Материалдар / Жасыл экономика- ауқатты болашаққа апарар жол

Жасыл экономика- ауқатты болашаққа апарар жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
543
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ













Тақырып:Жасыл экономика- ауқатты болашаққа апарар жол











Абдыкадырова Ж.Е





2020-2021 оқу жылы

Жасыл экономика- ауқатты болашаққа апарар жол

Кіріспе. Жасыл экономика-экономикалық ғылымда соңғы екі онжыддықта қалыптасқан бағыт болып табылады және де ол экономины табиғи ортаның тәуелді бір бөлігі ретінде сипаттайды. Жасыл экономика тұжырымдамасы өзіне экономикалық ғылыммен философияның басқада идеяларын біріктіреді, мысалы экологиялық экономика, қоршаған орта экономикасы, антиглобалистика, халықаралық қатынастар теориясы, постмодернизм және т.б. Алайда қазірге дейін жасыл- экономиканың бірыңғай анықтамасы жасалмаған және де біз жасыл экономикаға мынадай анықтамалар беруге талпыныс жасадық:

  • UNEP анықтамасы бойынша жасыл экономика – бұл жердің табиғи капиталын құратын және және арттыратын немесе экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салалар;

  • БҰҰ анықтамасы бойынша жасыл экономика- бұл экономикалық тәуекелдермен табиғи ресурстар тапшылығын қысқартатын және халықтың тұрмыстық игілігін жақсартып, әлеуметтік кеңдікке алып келетін экономика;

  • Жасыл экономика- бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика.

Сонымен бірге, жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен сипатталатын экономика болып табылады. Бұл экономикалық модель XXI ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр.

1.1« Жасыл экономиканың» принциптері мен аксиомалары. «Жасыл экономиканың» негізгі үш аксиомасы бар, атап айтатын болсақ:

  • Шектеулі кеңістікте ықпал ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес;

  • Шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп отырған қажеттіліктерді қанағаттандырумүмкін емес;

  • Жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты.

Жасыл экономиканың артықшылықтары:

  • Бүкіл әлемде күн. Батареяларын қолдану мүмкіндіктері;

  • Газ бен жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көліктерді енгізу;

  • Қайта өңдейтін зауыттар арттыру;

  • Климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальтбитондық технологиялакр қолдану;

  • Қоршаған ортаға зиянсыз экологиялық женіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі;

Жасыл экономиканың қағидалары:

  • Әділдік қағидасы (теңдік);

  • Адамгершілікті құрметтеу қағидасы;

  • Сақтық қағидасы ;

  • Қатысу қағидасы;

  • Басқару қағидасы;

  • Тұрақтылық қағидасы;

  • Тиімділік қағидасы.

Жасыл экономиканың сегменттері:

  • энергияларды тудыру, іздестіру;

  • энергияны сақтау;

  • энергетикалық инфра құрылым;

  • энергетикалық тиімділік;

  • тасымалдау;

  • су және ағын сулар;

  • ауа және қоршаған орта;

  • материалдар;

  • өндіріс және өнеркәсіп;

  • ауылшаруашылығы;

  • рециклинг жолдары.

Рециклинг - Бұл өнеркәсіптік өндщіріске өнеркәсіп, құрылыс және тұрмыстық қалдықтардағы көптеген материалдарды қайтадан қайтара қолдану.

1.2 Қазақстанда «жасыл экономика» бағдарламасы бойынша жұмыстар үш негізгі кезеңде жүргізіледі:

Біріңші кезеңде 2013-2020 жылдары мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды тиімді пайдаланумен қоршаған ортаны қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сол сияқты «жасыл» инфрақұрылым құру болады.

Екінші кезеңде барысында 2020-2030 жылдары қалыптасқан жасыл инфрақұрылым негізінде суды үнемдеп пайдалану, қалпына келетін энергетиканы дамытуды ынталандыру мен кеңінен енгізуді қолдау, энегетикалық стандарттыры негізінде құрылыс жүргізіледі.

