Материалдар / Жастардың отбасылық өмірге дайын болуы-Ғылыми жоба

Жастардың отбасылық өмірге дайын болуы-Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда асығыс түрде және уақытынан бұрын отбасын құратын жастар саны артуда. Соның салдарынан ажырасу саны артуда. Отбасылық қақтығыстар орын алуда. Отбасын құру тек жауапкершілікті ғана емес, сондай-ақ неке серігімен қарым-қатынас құра білуді талап етеді. Сондықтан жастардың отбасылық өмірге деген дайындықтың болуы өзекті мәселе. Бұл жобада "Жастардың отбасын құруға дайындық деңгейін анықтау" бойынша зерттеуді ұйымдастыру және қолданылатын әдістемелермен жұмыс жасалынды. Ер балалар мен қыз балалардың отбасын құруға дайындық ерекшеліктерін салыстырмалы талдау көрсетіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2024
179
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады










ҒЫЛЫМИ ЖОБА


Тақырыбы: «Жастардың отбасылық өмірге дайын болуы»
























Әзірлеген: ............................................................

Жоспар


1. Кіріспе ......................................................................................................

3

2. Негізгі бөлім

I бөлім. Жастардың отбасылық өмірге даярлығын зерттеудің теориялық негіздері


1.1 Отбасылық өмірге даярлығы туралы түсінікке теориялық талдам ...

5

1.2 Отбасылық өмірге дайындық түсінігі және оның құрылымдық компоненттері ................................................................................................


11


II бөлім. Жастардың отбасын құруға дайындық ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде түрде анықтау


2.1 Жастардың отбасын құруға дайындық деңгейін анықтау бойынша зерттеуді ұйымдастыру және қолданылатын әдістемелер ......................


21

2.2 Ер балалар мен қыз балалардың отбасын құруға дайындық ерекшеліктерін салыстырмалы талдау .....................................................


22

Қорытынды ...............................................................................................

28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ...............................................................

29

КІРІСПЕ


Зерттеу көкейтестілігі. Қазіргі таңда жастар арасында «Отбасын құру не үшін қажет?» деген сұрақ көптеп кездеседі. Қазір қоғамда қарқынды даму жүріп жатыр, бұл дамулар өз кезегінде отбасылық құндылықтың өзгеруіне әкеліп соғады. Оның ішінде отбасын құруға деген ой- пікірлер өзгереді, неке – отбасылық қатынастырдың альтернативті формасы өсе бастайды. Отбасын құрғысы келмейтін және отбасылық қатынаста мүлдем болғысы келмейтін жастардың саны қазірде артып келеді. Сондай-ақ, жастар жоспардан тыс жүктілікке байланысты отбасын құруға мәжбүр болатын жағдайларда бар, бірақ кейіннен олар отбасын құруға мүлдем дайын емес болып шығады. Дегенмен, қоғам жастарды отбасын құруға дайындауға мүдделі, жас ұрпақты некеге дайындау ерекше маңызға ие болуда.

Көптеген ғалымдар Қ.Атемова[1], Б.Иманбекова[2], С.Қоңырбаева[3], Д. Нұрғалиева[4], Ұ.Есім[5], Т.И. Дымнова[6], Е.И. Зритнева[7] және т.б. жас ұрпақтың отбасын құруға әлсіз бағдарланғанын және отбасылық өмір салтына деген жеткіліксіз дайындығын айтады.

Отбасылық өмір адамға көптеген талаптар қояды. Жас отбасылардың тұрақтылығын анықтайтын факторлардың ішінде жастардың некеге дайындығы ерекше орында. Бұрын адам белгілі бір жасқа толғаннан кейін отбасын құруға толық дайын деп есептелді. Алайда, қоғамдық қатынастардың мәдени-тарихи динамикасы жас ұрпақты отбасындағы өмірге арнайы даярлау қажеттілігін болжайды.

Отбасын құруға дайындық міндеті қоғамда өзекті және сұранысқа ие болғанына қарамастан, психологиялық ғылымда қажетті зерттеулердің саны аз. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда некеге дайындық мәселесі бойынша жаңа ғылыми әзірлемелердің салыстырмалы түрде аздығы байқалады.

Қазіргі таңда асығыс түрде және уақытынан бұрын отбасын құратын адамдар саны артуда. Соның салдарынан ажырасу саны артуда. Отбасын құру тек жауапкершілікті ғана емес, сондай-ақ неке серігімен қарым-қатынас құра білуді талап етеді. Сондықтан жастардың отбасылық өмірге деген дайындықтың болуы өзекті мәселе.

