Материалдар / Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық түсініспеушілік факторларын шешудегі отбасының ықпалы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық түсініспеушілік факторларын шешудегі отбасының ықпалы

Материал туралы қысқаша түсінік
жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
645
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық түсініспеушілік факторларын шешудегі отбасының ықпалы


Жасөспірімді тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістерге сай әр түрлі қиыншылықтарға тап болуда. Қазіргі қоғам жан – жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Жасөспірімді есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен тәрбие орындарының бірден – бір парызы. Тәрбие бұл тұлғаның адамгершілік нағыз адами өмірді саналы түрде іздеуі. Жасөспірімдер өмірдегі әр түрлі сұрақтарға жауап іздейді. Мен кіммін? Мен қалай өмір сүремін? Не үшін осылай істеуім керек? Маған өмірде не керек? Өзімнен не күтемін? Басқалардан не қажет? осы сұрақтарға жауап алу арқылы тәрбие кең мағынада тұлға бойында басқа адамдардың өміріне сәйкес шығармашылық, адамгершілік тұлғааралық түсініспеушілік факторларын, сонымен қатар адамгершілік қарым – қатынастарын қалыптастыру болып табылады.

«Тәрбие кең мағынасымен алғанда, жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал адамзат туралы айтылғанда адамның баласын кәмілет жасқа толғанша өзіне – өзін қожа болғанша рухани азық беріп өсіру дене мағынада жүргізіледі», – дейді М.Жұмабаев.

«Жас бала жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді», – дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп жапырағы жайқалып саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей баптауды керек етеді. Жасөспірімде солай баптауды тілейді.

Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық түсініспеушілік факторларын шешу мақсатында мектеп ішінде тәрбиелі отбасындағы қатынастар моделі жасалады. Бұл отбасының тәрбиелі, тәжірибиелі басшысы бар. Отбасы сол басшылыққа жүгінеді. Жанұяның әр мүшесі өз жұмысын біледі. Әрқайсысы отбасының тыныштығын сақтауға мүдделі болады.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның әр ер жетіп өсуі бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады. Сондықтанда туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», – десек артық емес. Жасөспірімнің бойындағы ар ұяты, ақыл ойы, адамгершілігі басқа адамдармен қарым – қатынаста мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан отбасы өте қажетті басқадай ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын баспалдық. Жасөспірімнің тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінде әже тәрбиесінің ықпалы өте зор болып тұр. Айтпағымыз отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп не болмаса ата – ананың баланың міндетін артқару ғана емес, береке, бірлікпен қоса тұлғааралық түсініспеушілік факторлары кездеспейді. Повесте Қадыров Қожаның жеке бас тәртібіне байланысты мынадай қаулы алады. Қожа қанша тәртіпсіз болсада жанұя тәрбиесінің ықпалының күштілігінен мынадай қорытындыға келеді.

І. Тәртіпсіздік кісіні жексұрын көресетіп бітеді екен. Оған көзім әбден жетті. Әрі бұл адамның келешегі үшін зиян. Тәртіпсіз болсаң, камсомолға да алмай қоюы мүмкін. Сондықтан қалай еткенде де тәртіпті болуым керек. Ол үшін:

а) бұдан былай ешкімге тиіспей жайыма жүремін. Досым болсын, қасым болсын бейбіт қатар өмір сүруге тырысамын.

ә) осыдан былай ешқандай тәрітіпсіз сөзді алмаймын. Үлкенді аға, кішіні іні деп тұрамын.

ІІ. Әрбір тәртіпсіздік қылығым үшін,м дер кезінде аяусыз жазаланып тұруым тиіс. Жазаның түрі төмендегіше болады:

а) егер біреуге тиісіп, шатақтассам, ол күні бір мезгіл ас ішпеймін.

ә) біреуді жазықсыз тілдейтін болсам, кезекті демалысымда қия басып шықпаймын, үйде отырамын. Яғни өзімді үйде қамаймын деген сөз.

б) сабақ үстінде тыныш отырмағандықтан мұғалімнен ескерту еститін болсам, ол жолғы үзілісте тысқа шықпай орнымда отырамын.

в) егер біреудің лақ – қозысы, тауық, қазы, иті біздің үйдің маңына жолап кетсе, аямай ұрып қуалайтын жыным бар. Бұнымда жарамайды, жай айдап жіберуіме де болушы еді ғой. Енді гәрі бұндай қылықтарым қайталанса, жоғарғы тауық базға дем алмастан екі рет жүгіріп барып келемін.

ІІІ. Сұлтанмен жолдастық қарым – қатынасым бұдан былай үзіледі. Ол екеуіміздің сертіміз бүгіннен бастап күшін жояды.

ІҮ. Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші белгісі. Мен осы тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым керек. Ол үшін:

а) Сабақтан бір сағатта себепсіз қалмаймын.

ә) Үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырамын.

