Материалдар / ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН СЕБЕПТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН СЕБЕПТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Суицид (лат.:Sui caedere- өзін өлтіру)-адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Өзіне-өзі қол жұмсау, яғни суицид тарихта бурыннан бар. Суицид-тәннің ауруы емес, адамның ішкі жан дүниесінің ауруы. Қай заманда да өз-өзіне қол жұмсайтындар болған. Алайда соңғы жылдардың бедерінде жастар арасындағы суицидтің қатары күрт артып келеді. Мұның себебін психолог мамандар сан-саққа жүгіртеді. Көпшілігі бүгінгідей озық технологиялар мен аласапыран уақытта жас буынның әрекеті ата-ананың назарынан тыс қалған деген пікірге саяды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2018
807
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Аксакалова Назира Сайлауовна

Ақыртөбе орта мектебі

Педагог-психолог

Жамбыл облысы,

Тұрар Рысқұлов ауданы



ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН СЕБЕПТЕРІ

Суицид (лат.:Sui caedere- өзін өлтіру)-адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы.

Өзіне-өзі қол жұмсау, яғни суицид тарихта бурыннан бар. Суицид-тәннің ауруы емес, адамның ішкі жан дүниесінің ауруы. Қай заманда да өз-өзіне қол жұмсайтындар болған. Алайда соңғы жылдардың бедерінде жастар арасындағы суицидтің қатары күрт артып келеді. Мұның себебін психолог мамандар сан-саққа жүгіртеді. Көпшілігі бүгінгідей озық технологиялар мен аласапыран уақытта жас буынның әрекеті ата-ананың назарынан тыс қалған деген пікірге саяды.

Ғалымдардың тұжырымы бойынша өз-өзіне қол жұмсау тұқым қуалайды. Бұл мәселе тек қана білім саласын ғана емес, сонымен қатар медицина саласында жүрген дәрігерлер қауымын да ойландыру керек. Оқушыларды медициналық те,ксеруден өткізген кезде олардың бойындағы жүйке-жүйесінің бекемсіздігі жоғарылай түскендігі байқалуда. Қазіргі балалар ашуланшақ, депрессияға тез берілгіш келеді. Мұндай күй 3 кезеңде өтеді. Бастапқы кезеңі онша аңғарылмауы мүмкін. Екінші кезеңін, яғни балалардың бойында пайда болған ауытқуларды әңгімелесу арқылы байқауға болады. Осы кезеңдерді басынан өткерген бала өзін-өзі ұстай алмай қол жұмсауға дейін барады. Мектеп психологтары балалардың әсіресе, жасөспірімдердің бойынан осындай қобалжуларды байқаса, оның себебін анықтауға тырысуы тиіс. Оқушының жеке басының физиологиялық ерекшеліктері де тұнғиық ойларға жетелеуі мүмкін. Оны шеше алмаған бала өзін оқшау ұстай бастайды. Осындай және басқа да жасөспірімнің бойындағы өзгеше мінез-құлықты байқаған жағдайда мектеп психологтары, сынып жетекшілері ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргізуі қажет.

Баланың бойындағы суициал мінез-құлық әр түрлі себептерге байланысты пайда болады.Оған ата-ана мен балалар арасындағы дай-жанжалдар да себеп болуы мүмкін. Кей жағдайда бала өзіне жоғары талап қойып, мақсатына жете алмай қалғанда өзімен-өзі іштей егесіп, келіспейтін шақтары да кездеседі. Ата-анасы баласына адамның ерік-жігерінің күшті болып, өмірдің құндылықтарын бағалай білу керектігін кішкентай кезінен түсіндіру керек. Отбасы мүшелерінің балаға деген қарым-қатынасымен қатар шектен ты қаталдығы да әсер етеді. Бұл- көбінесе баланың темпераментіне тәуелді жағдай.

Суицидтің психологиялық белгілері бірнеше апта немесе айға созылуы мүмкін. Осы кезеңде ол адамның бойында эмоционалдық ауытқулар байқалады. Үнемі шаршаңқы күйде жүреді. Өзінің сыртқы келбетіне немқұрайлылықпен қарай бастайды. Адамдармен байланыстан қашып, тілдеспейді. Мұндай кезде көрсетілетін психологиялық қолдау, мейірімді қарым-қатынас болғалы тұрған келеңсіз жағдайдың алдын-алуға көмектеседі. Суицидке отбасындағы ауыр ахуал қалыптасқан, депрессияға ұшыраған, жаман адамын жоғалтқан адамдар болады. Сондықтан осындай жағдайға ұшырағандардың жан күйзелісіне мән беріп, баланың ата-анасына кеңестер мен ұсыныстар жасап, топтық және жеке жұмыстар жүргізу қажет. Мәселен, ата-ана, мұғалім мен бала тығыз қарым-қатынаста болу керек. Суицидтік іс-әрекетті мақсатына қарай екі топқа бөліп қарауға болады:

  1. «Шын мәніндегі суицид»-жоспарлаған, өзіне-өзі қандай жағдай болмасын өлтіруге бекінген, бұл ісін алдына мақсат етіп қойғандар. Олар айналасымен, ата-анасының, бауырларының, туған туысқандарының, достарының пікірлерімен санаспайды.