Үшінші кезеңде 2030-2050 жылдары ұлттық экономиканы «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» қағидасына көшу қарастырылған. Ол табиғи ресурстарды олардың жаңартылумен тұрақтылық негізінде қолданылуынпайымдайды. Тұжырымдама бойынша «Жасыл экономикаға»

көшу шаралары мынандай бағыттар бойынша жүзеге асыралада: су ресурстарын тұрақты пайдалану, тұрақты және жоғары өнімді ауыу шаруашылығын дамыту, энергияны үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаны ластауды азайту, экожүйелерді тиімді басқару.

«Жасыл экономиканы» дамытудың жеті негізгі бағыттары:

Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия кезеңдерін енгізу.

Екінші бағыт – тұрғынүй- коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.

Үшінші бағыт- ауыл шаруашылығы орканикалық егін шаруашылығы.

Төртінші бағыт- қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру.

Бесінші бағыт– су қорларын басқару жүйесін жетілдіру.

Алтыншы бағыт- «таза» көлікті дамыту.

Жетінші бағыт –экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.

«Жасыл экономика» кедей елдердің дамуына және бай елдердегі кедейлердің қысқаруына ықпал етеді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше мемлекет «жасыл экономикаға» көшуде мынадай міндеттерді шешу тиіс:

-экологиялық салықтарды енгізу;

-«қоңыр» өнеркәсіп үшінммемлекеттік субсидияларды азайтып, экологиялық талаптарды күшейту; «қоңыр» өнеркәсіп қазіргі күнгі дәстүрлі, яғни ресурстарды ысыраппен пайдалануды, өндірісте көміртектің көп пайдалануын білдіреді.



- «Жасыл» өнеркәсіпке мемлекеттік инвиестициялар жасау;

- жаңа «жасыл» технологияларды трансферметтеу мен енгізу.

«Жасыл экономикаға» өткен елдерден мысал келтіретін болсақ:Оңтүстік Корея «жасыл өсімді» ұлттық стратегия ретінде қабылданған алғашқы ел боп отыр. Бұл стратегия шеңберінде негізінен үш элементке баса назар аударылады, олар өнеркәсіп, энергетика және инвестиция. Энергетикалық және басқа да ресурстарды минималды пайдалана отырып, өндірістік экономикалық қызмет ауқымы сақтау, қоршаған ортаға қысым жасауды минимумға жеткізу, инвестицияны табиғатты қорғау және экономикалық өсудің қозғаушы күшіне айналдыру мақсаттары қарастырылған.

Швеция 2020 жылға қарай мұнай, көмір және газдан бас тартып, қалпына келуші ресурстар энергиясына көшуді жоспарлап отыр.

Бразилия көліктің 80%қант қамыстарынан жасалған биоотынға көшіруді жоспарлауда. Тайвань күн батареяларын белсенді пайдаланып отыр. Жапония «Төмен көміртекті қоғам бағдарламасын» қабылдап, көміртектің шығарылымының төменгі деңгейін белгілеген.

2.1 БҰҰ сарапшылары Қазақстанда «жасыл экономиканы» енгізу үшін бес манызды секторды атап көрсетеді:

- Энергия (электр энергиясы, жылуы, мұнау және газ) – Мұнайгаз секторы Қазақстанның маңызды саласы болып қалып отыр. Ол ЖҰӨ(Жалпы Ұлттық Өнімнің) 30% мен экспорттың 60% құрайды. Қазақстан «жасыл экономикаға» көщу үшін мұнайгаз секторына бірынғай сенім артудан арылуы керек;

-Су - Қазақстан2015 жылға қарай су тұтыну көлемін қысқартуды басынқы бағыттардың бірі ретінде қарастырып отыр. Сонымен бірге, таза ауыз су тапшылығын елдегі халықтың 20% сезініп отыр, кейде су сапасы нормативтік талаптарға сай келмейді. Сумен қамтамасыз ету ЖҰӨ-нің 2%ғана құрайды.