Зерттеу нысаны: жастардың отбасылық өмірге дайындығын зерделеу.

Мақсаты: жастардың отбасылық өмірге психологиялық дайындығын анықтау.

Жұмыстың ғылыми болжамы: егер, жастардың отбасылық өмірге психологиялық дайындығы бойынша жыныстық ерекшеліктерге байланысты өзіндік өзгешеліктер бар болса, онда жыныстық ерекшеліктеріне орай жастардың отбасын құру себептерінде, некеге тұру жасында, балалы болуға және ажырасуға қатысты ой- пікірлерінде өзіндік айырмашылықтары бар.

Жұмыстың міндеттер:

  1. Өмірлік серік туралы ой-пікірдің психологиялық ерекшеліктерін талдау;

  2. Отбасын құруға дайындық түсінігін және оның құрылымды қ компоненттерін зерттеу.

  3. Ерлер мен әйелдердің некеге дайындық ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеудің пәні: жынысына байланысты жастардың отбасылық өмірге психологиялық дайындығының ерекшеліктері.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: жастардың отбасын құруға психологиялық дайындығын зерттеген ғалымдардың (Е.И. Зритнева, С.М. Питилин, Б.Ю. Шапиро, Л.В. Маликов) теориялық еңбектері негізге алынды. Бұл зерттеу жұмысында дәстүрлі әдістермен қатар кейбір жаңа әдістер де қолданылды. Зерттеудің теориялық негізін жазуда интернет ресурс пен дәстүрлі діндерді қарастырған кезде библия, құран, сонымен қатар шығыстық діни-философиялық мәтіндер басшылыққа алынды.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы, 2011 жыл 24 қазан, Қaзaқстaн Рeспубликaсының Кoнституциясы, 1995 жыл 30 тaмыз. Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» 2002 жыл 8 тамыз, Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) «Неке мен отбасы». Каирова Б.К. «Отбасылық өмір психологиясы»: оқу құралы / Б.К. Каирова, Д.С. Тойымбетова. – Қостанай: ҚМПИ, 2016. Жүндібаева Т.Н. «Отбасы педагогикасы» / Оқулық - Алматы: «Экономика» баспасы ЖШС, 2014.

Зерттеу әдістері: Теориялық әдістер: талдау, синтездеу, салыстыру, жалпылау, индукция, зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық мәліметтерді жүйелеу. Эмпирикалық әдістер: «Отбасын құру мотивтері» сауалнамасы (С.И. Голод); А.Меграбян мен Н.Эпштейннің «эмоционалды жауап шкаласы» әдістемесінің сауалнамасы; Перцептивті-интерактивті құзыреттілік диагностикасы» (Н.П.Фетискиннің модификацияланған нұсқасы); «Отбасылық жұптағы бағдарды өлшеу» сауалнамасы (Ю.Е. Алешина, Л.Я. Гозман, Е.М. Дубовская); И.Ф.Юндтың отбасылық өмірге дайындығын бағалау тест картасы.

Зерттеудiң теориялық және ғылыми-тәжiрибелiк маңызы. Зерттеуде алынған ғылыми нәтижелер жастардың отбасын құруға психологиялық дайындығының ғылыми-теориялық негіздері қарастырылып, отбасын құруға дайындық ерекшеліктерін анықтау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, түсінуге көмектеседі.

Зерттеу базасы: Жоғары білім беретін мекеме.

Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделді, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері мен көздері, зерттеудiң теориялық және ғылыми-тәжiрибелiк маңызы айтылды.

Отбасылық өмірге даярлығы туралы түсінікке теориялық талдам. Жастардың отбасылық өмірге даярлығын зерттеудің теориялық негіздері туралы бірінші бөлімде баяндалды.

Жастардың отбасын құруға дайындық ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде түрде анықтау. Жастардың отбасын құруға дайындық деңгейін анықтау бойынша зерттеуді ұйымдастыру және қолданылатын әдістемелермен жұмыс жасалынды. Ер балалар мен қыз балалардың отбасын құруға дайындық ерекшеліктерін салыстырмалы талдау зерттеудің екінші бөлімінде көрсетілді.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік зерттеудің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Негізгі бөлім


I бөлім. Жастардың отбасылық өмірге даярлығын зерттеудің теориялық негіздері

1.1 Отбасылық өмірге даярлығы туралы түсінікке теориялық талдам

Жастық шақ – онтогенездің күрделі кезеңі, осы кезеңде адам өзін, кәсібін, қоғамдағы орнын, өмірлік серігін іздейді. Бұл жас кезеңі мінез-құлыққа өз талаптарын қоятын жоғары әлеуметтілік белсенділікпен сипатталады. Еңбек қызметі, дін, саясат, мәдениет, отбасы осының барлығы адамның даму саласына және сонымен бірге өзін-өзі растау құралына айналады. Осыдан таңдау мәселесі, іздеу және барлық нәрсені сезінуге деген ұмтылыс болады. Көбінесе отбасы өз мүмкіндіктерін сынайтын орынға айналады, сондықтан шетелдік әдебиеттерде отбасын құруға деген психологиялық дайындықтың не екенін анықтау маңызды.

