Сабақ
жоспары
Маман:
психолог ______________
Баланың
аты-жөні: _____________
Күні: ____________
Сабақтың
тақырыбы: «Жасырылған затты
тап»
Білімділік
мақсаты: «Жасырылған затты тап» ойыны
арқылы баланың есте сақтауын, ауызекі сөйлеу тілін, зейін
тұрақтылығын қалыптастыру.
Дамытушылық
мақсаты: Балаға «Жасырылған затты
тап»,«Сыңарын тап», «Таңбаларды қойып шық», «Шатасқан сызықтар »,
«Бірдей етіп бояп шық» тапсырмаларын бере отырып,
танымдық
әрекеттерінің арта түсуіне, ой
өрісінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік
мақсаты: Сабақ барысында ұқыптылыққа,
тиянақтылыққа, оқу құралдарын таза ұстауға, айналасына мейіріммен
қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Жаңа
сабақ
Көрнекі құралдар мен
материалдар: Қима суреттер,
ойыншықтар
Әдіс-тәсілдер: Сабақты түсіндіру, көрсету,
сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі: Баламен амандасып, көңіл-күйін
сұрап, сабаққа дайындығын тексеріп, бала зейінін сабаққа
аудару.
Шаттық
шеңбері
Сиқырлы
айнадан,
Өзімді
көремін.
Бақыттан
жайнаған,
Көзімді
көремңн
ІІ.Үй тапсырмасын
тексеру. Уйге берілген тапсырманы
тексеру, өткен сабақты еске түсіріп, қайталап
шығу.
ІІІ. Жаңа
сабақ
-
Тапсырма.
Балаға «Жасырылған затты тап»
әдістемесі бойынша 10 түрлі суреттер алдына қойылады. Ол суретте
бір бөліктері жасырылған заттар бейнеленген. Балаға сол суреттегі
заттардың жасырылған бөліктерін анықтап, сипаттап онда қай
бөліктері жасырынғанын айтып беруін
сұраймын.
-
Тапсырма
Балаға әртүрлі фигуралар
қатары ұсынылады. Олар: төртбұрыш, үшбұрыш, домалақ, тіктөртбұрыш.
Балаға фигураларды пішіндеріне қарай бөлу керек екендігін
түсіндіремін. Мысалы: тіктөртбұрыштарды бір бөлек, домалақтарды бір
бөлек, үшбұрыштарды бір бөлек, төрт бұрыштарды бір бөлек.Баланың
бұл тапсырманы орындау барысында қабылдау әрекеті, зейін көлемі,
көрнекі бейнелі есте сақтауы дамиды.
-
Тапсырма
Баланың алдына қима сурет
ұсынылады. Суретте ретсіз орналасқан гүл, алма, жапырақ, алмұрт,
доп бейнеленген. Бала тапсырмаға мұқият қарай отырып, суреттегідей
тиісті белгілерін қойып шығуы керек. Мысалы: Алмаға домалақ,
алмұртқа қосу таңбасын, допқа таяқша
т.с.с.
Әрбір орындаған дұрыс
әрекеттеріне мақтау, мадақтау айтып отырамын. Қателескен жерлеріне
көмектесемін.
-
Тапсырма
Сергіту
жаттығуы
Қорбаңдаған аюдың, Тербеледі
ағаштар,
Құлпынайы көп екен. Алдымнан
жел еседі.
Теріп, теріп алайық, Кіп
кішкентай бөбектер,
Қалтамызға салайық. Үлкен
болып өседі.
-
Тапсырма
Балаға шатасқан сызықтар
тапсырмасын ұсынып, балаға шатасқан сызықтардың сыңаран табу керек
екендігін түсіндіремін. Баланың бұл жаттығуды орындау барысында
ұсақ моторикасы, зейін көлемі дами түседі. Балаға алдымен өзім
көрсетемін, содан кейін барып өзі орындауын талап
етемін.
IV.Білім дағдысын
қалыптастыру
-
Тапсырма
Балаға қима суреттер ұсынамын.
Онда екі бірдей суреттер бейнеленген. Бірақ ол суреттердің біреуі
әртүрлі түске боялған, ал екіншісі боялмаған. Балаға тапсырма
барысында боялмаған суретті бірінші суретке қарап отырып, дәл солай
етіп бояп шығу керек екендігін түсіндіремін. Балаға мұқият болу,
тиянақты орындау тапсырылады.
V. Бекіту
кезеңі: Сабақта өткен тапсырмаларға
шолу жасау, есте қалғандарын қайталату.
Сабақты
қорыту:
Бүгінгі сабақ ұнады
ма?
Заттарда қандай бөліктері
жасырынған?
Тапсырмадағы фигуралардың
қандай түрлері есіңе сақтап қалдың?
Үйге
тапсырма: Адамның бейнесін салып
келу