алмайтын балаларды жатқызып жүрміз.
«Қиын баланың шығуына негізгі үш фактор себепші
болады:
1. Жаұя тәрбиесінің дұрыс
ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстық ұрыс-талас, маскүнемдік, отбасының
толық болмауы, т.б;
2. Мектептегі оқу-тәрбие
жұмысын ұйымдастыруда жіберілген қателер, оқушының ынта ықыласын,
мінез-құлық ерекшеліктерін, талап-тілегін
ескермеу;
3.Жұртшылықтың тәрбие
мәселесіне жеткілікті назар аудармауы, теледидар, зиянды орта, күн
көріс қамы үшін қызмет бабымен бала тәрбиесіне назар
аудармау.
« Қиын» балалардың жекелік
ерекшеліктерін өмір жағдайымен ,тәрбие мен өзара әрекеттестігін
есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп ,іске асырған П.П
Блонский болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты-«қиын» балалардың
өмірін анықтау. П.П Блонский «қиын» балалардың мінез-құүлқын мектеп
, отбасы арқылы көрсетеді.Ол мұғалімнің қатынасы арқылы «қиын
оқушы» терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша
мінездеме береді. Объективті көзқараспен қарағанда «қиын» оқушы
мынадый, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын., көп жұмыс істеуді
талап ететін оқушы «Істі білдіруші» оқушыларға толыққанды мінездеме
бере отырып, П.П Блонский өз жұмыстарында мектепте сыныпты
ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонский пікірі бойынша ,қайта
тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз
ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып
табылады.
Тәрбиедегі қиындықты туғызатын
тағы бір жайт кездейсоқ балалардың , жекелей топтардың оқушыларға
тигізетін теріс ықпалы педагог назарынан тыс қалмауы қажет. Өйткені
жеткіншекшақта балада өз қатарындағы құрбыларымен достық , жақын
жолдастық қарым-қатынаста болу мұқтаждығы сияқты ерекшелік болады.
«Қиын» балалардың пайда болуының әлеуметтік және психологиялық
себептері бар. Әлеуметтік себептеріне ата-ананың балаға көп назар
аудармауы , бос уақытын кіммен , қай жерде өткізіп, немен
шұғылданғанын білмеу жатады. Отбасында ата-ананың бірінің болмауы
да әсер етеді.
Әрбір «қиын» балаға
жинақталған мінездемелерді белгілі бір жүйеге келтіріп жеке тәрбие
жұмыстарын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырған жөн. Осы саладағы
тәрбиелеу әдістерінің бірі-этикалық әңгімелесу , ол оқушыны зерттеп
тануда ,тірбиелеуде , қайта тәрбиелеуде және жеке тәрбиелеу
жұмыстарында өз ерекшеліктерімен танылуда.
Әңгімелесу оқу-тәрбие
процесінде ең қажетті құрал. Оқушының жеке уайым қайғысы , кейбір
моральдік нормаларға жатпайтын іс-әрекеттері , отбасы жағдайындағы
ыңғайсыз келіспеушілік қылықтар жайлы этикалық мәселелерді оқушылар
коллективі түсінбеуі мүмкін. Осындай жағдайда тәжірибелі педагог
баланың басынан өткен оқиғаны немесе әр түрліжағдайларды дұрыс
түсінуге , болмаса коллективтің объективті түрде ұғынуына
әңгімелесу, сырласу арқылы көздерін жеткізеді. Бір ескеретін
ерекшелік «қиын» бала мағынасыз әңгімелерді жақтырмайды. «Қиын»
жасөспірімдер дербес мінезді ,өмір тәжірибелері
ұлғайып,айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы күрделеніп, көп
жағдайда тәуелсіздікке талаптану әдістері жеке бастарын жоғары
санаушылыққа ,өркөкіректікке, итермелеп,дауға
,дөрекілікке,қатыгездікке себепші болатындығын жеке тәрбие
жұмысында ,соның ішінде жеке әңгімелесу тәсілдерінде ескерген
жөн.
Сонымен «қиын» оқушымен әңгімелесуге қойылатын
талап- олардың дара және жас ерекшеліктерін жан-жақты білу
қажет.
«Қиын» балаларды тәрбиелеу
процесінде өз орнын тауып келе жатқан әдіс-педагогикалық иландыру.
Егерде айқын мақсат шамалы болса да оқушы санасына жетсе саналы
іс-әрекеттердің дәлеліне айналдыруға
болады.
Педагогикалық иландырудың
екінші бір ерекшелігі-«қиын» баланың психикасына қатты әсер
ететінін байқаймыз. Сонымен , педагог ашудың қарқынын төмендетуде
онымен тіл тауып, тежеп өзін-өзі ұстауға себепші болып, дауыс
ырғағымен , мимикасымен қолдау білдіреді. Мақсатты түрде «қиын»
балаларды тәрбиелеудің ең басты әдісі «көше» жолдастарымен жағымсыз
байланыстарын үзу.Соның бірі-территориялық тұрақты мекенін
ауыстыру, мектеп алмастыру.и»Қиын» балаларды бір жылға басқа облыс,
аудандарда тұратын туған –тыстарына жіберу.Кейбір ата-аналар
мектепті ауыстырғанымен балалар бір-бірін тауып алып ,байланыстарын
жалғастыра береді.
Екінші тәсіл- моральдік тұрғыдан айыптау. Осы
тәсілдік тыйым салу тәсіліне қарағанда артықшылығы- баланың
ар-ұятына бағытталып, көлемді нәтижелер бере алатыны. Мысалы:
баланың теріс қылығы туған-туыстары тарапынан педагогикалық этикаға
сай айыпталынады.
Үшінші әдіс-баланың бағдарын,
мақсат міндетін қайта құру. Бұл әдістің мәні-оқушы қателігін
түсінгенімен ,өмір тәжірибесінің жоқтығынан өзін қалай ұстаудың
жолын біле бермейді. Топ-топ болып жиналып сүйікті командасын
қолдау , ол турпалы ақпарат алу, атақты музыкалық топтарды тыңдау,
қолдау. Арақ-шарап ішу, темекі тарту және т.б қылықтардың аяғы ұрыс
төбелеске ұласып, заң нормасын бұзады. Сондықтан «қиын» балалардың
қалау тілектерін басқарып, , теріс жақтарын дәлелді ұғындырып,
назарларын қоғамдық мәні бар істеге жұмылдыру
қажет.
Дайындаған: З.
Ж.Мамешова