Материалдар / Жасөспірімдер арсындағы қылмыстың алдын- алу шаралары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасөспірімдер арсындағы қылмыстың алдын- алу шаралары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірім кезеңі – балалық шақтан ересектікке өтетін, үнемі қиын, критикалық қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі периоды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
369
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы, Жетісу ауданы №109 жалпы білім беретін мектептің психологі Тоқтыбаева Гүлзира Ордабекқызы



Жасөспірімдер арсындағы қылмыстың алдын- алу шаралары

Жасөспірім кезеңі – балалық шақтан ересектікке өтетін, үнемі қиын, критикалық қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі периоды. Н. Кречмер мен Конорадта жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады. Жасөспірімнің мінез-құлқы ең алдымен жағдайды моральдылық қарастырумен. Баланың әлемінің ересекке ауысуында. Жасөспірім толығымен алдыңғысына да соңғысына да жатпайды. Бұл ең негізгі қоғам жағдайы мен психикасынан көрінеді. Ашушаң, ұялшақ, ішкі қарама-қайшылықтар. Бұл қысым мен қақтығыс көп болған сайын балалық пен ересектік шекарасының әртүрлі айырмашылықтарына байланысты ойыстай бастайды. Адам өмірінде өзгермелі кезеңдері болады. Соның бірі,ең бастысы және ауыр болып келетіні – ересектік кезеңі. Бұл уақытта адам 13-17 жаста аралығында болады, бала емес, бірақ әлі ересек адам болмайды. Бұл жас-“қоғамдық импритинг” кезеңі – барлық нәрселер адамдарға ерекше әсерлі болып келеді. Бұл адамға есеюге мүмкіндік береді. Жасөспірімдердің қылмысы деген термин, жасөспірімдердің заңды бұзуына қатысты іс-әрекеттер жасауы дегенді білдіреді. Бұл терминді, ересек адамдар жасаған қылмыстан бөліп алып қарастыру, олармен салыстыру үшін енгізген. Қылмыс жасаған жасөспірімдерді, арнайы сотта, арнайы судья соттап, әрқашан жеңілірек үкім шығаруға тырысады. Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі. Негізгі себептерін үлкен үш топқа бөлуге болады:

- Социологиялық фактор: Қылмысқа әсер ететін, социологиялық факторлардың ішінде, зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен:

- Төменгі экономикалық – қоғамдық статус;

- Мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат құралдары ;

- Алкоголь және наркотикалық заттар;

- Құрдастарының әсері;

- Отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай.

Мектептегі үлгерім заң бұзуға, қылмыс жасауға итермелейтін фактордың бірі болып табылады. Данхем және Алперт мектепті тастап кеткен жүз отыз жеті жасөспірімді зерттей келе, мектепті тастаудың он төрт себебін көрсеткен. Оларға, мектептегі баланың тәртібінің нашарлығы, оқуға деген ынтаның болмауы, сыныптастарының кері сері және ата-анасымен қарым-қатынасының нашарлығы, түсініспеушіліктің болуы, мектептегі жетістіктерінің төмендігі, нашар бағалар, сыныптағы тәртібінің жамандығы, мектеп бағдарламасын алып жүре алмауы, мұғалімдермен және ата-анасымен тіл табыса алмауы – бұның барлығы осындай оқушылардың қылмысқа, заң бұзушылығына итермелейтін факторлар. Бұл жағдайлар оқушылардың психикасына кері әсер етеді. Осы кезде бұл жасөспірімдер «тыныштық бұзушылар» болып табылады. Мұғалімдер мен әкімшіліктің кері әсері, жасөспірімнің жаман тәрбиесін әрі қарай шиеленістіре түсіп, жеткіншектің сабақтан қалуының жиілеуіне, алкоголь мен есірткіні қабылдауына итермелейді.

Жасөпірімнің тұлға ретінде дамуына, қоғамда жүруіне – жанұядағы психологиялық жағдай және атмофераның әсері үлкен. Ажырасқан отбасылардағы жанұя мүшелерінің бір-бірімен адекватты емес қарым-қатынаста болуы жасөспірімді қылмыс жолына итермелейді.