Адам отбасын құруға психологиялық дайындығын түсіну үшін ең алдымен психологиялық дайындықтың тұжырымдамасын қарастырған жөн. Психологиялық дайындық тұжырымдамасы адамның кемелденуі, оның белгілі бір мінез-құлық түріне қабілеттілігі ретінде қарастырылады.

Жеке тұлғаның белгілі бір қызмет түріне дайындығын зерттеуге М.И. Дьяченко, Л.А. Кандыбович сияқты ғалымдар ерекше үлес қосты [8].

«Дайындық» ұғымын көптеген психологтар қарастырды және олар адамның әртүрлі психологиялық ерекшеліктерімен байланысты болды. Бірақ оның ішінде ең танымалы Я.Л. Коломинскийдің зерттеуі, онда белгілі бір қызмет түріне дайындық жеке тұлғаның даму деңгейіне тікелей байланысты екені, яғни адам неғұрлым дамыған болса, оның белгілі бір қызмет түріне дайындық дәрежесі соғұрлым жоғары болатыны айтылған.

«Дайындық» ұғымы С.С. Қоңырбаева еңбектерінде қарастырылды, ол дайындықты жеке адамның өміріндегі уақыт сәті ретінде қарастырды және адам өзі жеткен кемелдену деңгейі оған белгілі бір тәжірибеден пайда көруге мүмкіндік береді [3].

Психолог М .И. Дьяченко мен Л. А. Кандыбович дайындықты адамның қандай да бір қызметті орындауға деген белгілі бір тұлғалық бағдары ретінде қарастырды [8]. Бұл авторлардың теориясы ішкі бағдар адамның бағытын, белсенділігі мен мінез-құлқын өзгертеді деген болжамға негізделген. Сонымен қатар, ғалымдар адамның дайындығын сипаттайтын жеке тұлғаның модификациялық деңгейлерін көрсеткен. Олар:

Бірінші немесе бастапқы кезең – танымдық қызығушылық;

Екінші кезең – танымдық және физикалық белсенділікті арттыратын эмоционалды белсенділік;

Үшінші кезең – мақсатқа жетуге көмектесетін еріктік компонент.

Андреева Т.В., Маликов Л.В. Круглов Б.С. сияқты психологтардың идеяларына сәйкес кез-келген іс-әрекетке дайындықты жеке тұлғаның мотивациялық, танымдық, эмоционалды және ерікті қасиеттерінің жиынтығы, сондай-ақ мүмкіндіктерді өзектендіруді қамтамасыз ететін жалпы психо-физиологиялық жағдай арқылы және жеке тұлғаның белгілі бір әрекеттерді орындауға бағытталуы арқылы қарастырған жөн.

Некенің жоғары тұрақтылығы әрдайым некеге қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсетпейді Ковалева О.Ф. (мысалы, дәстүрлі отбасында көбінесе ерлі- зайыптылардың қарым-қатынасына қанағаттанбауы олар үшін тұрақты қалып болса, ал қазіргі отбасында бұндай наразылық балалардың болуына қарамастан ажырасуға алып келеді) [10].

Отбасын құруға дайындықтың бірнеше түрлі бағыттары анықталған, олар: физикалық, әлеуметтік, этикалық, экономикалық, жыныстық, психологиялық. Осы жұмыста психологиялық дайындық қарастырылады, өйткені ол ерлі-зайыптылардың үйлесімді қатынастарының маңызды аспектісі болып саналады.

Атемова Қ.Т. [8], О.Ф. Ковалева [10], Дружинин В.Н. [20], сияқты зерттеушілер жастардың отбасын құрғанға дейінгі некеге дайындығын анықтайды, бұл педагогикалық тұрғыдан орынды. П.А. Решетов тек түпкілікті нәтижеге яғни, некенің сәттілігіне, отбасындағы тұлғааралық қатынастардың үйлесімділігіне, балаларды дұрыс тәрбиелеуді орнатуға бағыттаған [10].