-Қалдықтар. Қалдықтар қайтара өндеу бар болғаны 20%. Үкімет 2020 жылға қарай қалдықтарды утилизатциялауды 70% жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі күні Қазақстан қауіпті қалдықтарды жинақтаудан Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің арасында екінші орында болып табылады.

-Ауыл шаруашылығы, балық аулау және орман шаруашылығы. Аталған сектор көшет газдарының шығарылымының 10% құрайды. Ауыл шаруашылығы ұлттық ЖҰӨ 5% мен экспорттың 2% құралады. Қазақстан үшін бидай өсіру мен оны экспорттау ісі басыңқы болып қала береді, себебі біздің еліміз бидай экспорттаушы әлемдік бестікке енеді.

-Көлік.Қазақстандағы тасымалдаудың басым бөлігі дизель, бензинге тиісті. Ол ең ауаны ластауға әсерін тигізеді. Тасымалдау секторы Қазақстанның ЖҰӨ 8%береді, сондықтан да елдің көлік әлеулетін арттыру маңызды болып табылады.

«Жасыл экономиканың» дағдарысқа қарсы әлеулеті тұрғысынан ол жұмыспен қамтуды арттыру мен жұмыссыздықты азайтуға, шаруашылықтың басқа салаларында белсенділікті ынталандырып, рецессиядан тездетіп шығуға ықпал етеді. Мысалы, АҚШ-та дағдарысқа қарсы шаралар кешенінде жасыл секторға 12%, Германия мен Жапония 13%, Францияда 21%, Қытайда 38%, Оңтүстік Кореяда 80% тиесілі болады.

Адамзатқа тәңірден берілген табиғат қоры қадіріне жетіп, қызғыштай қорығанда ғана баянды бақ болмақ. Қай кезеңде немесе қай тұрмыста болмасын үнемдеу, ысырап етпеу береке бастауы саналады. Бұл ретте ел байлығын еселейміз десек, бірінші кезекте мемлекетіміздің табиғи ресурстарын тиімді пайдаланып, баламалы энергия көздеріне мән беруіміз қажет. Сондықтан да, Елбасының басты назарындағы ел экономикасын дамыту жолындағы игі шаралардың бір бағыты «жасыл» экономиканы жолға қою болып табылады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын, яғни 2013 жылы Мемлекет бас­шысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл эко­номикаға» көшуі жөніндегі тұ­жырымдамасы бекітілген болатын, деп жазады еліміздің бас басылымы. 
Осы леппен артынша осынау тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңдері айқын болды. Бүгінгі таңда оның алғашқы ке­зеңінде (2013-2020 жж) сатылап қадам басып келеміз. Бұл бастама Елбасының дүйім жұртқа жол тартқан кезекті «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында көрініс тапқан болатын. Елдің «жасыл» даму жолына көшуіне негізделген экономиканың орнықты әрі тиімді моделін құрудың нақты бағдарын белгілеп берген стратегияда «жа­сыл экономика» халықтың өмір сүру деңгейі жоғары болатын, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесінде және елдің қабылдаған халықаралық экологиялық міндеттемелеріне, ХХІ ғасырға арналған күн тәр­тібіне сәйкес табиғи ресурстар ұқыпты әрі ұтымды пайдаланылатын экономика ретінде ай­қындалады.

Жалпы алғанда, жасыл экономикаға ауысу аясында қорлардың тиімділігін арттыру, қазақстандық инфрақұрылымды жетілдіру, халықтың әл-ауқатын жақсарту болжанады. Аталған тұжырымдамада айтылған­дай, есептеулер бойынша, 2050 жылға қарай «жасыл экономика» шеңберіндегі жаңартулар ІЖӨ-ні 3 пайызға қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердің жаңа салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, «жасыл экономикаға» көшу үшін қажетті инвестициялар көлемі жыл сайын ІЖӨ-нің шамамен 1%-ын құрайды, бұл жылына 3-4 миллиард АҚШ долларына тең.