Қылмыстың психологиялық факторы:

Қылмыс жасауға итермелейтін себептердің бірі – ажырасқан отбасылардың көптеп кездесуі. Яғни, осындай жанұядан шыққан жасөспірімдердің қылмысы. Бірақ айырылпай әрқашан ұрыс-керісте болатын жанұядағы жасөспрімдер де қылмыс жасауға жақын болып келеді. Сондықтан, жанұядағы атмосфера маңызды болып табылады. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады. Көп жағдайда жасөспірімдер анасына жақын болып келеді. Бірақ әкесі жағынан жақындықтың аз болуынан қылмыстық іс-әрекетке барады, әсіресе ұл балалар. Сонымен қатар ата-анасының тәрбиелеу моделі де өз ықпалын тигізеді. Мысалы, әке-шешесі бір-бірімен ренжісіп, қарсыласып жүрген отбасынан екі жасөспірім қыз балалар өздерінің агрессивтілігімен және салмақсыздығымен өзқұрдастарынан ерекшеленген. Қыздар өз ата-анасының іс-әрекетін қайталаған.

Алдын алу үшін жасалатын шаралар:

- Жасөспірімді қоғам жағынан қадағалау қажет. Отбасы жасөспірімдік қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін естен шығармау қажет. Себебі, көбінде жанұя қоғамдық қадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі бар. Біріншісі, тікелей қадағалау – бұл сыртқы болып табылады, оған шектеулер және жазалаулар жатады. Ата-аналары баланың уақытында сабақтан келуін, жолдастарымен қатынасқа түсетін кіші топтарды қадағалап, тексеруі жатады. Екінші түрі, көмекші қадағалау – бұл сыйластық және махаббат. Жасөспірім ата-анасына және басқа да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тәрбиесі мен іс-әрекетін махаббат басқарады. Ата-анасына және басқа адамдарға махаббат, сыйластықпен қараған бала көп жағдайда қылмысқа бармайды. Себебі, жасөспірімдерге үміт артып, сенетін адамдарды ренжітіп, көңілін қалдырғысы келмейді. Жасөспірімдердің сабақтан тыс өте көп уақыттары бар. Сондықтан бос уақытын босқа жібермей спортпен шұғылданып, пайдалы іс-әрекетермен айналысу керек.

Жасөспірімдерді тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор. Демек, бұл шараларда айтарлықтай бір қатар кемшіліктер бар екендігі баршаға белгілі. Мысалы, теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанқұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағынадағы журналдар, фотосуреттер, жарнамалар шектеусіз көрсетіледі. Мұның өзі келешек ұрпақтың мінез-құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіруі мүмкін.

Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағыты әртүрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады. Себебі кәмелетке толмағандар құқық  бұзушылығының  алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытында ұйымдастырылатын әртүрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты. мәдениет, ойынсауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік  қауіпті  жағдайда  тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты назарда болуы тиіс.

109 жалпы білім беретін мектепте жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары барысында көптеген іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіледі.

Аудандық КТІЖ инспекторларының қатысуымен жасөспірім оқушыларға видеороликтер көрсетіліп, профилактикалық іс-шаралар, лекциялар үнемі жүргізіледі.

Мектебімізде жасөспірімдер арасында 10 оқушыдан тұратын «Жас полицейлер» ұйымы құрылып, тәртіп саласына біршама өз көмектерін тигізіп келеді. Сондай-ақ жасөспірімдердің сабақтан тыс бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында спорттық түрлі іс-шаралар, концерттік бағдарламалар, білім сайыстары көп жүргізіледі.

Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев    Үкіметке    құқық    бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар санының өсуін тежеу, қылмыстық істерді тергеу кезіндегі кемшіліктерді жою, заңды тұлғалар мен азаматтардың арыздарын құқық қорғау органдарының кешіктірмей және сапалы қарауын жолға қою мәселелеріне баса назар аударуды тапсыра отырып: «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын», – деп атап өткен [1] .

Бүгінгі күні орта білім беру жүйесінде тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасын жетілдіру  және   сабақтан   тыс   іс-шаралар оқу процесінде қарастырылуы  шарт  және алған білімді бекітуге арналған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру бағытында жасалған бағдарламалар болуы керек.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ./ onlain.zakon. kz/Document/doc_id=31305671‎.

  2. Жетписбаев Б.А., Айтпаева А.К. Концептуально-теоретические проблемы девиантного поведения и правовой социализации несовершеннолетних в Республике Казахстан //Заң әдебиеті. – Алматы, 2002. 

  3. .Ссылка: http://karasay.kz/index.php/module





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!