Ғалымдар сонымен қатар психологиялық дайындықты жеке тұлғаның тұрақты сипаттамасы ретінде қарастырады. М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович психологиялық дайындықты білімді, білікті, дағдыларды, нақты іс-әрекетке деген көзқарасты біріктіретін сапа ретінде түсіндіреді [5].

Көптеген зерттеушілер (Жолудева С.В., Э.Эриксон, Андреева Т.В.) отбасын құруға дайындықты тұлғалық даму тұрғысынан қарастыруды талап етеді. Басқалары (Б. Ю.Шапиро, А.Н.Обозова, В.А.Сысенко, Р.Уинч, Е.С.Калмыкова) отбасылық қатынастардың нақты проблемаларына назар аударады. Тағы біреулері (Н.В. Малярова, В.С. Торохтий, И.В. Дубровина, Л.Б. Шнейдер, А.Керкгофф, К.Девис) отбасын құруға дайындықтың психологиялық компоненттеріне назар аударады.

Питилин С.М. ойынша отбасын құруға дайындық мынадай аспектілердің толық жиынтығын қамтиды [11]:

    • белгілі бір моральдық кешенді қалыптастыру адамның өзінің өмірлік серігіне қатысты жаңа міндеттер жүйесін қабылдауға дайындығы;

    • тұлғааралық қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа дайындық;

    • өмірлік серігіне қатысты бауыр басу қабілеті;

    • адамның ішкі әлеміне кіре білу қасиеттерінің болуы – эмпатикалық кешен;

    • жеке сезімдер мен мінез-құлықтың жоғары эстетикалық мәдениеті;

    • жанжалдарды конструктивті түрде шешу қабілеті, өз психикасы мен мінез-құлқын реттеу қабілеті.

Жастардың отбасын құруға дайындығы адамның әлеуметтік- психологиялық көзқарастарының жүйесі ретінде анықталады, оған өмір салтының эмоционалды және психологиялық қатынасын, ерлі-зайыптылық құндылықтарды жатқызады.

П.А. Решетовтың айтуынша, «некеге дайын болу – бұл өмір салтын, ерлі-зайыптылық құндылықтарды, эмоционалды-психологиялық қатынасты анықтайтын адамның әлеуметтік-психологиялық көзқарастарының жүйесі» [12].

С.В. Жолудеваның пікірінше, отбасын құруға деген дайындық өз кәсібіне деген жауапкершілікпен бірдей [13]. Философия категорияларына сәйкес, жауапкершілік – бұл біреудің алдында өзіңе және біреуге жауап беру міндеті. Бұл пікірді әлеуметтік жауапкершілік жайында айтатын Берковец пен Даниэлс растайды. Олардың пікірінше, жауапкершілік сезімі адам бойында оның көмегіне біреу мұқтаж екенін түсінген кезде пайда болады. Отбасы – бұл жақын адамыңа көмек көрсете білетін және сол адамнан көмек ала білетін маңызды орын.

Отбасы иерархиясы туралы көзқарастар, неке қатынастары, құндылық бағдарлары, неке мотивациясы туралы көзқарастар мен болжамдардың құрамдас бөліктерінің қалыптасу деңгейімен және құрылымдық ұйымдастырылуымен отбасын құруға психологиялық дайындықтың белгілі бір деңгейлерін анықтауға болады. Олар:

      • жоғары деңгей барлық компоненттердің жеткілікті дәрежеде қалыптасуымен сипатталады;

      • орташа деңгей бір компоненттердің басқаларына қарағанда қалыптасуының жоғары, орташа және төмен дәрежелерімен сипатталады;

      • төмен деңгей компоненттердің қалыптасуының орташа дәрежесімен және төмен дәрежесімен сипатталады.

Круглов Б.С. теориясы бойынша, отбасын құруға дайындықта басты рөлге болашақ жұбайының рөлі мен бір-бірінің талаптарын түсіне білуі жатады. Болжамдау – бұл өмірлік серігі қандай сипаттамаларға ие болуы керек және ол отбасында қандай функцияларды орындауы қажет деген сұрақтарды қамтиды[17].

Рөлдік талаптар – жұбайының белгілі бір рөлді орындаудағы және отбасылық қатынаста осы рөлге сәйкес келетін іс-әрекеттерді орындаудағы жеке дайындығы. Отбасылық өмірге бейімделудің оң нәтижесі ерлі-зайыптылардың рөлдік өзара әрекеттесуі туралы ой-пікірлерінің қаншалықты келісілетініне байланысты болады.

