Материалдар / Жаһандану дәуірінде қазақ әдебиетін оқыту: цифрлық технологиялар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаһандану дәуірінде қазақ әдебиетін оқыту: цифрлық технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім берудің жаһандануы оқушыларға жаңа мүмкіндіктер тудыра отырып, олар үшін бәсекеге қабілетті және ақыл - ойларының дамуына оң әсерін тигізеді. Әдебиет сабағында жаңа технологияны қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Авторы:
07 Қазан 2024
130
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаһандану дәуірінде қазақ әдебиетін оқыту: цифрлық технологиялар


Бораншы С., Дулат М. Т.

Павлодар облысының білім беру басқармасы,

Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің

«Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері


Аңдатпа: Цифрлық технологиялар арқылы оқушылар еркін, өзіндік дәлелін нанымды жеткізе алатын, сенімді, сыни көзқарастары жүйелі, қызығушылығы мен мүмкіндігі жоғары оқушы қалыптастыруға жол ашатындығын тәжірибеммен бөлісу.


Аннотация: Поделиться своим опытом, что цифровые технологии позволяют учащимся научиться читать и, как следствие, формировать учащихся, которые могут свободно, убедительно выражать свои аргументы, быть уверенными, иметь систематические критические взгляды, иметь высокий интерес и возможности.

Annotation: Share your experience that digital approaches will allow you to form students with high interest and opportunities, confident, critical views that can give confidence in free self-approval.


Кілтті сөздер: Жаңа әдіс –тәсілдер, цифрлық технология, белсенді оқыту, стратегиялар, шығармашылық бағыт-бағдар, зияткерлік, сын тұрғысынан ойлау.

Ключевые слова: Новые методы, цифровые технологии, активное обучение, стратегии, творческая направленность, интеллектуальное, критическое мышление.


Keywords: New methods, digital technologies, active learning, strategies, creative orientation, intellectual, critical thinking.


Кіріспе бөлім.

Жаһандану – жүйелі сипатқа ие және қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын дүниежүзілік экономикалық, саяси және мәдени интеграция мен біріздендірудің объективті процесі. Білім берудің жаһандануы әлем бойынша білім беру жүйелерінің өзара байланысы мен интеграциясының артуын білдіреді. Технологиялық жетістіктер интернет және басқа да цифрлық әдіс – тәсілдер арқылы білім беруді әлемдік деңгейде қол жеткізеді.

Білім беруде жаһанданудың оң нәтижелері:

1.Білімнің қол жетімділігі: жаһандану әртүрлі мәдениеттер мен аймақтардағы адамдар үшін білімге қол жетімділікті кеңейтеді.

2. Сапаны жақсарту: жаңа инновациялармен оқушылардың ой –өрісін арттыруға әкеледі.

3.Бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы: табысқа жету үшін қажетті дағдылары бар оқушыларды дайындауға көмектеседі.

4.Халықаралық ынтымақтастық: бірлескен ғылыми жобалар мен тәжірибе алмасу бағдарламалары пайда болады.

Білім беруді цифрландыру технологиясы білім беруде маңызды рөл атқарады, оқытуда цифрлық технологиялар жаңа мүмкіндіктерін ұсынады:

1.Жеке оқыту: сандық құралдар мұғалімдерге оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып дара оқытуға үдерісін жеңілдетеді.

2.Белсенділіктің жоғарылауы: цифрлық технологиялар қызықты және интерактивті ойындар мен бағдарламалар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, мәселелерді шешу дағдылары мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады.

Әдістеме

Білім берудің жаһандануы оқушыларға жаңа мүмкіндіктер тудыра отырып, олар үшін бәсекеге қабілетті және ақыл - ойларының дамуына оң әсерін тигізеді.

21 ғасырда табысқа жету үшін қажетті ақпараттық технологиялардың тілін жетік меңгерген мамандарды қажет етеді. Білім беру жүйесінде осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін білім алушыларды мектеп қабырғасынан бастап бейімдеу - біздің басты міндетіміз. Сонымен қатар қазіргі заманның талабына сай үздіксіз білім алу маңызды. Сол себепті жас жеткіншектердің кез келген жерде, кез келген уақытта білімге қол жетімділігін цифрландыру арқылы жүзеге асырған тиімді.

Білім беруді цифрландыру цифрлық технологияларды сабақта қолдану мен оқытудың барлық аспектілеріне біріктіруді білдіреді. Бұған оқу процесін жақсарту үшін компьютерлерді, планшеттерді, смартфондарды, бағдарламалық жасақтаманы және басқа сандық ресурстарды пайдалану кіреді. Дәстүрлі оқыту мен әлемдік білім беру жүйесінің айырмашылығын сызбаға түсіріп көрсеттік.


Shape1


Мектептегі әдеби білім беру жүйесі оның тарихи дамуында қандай болмасын әдебиетті зерттеудің жаңа технологиялары, әдістері мен тәсілдері енгізілсе де, басты проблема әрқашан көркем шығармаларды оқу мәселесі болып қала береді. Қазақ әдебиетінде көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау және оларды іс жүзінде қолданып, нәтижелерін сараптап қорытындылау барысында тиімділігі байқалады.


Практикалық қолдану.

Оқушылардың көркем шығарманы оқу және мазмұнын меңгеру мақсатында басқа да альтернативті түрлерін ұсынғымыз келеді.