Ү. Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін күн сайын ұйықтар алдында өзіме – өзім есеп беріп, жақсы, жаман қылықтарымды осы дәптерге тізіп жазып отырамын.

Осы айтылғандарды жүзеге асыру мен үшін үлкен сын. Егер осы сыннан өте алмайтын болсам, онда маған бұдан былай оқу оқып қажеті жоқ. Анам байғұсқа күйігімді тартқыза бермей адам болатын басқа басқа бір жолды іздеп табуым керек.

Сөйтіп Қожа әже тәрбиесінің арқасында осы шешімге келді. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасында мынадай тұлғааралық түсініспеушілік факторлар кездеседі: әлімжеттілік жасау, ұрлық жасау, мұғалімдерге өрескел қылықтар көрсету, зиянды әдеттерді қолдану, келіспеушілік т.б. кездеседі. Осындай факторларды болдырмау үшін отбасы қалай ықпал ету керек:

Отбасы тәрбиесінде Отанымыздың демократиялық құрылымға бет бұрған алғашқы, өтпелі кезеңінде, қазіргі кездегі ата-ана баланы патриотизмге тәрбиелеу ісінің бәсеңдігінің куәсі болдық. Сонымен бірге, еңбек тәрбиесіне көңіл бөлмеген жанұяларда бала бос уақытын көптеген жағдайда әртүрлі қызықтар қуумен өткізеді. Ол жастардың азғындауына апарып соғатын бірден-бір нақты жағдай болып отыр.

Жалпы отбасы тәрбиесін, келсек бүгінгі таңдағы әке түрлі себептерге байланысты өзінің отбасындағы патриархалды күшін жоғалтқан. Сонымен бірге балада әке тәрбиесі жетіспейтін отбасы арасындағы қарым – қатынаста сұхбаттасу жетіспейді. Баланың әлеуметтік даму деңгейі төмендейді. Әлеуметтік даму деңгейі деген не? Ол, мінез – құлқы, қоршаған ортамен қарым – қатынасы жетіспеушілік. Отбасындағы берілетін тәрбиеге келетін болсақ, отбасын екіге бөліп қарастыруға болады: жақсы тәрбие беретін отбасы бар, мүмкіндігі келмейтін отбасы бар. Баласын тастап саудаға кетеді, қызмет істейді. Ондай бала үйде жалғыз отырады. Ол баланың тамағы тоқ, киімі бүтін болғанымен жақсы тәрбие ала алмайды.

Қазіргі кездегі отбасындағы бала тәрбиесінде ата – ананың жауапкершілігінің төмендеуінің салдарынан балаларымыз көше кезіп, қыздарымыз кезбелікке салынып, қаңғыбас бала саны көбейе түсуде. Отбасы тәрбиесінде, әсіресе жастарымыздың арасында мейірімділіктің, имандылықтың, адамгершіліктің төмендеуі салдарынан әртүрлі жағдайлар туындауда.

Әбу Насыр әл – Фараби атамыз: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас – жауы» дегендей отбасындағы ата – ана бала тәрбиелеуде ең бірінші мына төмендегі ұсыныстарды есте ұстаған жөн:

- баланың бойына өз елінің салт – дәстүрін, ана тілін, дінін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;

- баланы отбасында Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу;

- ата ана мен бала арасындағы қарым қатынасты дұрыстау;

- баланы табиғатына сәйкестендіріп, қабілетін анықтап, бейімділігін дамыту;

- баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін өзі бағалауға тәрбиелеу;

- отбасында баланың рухани байлығын (эстетика, еңбек, адамгершілік, имандылық т.б.) дамыту;

- отбасында баланы жеке тұлға ретінде қарау;

- баланың өзін өзі басқаруы (қаржы, іс әрекет т.б.);

- баланың табиғатына сәйкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт бағдар беру.

Педагогикалық насихаттың түрлері сан алуан: дәріс, баяндама, кеңес беру түрінде мектепте ата – аналарға арналған дәрісханаларда немесе ата - аналарға арналғани университеттерде өткізіледі.

Сонымен, жаңа ғасырда қоғам мүддесіне сай лайықты жан – жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру, отбасының, балабақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қ. Ахметұлы, «Ізгілік тәрбие бағдарламасы», Алматы 2013.

  2. Б. Соқпақбаев, «Менің атым Қожа», Астана 1999.

  3. С.Назарбаева, 6 сынып «Өзін өзі тану» Алматы 2010.

  4. М.Коляева, «Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы» – Шымкент 2007



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«Өрлеу» біліктілік арттырудың ұлттық орталығы АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты















Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық түсініспеушілік факторларын шешудегі отбасының ықпалы

(Жоба)







Орындаған: Г.С.Далбаева

Панфилов ауданы, Еңбекші ауылы,

Е.Сыпатаев атындағы орта мектеп


Тексерген: Г.М.Токушева





Алматы 2013жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!