Алайда, қазіргі әлемде жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін өзіндік ерекшеліктер бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлері қоршаған әлемге гедоникалық қатынасты насихаттап, отбасының, аға ұрпақтың, дәстүр мен мәдениеттің рөлін құнсыздандырып адамның өміріне тез ене бастайды. Тұтынушылық қатынастар адам мен қоғам арасындағы қарым- қатынастың барлық деңгейлерінде пайда болады.

Мысалы, И.В. Гребенников айтуынша, американдық психологияда жас сегрегациясы деген ұғымы бар және ол соңғы жылдардағы балалар мен жас ұрпақтың өміріндегі өзгерістерді сипаттайды. Жас сегрегациясы жастардың қоғамнан орын таба алмауынан көрінеді. Сонымен қатар, адам өзінің айналадағы адамдардан және істерден алшақтайды. Өз ісімен айналысқысы келеді, бірақ көбінесе бұл істің не екенін және оны қалай жасау керектігін білмейді [15].

Отбасын құруға психологиялық дайындықтың қалыптасуына микро және макро орта тікелей әсер етеді, сәйкесінше, бір жағынан, жас адамның отбасы мен жақын ортасы, екінші жағынан, тұтастай алғанда қоғам және жоғары оқу орындары. Жоғары оқу орындарында білім алу тұлғаның ерікті, эмоционалды, когнитивті қасиеттері мен мотивациялық саласын қалыптастыруға ықпал етеді.

Нәтижесінде, шетелдік психологиядағы отбасын құруға деген психологиялық дайындықты зерттеудің бірнеше жағы бар және ол жан-жақты зерттеуді қажет ететін күрделі құбылыс.

Өз индивидуалдылығын жоғалтпай, сондай – ақ оны басқа адамдарға жүктеместен отбасылық қарым-қатынас жасау мүмкіндігі отбасының қажетті негізі болып табылады. Өзіне, отбасы мүшелеріне деген құрметті қалыптастыру, өзара қарым-қатынас жолдарын табу, өзара сыйластық, өз- өзімен және қарым-қатынастармен жұмыс істеу арқылы психологиялық жақындықтағы қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Неке – бұл отбасын құрудың және оны әлеуметтік бақылаудың қалыптасқан құралы, қоғамды сақтау мен дамытудың бір тәсілі.

Көптеген зерттеушілер әр түрлі отбасылық тәжірибесі бар, әр түрлі жастағы адамдармен сұхбаттасу арқылы неке серігін таңдау себептерін зерттеді. Осы зерттеулер барысында ең маңызды қателіктер жастардың отбасын құрғанға дейін, кездесіп жүрген кезде жіберілетіні анықталды. Көптеген жастар отбасын құру туралы шешімді ойланбастан қабылдайды, олар жұбайының бойынан отбасылық өмірге қажет болмайтын, екінші орында тұратын қасиеттері мен жеке ерекшеліктерін іздейді.

Біз ойша жасайтын болашақ неке серігінің бейнесі – бұл адамның физикалық, рухани, психологиялық тұрғыдағы ерекшеліктерін көрсететін нақты бейнесі, мұның барлығы қалыптасады және мұнда неке үйлесімділігі ескерілмейді.

Жас отбасының алғашқы проблемасы болашақ жұбайын таңдау мәселесінен басталады. Жас отбасы арасындағы қарым-қатынастың бұзылуының ең көп тарылған себептерінің бірі – жұбайынан көңілдің қалуы. Бұл жастардың отбасын құрғанға дейінгі қарым-қатынас кезеңінде жұбайының өмірі мен жеке басы туралы толық ақпарат ала алмағанына байланысты.

Осы тенденцияларға сәйкес отбасын құрудың негізгі механизмін түсіну маңызды. Айта кету керек, неке серігін таңдаудың шетелдік теориялары негізінен екі идеямен біріктірілген. Біріншіден, олардың барлығы дерлік әлеуметтік-мәдени моногамия принципіне негізделген. Екіншіден, неке серігін таңдау механизмі кезеңдер жүйесі ретінде ұсынылған. Бұл жүйелі қарым- қатынастар мен өзара әрекеттесулер жүйесі кезінде сәйкес келмейтін адамдарды алып тастап, ықтимал болатын таңдаушылар шеңберін біртіндеп тарылтуға мүмкіндік береді. Ең соңғы кезеңде теориялық тұрғыдан отбасылық жұп ретінде бір-біріне сәйкес келетін жұптар қалады.

Неке серігін таңдау кезінде жалпыланған және ерекшеленген түрде көбінесе мына заңдылықтар көрсетіледі:

    • Өз ұқсастығы бойынша<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