"Жасыл экономиканы" дамытуда Германия, Оңтүстік Корея мемлекеттері алдыңғы орында. Олар «жасылдануды» дамыту бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр. «Біз әлем елдерінің оң тәжірибелерін пайдаланамыз. Бүгінгі таңда әлемде экологияға қатысты көптеген проблемалар бар. Күн сайын табиғи ресурстар азайып, қоршаған орта ластанып жатыр. Сондықтан да адамзат үшін жасыл экономикаға көшу міндетті болып отыр. Балама қуат көздерін қолдану, тұрғындардың таза ауыз суды тұтынуы және өндіріс қалдықтарын қысқарту мақсаттарын жүзеге асыру барысында ауқымды жұмыстар бар. «Жасыл экономикаға» көшудің маңызды бір буыны – қоқыс өңдеу.

Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын. «Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

«Жасыл» экономика (GEI) бойынша БҰҰ бастамасы 2008 жылы қаржы-экономикалық дағдарысқа жауап ретінде бастау алып, БҰҰ Бас хатшысы және БҰҰ жүйесі басшыларының Үйлестіру кеңесі ұсынған тоғыз Бірлескен дағдарыс бастамасының бірі болды. Сонымен бірге, басқа да бірқатар термин, мысалға «жасыл өсім» немесе «экономиканы көгалдандыру» сияқты өзара аламстыратын терминдер ретінде пайдаланылып, кеңінен таралған.

«Жаһандық жасыл жаңа бағыт» тұжырымдамасы 2009 жылы көптеген банктер мен кәсіпорындар банкротталып, ал миллиондаған адам жұмыссыз қалған кезде Қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарламасымен (ЮНЕП) алға жылжытылды. Жаңа, озық кәсіпорындар құрып, деткілікті жұмыс орындары санын құру міндеті алға қойылды. «Жасыл» экономиканың маңызды мақсаты – эко жүйелердің маңыздылығын және ұлттық және жаөандық экономикалық өмірдегі орталық орнын түсіну болып табылады.
  «Жасыл экономика» бойынша бастама үш басты принципке негізделген: Ұлттық және халықаралық деңгейлердегі табиғи қызметтерді бағалау және алдыңғы қатарға шығару; «жасыл» жұмыс орындарын құру және сәйкес саясат қалыптастыру есебінен халықты жұмыспен қамту; тұрақты дасуға қол жеткізу үшін нарық тетіктерін пайдалану.Халықаралық бастама өз жалғасын тапты, және Қазақстанда «жасыл» экономикаға көшу бойынша Тұжырымдама жасауды тапсырған Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолдауымен қолға алынды.2012 жылы өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін біздің мемлекеттің Президенті осы сөзді елді ары қарай дамыту жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде белгіледі.Бірақ біз бұл түсінік деп не тұспалданады және оның негізгі бағыттары қандай екенін осы мақалада толығырақ анықтауға тырысып көреміз.
«Жасыл» экономика дегеніміз не?

Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.

Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын. «Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

Shape1 Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары экология мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа әлемдік державалардың басшылары басқосқанда кеңінен талқыланады.Біз үнемі климаттың өзгеруі, Жер атмосферасының ластануы, ормандардың кесілуі және басқа экологиялық мәселелер жөнінде газет беттерінен және журналдардан, теледидар экрандарынан, интернет сайттарынан оқимыз және естиміз. Жағдай еш өзгермей жатыр деп айтуға да болмайды. Көптеген елдер Киот хаттамасына қол қойып, оның нормаларын қатаң ұстануда.

Соған қарамастан, адамдардың Жер экологиясына негативті әсері жалғасып және ол қайғылы одан қоса тұрақты салдарға жиі әкеліп жатыр. Адамдардың денсаулығы нашарлап, бұрын адам баласы естімеген ауруларға кезігіп, су және энергия ресурстартарының тапшылығы байқалып отыр.Өкінішке орай, экология мәселелері және оның барлық аймақтар дамуына қандай қауіпті әсері болатындығын Қазақстанда өте жақсы біледі. Біздің ел кеңес кезінен бастап, Аралдың құрғап кетуі және Семей полигоны сияқты экологиялық мәселелерді бастан кешті. Адамдардың тікелей қатысуымен және су ресурстарын негізді қолданбауы салдарынан теңіз құрғап қалды.