Қазіргі уақытта оқушылардың көлемді мәтіндердің кітапта берілген толық нұсқасын оқуға деген ынтасы жоқтың қасы. Сол себепті өз тәжірибемізде 5- сыныпта әдебиет шығармаларды оқытудың тиімді тәсілі QAZCOMICS.KZ сайтындағы берілген комикстерді пайдаландық. Бұл сайтта «Ер Төстік» «Керқұла атты Кендебай» ертегісі, «Қобыланды батыр», «Алпамыс Батыр», «Ер Тарғын» тағы басқа батырлар жыры оқуға болады. QAZCOMICS.KZ сайтында шығармалардың сюжеттік желілері түрлі - түсті суреттермен бейнеленген. Сонымен қатар ертегі - жырлардың мазмұны ықшамдалып, көбінесе диалог арқылы берілген.







«Керқұла атты Кендебай» ертегісі 5- сынып


Білім алушыларды оқу материалын өз бетінше және шығармашылықпен игеруге барынша қызықтыратын әдістің бірі Festisite.com сайтымен түрлі формада әңгімелердің берілуі. Бұл әдіс арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары дамып, оқыған мәтінін тереңірек түсінуге көмектеседі. Ол үшін білім алушылардың әрқайсысы мәтінді өз бетінше оқып, оны топ ішінде, кейін сынып болып талқылайды.




Shape2 Shape3





Келесі инфорграфика әдісін қолданудағы мақсатымыз білім алушыларға оқыған әдеби шығармаларын сатылай кешенді талдауға және кейіпкерлерінің образын /бейнесін/ толық ашуға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды ойлау (зияткерлік) белсенділігіне, ақиқатты іздеуге шығармашылықпен кірісуге (диалог, пікірталас) түрткі болатын педагогикалық ықпал етудің тәсілдері мен амалдарын білдіру үшін қолданылады. GitMind интернет парақшасы бұл тұрғыдан бізге көмек тигізеді. Оқушылар берілген интеллект карта тармақтарына кері байланыстарын пікір білдіру арқылы қалдырады.



Геймификация - бейне ойындар арқылы оқыту. Геймификацияның тиімділігі үлкен педагогикалық әлеуеті бар оқытуды ұйымдастырудың жаңа әдісі ретінде негізделген. Оқу процесінде компьютерлік ойындар құралдарын қолдану, біріншіден, субъектінің білім беру қызметіне неғұрлым күшті және сапалы көңіл бөлуге деген ынтасын күшейтеді. Екіншіден, тапсырмаға деген адалдықты ұзартатыны және, сайып келгенде, мақсатқа жету ықтималдығын арттыратыны дәлелденлен. Біз де өз сабағымызда теорияны практика жүзінде қолданып оң нәтижеге қол жеткіздік. 5- сынып оқушыларына UMAIGRA дидактикалық ойын арқылы сабаққа кіріспе ретінде өткен тақырыпты тест және сұрақ түрінде қайталап алдық. Бұл ойын оқушылар үшін несімен маңызды? Білім алуға деген мотивацияның артуы,
мәселені шешуге қол жеткізу, сонымен қатар білім алушылар арасында бәсекелестік артады. Біздің білім беру ұйымы сияқты шағын жинақталған мектептер үшін ойын технологияларын қолданудың маңыздылығы өте зор, өйткені білім беру іс–әрекеті күрделі және күнделікті әрекет болып
табылады.





Ойын арқылы берілген тапсырмадан үзінді

Қорытынды:

Ойымызды қорытындылай келгенде шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабағымызда білімді үйретуде тек кітаппен ғана шектеліп қалмай, жан – жақты етіп әр баланың талабы мен деңгейіне сай тапсырмаларды саралау қажет. Тұлға құзіреті даму үшін және функционалдық сауаттылығын арттыруда цифрлық әдіс - тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғары нәтижені берді. Осы тәжірибеден өткен инновациялық әдіс- тәсілдерді сабақтарда пайдаланудың маңызы зор деген тұжырымға келдік.

Қорыта айтқанда қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолданған цифрлық әдістер арқылы келесі нәтижелерге қол жеткіздік:

-Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

- Тақырыптың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

- Оқушылардың сабаққа толық қатыстыруға мүмкіндік туады;

- Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген нық сенімін қалыптастырады.

- Өз ойын жеткізуге, жан – жақты ізденуге үйретеді;

- Шығармашылық белсенділігін арттырып, топта бірігіп жұмыс істеуге дағдыландырады.
































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Сыдыков, Б. Д. Геймификация білім беруді ұйымдастырудың құралы. Молодой ученый. — 2022. — № 9
2. Урунбасарова Э.А. Инновационные направления в системе высшего образования Республики Казахстан: учебное пособие. - Алматы: Бастау, 2021. - 232 с.

3. Кругликов В.Н. Интерактивные образовательные технологии: учебник и практикум для вузов / В.Н. Кругликова, М.В. Оленникова. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Юрайт, 2021. - 353 с. - (Бакалавр и магистр. Академический курс)

4. Плаксина И.В. Интерактивные образовательные технологии: учеб. пособие 2-е изд., испр. и доп. - М.: Юрайт, 2021. - 163 с.
5. Ақтанова А. С., Жундибаева А.Қ. Қазақ әдебиеті: жалпы білім беретін мектептің 5- сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2017 – 160 б.


































На казахском

Бораншы Саулегул, Дулат М. Т.

Павлодар облысының білім беру басқармасы,

Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің

«Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Boranshys@mail.ru

8777697311

На русском

Бораншы Саулегул, Дулат М. Т.

Управление образования Павлодарской области,

Отдела образования Баянаульского района

"Ушкулинская основная общеобразовательная школа»

коммунальное государственное учреждение


На англиском:

Boranshy Saulegul, Dulat M. T.

Pavlodar oblysynyn bilim beru baskarmasy,

Bayanauyl audany bilim beru boliminin

"Ushkulyn zhalpi negizgi bilim beru mektebi"

kommunaldyk memlekettik mekemesi




















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!