  2. «Көпшілікке арналған суицид»- аты айтып тұрғандай өзгелерді «өзіне қарату» , проблемаларына назар аударту үшін жасалады. Мұндай адамдар ең соңғы сәтке дейін өздерін өлтіремін деп ойламайтын көрінеді.

Бір-ақ рет берілетін өмірді адамдар не үшін өз қолымен қияды? Қыл арқанға қылқынып қалуға, терең суға батыруға, жартастан өзін лақтыруға, тамырын қиюға, дәрі-дәрмектерді мөлшерден тыс пайдалануға нендей себеп итермелейді?

Себеп-көп, мамандар ең негізгілері мыналар дейді: жалғыздықтан жалыққандар, жоқшылықтан торыққандар, қоғамнан да, адамнан да жерігендер, өшпенділік пен кекке желінгендер, бойларын қорқыныш пен сенімсіздік билегендер, бүгіні мен болашағынан түңілгендер, шарасыздық пен күйзеліске бой ұрғандар, үмітсіздік пе нүрейден қажығандар.

Көп жағдайда баланың суицид оқиғасына баруы, ата-анасымен сөзге кеп қалуынан болатын көрінеді. Бұл келісе алмау-ата-анасының бір ауыз айтқан сөзін көтере алмағандық, бала бойындағы «Мен», «Менікі ғана дұрыс» деген эгоистік мінезі ғана емес, ата-аналардың «Грантқа түспесең елге не бетімізбен қараймыз?», «Елдің қыз-балалары оқуын да оқып, жұмысын да істеп жүр, біздің балалар ақша сұраудан басқаны білмейді» деп ертелі-кеш «құлақ-миын» жеп отыруынан де дейді. Міне, осындай жағдайлардың соңы жасөспірімдердің бұл өмірдегі түрлі тығырықтан, қиындықтан шығар жол деп «таңдағіне, осындай жағдайлардың соңы жасөспірімдердің бұл өмірдегі түрлі тығырықтан, қиындықтан шығар жол деп «таңдаған» өзіне-өзі қол жұмсауымен аяқталуда. Бұл қатерлі құбылыстың қоғамымызда белең алып бара жатқаны байқалады. Ия, өзін-өзі мерт қылу- қазіргі күннің ең басты түйіні тарқатылмай тұрған мәселесіне айналып отыр.

Статистиктердің мәліметіне көз жүгіртсек, бозбалаларға қарағанда өз-өзін өлімге байлайтын бойжеткендердін саны 2-3 есе көп екен. Бірақ жас қыздар көбіне «жеңіл» әдіске үйір. Яғни, бойжеткендер дәріден уланып немесе тамырын қиюға әрекеттенсе, бозбалалар тым қатал үкім қабылдайды. Мәселен, «ерлеріміз» суық қару қолданудан, қыл арқанға қылқынып қалудан, биік ғимараттан секіруден тайынбаған. Мұндай жағдайда адамның бірден тіл тартпай кететіні анық. Тірі қалу мүмкіндігі нөлге тең. Сол себепті қыздарға қарағанда жігіттер арасында қайғы оқиға төрт есе көп болатын көрінеді.

Жасөспірімдердің суицидке ұшырау себептері:

1.Бақытсыз махаббат; 2.Қоршаған адамдармен түсініспеушілік;

3. Мектептегі мәселелер; 4. Қорлау(зорлық, ұрып-соғу); 5. Өмір мәнін жоғалту; 6. Жеке өміріндегі сәтсіздіктер т.б. атап өтуге болады.

Өзін-өзі өлуге қиюға жақындығын сөздік, қылықтық, ситуациялық белгілер арқылы да білдіреді. Тікелей сөздер: «Мен өлім туралы ойлаймын», «Өмір сүргім келмейді», «Өлгенім жақсы еді». Жанама сөздер: «Мен өлгенде, олар өкінетін болады», «Енді сіздің қамқор болмай-ақ қоюыңызға болады» және т.б. сөздерді көп қолдану арқылы өзін-өзі өлімге дайындап жүргенің аңғаруға болады. Күйіну, жылау, өмір белсенділігінің жетіспеуі, шешім қабылдай алу қабілетінің жоқтығы, жанұясынан және жақын адамдарынан өзін оқшаулау, ішімдікті, есірткіні қолдану мөлшерінің өсуі, тәбетінің болмауы немесе жоғарылауы, тұйықтық, жеке істерін ретке келтіру, тәуекелді қылыққа талпыну, бұрын өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің болуы, кінә сезімі, өзін-өзі төмен бағалауы, спортқа және басқа істерге қызығушылығының жоғарылауы, жеке гигиена ережелерін сақтамау т.б. қылықтар арқылы да, сонымен қатар жақын және сүйікті адамының өлімі, мектепке байланысты проблемалар, әлеуметтік оқшаулау, қалыпты қарым-қатынасқа қабілетсіздік, психикалық аурудың болуы, ата-анамен күрделі дау-дамайдың болуы, бақытсыз махаббат және т.с.с. ситуациялардың салдарынан адам өзін-өзі өлімге қиюға дайын болатынын бірі білсе бірі білмейтіні ақиқат. Яғни жоғарыда айтылған белгілерді аңғарған бойда, қоғамдық дертке айналған бұл мәселенің де алдын алуға болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!