Материалдар / Жасушаларының митоздың бөлінуі арқылы өлген және жойылған жасушалар қалпына келеді.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасушаларының митоздың бөлінуі арқылы өлген және жойылған жасушалар қалпына келеді.

Материал туралы қысқаша түсінік
Митоздың биологиялық маңызы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2020
402
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімге нұсқаулық

Пән мұғалімі:Төлегенова Эльвира Қазақбаевна

Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Митоздың биологиялық маңызы

Генетикалық тұрақтылық. Митоз нәтижесінде хромосома саны бірдей екі ядро пайда болады. Бұл жасушалар ата-анасының ДНҚ- сының көшірілуі нәтижесінде пайда болғандықтан генетикалық ақпараттары бірдей, яғни түзілген жасушаларда генетикалық тұрғыдан ешқандай өзгеріс болмайды. Генетикалық тұрақтылықты сақтау мүмкін болады.

Өсу. Жасушалардың митоздық бөлінуі нәтижесінде дене жасушаларының саны артады. Сондықтан көпжасушалы ағзалар өседі.

Жасушалардың жаңаруы. Жасушаларының митоздың бөлінуі арқылы өлген және жойылған жасушалар қалпына келеді. Мысалы, тері жарақаты кезінде

Регенерация. Кейбір жануарлар өздерін қорғау үшін дене бөлімдерін үзіп тастай алады, мысалы шаянтәрізділер аяқтарын, теңіз жұлдызы өзінің бір бөлігін, кесіртке құйрығын тастайды. Осы дене бөліктері жасушалардың митоздық бөлінуі арқылы қалпына келеді.

Жыныссыз көбею.Жыныссыз көбею кез-келген ата-ананың біреуінің жасушаларының митоздық бөлінуінің нәтижесінде ұрпақ беруі. Бұл қарапайым бір жасушалылардың көбею түрі.


Мейоздың биологиялық маңызы

Бөлінудің бұл ерекше түрі жыныстық жолмен көбейетін эукариоттарға тән. Ұрықтану кезінде гаметалардың ядролары міндетті түрде қосылады, соның нәтижесінде зиготада ДНК мен хромосомалардың саны екі есе көбейеді. Сондықтан жыныс клеткалары түзілген кезде хромосомалардың санын кемітетін механизм болуы керек. Бұл мейоз процесі кезінде пісіп- жетілуші жыныс жасушаларының арнаулы бөлініуі кезінде, редукциялық бөлінуде қамтамасыз етіледі. Осының нәтижесінде жасушадағы хромосомалардың саны екі есе кемиді. Бұл процесс ДНҚ санының бір рет қана екі еселенумен жүретін ядроның екі бөлініуінен тұрады.


Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында оқушылардың биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына назар аударылады.


Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Оқушылардың жұмысын сыныптағы оқушы санына қарай жұптарда немесе шағын топтарда ұйымдастыруға болады. Митоздың тірі ағзалардың өсуіндегі рөлін түсіндірген кезде адамның мүшелерінің мөлшері мен салмағының артатынына тоқталуға болады. Митоз арқылы тек сомалық жасушалардың бөлінетін түсіндірген кезде оқушылар алдыңғы сыныптан алған гаплоидты және диплоидты жиынтық туралы білімдерін қолдана алады. Гаплоидты жасушалардың тек мейоз арқылы көбеюінің себебі олардың ата-анадан жынысты көбеюі кезінде қосылып зиготаны түзуіне байланысты деген қорытынды шығарылады.Оқушыларға сабақ барысында видеоматериалдарды пайдалануды ұсынуға болады.

Митоз бен мейозды моделдеу үшін оқушыларға түтікшелер немесе түрлі түсті қағаздар, үрмебүршақ дәндері ұсынуға болады. Бұл жұмыста ең бастысы оқушылардың сомалық және жыныс жасушаларындағы хромосома санының өзгеруін көрсете білу. Адамның сомалық жасушасы мен жыныс жасушасын мысал ретінде алуға болады. Оқушыларға 14 –слайдтағы кестені көрсетіп кез келген жануардың сомалық және жыныс жасушаларының бөлінуін көрсетуді сұрау қажет.

Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар


Оқушылардың митоз бен мейоздың айырмашылықтарын білулеріне басты назар аударылады. Оқушылар митоз бен мейоздың биологиялық маңызын жете түсінулері тиіс. Жаман әдеттердің дене және жыныс жасушаларына кері әсерін сипаттауды ұсыныңыз







Саралау тапсырмалары

3 -қосымшада тереңдетілген ақпарат ұсынылды.


Сілтемелер мен ресурстар

https://bilimland.kz/

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!