Қызылорда облысының тұрғындары экологиялық баланстың бұзылуы салдарынан және негізсіз шаруашылық қызмет еткеннен, қорқынышты жайттарды өз бастарынан кешті.Осы аталған мәселелерге қарамастан, Қазақстан әрқашан экологиясы жайлы ел деп саналатын, орасан зор территория өнеркәсіп аймақтарын бір-бірінен алыс орналастыруға мүмкіндік берді, сондықтан, олардың экологияға әсері сиректетіліп, соншалықты қауіпті болған жоқ. Бақытымызға орай, республикамызда әлі де адамзат қолы тимеген жерлер сақталған. Өнеркәсіптің даму қарқыны, еліміздің өсуі мен болжанған ресурстар тапшылығы, еліміздің Үкіметін, экологиялық мәселелерді жаңаша қарауға және Қазақстанды жасыл экономикаға өтуіне итермеледі.

Жасыл экономика бұл экономикалық теориядағы жаңа бағыттардың бірі. Ол табиғи ресурстарды «табиғи капитал» ретінде қарастырады. Осындай тәсіл, экономиканың табиғатпен байланысын және қолдану принциптерін өзгертеді де, ол мынадай шекті, қорландыру және табиғи ресурстарды жұмсау деген терминдерді анықтайды.

Жалпы алғанда, осы бетбұрыс біздің елге қай жағынан және қалай пайда әкелетінін білу үшін, әрине, шетел тәжірибесіне үңіле көз жіберу маңызды. Бұл мәселеде түптеп келгенде ұтылудан ұту­дың көп екендігін алғаш болып Оңтүстік Корея дәлелдеді десек, артық айтқандық болмас. Бұл елде 2011 жылдан бері экономиканың «жасыл» секторын дамытуға 60 миллиард АҚШ долларын бағыттау жоспарланған болатын, осы ретте 1,8 млн. жұмыс орны ашылды. Оңтүстік Корея бүгіннің өзінде жыл сайын «жасыл» секторға ІЖӨ-нің 2%-ын инвестициялайды. Ұлттық стратегия шеңберінде жасыл өсім тұжырымдамасын алға қойып отырған елде негізінен үш элементке басты назар аударылады. Олар: өнеркәсіп, инвестиция және энергетика, сонымен қатар, тұщы судың баламалы көздеріне, қалдықтарды өңдейтін технологиялар мен парктердің дамуына мән береді. Ал АҚШ-та «жасыл» экономиканы дамытудың басты бағыты ретінде баламалы энергетиканы дамыту жолға қойылған. Кез келген әлемнің неғұрлым дамыған елдері «жасыл» экономика қағидаттарын ұстанады. Атап айтсақ, Моңғолия, Қытай сияқты елдер де басшылары жария ет­кен өршіл «жа­сыл экономика» жоспарларын жүзеге асыруда. Мысалы, Бразилияда топырақты күтіп ұстаудың, ауылшаруашылық өнімдерін жинаудың және жеткізу тізбегін басқарудың жетіл­дірілген жүйесі есебінен ауылшаруашылық жерлерін қалпына келтіру жүргізілді. Немістің Дортмунд қаласы кө­мір индустриясы орталығынан «Үшінші индустриялық төңкеріс» инфрақұрылымы бар жаңа «жасыл» сектор орталығына айналды

Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы: 2012 жылы Өткізілген «РИО + 20» Саммитінен кейін қазақстандық қоғамның күші «жасыл» экономикаға ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталған. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл» экономикаға ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада бірінші кезекте басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға бағытталған басым міндеттер тізбесі ұсынылды.

Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:

  • ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;

  • қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;

  • қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;

  • ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады (www.strategy.kz).

Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:

  • бірінші кезең - 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;

  • екінші кезең - 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;

  • үшінші кезең - 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.

Жобаны іске асыру бағыттарына келетін болсақ, жоспар ашық түрде айқындалды.

Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.

Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қо

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